Вальпроевая кислота (Химфарм) (Вальпроевая кислота)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Вальпрой қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Вальпрой қышқылы
Дәрілік түрі, дозалануы
Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 100 мг/мл, 5 мл
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Эпилепсияға қарсы препараттар. Май қышқылдарының туындылары. Вальпрой қышқылы.
АТХ коды N03AG01
Қолданылуы
Эпилепсиялық ұстамаларды емдеу үшін, егер уақытша вальпрой қышқылын пероральді қабылдау мүмкін болмаса.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, эпилепсия кезіндегі жүктілік кезеңі
егер Жүктілікті болдырмау бағдарламасының барлық шарттары орындалмаса, бала туу әлеуеті сақталған әйелдер
жедел гепатит
созылмалы гепатит
пациенттің немесе оның туыстарының анамнезінде бауыр аурулары, әсіресе дәрілік затты қолдануға байланысты
бауыр порфириясы
мочевина түзілу циклында ферменттер тапшылығы анықталған пациенттер
карнитиннің бастапқы түзетілмеген жүйелі тапшылығы бар пациенттер
γ-полимераза митохондриялық ферментті кодтайтын (POLG) ядролық геннің мутацияларынан туындаған, анықталған митохондриялық аурулар, мысалы, Альперс-Хуттенлохер синдромы, сондай-ақ, 2 жастан кіші балаларда γ- полимеразаның кемістіктеріне байланысты ауруға күдік болғанда .
шайқураймен біріктіріп қабылдау
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жүктілікті болдырмау бағдарламасы Вальпроаттың тератогендік әлеуеті жоғары, ал құрсақ ішінде вальпроаттың әсеріне ұшыраған балаларда туа біткен даму кемістіктері мен неврологиялық даму бұзылуларының жоғары қаупі бар. Басқа емдеу әдістері тиімсіз немесе пациентке жағымсыз жағдайларды қоспағанда, вальпроатты қыздарға және бала туатын жастағы әйелдерге тағайындауға болмайды. Егер ешқандай басқа емдеуді жүргізу мүмкін болмаса, төменде берілген Жүктілікті болдырмау бағдарламасына сәйкес әрекет ету қажет. Келесі жағдайларда қолдануға болмайды: • қолайлы балама ем болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде. • Жүктілікті болдырмау бағдарламасының шарттары орындалмайтын жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде Жүктілікті болдырмау бағдарламасының шарттары Емдеуші дәрігер келесі жағдайларда сенімді болуы қажет:
Бұл жағдайлар қазіргі уақытта жыныстық қатынасқа түспейтін әйелдерге де қатысты, тек дәрігер жүктілік қаупінің жоқтығын растауға орынды себептер бар деп санайтын жағдайларды қоспағанда. Қыздар Емдеуші дәрігер келесі жағдайларда сенімді болуы қажет:
• алғашқы етеккірі басталған пациенттерде жыл сайынғы вальпроатпен емдеу қажеттігін қайта қарап шығу және емдеудің балама нұсқасын қарастыруы керек. Егер вальпроатпен емдеу жалғыз қолайлы нұсқа болса, тиімді контрацепцияны және Жүктілікті болдырмау бағдарламасының барлық басқа шарттарын пайдалану қажеттілігін талқылауы керек. Емдеуші дәрігер қыздарды жыныстық жетілгенге дейін немесе кәмілеттік жасқа толғанға дейін баламалы емдеуге көшіру үшін барлық мүмкіндігін салып, ұмтылуы керек. Жүктілік тесті Вальпроатпен емдеуді бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. Жүктілік кезінде кездейсоқ пайдалануды болдырмау үшін, денсаулық сақтау саласының қызметкері растаған, белгіленген сезімталдығы кемінде 25 мХБ/мл плазманы пайдалана отырып, жүктілікке тестінің теріс нәтижесінсіз вальпроатпен емдеуді бала туу жасындағы әйелдерде бастауға болмайды. Осы жүктілікке тестті емдеу кезінде тұрақты уақыт аралығында қайталап тұрған жөн. Контрацепция Вальпроат тағайындалатын бала туатын жастағы әйелдер вальпроатпен емдеудің барлық кезеңі ішінде тиімді контрацепцияны үзіліссіз пайдалануы тиіс. Бұл пациент әйелдерге жүктілікті болдырмау бойынша толық ақпарат берілуі тиіс және егер олар тиімді контрацепцияны пайдаланбаса, оларды контрацепция мәселелері бойынша кеңес алуға жіберу керек. Контрацепцияның кем дегенде бір тиімді әдісін (жатырішілік спираль немесе имплантант сияқты автономды түрі дұрысырақ) немесе бөгеу әдісін қоса алғанда, контрацепцияның екі қосымша түрін пайдалану керек. Жеке мән-жайлар әрбір жағдайда контрацепция әдісін таңдау кезінде пациент әйелдің қатысуын және таңдалған шаралардың сақталуын қамтамасыз ету үшін онымен бірге талқылау арқылы бағалануы тиіс. Тіпті аменорея кезінде де пациент әйел тиімді контрацепция бойынша барлық кеңестерді сақтауы керек. Құрамында эстрогендер бар дәрілік препараттар Құрамында эстроген бар препараттармен, соның ішінде құрамында эстроген бар гормондық контрацептивтермен бір мезгілде қолдану вальпроаттың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Емдеуші дәрігер құрамында эстроген бар препараттарды қабылдауды бастауға немесе тоқтатуға клиникалық жауапты (эпилепсияны бақылаумен) қадағалауы тиіс. Вальпроат гормондық контрацептивтердің тиімділігін төмендетпейді. Дәрігердің жыл сайынғы емді қайта қарап шығуы Емдеуші дәрігер вальпроаттың пациент әйел үшін неғұрлым қолайлы емдеу болып табылатындығын кем дегенде жылына бір рет қайта қарап шығу керек. Емдеуші дәрігер әрбір жыл сайынғы қайта қарап шығу басында және оны жүргізу кезінде жыл сайынғы қауіптерді растау нысанын талқылауы және пациенттің оның мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Қауіптерді растау нысаны тиісті түрде толтырылуы және оған емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) қол қоюы тиіс. Жүктілікті жоспарлау Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеуде тәжірибесі бар маман вальпроатпен емдеуді қайта бағалап және емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыруы тиіс. Ұрықтанғанға дейін және контрацепцияны пайдалануды тоқтатқанға дейін тиісті баламалы емдеуге көшу үшін барлық күш-жігерін салу қажет. Егер ауысу мүмкіндігі болмаса, әйел отбасын жоспарлауға қатысты негізді шешім қабылдауды қамтамасыз етуде болашақ сәби үшін вальпроаттың қауіптеріне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс. Жүктілік жағдайында Егер вальпроатты пайдаланатын әйелде жүктілік басталса, вальпроатпен емдеуді қайта бағалау үшін оны дереу маманға жіберу және балама нұсқаларды қарастыру қажет. Вальпроатты пайдаланатын жүкті болған пациент әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін вальпроаттың әсеріне ұшыраған жүктілікке қатысты бағалау және кеңес беру үшін тератологияда тәжірибесі бар маманға жіберу керек. Фармацевт келесілерге сенімді болуы тиіс
Білім беру материалдары Тіркеу куәлігінің ұстаушысы денсаулық сақтау қызметкерлері мен пациент әйелдерге жүктілік кезінде вальпроаттың әсерінен аулақ болу үшін вальпроаттың тератогенділігі (туа біткен даму кемістіктері) және фетоуыттылығы (неврологиялық дамудың бұзылулары) туралы ескертулерді бекіту үшін білім беру материалдарын ұсынады және ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде вальпроатты пайдалануға қатысты нұсқауларды және Жүктілікті болдырмау жөніндегі бағдарлама туралы толық мәлімет береді. Пациентке арналған нұсқаулықты және пациенттің карточкасын вальпроатты пайдаланатын бала туу жасындағы барлық әйелдерге беру керек. Қауіптерді жыл сайынғы растау нысанын пайдалану керек, ол емдеуді бастау кезінде және вальпроатпен емдеуді әрбір жыл сайын қайта қарау барысында тиісті түрде толтырылуы және қол қойылуы тиіс. |
Балалы болу жасындағы ер адамдарда қолдану
Скандинавиялық тіркелім негізінде жүргізілген ретроспективті зерттеудің деректері әкелері ламотриджин немесе леветирацетам қабылдаған балалармен салыстырғанда, әкелері ұрықтануға дейін 3 ай бұрын вальпроат қабылдаған балаларда жүйке-психикалық дамудың бұзылу қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Бұл зерттеудің шектеулі деректері осы кезеңде осы потенциалды қауіп туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді және қосымша деректер қажет.
Сақтық шарасы ретінде препаратты тағайындайтын дәрігер балалы болу жасындағы пациенттерді осы потенциалды қауіп туралы хабардар етуі керек. Ол олармен талқылауы керек:
емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде үш ай ішінде тиімді контрацепция шараларын қолдану қажеттілігі,
бала тууды жоспарлайтын пациенттер үшін баламалы препараттармен емдеу мүмкіндігі,
вальпроатпен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде үш айға дейін шәует тапсырмау керек.
Ұрықтанудан үш ай бұрын вальпроат қабылдауды тоқтатқан әкелерден туған балалардағы жүйке-психикалық дамудың бұзылу қаупі белгісіз.
Бауыр ауруы
Пайда болу шарттары
Сирек жағдайда ауыр дәрежедегі, кейде өліммен аяқталатын бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланады.
Жоғарғы қауіп тобын ауыр эпилепсиясы бар, әсіресе, мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының тежелуімен және/немесе карнитин тапшылығы, мочевина циклінің бұзылулары, POLG мутациялары сияқты митохондриялық бұзылуларды қоса, тұқым қуалайтын метаболизмдік аурулармен немесе шығу тегі генетикалық дегенерациялық аурулармен байланысты эпилепсиясы бар сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балалар құрайды.
3 жастан кейін пайда болу жиілігі айтарлықтай төмендейді және жасына қарай бірте-бірте төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айында байқалады, әдетте, 2 және 12 апта арасында және көбінесе біріктірілген эпилепсияға қарсы емдеу кезінде байқалады.
Ескерту белгілері
Ерте диагностика басым түрде клиникалық тексеру нәтижелеріне негізделеді. Атап айтқанда, ауру манифестациясының екі түрі, әсіресе сарғаюдың алдында болуы мүмкін, жоғары қауіп тобындағы пациенттерге қатысты назарға алынуы тиіс:
біріншіден, астения, анорексия, жүдеу, ұйқышылдық сияқты әдетте кенеттен пайда болатын, кейде қайталанатын құсумен және іштің ауыруымен қоса жүретін, спецификалық емес жүйелі белгілер,
екіншіден, тиісті емдеу ұстанымын сақтауға қарамастан, ұстамалардың қайталануы.
Пациенттерді, ал егер бұл балалар болса, онда олардың отбасыларын осындай клиникалық симптомдар пайда болған кезде дереу дәрігерге жүгіну керек екендігінен хабардар ету ұсынылады. Клиникалық тексеруден басқа, бауырдың функционалдық сынамаларын дереу орындау керек.
Анықталуы
Емдеудің алғашқы 6 айында бауырдың функционалдық сынамаларын
мезгіл-мезгіл бақылау қажет.
Егер бауырға уыттылығын тудыратыны белгілі қатарлас емдеу әдістері өзгертілсе (дозасын арттыру немесе жаңа ем), бауырдың функционалдық сынамаларын қайтадан бақылауға алу қажет (бауырдың салицилаттардан, каннабидиолды қоса, құрысуға қарсы басқа препараттардан зақымдану қаупі туралы «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінде қараңыз).
Классикалық тесттердің арасында ақуыз синтезін, атап айтқанда,
протромбин уақытын (ПУ) көрсететін тесттер анағұрлым орынды болады.
Протромбин уақытының аномальді төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе, егер зертханалық талдауларда өзге де аномальді ауытқулар (фибриноген деңгейінің және ұю факторларының едәуір төмендеуі, билирубин мен бауыр трансаминазалары деңгейінің артуы) байқалса, емдеу тоқтатыла тұруы тиіс.
Сақтық шарасы ретінде біріктірілген тағайындау кезінде салицилат туындыларымен емдеуді де тоқтату керек, себебі олар метаболизмнің бірдей жолдарын пайдаланады.
Панкреатит
Балалар мен ересектерде жасына және емдеу ұзақтығына қарамастан дамыған, панкреатиттің ауыр түрлерінің сирек жағдайлары тіркелген. Алғашқы симптомдарынан өлімге әкеліп соққанға дейін ауру жылдам үдеген геморрагиялық панкреатиттің бірнеше жағдайлары байқалды. Балалар панкреатиттің даму қаупі жоғары тобында тұр, баланың жасы ұлғайған сайын бұл қауіп төмендейді. Ауыр құрысулар, неврологиялық бұзылулар немесе құрысуға қарсы ем панкреатиттің даму қаупінің факторлары болуы мүмкін. Панкреатитпен біріккен бауыр жеткіліксіздігі өліммен аяқталу қаупін арттырады. Іш аумағында қатты ауыру, жүрек айнуы, құсу және/немесе анорексия туындаған кезде пациенттер дереу тексерілуі тиіс. Панкреатит расталған жағдайда, атап айтқанда, қандағы ұйқы безі ферменттерінің жоғары белсенділігі кезінде вальпрой қышқылын қолдануды тоқтату және тиісті емдеуді бастау қажет.
Ұстамалардың қайталануы
Басқа эпилепсияға қарсы препараттармен болған жағдайдағыдай, вальпроатты қабылдау жақсартудың орнына ұстамалардың жиілігі мен ауырлығының (эпилепсиялық статусты қоса алғанда) қайтымды қайталануына немесе ұстамалардың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұстамалар қайта басталған жағдайда пациенттер дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі, уыттылығы (бауыр ауруы немесе энцефалопатия) немесе артық дозалануы салдарынан туындауы мүмкін ұстамалардан ажырату керек. Осы дәрілік препарат вальпрой қышқылына метаболизденетіндіктен, оны вальпрой қышқылымен артық дозалануын болдырмау мақсатында (мысалы, семинатрий вальпроаты, вальпромид) сол трансформациядан өтетін басқа дәрілік препараттармен біріктіруге болмайды
Суицид қаупі
Суицидтік ойлау мен мінез-құлық бірнеше көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттер арасында байқалды. Сондай-ақ суицидтік ойлау және мінез-құлықтың қаупінің сәл жоғарылуы пайда болу байқалды.
Бұл қауіптің себептері белгісіз және қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезінде жоғары қауіпті жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді.
Демек, пациенттер суицидтік ойлау мен мінез-құлық белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият бақылауда болуы тиіс және тиісті емдеу қарастырылуы қажет.
Пациенттер (және олардың қамқоршылары) суицидтік ойлау немесе мінез-құлық пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуға тиіс екендігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Тіндердің жергілікті некрозы қаупі
Қатаң түрде вена ішіне енгізу қажет. Бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Карбапенемдерді және ламотриджинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық аурулары бар пациенттер.
Вальпрой қышқылы митохондриялық ДНҚ, сондай-ақ γ-полимераза (POLG) митохондриялық ферментін кодтайтын, ядролық геннің мутацияларынан туындаған митохондриялық аурудың пациентте білінуіне түрткі болуы немесе оны ауырлатуы мүмкін. Атап айтқанда, γ-полимеразаны (POLG) кодтайтын ген мутацияларынан туындайтын туа біткен нейрометаболизмдік синдромдары бар, мысалы, Альперс-Хуттенлохер синдромы бар пациенттерде бауырдың жедел жеткіліксіздігінің және бауыр зақымдануымен байланысты өліммен аяқталудың жоғары даму жиілігі вальпрой қышқылын қолданумен астасқан. γ-полимеразаның кемістіктеріне байланысты аурулардың болуын генезі айқындалмаған энцефалопатияны, рефрактерлік эпилепсияны (фокальді, миоклонустық), эпилепсиялық статусты, психикалық және физикалық дамуының тежелуін, психомоторлық регрессияны, аксоналдық сенсомоторлы нейропатияны, миопатияны, мишық атаксиясын, офтальмоплегияны немесе көру (желке) аурасымен асқынған бас сақинасын қоса, осындай аурулардың белгілері бар немесе отбасылық анамнезінде бар пациенттерде болжауға болады. Осы заманғы клиникалық практикаға сәйкес мұндай ауруларды диагностикалау үшін γ-полимераза (POLG) генінің мутацияларына тестілеу жүргізу керек.
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылыстар
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылыстар церебралды атрофияны көріністеуге байланысты болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық картинаның осы түрін деменциямен немесе Паркинсон ауруымен шатастыруға болады. Бұл бұзылулар емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болады.
Зертханалық зерттеу
Емдеуді бастамас бұрын бауырдың функционалдық сынамаларын тексеру және оларды алғашқы алты ай ішінде, әсіресе қауіп тобына кіретін пациенттерге қатысты кезең- кезеңімен орындау керек.
Қандай да бір клиникалық белгілерінсіз, әсіресе емдеу басында, эпилепсияға қарсы көптеген дәрілерді қолданған кезде орын алғандай, трансаминазалар деңгейінің оқшауланған және өтпелі, орташа жоғарылауы байқалуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Қажет болған жағдайда, толық зертханалық (әсіресе протромбиндік уақыт) зерттеулерді жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ қажет болған жағдайда дозаны қайта бағалау және параметрлердің өзгеруіне негізделе отырып, зерттеулерді қайта жүргізу керек.
Емді бастар алдында, содан кейін 15 күн және емнің соңында және хирургиялық араласым алдында, сондай-ақ тері асты гематомасы немесе қан кету кенеттен пайда болған кезде қан кету уақытын, тромбоциттерді қоса, шеткері қандағы формалық элементтердің санын анықтау ұсынылады.
Балалар
Емдік пайдасы осы жас тобындағы пациенттер арасында бауыр және панкреатит ауруының даму қаупіне қатысты өлшенгеннен кейін үш жастан кіші балаларға қатысты вальпроатты тек монотерапия ретінде қолдану ұсынылады.
Балаларға қатысты гепатоуыттылықтың даму қаупі мен қан кету қаупіне байланысты салицилат туындыларын бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.
Анамнезінде бауыр және асқазан-ішек жолдары тарапынан түсініксіз
бұзылулар (анорексия, құсу, цитолиздің жедел эпизодтары), летаргияның немесе комадағы жай- күйдің эпизодтары, ақыл-ойдың кемістігі немесе отбасылық анамнезінде жаңа туған нәрестелер мен сәбилер арасында өлім жағдайы болған балаларға қатысты вальпроатпен кез келген емді бастағанға дейін метаболизмдік тест, әсіресе қандағы аммиак деңгейіне талдауды ашқарынға немесе тамақ ішуден кейін жүргізу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Вальпрой қышқылының қан сарысуындағы бос фракциясы
концентрациясының артуына байланысты дозасын төмендету талап етілуі
мүмкін. Вальпрой қышқылының плазмалық концентрацияларын
мониторингілеу мүмкін болмаған жағдайда, пациентті клиникалық
бақылау негізінде препарат дозасын түзету керек.
Жүйелі қызыл жегі бар пациенттер
Вальпрой қышқылымен емдеу барысында иммундық жүйе функцияларының бұзылуы өте сирек кездеседі деп көрсетілсе де, препаратты жүйелі қызыл жегі бар пациенттерде қолданған кезде оны қолданудың әлеуетті пайдасын әлеуетті қауіппен салыстыру қажет. Мочевина түзілу циклында ферменттердің тапшылығы
Бұл дәрілік препаратты мочевина түзілу циклында ферменттер тапшылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Мұндай пациенттердің арасында мелшиюмен немесе коматоздық жағдаймен гипераммониемия дамуының бірнеше жағдайлары болды.
Гипокарнитинемияның даму қаупі бар пациенттер
Вальпроатты қабылдау гипокарнитинемияның туындауына немесе ушығуына түрткі болуы мүмкін, ол гипераммониемияға (шамасы, гипераммониемиялық энцефалопатияға) алып келуі мүмкін. Бауырға уыттылығы, гипокетоздық гипогликемия, кардиомиопатияны, рабдомиолизді және Фанкони синдромын қоса миопатия сияқты басқа симптомдары, негізінен, гипокарнитинемия дамуының қауіп факторлары бар немесе бұрыннан гипокарнитинемиясы бар пациенттерде байқалды. Вальпроатпен емдеу кезінде симптоматикалық гипокарнитинемия қаупінің жоғарылауына карнитинмен байланысты митохондриялық бұзылуларды қоса, метаболизмдік бұзылулары бар пациенттер, карнитиннің сіңуінің бұзылуы бар пациенттер, 10 жасқа толмаған пациенттер, сондай-ақ, пивалат конъюгаттарымен немесе эпилепсияға қарсы басқа препараттармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттер ұшырайды.
Пациенттерге атаксия, сана өзгерісі, құсу сияқты, гипераммониемияның
кез келген белгілері туралы дереу хабарлау қажеттілігі ескертілуі тиіс.
Гипокарнитинемия симптомдары пайда болған жағдайда, карнитинді
тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Карнитиннің бастапқы жүйелі тапшылығымен және гипокарнитинемиясы түзетілген пациенттер вальпроатпен емді тек, вальпроатпен емдеудің пайдасы аталған пациенттер үшін қаупінен асып түсетін және емдік баламасы болмаған жағдайда ғана қабылдай алады. Ондай пациенттерде карнитин деңгейін бақылау керек.
II типті карнитин-пальмитоилтрансфераза ( КПТ) жеткіліксіздігі бар пациенттер
II типті КПТ жеткіліксіздігі бар пациенттерге вальпрой қышқылын қабылдаған кезде рабдомиолиздің анағұрлым жоғары даму қаупі туралы ескертілуі тиіс. Мұндай пациенттерге карнитин қоспаларын қабылдауды қарастыруы керек.
Дене салмағының артуы
Пациенттерді емдеу басында дене салмағының арту қаупі туралы және
негізінен, осы құбылысты барынша азайту үшін диетаны тағайындау
жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ескерту керек.
Қант диабеті бар пациенттер
Вальпрой қышқылының ұйқы безіне қолайсыз әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, препаратты қант диабеті бар пациенттерде қолдану кезінде қандағы глюкоза концентрациясына мұқият мониторинг жасау керек. Қант диабеті бар пациенттерде несепті кетон денелерінің болуына зерттеу жүргізген кезінде жалған оң нәтижелер алуға болады, себебі вальпрой қышқылы бүйрек арқылы ішінара кетон денелері түрінде шығарылады.
Алкоголь
Вальпрой қышқылы препаратымен емдеудің бүкіл кезеңінде алкогольді тұтыну ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қолдануға болмайтын біріктірілімдер
Шайқураймен біріктірілімде
Плазмадағы концентрацияның төмендеуі және эпилепсияға қарсы дәрі тиімділігінің төмендеуі қаупі бар.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Ламотриджинмен біріктірілімде
Терінің ауыр реакциялары (уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы)) дамуының анағұрлым жоғары қаупі бар.
Сонымен қатар, плазмадағы Ламотриджин концентрациясының жоғарылауы (натрий вальпроаты есебінен бауыр метаболизмінің төмендеуі) мүмкін. Бірге қолдану қажет болған жағдайларда мұқият клиникалық мониторинг жүргізген жөн.
Пенемдермен (карбапенемдер) біріктірілімде
Плазмадағы вальпрой қышқылы концентрацияларының жылдам төмендеуі аясында ұстамалардың пайда болу қаупі бар, олар анықталмаған күйі қалуы мүмкін.
Вальпрой қышқылын карбапенемдермен біріктіріп енгізу вальпрой қышқылының плазмадағы концентрациясының шамамен екі күн ішінде шамамен 60–100% төмендеуіне алып келген. Сондықтан, әсері жылдам басталатындықтан және плазмадағы концентрациясы едәуір төмендейтіндіктен, вальпрой қышқылына тұрақтандырылған, жай-күйін бақылауда ұстау мүмкін емес пациентерге карбапенемдерді бір мезгілде тағайындамаған дұрыс.
Пенемдермен біріктірілімде
Плазмадағы вальпрой қышқылының концентрациясының тез төмендеуі кезінде ұстамалардың пайда болу қаупі бар, олар анықталмай қалуы мүмкін.
Қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер Ацетазоламидпен біріктірілімдеЭнцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия пайда болуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Азтреонаммен біріктірілімде
Плазмадағы вальпрой қышқылының концентрациясының төмендеуі нәтижесінде ұстамалар пайда болу қаупі бар.
Клиникалық бақылау, плазмадағы препараттардың концентрациясын анықтау және инфекцияға қарсы дәрі қолданылатын емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін құрысуға қарсы дәрінің дозасын түзету қажет.
Карбамазепинмен біріктірілімде
Артық дозалану белгілерімен плазмада карбамазепиннің белсенді метаболитінің концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Сонымен қатар,
карбамазепиннің әсерінен вальпрой қышқылының бауырдағы метаболизмінің жоғарылауына байланысты плазмада вальпрой қышқылы концентрациясының төмендеуі ықтимал.
Клиникалық бақылау, плазмадағы препараттардың концентрациясын анықтау және құрысуға қарсы екі дәріге де түзету енгізу қажет.
Фелбаматпен біріктірілімде
Артық дозалану қаупімен сарысудағы вальпрой қышқылы концентрациясының жоғарылауы мүмкін.
Фелбаматпен емдеу барысында және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық бақылау, зертханалық параметрлер мониторингі және, бәлкім, вальпрой қышқылының дозасын түзету қажет.
Құрамында эстроген бар препараттар, эстрогені бар гормондық контрацептивтер
Эстрогендер вальпроат глюкуронизациясына қатысатын УДФ- глюкуронозилтрансфераза (УГТ) изоформаларын индукциялайды және вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін, бұл сарысудағы вальпроат
концентрациясының төмендеуіне және вальпроат тиімділігінің әлеуетті төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сарысудағы вальпроат деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Екінші жағынан, вальпроаттың энзим индукциялайтын әсері жоқ; соның салдарынан вальпроат гормондық контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде құрамында эстроген бар препараттардың тиімділігін төмендетпейді.
Метамизолмен біріктірілімде
Метамизол бір мезгілде қолданған кезде сарысудағы вальпроат концентрациясын төмендетуі мүмкін, бұл вальпроаттың клиникалық тиімділігінің әлеуетті төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Клиникалық әсеріне мониторинг жасау (құрысуларды бақылау және көңіл-күйді бақылау) және, қажет болса, вальпроаттың қан сарысуындағы концентрациясына мониторинг жасау мүмкіндігін қарастыру керек.
Метотрексатпен біріктірілімде
Метотрексатты қабылдаудан кейін, құрысулардың туындауымен қатар жүретін, қан сарысуындағы вальпроат деңгейінің едәуір төмендегені туралы хабарламалар бар.
Емдеуші дәрігер клиникалық реакцияны қадағалауы (құрысуларды немесе көңіл-күйді бақылау) және қан сарысуындағы вальпроат деңгейін тиісінше мониторингілеу мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Нимодипинмен біріктірілімде (пероральді, экстраполяция жолымен инъекциялық енгізуге)
Нимодипиннің плазмалық концентрациясының 50%-ға жоғарылау қаупі бар. Қысымы төмен пациенттерде нимодипин дозасын төмендету қажет.
Фенобарбиталмен біріктіріп және примидонға экстраполяция жолымен Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия пайда болуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Фенитоинмен (және фосфенитоинге экстраполяциямен) біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия пайда болуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Пропофолмен біріктірілімде
Пропофолдың плазмалық концентрациясының жоғарылауы мүмкін. Вальпроатпен бір мезгілде қолданған кезде пропофол дозасын азайту туралы мәселені қарастыру керек.
Рифампицинмен біріктірілімде
Рифампицин есебінен вальпроаттың бауырдағы метаболизмі жоғарылауы нәтижесінде ұстамалардың пайда болу қаупі бар.
Рифампицинмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық бақылау, зертханалық параметрлерді бақылау және қажет болған жағдайда құрысуға қарсы дәрілердің дозасын түзету талап етіледі.
Руфинамидпен біріктірілімде
Руфинамид плазмалық концентрациясының жоғарылауы, атап айтқанда, салмағы 30 кг- ден аз балаларда болуы мүмкін.
Салмағы 30 кг-ден аз балаларда: дозаны титрлеуден кейін тәулігіне 600 мг жалпы дозасынан аспауы тиіс.
Топираматпен біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия пайда болуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Зидовудинмен біріктірілімде
Вальпрой қышылы есебінен зидовудин метаболизмінің төмендеуі аясында зидовудиннің жағымсыз реакцияларының, әсіресе гематологиялық әсерлердің пайда болу жиілігінің жоғарылау қаупі бар.
Клиникалық және зертханалық көрсеткіштерге үнемі мониторинг жүргізу қажет. Біріктірілген емнің алғашқы екі айында анемияны анықтау үшін гемограмма жасау ұсынылады.
Зонисамидпен біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия пайда болуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Литиймен біріктірілімде
Вальпрой қышқылы сарысудағы литий концентрациясына әсер етпейді.
Бауыр зақымдануының қаупі бар біріктірілімдер
Бауырдың уытты зақымдануының дамуы қаупіне байланысты, 3 жасқа толмаған балаларда салицилаттарды бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Вальпроат пен құрысуға қарсы басқа препараттарды бір мезгілде қолдану, әсіресе, балаларда, бауырдың зақымдану қаупін арттырады.
Каннабидиолмен біріктіріп қолдану трансаминазалар деңгейі жоғарылауының жиілігін арттырады. Клиникалық зерттеулерде 10-нан 25 мг/кг дейінгі дозалардағы каннабидиол мен вальпроатты бір мезгілде қабылдаған, барлық жастағы пациенттерде, АЛТ деңгейінің қалыптың жоғарғы шегімен салыстырғанда 3 еседен артық жоғарылауы 19% пациентте тіркелді. Каннабидиолды қоса, гепатоуытты болуы ықтимал, құрысуға қарсы басқа препараттармен вальпроатты біріктіріп пайдаланғанда, бауырдың жай-күйіне тиісінше мониторинг жүргізу қажет.
Бауыр көрсеткіштеріндегі елеулі ауытқулар жағдайында, дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек .
Пивалат-конъюгацияланған препараттармен біріктірілімде
Карнитиндік ашығудың даму қаупінің жоғарылығына байланысты, вальпроат пен құрамында пивалат бар препараттарды (цефдиторен пивоксил, адефовир дипивоксил, пивмециллинам және пивампициллин сияқты) бір мезгілде қабылдамаған дұрыс (Гипокарнитинемияның даму қаупі бар пациенттер «Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары» бөлімінде қараңыз). Бір мезгілде қабылдамау мүмкін болмаған пациенттер гипокарнитинемияның белгілері мен симптомдарына қатысты мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік немесе лактация кезінде
Вальпрой қышқылын:
|
Жүктілік
Вальпрой қышқылымен монотерапия да, сондай-ақ вальпрой қышқылымен политерапия да жүктіліктің қолайсыз нәтижесімен астасады. Қолда бар деректер бойынша вальпрой қышқылын қамтитын біріктірілген эпилепсияға қарсы ем вальпрой қышқылымен жүргізілген монотерапиямен салыстырғанда жүктілік кезінде туа біткен кемістіктің анағұрлым жоғары қаупімен байланысты.
Тератогенділігі және неврологиялық дамуға әсері
Туа біткен даму кемістіктері
Құлақ және/немесе мұрын дамуының ақауларына (салдарлы әсері) және/немесе есту функциясына тікелей уытты әсер етуіне байланысты, вальпроаттардың құрсақішілік әсері де естудің
нашарлауына немесе кереңдікке алып келуі мүмкін. Бұл жағдайлар біржақты да, екіжақты да кереңдік немесе естудің нашарлауы ретінде сипатталады. Салдалары барлық жағдайларда бірдей белгілі болмады. Көпшілік жағдайларда мұндай белгілі салдармен сауығу болған жоқ.
Вальпроаттардың құрсақішілік әсері көз дамуындағы ақауларға
(колобоманы, микрофтальмдарды қоса) алып келуі мүмкін, олар туралы дамудың басқа, туа біткен ақауларымен бірге хабарланған. Көз дамуындағы мұндай ақаулар көруге әсер етуі мүмкін.
Жүктілік кезінде монотерапия түрінде вальпроат алған эпилепсиясы бар әйелдер балаларының 11% туа біткен даму кемістігінен зардап шегетінін көрсетті, бұл жалпы популяцияға қарағанда туа біткен негізгі даму кемістіктерінің үлкен қаупін білдіреді, олар үшін қауіп 2-3% - ды құрайды. Қауіп дозаға байланысты болады, бірақ одан төменгі қаупі жоқ шекті дозаны белгілеу мүмкін емес.
Қолда бар деректер шағын және ауыр даму кемістіктерінің пайда болу жиілігі үлкен екенін көрсетті. Жүйке түтігінің кемістіктері (шамамен 2-ден 3% - ға дейін), бет дисморфизмі, ерін мен таңдайдың туа біткен жырығы, краниостеноз, жүрек ақаулары, бүйрек және несеп-жыныс жүйесінің даму кемістіктері (атап айтқанда, гипоспадия), аяқ- қолдың даму кемістіктері (оның ішінде кәрі жіліктің екі жақты аплазиясы), сондай-ақ организмнің әртүрлі жүйелерімен байланысты басқа да кемістіктері дамудың анағұрлым жиі байқалатын кемістіктері болып табылады.
Неврологиялық дамудың бұзылулары
Вальпроаттың құрсақішілік әсер етуі жүктілік кезінде вальпроат қабылдайтын аналардан жаңа туған балалардағы неврологиялық дамудың бұзылу қаупін арттырады. Мүмкін болатын қауіп дозаға байланысты болады, бірақ қауіп жоқ төменгі шекті доза қолда бар деректер негізінде белгіленуі мүмкін емес. Қауіп кезеңі бүкіл жүктілікті қамтуы мүмкін.
Жүктілік кезінде вальпроатты эпилепсияға қарсы басқа препараттармен біріктірілген ем құрамында тағайындағанда, жалпы популяциядағы немесе эпилепсиясы бар, ем қабылдамаған аналардан туған балалардағы осындайлармен салыстырғанда, балада жүйке дамуы бұзылуларының қауіптері де едәуір жоғарылайды.
Вальпроат қабылдаған аналардан туған мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу балалардың 30–40%-ында сөйлеудің дамуы мен кеш жүру, интеллектуалдық қабілеттерінің төмен деңгейі, тілдік дағдылардың (сөйлеу және түсіну) әлсіз болуы және есте сақтау проблемалары сияқты ерте даму кідірістері бар болатынын көрсетті.
Анамнезінде вальпроаттың құрсақішілік әсер етуі бар мектеп
жасындағы (6 жас) балаларда өлшенген зерде коэффициенті (IQ) басқа эпилепсияға қарсы дәрілердің әсеріне ұшыраған балаларға қарағанда орта есеппен 7–10 тармаққа төмен болды, бұл ретте балалардың IQ анасының IQ-не байланыссыз болуы мүмкін.
Жеке нәтижелер бойынша деректердің шектеулі мөлшері бар.
Вальпрой қышқылының құрсақішілік әсеріне ұшыраған балалардың жалпы популяциямен салыстырғанда, балалар аутизмін (қауіптің шамамен бес есе ұлғаюы) қоса алғанда, аутистік спектр бұзылуларының даму қаупі жоғары (қауіптің шамамен үш есе ұлғаюы) болатынын айғақтайтын деректер бар.
Шектеулі деректерге сәйкес, вальпроатқа ұшырамаған балалармен салыстырғанда, вальпроаттың құрсақішілік әсеріне ұшыраған балаларда, барлық ықтималдығы бойынша, аса жоғары белсенділікпен зейін қою тапшылығы синдромы (АБЗТ) (шамамен 1,5 есе жиірек) пайда болуы мүмкін
Бала туатын жастағы әйелдер
Бала туатын жастағы әйелдерде Вальпрой қышқылымен емдеуді, емнің басқа әдістері тиімсіз болған немесе жақпайтын жағдайлардан басқасында қолданбаған дұрыс. Егер басқа ем жүргізуге мүмкіндік болмаса, Вальпрой қышқылы препаратын қабылдауды тек, жүктіліктің алдын алу бағдарламасы сақталған , атап айтқанда:
жүктіліктің болмаған (жүктілікті анықтауға арналған, сезімталдығы 25 мХБ/мл кем емес плазмалық тест емнің басында және емдеу кезінде жүйелі уақыт аралықтары сайын теріс нәтиже көрсеткен);
контрацепцияның кемінде бір тиімді әдісін пайдаланылатын;
әйел вальпроатты жүктілік кезінде қолданумен байланысты қауіптерден хабардар болған жағдайларда ғана бастауға болады.
Ондай әйелдерде пайдасы мен қаупінің арақатынасы емдеу кезінде жүйелі уақыт аралықтары сайын (жылына бір реттен сирек емес) мұқият қайта қаралуы тиіс.
Құрамында эстроген бар препараттар
Құрамында эстроген бар препараттар, құрамында эстроген бар гормондық контрацептивтерді қоса, вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін, бұл сарысудағы вальпроат концентрациясының төмендеуіне және әлеуетті түрде вальпроат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі ықтимал.
Егер әйел жүкті болуды жоспарласа
Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеуде тәжірибесі бар маман вальпроатпен емдеуді қайта бағалап, баламалы емдеу нұсқаларын қарастыруы керек. Жүкті болуға дейін және контрацепцияны пайдалануды тоқтатқанға дейін тиісті баламалы емдеуге көшу үшін барлық күш-жігерін салу қажет. Егер көшу мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін болашақ бала үшін вальпроаттың қаупіне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс.
Жүктілікке дейін және жүктіліктің басында фолий қышқылын қабылдау кез келген жүктілікке тән жүйке түтігі ақауларының даму қаупін төмендетуі мүмкін. Ақпарат үшін: қолда бар деректер фолий қышқылының вальпроатпен байланысты даму ақауларына қандай-да бір профилактикалық әсерін көрсетпейді.
Жүкті әйелдер
Тиісті балама ем болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде вальпроатты эпилепсияны емдеу үшін қолдануға болмайды.
Жүктілік вальпрой қышқылын қабылдап жүрген кезде басталса әйелді емнің баламалы нұсқаларын қарастыру үшін дереу маманға жіберу керек.
Жүктілік кезінде, тонустық-клонустық ұстамалар және гипоксиямен бірге ананың эпилепсиялық статусы ана үшін де, ана құрсағындағы нәресте үшін де өлімге әкеп соғатын қауіп төндіруі мүмкін.
Егер, жүктілік кезінде вальпроаттың белгілі қауіптеріне қарамастан және баламалы емдеуді мұқият қарастырғаннан кейін, ерекше жағдайларда жүкті әйел эпилепсияны емдеу үшін вальпроатты қабылдауы тиіс болса:
ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек;
вальпроаттың тәуліктік дозасын күні бойы қабылдау үшін бірнеше шағын дозаға бөлу керек. Босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрін қолдану плазмадағы жоғары шекті концентрацияларды болдырмау үшін кез келген басқа дәрілік түрлерден артық болуы мүмкін.
Вальпроатты жүктілік кезінде пайдаланатын барлық пациенттерді және олардың серіктестерін вальпроаттың әсеріне ұшыраған жүктілікке қатысты бағалау және кеңес беру үшін тератологияда тәжірибесі бар маманға жіберу керек.
Жүйке түтігі кемістіктерінің немесе басқа да мальформациялардың пайда болу мүмкіндігін анықтау мақсатында арнайы пренаталдық мониторинг жүргізу керек. Фолий қышқылын жүктілік алдында және жүктіліктің басында қолдану жүктіліктің барлық жағдайларында дамуы мүмкін жүйке түтігі кемістігінің қаупін төмендетуі мүмкін. Алайда, қолда бар дәлелдер бұл вальпроаттың әсер етуі нәтижесінде туа біткен даму кемістіктерін болдырмайды дегенді болжамайды.
Босану алдында
Босанулардың алдында анасындағы тромбоциттер, фибриноген мөлшерін және қанның ұю уақытын (ішінара белсенділенген тромбопластин уақыты: ІБТУ) анықтауды қамтитын коагулограмма жүргізу керек.
Жаңа туған нәрестелердегі қауіп
Анасы жүктілік кезінде вальпроат қабылдаған жаңа туған нәрестелерде геморрагиялық синдромның бірлі-жарым жағдайларының дамуы туралы хабарланды. Бұл геморрагиялық синдром тромбоцитопениямен, гипофи-
бриногенемиямен байланысты және/немесе қанның ұю факторлары мөлшерінің азаюымен байланысты. Сондай-ақ өліммен аяқталған афибриногенемияның дамуы туралы хабарланды. Бұл геморрагиялық синдромды фенобарбитал және бауырдың микросомалық ферменттерінің
басқа индукторлары тудыратын К дәруменінің жетіспеушілігінен ажырату керек. Анадағы гемостаз тестілерінің қалыпты нәтижелері нәрестелердегі гемостаздың бұзылуын жоққа шығармайды. Сондықтан вальпроат алған аналардан туған нәрестелерде міндетті түрде қандағы тромбоциттердің санын, фибриногеннің плазмалық концентрациясын, қан ұю факторларын және коагулограмманы анықтау керек.
Жүктіліктің ІІІ триместрі кезінде аналары вальпроат қабылдаған нәрестелердегі гипогликемия жағдайлары хабарланған.
Жүктілік кезінде анасы вальпроат қабылдаған нәрестелердегі гипотиреоз жағдайлары туралы хабарланды.
Тоқтату синдромы (атап айтқанда, ажитация, ашушаңдық, қатты қозу, қызбалық, гиперкинезия, тонустың бұзылуы, тремор, құрысулар, ас ішудің бұзылыстары) жүктіліктің соңғы триместрінде аналары вальпроат қабылдаған нәрестелерде туындауы мүмкін.
Босанудан кейінгі бақылау
Вальпроаттың жатырішілік әсеріне ұшыраған балалардың неврологиялық мінез-құлқына мұқият мониторинг жүргізу керек және қажет болған жағдайда нақты емді мүмкіндігінше ерте бастау керек.
Бала емізу
Вальпроаттың организмнен емшек сүтімен шығарылуы плазмадағы вальпроаттың құрамынан 1-ден 10% - ға дейін өзгереді. Гематологиялық бұзылулар емшек еметін жаңа туған нәрестелерде / вальпроатпен ем қабылдаған әйелдердің сәбилерінде анықталды.
Бала үшін емуден және әйел үшін емнен алатын пайданы ескере отырып, бала емізуді тоқтату туралы немесе Вальпрой қышқылы препаратымен емдеуді тоқтату/ бас тарта тұру туралы шешім қабылдануы тиіс.
Фертильділік
Вальпроатты пайдаланатын әйелдерде аменорея, аналық без поликистозы және тестостерон деңгейінің жоғарылауы тіркелген. Вальпроат сперматогенезге әсер етуі мүмкін деген болжам бар (әсіресе сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі түрінде). Бақылау нәтижелері емдеуді тоқтатқаннан кейін фертильділік бұзылуының қайтымдылығын көрсетті.
Натрий
Препараттың ампуласының ішінде 69 мг натрий бар, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ересектерге арналған тәулігіне 2 г натрийді құрайтын ең жоғары тәуліктік натрий тұтыну деңгейінің 3,5% - на баламалы. Натрийдің мөлшері төмен диетаны қатаң ұстанатын пациенттерде осыны назар аудару қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге ұйқышылдықтың даму қаупі туралы, әсіресе құрысуға қарсы біріктірілген емде немесе Вальпрой қышқылы препаратының бензодиазепиндермен үйлестірілуі жағдайында ескертілуі тиіс.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалану режимі
Қыз балалар және ұрпақ өрбіту әлеуеті бар әйелдер
Вальпроатпен емдеуді эпилепсияны емдеудегі тәжірибесі бар маманның бақылауымен бастау және жүргізу қажет.
Вальпроатты қыз балаларда және ұрпақ өрбіту әлеуеті бар әйелдерде, емдеудің басқа әдістері тиімсіз немесе жағымсыз болған жағдайларды қоспағанда, пайдаланбаған жөн. Вальпроат бұл жағдайда вальпроатты пайдаланатын пациент әйелдер арасында жүктіліктің алдын алу Бағдарламасына сәйкес тағайындалады және босатылады.
Қарапайым релелік жағдайда (мысалы, хирургиялық араласу алдында).
Соңғы пероральді дозадан кейін 4–6 сағаттан соң инъекцияға арналған натрий хлориді ерітіндісімен (0,9%) сұйылтылған препаратты вена ішіне енгізу жүргізіледі:
немесе бұрын қолданылған дозаның тәулік ішінде үздіксіз инфузиясы түрінде;
немесе бұрын қолданылған тәуліктік дозаның ұзақтығы күніне 1 сағаттан болатын 4 инфузиясы түрінде (әдеттегі орташа доза тәулігіне 20-30 мг/кг құрайды).
Вальпрой қышқылының қан плазмасындағы тиімді концентрациясына тез жетуді және ұстап тұруды қажет ететін жағдайлар
Препаратты 15 мг/кг дозада 5 минут бойы вена ішіне болюстік енгізу; содан соң енгізуді вена ішіне тұрақты инфузия түрінде 1мг/кг/сағ жылдамдықпен жалғастырады, вальпрой қышқылының қандағы 75 мг/л жуық концентрациясын қамтамасыз ету үшін енгізу жылдамдығын бірте-бірте түзетеді. Әрі қарай енгізу жылдамдығын клиникалық көрініске байланысты өзгертеді.
Инфузия тоқтатылғаннан кейін вальпрой қышқылының пероральді түрлерімен емдеуге көшу, алдыңғы дозаны немесе пациенттің клиникалық жай-күйін ескере отырып, түзетілген дозаны қолданып жүргізілуі мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтарыЕгде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде вальпрой қышқылы фармакокинетикасының өзгерістері бар болса да, олар шектеулі мәнге ие, және егде жастағы пациенттерде вальпрой қышқылының дозасын эпилепсия ұстамаларын бақылауды қамтамасыз етуге қол жеткізуге сәйкес таңдап алу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі және/немесе гипопротеинемиясы бар пациенттерде вальпрой қышқылының қан сарысуындағы бос (емдік белсенді) фракциясының концентрациясының ұлғаю мүмкіндігін ескеру керек, және қажет болса дозаны таңдаған кездегі ықтимал қателіктерді болдырмау үшін, дозаны таңдаған кезде ең алдымен қан сарысуындағы вальпрой қышқылының жалпы мөлшерін (бос фракция және қан плазмасы ақуыздарымен байланысқан фракция) емес, клиникалық көріністі басшылыққа ала отырып вальпрой қышқылының дозасын азайту керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны азайту немесе гемодиализдегі пациенттерге дозаны арттыру қажет болуы мүмкін. Вальпрой қышқылын диализбен шығаруға болады. Дозалануы пациентті клиникалық бақылауға сәйкес түзетілуге тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Вальпрой қышқылы препараты, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, қатаң түрде вена ішіне баяу (3–5 минуттан артық) енгізілуі тиіс немесе инфузия арқылы (үздіксіз немесе қайталанған дозада) тағайындалады.
Инфузиялық қоспаны дайындау үшін мынадай ерітінділер қолданылуы мүмкін: 0,9% физиологиялық ерітіндісі немесе 5% декстроза ерітіндісі. Вальпрой қышқылының қалпына келтірілген сұйықтығының түрі мөлдірден сәл бозаңдауға дейін болуы тиіс.
Инфузияға арналған 500 мл ерітіндіде 5 мл вальпрой қышқылы үшін (=500 мг натрий вальпроаты) енгізу жылдамдығы - 1 мл инфузиялық ерітінді/кг/сағ.
Инфузия үшін өнім 0,9% физиологиялық ерітіндімен немесе 5% декстроза ерітіндісімен сұйылтылуы мүмкін.
Вальпрой қышқылы препаратын, вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні және сұйылтылған ерітіндіні қолданар алдында көзбен қарап тексеру керек. Механикалық қосылыстары жоқ мөлдір ерітінділер ғана пайдаланылуы тиіс.
Ампуланың ішіндегісі тек бір рет қолдануға арналған. Пайдаланылмаған кез келген өнім немесе қалдықтар жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы тиіс.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: бұлшықет гипотониясымен азды-көпті терең болуы мүмкін кома, гипорефлексия, миоз, тыныс алу функциясының бұзылуы және метаболизмдік ацидоз, гипотония және коллапс/кардиоваскулярлық шок. Мидың ісінуімен байланысты бассүйекішілік гипертензияның сирек жағдайлары сипатталған.
Емі: асқазанды шаю, тиімді диурезді қалыпта ұстау , жүрек-қантамырлық және тыныс алу жүйелерінің жағдайын бақылау. Өте ауыр жағдайларда,
қажет болғанда, экстраренальдық диализ жүргізуге болады.
Әдетте, мұндай уланудың болжамы жағымды. Осыған қарамастан, өліммен аяқталған бірнеше оқиға тіркелген.
Натрий вальпроаты құрамында натрийдің болуы, артық дозалану жағдайында гипернатриемияға әкелуі мүмкін.
Гипераммониемияға әкелетін вальпроатпен артық дозалану жағдайында, аммоний деңгейін қалыпқа түсіруге тырысу үшін карнитинді вена ішіне енгізуге болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Вальпрой қышқылын қолдануды дәрігермен кеңесіп алмай тоқтатпаңыз. Сіздің еміңізді тоқтату біртіндеп жүргізілуі тиіс. Егер Сіз вальпрой қышқылын кенеттен немесе емдеуші дәрігеріңіз Сізге айтпас бұрын қолдануды тоқтатсаңыз, Сіз өзіңізді құрысулардың пайда болуының жоғары қаупіне тартасыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі
тремор (діріл)
жүрек айну
Жиі
анемия, тромбоцитопения. Дозаға тәуелді тромбопения жағдайлары сипатталған, әдетте жүйелі және клиникалық салдарлары жоқ. Симптомсыз тромбоцитопения жағдайында, егер тромбоциттердің деңгейі және аурудың бақылануы мүмкіндік берсе, осы препараттың дозасын бір ғана түзету көбіне бұл тромбоцитопенияны қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
гипонатриемия, дене салмағының артуы*
шатасқан сана жағдайы, елестеулер, озбырлық***, қозу***, зейін қоюдың бұзылуы***
экстрапирамидалық бұзылыстар##, мелшиіп қалу, ұйқышылдық, құрысулар#, жадының бұзылуы, бас ауыруы, нистагм, жүрек айнуы немесе бас айналуы
есту қабілетінің жоғалу
қан кету
құсу, қызылиектің өзгерістері (ең алдымен, қызылиектің гиперплазиясы), стоматит, эпигастрийдің ауыруы, диарея, олар кейбір пациенттерде емдеудің басында жиі пайда болады, бірақ, әдетте, бірнеше күннен кейін жоғалады және емді тоқтатуды қажет етпейді
бауырдың зақымдануы
шаштың өтпелі және/немесе дозаға тәуелді түсуі, тырнақ және тырнақ оймасы тарапынан бұзылулар
несепті ұстай алмау
дисменорея
Жиі емес
панцитопения, лейкопения
диурезге қарсы гормонның талапқа сай емес секреция синдромы, гиперандрогения (гирсутизм, вирилизация, акне, еркекше типті алопеция және/немесе қандағы андрогендердің концентрациясының жоғарылауы)
кома#, энцефалопатия#, айқын әлсіздік#, қайтымды паркинсонизм##, атаксия, парестезия
васкулит, көбінесе лейкоцитокластық васкулит
плевралық жалқық
панкреатит, кейде өліммен аяқталады және емдеуді ерте тоқтатуды қажет етеді
ангионевроздық ісіну, тері реакциялары, шаш тарапынан бұзылулар (шаштың қалыпты құрылымының бұзылуы, шаштың түсінің өзгеруі, шаштың дұрыс өспеуі сияқтылар)
препаратпен ұзақ емделіп жүрген пациенттерде сүйектің минералдық тығыздығының кемуі, остеопения, остеопороз және сынулар. Препараттың сүйек тіні метаболизміне қандай механизм арқылы әсер ететіні анықталмаған.
бүйрек жеткіліксіздігі
аменорея
гипотермия, ауыр емес шеткері ісінулер
Сирек
миелодисплазиялық синдром.
сүйек кемігінің ауқымды аплазиясы немесе шынайы эритроцитарлық аплазия, агранулоцитоз, макроцитарлық анемия, макроцитоз.
гипотиреоз
гипераммониемия** , семіздік.
қалыптан тыс мінез-құлық***, психомоторлық аса жоғары белсенділік***, оқып-үйренудің қиындауы***
диплопия, үдемелі ағымдағы ауыр когнитивтік бұзылыстар (деменция синдромының толық көрінісін беру қабілеті), қайтымды деменция, симптомдар емдеуді тоқтатқан соң бірнеше аптадан бірнеше айға дейін сақталады#
уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), Стивенс-Джонсон синдромы, көп формалы эритема, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік бөртпе синдромы (DRESS-синдром) немесе дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық синдромы.
жүйелі қызыл жегі, рабдомиолиз
энурез, тубулоинтерстициальді нефрит, қайтымды Фанкони синдромы
еркек бедеулігі , аналық бездер поликистозы
қан ұюы факторларының төмендеуі (кемінде біреуінің), коагуляциялық тесттер нәтижелерінің бұрмалануы (протромбин уақытының ұзаруы, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытының ұзаруы, тромбин уақытының ұзаруы, ХҚҚ жоғарылауы сияқтылар), B8 дәрумені (биотин) тапшылығы/ биотинидаза тапшылығы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
туа біткен аномалиялар, жүйке жүйесі дамуының бұзылыстары
көп реттік инъекциядан кейін жергілікті тіндер некрозының даму қаупі
гипокарнитинемия
*Дене салмағының артуы поликистозды аналық бездер синдромының дамуына жағдай жасайтын фактор болып табылады, пациент әйелдердің дене салмағын мұқият бақылау қажет ).
**Бауыр функциясы көрсеткіштерінің өзгеруінсіз оқшауланған және орташа гипераммониемия жағдайлары туындауы мүмкін, әсіресе политерапия жағдайында емдеуді тоқтатуды қажет етпейді. Неврологиялық симптомдармен (комаға өтіп кетуі мүмкін) гипераммониемия жағдайлары туралы хабарланған, ол қосымша талдаулар жүргізуді қажет еткен).
***Бұл жағымсыз реакциялар ең алдымен балаларда туындайды.
#Мелшиіп қалу және летаргия кейде өтпелі комаға/энцефалопатияға әкелді және оқшауланған болды, немесе емдеу аясында құрысу ұстамаларының жиілеуімен астасты, сондай-ақ препаратты тоқтатқан кезде немесе оның дозасын азайтқан кезде азайды. Мұндай жағдайлардың басым бөлігі біріктірілген ем аясында, әсіресе фенобарбиталды немесе топираматты бір мезгілде қолданғанда, немесе вальпрой қышқылының дозасын күрт арттырғанда сипатталды.
##Бұл симптомдар ми атрофиясын визуализациялаумен байланысты болуы мүмкін.
Балалар
Педиатриялық популяциядағы вальпроаттың қауіпсіздік бейіні ересектердікімен салыстырылады, бірақ кейбір жағымсыз реакциялар біршама күрделі немесе негізінен педиатриялық популяцияда байқалады. Нәрестелер мен жас балаларда, әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда бауырдың күрделі зақымдануының ерекше қаупі бар. Кішкентай балалар да панкреатиттің ерекше қаупіне ұшырайды. Бұл қауіптер жасы өскен сайын азаяды. Агрессия, қозу, зейіннің бұзылуы, қалыптан тыс мінез-құлық, психомоторлық аса жоғары белсенділік және оқу қабілетінің бұзылуы сияқты психиатриялық бұзылулар негізінен педиатриялық популяцияда байқалады
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 500.0 мг натрий вальпроаты
(100% затқа шаққанда)
қосымша заттар: натрий гидрофосфат додекагидраты, 1 М хлорсутек қышқылы немесе 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш ерітінді
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл ерітіндіден сындыру нүктесі немесе сақинасы бар бейтарап шыныдан жасалған ампулаларда.
Әрбір ампулаға заттаңба жапсырылады.
5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға немесе поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі (қосымша парағымен) нұсқаулықпен бірге картон қорапшаларға салынады.
Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі (қосымша парақтармен) нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, нұсқаулықтар саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)
Электрондық пошта complaints@santo.kz
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610151)
Автожауапбергіш нөмірі +7 7252 (561342)
Электрондық пошта complaints@santo.kz
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)
«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов көш., 81
Телефон нөмірі +7 7252 (610150)
Электрондық пошта phv@santo.kz