Валидол с глюкозой

МНН: Декстроза, Левоментола раствор в ментил изовалерате
Производитель: Ирбитский химико-фармацевтический завод ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие комбинированные препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020828
Информация о регистрации в РК: 18.09.2014 - 18.09.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза қосылған валидол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тіластылық таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - ментил изовалераттағы ментол ерітіндісі (Валидол) 60.0 мг; декстроза моногидраты 188.0 мг;

қосымша заттар: сахароза, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы

Сипаттамасы

Жалпақ цилиндр пішінді, сызығы мен ойығы, ментолға тән иісі бар, ақ немесе сұрғылт теңбілдерімен ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да біріктірілген препараттар.

АТХ коды C01EX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сублингвальді пайдаланғанда ауыз қуысының шырышты қабығымен сіңіріледі. Терапиялық әсері 5 минуттан кейін басталады, бұл ретте 3 минуттың ішінде препараттың 70%-ы босатылады. Сіңгеннен кейін бауырда биотрансформацияға ұшырайды және несеппен глюкуронидтер түрінде бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Глюкоза қосылған валидол – біріктірілген препарат, орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсер береді, сондай-ақ қан тамырын біркелкі рефлекторлы кеңейтетін әсері бар.

Валидол изовалериан қышқылының эфирі мен ментолдан тұрады. Препараттың фармакологиялық әсері шырышты қабықтың сезімтал жүйке ұштарының тітіркенуінен туындаған рефлекторлық реакцияларға байланысты. Осының салдарынан препарат бірқатар физиологиялық белсенді қосылыстардың (энкефалиндер, эндорфиндер, динорфиндер ауыру сезімін және тамырлардың өткізгіштігін реттеуге әсер ететін табиғаты пептидті заттардың, гистаминнің, кининнің) көтермеленуі мен босатылуына жағдай жасайды. Валидолдың тітіркендіретін (алаңдатқыш) әсері ауыру сезімінің төмендеуіне жағдай жасайды.

Жергілікті әсері тамырлардың тарылуымен, женіл шымырлаумен, шаншуымен сезіледі. Тіндер мен ішкі ағзаларда беткейлі және терең орналасқан тамырлардың тонусын рефлекторлы өзгертеді. Ауыз қуысының шырышты қабығының рецепторларын тітіркендіріп, түйілген коронарлы тамырлардың кеңеюіне алып келеді.

Глюкоза көмірсулық қоректенудің көзі болып табылады. Организм тіндерінде глюкоза жұмсалғанда көлемді қуат бөлінеді, бұл организм функцияларына жұмсалады: зат алмасу үдерісі көтермеленеді, жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы артады.

Қолданылуы

- функционалдық кардиалгияда

- неврозда

- теңіз және ауа ауруларында құсуға қарсы дәрі

Қолдану тәсілдері және дозасы

Сублингвальді. Таблетканы толық ерігенге дейін тіл астында ұстау керек. Ересектер үшін бір реттік доза 1-2 таблетка, тәулігіне 2-4 таблетка.

Қабылдау ұзақтығы емнің тиімділігіне байланысты анықталады.

Жағымсыз әсерлері

- бас айналу

- жас ағу

- жүрек айну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат нитраттарды қабылдаудан туындаған бас ауыруында тиімді дәрі болып табылады. Бәсеңдететін типтегі нейротропты дәрілермен бірге қолданғанда соңғыларының ОЖЖ басатын әсерді күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек жүрек ишемиялық ауруының бастапқы сатысында ғана көмектесе алатынын ескеру керек.

Дәрілік заттың құрамында глюкоза болғандықтан, қант диабетімен ауыратындарға сақтықпен тағайындаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілік заттың жүкті және бала емізетін әйелдерге қатысты қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректер жоқ.

Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автомобильді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айнуы, қозу, артериялық қысымның төмендеуі, орталық жүйке жүйесі басылу симптомдары.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және лакталған баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 12 ºС-ден 18 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ-сы, Киров к-сі, 172

Тел/факс: (34355) 3-60-90

Тіркеу куәлігінің иесі

«Ирбит химиялық-фармацевтикалық зауыты» ААҚ, Ресей

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Ирбит химфарм зауыты» ААҚ

623856, Ресей, Свердлов обл., Ирбит қ-сы, Киров к-сі, 172

Тел/факс: (34355) 3-60-90

Электронды поштасы: info@ihfz.ru

 

 

Прикрепленные файлы

948137511477976691_ru.doc 50.5 кб
524058841477977836_kz.doc 44.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники