Варфарин Никомед (2.5 мг) (Warfarin)

МНН: Варфарин
Производитель: Такеда Фарма Сп.з о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Warfarin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018721
Информация о регистрации в РК: 28.12.2016 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 5553/02/07/12/16/17/21
Информация о регистрации в РБ: 02.11.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 10.13 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Варфарин Никомед

Халықаралық патенттелмеген атауы

Варфарин

Дәрілік түрі

2,5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 2,5 мг натрий варфарині

қосымша заттар: лактоза, жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, индиготин (Е 132), повидон 30, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, бозғылт-көгілдір түсті, сындыруға арналған крест тәрізді кертігі бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Антикоагулянттар. Тікелей емес антикоагулянттар. Варфарин.

АТХ коды В01АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинеткасы

Препарат асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 97 – 99% құрайды. Бауырда метаболизденеді. Варфарин рацемиялық қоспа болып табылады, әрі R- және S- изомерлер бауырда әртүрлі жолдармен метаболизденеді. Изомерлердің әрқайсысы негізгі 2 метаболитке түзіледі. Варфариннің S–энантиомері үшін метаболизмнің негізгі катализаторы CYP2C9 ферменті, ал варфариннің R-энантиомері үшін CYP1A2 және CYP3A4 болып табылады. Варфариннің солға қарай бұралатын изомерінің (S – варфарин) оңға бұралатын изомерге (R-энантиомер) қарағанда антикоагулянтты белсенділігі 2 – 5 есе үлкен, алайда соңғысының жартылай шығарылу кезеңі көбірек. CYP2C9*2 және CYP2C9*3 аллелдерін қоса, CYP2C9 ферментінің полиморфизмі бар емделушілердің варфаринге сезімталдығы және қан кетудің даму қаупі жоғары болуы мүмкін.

Варфарин организмнен белсенді емес метаболиттер түрінде өтпен бірге шығарылады, олар АІЖ-де қайта сіңеді және несеппен бірге бөлініп шығады. Жартылай шығарылу кезеңі 20 сағаттан 60 сағатқа дейінді құрайды. R-энантиомер үшін жартылай шығарылу кезеңі 37 сағаттан 89 сағатқа дейінді, ал S–энантиомер үшін от 21 сағаттан 43 сағатқа дейінді құрайды.

Фармакодинамикасы

Варфарин – әсер етуі тікелей емес антикоагулянт, бауырда қан ұю факторының, атап айтқанда, II, VII, IX және X факторларының К витаминге тәуелді синтезін бөгейді. Бұл факторлар ізашар-ақуыздардың карбоксилденуі нәтижесінде түзіледі, ондайда К витамині өзінің 2,3-эпоксидіне тотығады. Пероральді антикоагулянттар эпоксидтің К витаминіне кері айналуына жол бермейді және сонысымен К витаминінің 2,3-эпоксидінің жиналып қалуын туындатады. Бұл К витамині қорының таусылуына және ұю факторларының баяу түзілуіне әкелуі мүмкін. Нәтижесінде, қанда осы компоненттердің концентрациялары төмендейді, ол коагуляция үдерісінің басылуына немесе төмендеуіне әкеледі. Антикоагулянттық әсері Варфарин Никомед препаратын қабылдауды бастаған кезден 36 – 72 сағат өткен соң байқалады, ең жоғары әсері қолданудан кейінгі 5 – 7 күндері дамиды. Варфарин Никомед препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін қан ұюдың К витаминіне тәуелді факторлары белсенділігінің қалпына келуі 4 – 5 күн бойы жүреді.

Қолданылуы

Қантамырлардың тромбоздары мен эмболияларын, соның ішінде мыналарды емдеуге және алдын алуға:

  • көктамырлардың жедел тромбозын және өкпе артерияларының эмболиясын (гепаринмен біріктіріп)

  • операциядан кейінгі тромбоздардың алдын алуға және емдеуге

  • қайталанған миокард инфарктінде

  • жүрек қантамырлары мен қлапандарын протездегенде (соның ішінде ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп)

  • жүрекше фибрилляциясы бар емделушілерде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға

  • қайталанған тромбозда

  • шеткергі, коронарлық және ми артерияларының тромбозында

  • өткінші ишемиялық шабуылдарда және инсультте.

Препаратты миокард инфарктінен кейін және жүрекшелер жыпылықтауы кезде салдарлық тромбоздың және тромбоэмболияның алдын алу үшін қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Варфарин Никомед тәулігіне 1 рет, мүмкіндігінше, белгілі бір уақытқа тағайындалады. Емдеу ұзақтығын дәрігер қолдану көрсетілімдеріне сай белгілейді.

Емдеу кезінде бақылау:

Коагулограмманы емді бастағанға дейін орындаған жөн. Варфариннің емдік индексі төмен болғандықтан, емдеуді ұдайы бақылаған жөн. Варфаринге сезімталдық әртүрлі емделушілерде және белгілі бір емделушіде өзгеріп отырады. Жекелеген адамдарда сезімталдық генетикалық факторлар, бауыр функциясының бұзылуы, жүрек функциясының іркілген жеткіліксіздігі немесе дәрілік өзара әрекеттесулер салдарынан жоғары болуы мүмкін.

ХҚҚ емдік деңгейлері

Механикалық жүрек клапандары бар болғанда және асқынған жедел миокард инфарктісінде ХҚҚ 2,5-3,5 болған кезде ұюға қарсы әсерге қол жеткізіледі.

Көктамырлық тромбоздың және өкпе артериялары эмболиясының, жүрекшелер фибрилляциясының (клапан ақауларымен астаспаған), ауыр дилатациялық кардиомиопатиялардың, асқынған жүрек ақауларының алдын алу және емдеу үшін және жүректің бипротезделген клапандары бар болғанда 2,0 – 3,0 диапазондағы ХҚҚ-дағы ұюға қарсы орташа әсерге қол жеткізіледі.

Бұрын варфарин қабылдамаған емделушілер:

Бастапқы доза алғашқы 4 күн бойы тәулігіне 5 мг (күніне 2 таб.) құрайды. Емнің 5-ші күні ХҚҚ анықталады және, осы көрсеткішке сәйкес, препараттың демеуші дозасы тағайындалады. Әдетте препараттың демеуші дозасы күніне 2,5 – 7,5 мг (күніне 1 – 3 таблетка) құрайды.

Бұрын варфарин қабылдаған емделушілер:

Ұсынылатын бастапқы доза препараттың белгілі демеуші дозасының екі есе дозасын құрайды және алғашқы 2 күн ішінде тағайындалады. Содан кейін емдеуді белгілі демеуші дозаның жәрдемімен жалғастырады. Емнің 5-ші күні ХҚҚ бақылау жүргізеді және дозаны осы көрсеткішке сәйкес түзетеді.

Жоғарыда сипатталған өте жоғары дозалар антикоагулянттық әсер етудің дамуына дейінгі уақытты азайтпайды, алайда қан кетулер қаупін ұлғайтады.

Егде жастағы адамдар:

Варфаринді егде жастағы адамдардың қабылдауына және дозалануының түзетілуіне арнайы ұсынымдар жоқ.

Алайда егде жастағы емделушілер мұқият бақылауда болуы тиіс, өйткені оларда жағымсыз әсерлердің даму қаупі өте жоғары.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер:

Бауыр функциясының бұзылуы варфаринге сезімталдықты арттырады, өйткені бауыр қан ұю факторларын өндіреді, сондай-ақ варфаринді метаболиздейді. Емделушілердің осы тобында ХҚҚ көрсеткіштеріне мұқият мониторинг қажет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілер:

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерде Варфарин Никомед препаратының дозасын төмендету және мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз асқынулардың мысалдары мұрыннан қан кетулер, гемоптизис (қан түкіру), гематурия (несепте қанның болуы), қызылиектерден қан кету, теріде қанталаулар, қынаптық қан кетулер, субконъюнктивальді қан кету, тік ішектен және АІЖ-нің басқа бөлімдерінен қан кету, миға қан құйылу, жарақаттан немесе операциядан кейін ұзаққа созылатын немесе мол қан кету болып табылады. Қан кету, соның ішінде ауыр қан кету кез келген ағзада дамуы мүмкін. Антикоагулянттармен ұзақ ем қабылдаған емделушілерде өлімге, ауруханаға жатқызуға немесе қан құю қажеттілігіне әкелетін қан кетулердің дамығаны жөнінде мәлімделді.

Варфарин Никомед препаратын қолдану кезінде оның елеулі қан кету қаупіне тәуелді емес факторларына: егде жас, антикоагуляцияның жоғары деңгейі, сыртартқыдағы инсульт, сыртартқыда асқазан-ішектік қан кету, қатар жүретін аурулар және жүрекшелердің фибрилляциясы жатады. CYP2C9 полиморфизмі бар емделушілерде шамадан тыс антикоагулянттық әсер ету және қан кетулер көріністерінің қаупі жоғары болады. Мұндай емделушілерде гемоглобин деңгейін және ХҚҚ-ны мұқият бақылаған жөн.

Жағымсыз жанама реакциялардың пайда болу жиілігі ескеріліп, олар келесі тәртіппен орналасқан: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1,000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000 <1/1,000 дейін); өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).

Өте жиі:

  • әртүрлі ағзалардан қан кету

Жиі:

  • ұзақ қолданудан кейін варфаринге жоғары сезімталдық

  • аса жоғары сезімталдық

Жиі емес:

  • құсу, жүректің айнуы, диарея

Сирек:

  • васкулит, некроз, алопеция, шаштың түсуі, бөртпе, есекжем, терінің қышуы

  • эозинофилия

  • күлгін саусақ синдромы

  • бауыр ферменттерінің жоғарылауы, сарғаю

  • несеп-тас ауруы, нефрит, тубулярлы некроз

Өте сирек:

  • мелена, холестериндік эмболия

  • алақан-табан cиндромы

Дәрілік затпен емдеуді бастағаннан кейін барлық күдіктенген жағымсыз құбылыстар жөнінде мәлімдеп отыру қажет. Бұл осы дәрілік заттың пайда/қаупі арақатынасының бейінін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік (алғашқы триместрде және жүктіліктің соңғы 4 аптасы)

  • бауыр және бүйрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі

  • кез келген жерден жедел қан кету

  • қан кетудің жоғары қаупі (геморрагиялық диатездері, өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі, жұлын пункциясынан кейінгі артериялар аневризмасы бар, ойық жара ауруы, ауқымды жаралары (операциялықты қоса), цереброваскулярлы аурулары бар емделушілерді қоса)

  • бактериялық эндокардит

  • қатерлі артериялық гипертензия

  • геморрагиялық инсульт

  • сирек тұқым қуалайтын бұзылулар – галактозаның жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Варфарин қабылдап жүрген емделушілер құрамында hypericum perforatum (шілтерлі шайқурай) бар халық медицинасының өнімдерін/дәрілерін пайдаланбағандары жөн, өйткені бір мезгілде қабылдау плазмада варфариннің концентрациясын төмендетеді, мұның салдары емдік әсердің төмендеуі болып табылады

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Варфарин бауыр ферменттерімен метаболизденеді. Сол ферменттермен метаболизденетін басқа дәрілік заттардың әсерімен осы ферменттердің белсенділігі басылуы немесе күшеюі мүмкін. Бұл қан плазмасында варфарин деңгейінің жоғарылауына немесе төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Варфарин ақуыздармен едәуір дәрежеде байланысады, және дәрілік өзара әрекеттесулер механизмдерінің бірі варфаринді осы байланыстан ығыстырып шығару болып табылады.

Емдеуші дәрігердің кеңесінсіз басқа дәрілік заттарды қабылдауды бастау немесе тоқтату, сондай-ақ қабылданатын препараттардың дозасын өзгерту ұсынылмайды.

Бір мезгілде тағайындаған кезде Варфарин Никомед препаратының басқа дәрілік заттармен әсерінің индукциялануын және/немесе тежелуін тоқтату әсерлерін де ескеру қажет.

Варфарин Никомед препаратының әсерін төмендететін дәрілік заттар (ХҚҚ азаюы)

Тобы

Атауы

Ықтимал механизмі

Жүрек-қантамыр жүйесі

Холестерамин

Варфариннің сіңуінің және энтерогепатикалық рециркуляцияға ықпалының төмендеуі.

Бозентан

Бауырда варфариннің CYP2C9/CYP3A4-ке айналу индукциясы.

Асқазан-ішектік дәрілік заттар

Апрепитант

Варфариннің CYP2C99-ға айналу индукциясы.

Дерматологиялық препараттар

Гризеовульфин

Гризеовульфиннің және варфариннің өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.

Жұқпаға қарсы дәрілер

Диклоксациллин

Варфарин метаболизмінің күшеюі.

Рифампицин

Варфарин метаболизмінің күшеюі.

Осы препараттарды бірге қолдануға жол бермеу қажет.

Ритонавир

CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмін туындатады.

Бұлшықет, буын және сүйек ауыруларына арналған дәрілер

Феназон

Феназон мен варфариннің өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.

Орталық жүйке жүйесі

Барбитураттар

(мысалы, фенобарбитал)

Варфарин метаболизмінің күшеюі.

Антиэпилептиктер

(карбамазепин)

Варфарин метаболизмінің күшеюі.

Цитостатиктер

Аминоглютетимид

Варфарин метаболизмінің күшеюі.

Азатиоприн

Варфариннің сіңуінің төмендеуі және варфарин метаболизмінің жоғарылауы.

Невирапин

CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмін туындатады.

Халық медицинасының дәрілері

Hypericum perforatum (шілтерлі шайқурай)

CYP P450-3A4 және -1A2 (метаболизм R- варфарина) жүзеге асатын, сондай-ақ также осуществляемый CYP P450-2C9 (S-варфарин метаболизмі) жүзеге асатын варфарин метаболоизмін туындатады. Ферменттердің индукциясының ықпалы шайқураймен емдеуді аяқтағаннан кейін ең кемінде 2 аптадан соң көрініс беруі мүмкін.

Женьшень

Бауырда варфариннің қайта түзілуі мүмкін.

Осы препараттарды бірге қолдануға жол бермеу қажет.

Тағамдық өнімдер

Құрамында К витамині бар тағамдық өнімдер (мысалы, қырыққабат, авокадо, брокколи және саумалдық )

Варфариннің әсеріне қарсы әсер ету.

Варфарин Никомед препаратының әсерін күшейтетін дәрілік заттар (ХҚҚ жоғарылауы)

Тобы

Атауы

Ықтимал механизмі

Қан және қан түзу ағзалары

Абциксимаб

Тирофибан

Эптифибатил

Клопидогрел

Гепарин

Ұю факторларының тежелуі.

Асқазан-ішек жолы және зат алмасу

Цимедитин

Варфарин метаболизмінің төмендеуі.

Жүрек-қантамыр жүйесі

Амиодарон

Бір апта бірге қабылдағаннан кейін варфариннің метаболизмін төмендетеді. Бұл әсер амиодарон қабылдауды тоқтатқаннан кейін бір-үш ай бойы сақталуы мүмкін.

Этакрин қышқылы

Этакрин қышқылы мен варфариннің өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.

Гиполипидемиялық заттар

(флувастатин, симвастатин, розувастатин, гемфиброзил)

P450 2C9- және 3A4 цитохромдары арқылы метаболизм үшін бәсеке.

Пропафенон

Варфарин метаболизмінің төмендеуі.

Хинидин

Қан ұю факторларының төмендеуі.

Дерматологиялық заттар

Миконазол

Плазмада варфариннің өз клиренсінің және варфариннің бос фракциясының төмендеуі; Р450 цитохромдары арқылы варфарин метаболизмінің шектелуі.

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары

Стероидты гормондар

(даназол, тестостерон)

Варфарин метаболизмінің шектелуі және/немесе коагуляция және фибринолиз жүйесіне тікелей әсері

Жүйелік қолдануға арналған гормондар

Қалқанша безге әсер ететін дәрілер

К витаминіне тәуелді ұю факторлары метаболизмінің күшеюі.

Жұқпаға қарсы дәрілер

Пенициллиндер

(клоксациллин, амоксициллин)

Варфаринмен өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.

Хинолондар

(ципрофлоксацин, норфлоксацин)

Варфарин метаболизмінің шектелуі.

Макролидтер

(азитромицин, кларитромицин, эритромицин)

Варфарин метаболизмінің шектелуі.

Зеңге қарсы дәрілер

(флуконазол, итраконазол, кетоконазол, метронидазол)

Варфарин метаболизмінің шектелуі.

Хлорамфеникол

Варфарин метаболизмінің шектелуі.

Сульфаметоксазол

Варфарин метаболизмінің шектелуі және ақуыздармен байланысу сайттарынан варфаринді ығыстыру.

Бұлшықет, буын және сүйек ауыруларына арналған дәрілер

Ацетилсалицил қышқылы

Плазма альбуминдерінен варфаринді ығыстыру, варфарин метаболизмін шектеу, аспириннің тікелей гипотромбинемиялық әсері және асқазан эрозиясы

ҚҚСД

P450 2C9 цитохромы ферменттерімен жүзеге асатын, метаболизм үшін бәсеке.

Лефлуномид

CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің шектелуі.

Парацетамол

(ацетаминофен)

Варфарин метаболизмінің шектелуі немесе ұю факторларының түзілуіне ықпалы (бұл әсер күніне 2 г-ден төмен парацетамолды қабылдаған кезде көрініс бермейді).

Фенилбутазон

Варфарин метаболизмінің төмендеуі, ақуыздармен байланысу сайттарынан варфаринді ығыстыру. Бұл біріктірілімге жол бермеген жөн.

Орталық жүйке жүйесі

Эпилепсияға қарсы дәрілер (фосфенитоин, фенитоин)

Ақуыздармен байланысу сайттарынан варфаринді ығыстыру, варфарин метаболизмінің жоғарылауы.

Трамадол

P450 3A4 цитохромы арқылы метаболизмі үшін бәсекелесу.

Антидепрессанттар

Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ)

(флуоксетин, флувоксамин, пароксетин, сертралин)

Варфарин метаболизмінің шектелуі. СКҚСТ P450 2C9 цитохромының (CYP2C9) изоферментін шектейді деп жорамалданады. Ол өте күшті әсер ететін изомер S-варфаринді метаболиздейтін фермент болып табылады. Бұдан басқа, және СКҚСТ, және варфарин альбуминмен тығыз байланысады. Екеуі де бар болған кезде альбуминнен қосылыстарының бірінің ығысып шығуы артады.

 

Фторурацил

Варфаринді метаболиздейтін P450 2C9 цитохромы ферменттері синтезінің төмендеуі.

Капецитабин

CYP2C9 изоферменттерінің төмендеуі.

Иматиниб

CYP3A4 изоферментінің бәсекелес шектелуі және иматинаб әсерінен CYP2C9, сондай-ақ CYP2D6 арқылы варфарин метаболизмінің шектелуі.

Ифосфамид

CYP3A4 басылуы.

Тамоксифен

Тамоксифен мен варфариннің өзара әрекеттесу механеизмі белгісіз.

Шамадан тыс қолдануға тәуелділікті емдеуге арналған препараттар

Дисульфирам

Варфарин метаболизмінің шектелуі.

Тағамдық өнімдер

Мүкжидек

Мүкжидек CYP2C9 арқылы варфариннің метаболизмін төмендетеді.

ХҚҚ төмендететін немесе жоғарылататын заттар

Топтары

Атауы

Ықтимал механизмі

Биологиялық белсенді қоспалар

Коэнзим-Q10

Коэнзим-Q10 мен К2 витамині арасындағы химиялық құрылымның біркелкілігіне байланысты, коэнзим-Q10 варфариннің әсерін күшейтуі немесе басуы мүмкін.

Басқа да заттар

Алкоголь

Варфарин метаболизмінің тежелуі немесе индукциясы

Айрықша нұсқаулар

Тромбоэмболиялық алдын алудың пайдасы мен қан кетудің жоғарылауының арақатынасын бағалағаннан кейін емделушінің тағайындалған емді қатаң сақтау қабілетіне баға беру қажет. Нашақорлыққа, маскүнемдікке немесе деменцияға шалдыққан емделушілер тағайындалған Варфарин Никомед препаратын қабылдау режимін орындауға қабілетсіз болуы мүмкін. Дәрілік өзара әрекеттесулер Варфарин Никомед препаратының әсерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан варфаринді қабылдауды бақылауды емнің бас кезінде, соңында немесе басқа дәрілік заттармен емдеуге өзгерткенде күшейту қажет.

Варфариннің антикоагулянттық әсеріне әртүрлі факторлар, соның ішінде жедел аурулар, гипертиреоз, гипотиреоз, құсу, диарея, сондай-ақ бауырда қанның іркілуімен жүрек функциясының жеткіліксіздігі ықпал етуі мүмкін. Тамақтану сипатын едәуір өзгерту (мысалы, вегетариандық емдәм) К витаминінің сіңуіне және варфарин әсері шамасының өзгеруіне ықпалын тигізуі мүмкін. Тиісінше, осы факторларды өзгерткен кезде емделушіге өте мұқият мониторинг жүргізген жөн.

Дәрігерлер және емделушілер ҚҚСД мен ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде емдеу кезінде, әсіресе асқазан-ішек жолынан қан кету қаупінің жоғарылайтынын ұғынуы тиіс.

CYP2C9 ферментін кодтайтын ген мутациялары бар емделушілерде варфариннің жартылай шығарылу уақыты жоғарылаған. Мұндай емделушілерге өте төмен демеуші доза қажет болады, қан кету қаупі өте жоғары жүктеме дозаларды қолданған кезде жоғарылауы мүмкін.

Операциядан бірнеше күн бұрын варфарин қабылдауды тоқтату мүмкіндігін қарастырған жөн. Операцияға дейін (стоматологиялық операцияларды қоса), ең кемінде, ХҚҚ-ты бақылау және түзету қажет.

Антитромбоздық С протеині жеткіліксіз емделушілерде варфаринмен емдеудің бас кезінде тері некроздарының даму қаупі бар, осының салдарынан, емдеуді варфариннің жүктеме дозасынсыз бастаған жөн (тіпті гепаринді тағайындаған кезде де). Қауіп тобына сондай-ақ S ақуызының жеткіліксіздігі бар емделушілер жатуы мүмкін, мұндай жағдайларда варфаринмен емдеуді өте баяуырақ бастау ұсынылады.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар емделушілерге ерекше көңіл бөлген жөн. Гиперкоагуляция қаупі жоғарылаған емделушілерде, мысалы, ауыр артериялық гипертензияда, бауыр немесе бүйрек ауруларында ХҚҚ-ны өте мұқият бақылау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Емделушілерге қолдану тәжірибесінің негіздерінен жүктілік кезінде тағайындалатын варфарин туа біткен ақауларды немесе ұрықтың шетінеуін туындатуы мүмкін екені белгілі.

Бала көтере алатын жастағы әйелдер Варфарин Никомед препаратымен емделу кезінде контрацепцияның сенімді әдісін пайдалануы тиіс.

Варфарин плацента арқылы тез өтеді. Варфарин Никомед препаратын жүктіліктің алғашқы үш айында және соңғы төрт аптасында қолдануға болмайды. Осы кезеңдер арасындағы аралықта варфарин тек өте қажет болған жағдайларда ғана қолданылады.

Варфарин ұрықта күрделі мальформацияны, қан кетулерді және ұрықтың жатыр ішінде шетінеуін туындатуы мүмкін. Жүктілік кезінде варфаринді қолдану ұрықта нүктелік хондродисплазияға ұқсас варфариндік синдромның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Осы синдромның көріністері: мұрын гипоплазиясы (қайқы мұрын және басқа да шеміршектік түзілімдер), рентгенологиялық тексерулерде шеміршектің нүктелік дисплазиялары (әсіресе омыртқада және ұзын түтікше сүйектерде), қолдың ұшы мен саусақтарының қысқа болуы, көру жүйкесінің атрофиясы, ішінара немесе толық соқырлыққа әкелетін катаракта, физикалық және психикалық дамудың кідіруі және микроцефалия.

Лактация

Варфарин емшек сүтімен бірге бөлініп шығады, бірақ емдік дозаларда қабылдағанда варфариннің емшек еміп жүрген нәрестеге әсері күтілмейді, сондықтан Варфарин Никомед препаратын бала емізу кезінде қолдануға болады.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Варфарин Никомед препаратының автокөлікті жүргізу және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы жоқ немесе өте мардымсыз.

Артық дозалануы

Симптомдары қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткеннен кейін пайда болады. Оларға мыналар жатады: мұрыннан қан кетулер, қызылиектен қан кетулер, бозару, буын айналасында және бөксе маңайында гематомалар, несепте және нәжісте қанның пайда болуы. Басқа болуы мүмкін симптомдарға арқаның ауыруы, еріннен және шырышты қабықтардан қан кету, іштің ауыруы, құсу және петехиялар жатады. Кешірек миға қан құйылу салдарынан салдану басталуы және, ақырында, геморрагиялық шок болуы және өліммен аяқталуы мүмкін.

Артық дозаланудың емі негізінен демеуші және симптоматикалық болып табылады. Фитоменадион у қайтарғысын (К1 витамині) және, қажет болғанда, ұюдың шоғырланған факторларын, жаңадан қатырылған плазманы көктамыр ішіне енгізу немесе қан құю қажет болуы мүмкін. Варфариннің жартылай шығарылу уақыты ұзақ (20–60 сағ.) болғандықтан, емделушілер ұзақ бақылануы тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді қалпақшамен жабылған полиэтилен құтыға 50 немесе 100 таблеткадан салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Такеда Фарма Сп. з о.о., Лышковице, Польша

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Такеда Фарма А/С, Дания

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

Такеда Фарма Сп. з о.о., Лышковице, Польша

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы «Takeda Osteuropa Holding GmbH» (Австрия) өкілдігі

Алматы қ., Шашкин к-сі, 44

Телефон нөмірі (727) 2444004

Факс нөмірі (727) 2444005

Электрондық поштасы DSO-KZ@takeda.com

 

Прикрепленные файлы

508325661477977118_ru.doc 143 кб
935489861477978291_kz.doc 172.5 кб
5553_02_07_12_16_17_i.pdf 0.95 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ