Валерианы настойка

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№001888
Период регистрации: 24.02.2016 - 24.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат – ұнтақталған шүйгіншөп тамырлары 200.0 г

қосымша зат – этил спирті 70 % 1 л дейін.

Сипаттамасы

Өзіне тән қош иісі және тәтті-ащы татымды дәмі бар, сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және басқа седативті препараттар.

АТХ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес седативті дәрі. Әсері құрамында борнеол және изовалериан қышқылының күрделі эфирі, сондай-ақ валепотриаттары және алкалоидтардың болуымен шартталған (алерин және хотенин). Седативті әсері баяу, алайда тұрақты дерлік байқалады. Шүйгіншөп қышқылы және валепотриаттары әлсіз спазмалитикалық әсерге ие (асқазан-ішек жолы және несеп шығару жүйесі ағзаларының тегіс мускулатурасына қатысты). Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттар кешені өт жүргізетін әсер етеді, асқазан-ішек жолының шырышты қабатының секреторлық белсенділігін күшейтеді, жүрек ритмін баяулатады және коронарлық тамырларды кеңейтеді. Жүрек қызметіне әсер етуі нейрорегуляторлық механизмдер және автоматизмге тікелей әсер ету мен жүректің өткізуші жүйесімен жанамаланған.

Қолданылуы

- жүйке қозуы

- аса қозуға байланысты ұйқы бұзылысы

- бас сақинасы

- біріктірілген ем құрамында жүрек-қантамыр жүйесі (невроздар) мен ас қорыту жүйесінің (асқазан-ішек жолының түйілулері) тарапынан функционалдық бұзылулар

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге қабылдауға 1/4 – 1/3 стақан суға 20-30 тамшы тамақтануға дейін 20-30 мин бұрын тәулігіне 3-4 рет. 12 жастан асқан балаларға балаларға өмірдің бір жылына 1 тамшыдан күніне 3-4 рет, 1/4 стақан суға ерітіп тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда

- жоғары сезімталдық реакциялары

- солғындық, көңілсіздік, әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі (жоғары дозада қолданғанда)

Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне аса сезімталдық

- эпилепсия

- жүктілік және лактация кезеңі

- тетурам, нитроимидазол және нитрофуран препараттарын, ІІ-ІІІ буынның цефалоспориндік антибиотиктерін қолдану (шүйгіншөп тұндырмасының құрамындағы этил спиртіне жедел уыттану реакциясының даму мүмкіндігіне байланысты).

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Шүйгіншөп тұндырмасы басқа седативті және ұйықтатын дәрілердің, наркозға арналған дәрілердің, психотропты препараттардың, сондай-ақ спазмалитикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Шүйгіншөп тұндырмасы күн жарығының әсерінен күңгірттенеді, бұл оның тиімділігіне әсер етпейді. Алкологизммен ауыратын тұлғаларға препаратты қолдану ұсынылмаған.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Валериан тұндырмасын қабылдау кезеңінде автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.

Валериан тұндырмасын пайдаланған кезде қан құрамында алкогольдің анықталуына тесттің нәтижесі оң болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары – жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементімен полиэтиленді қақпағы бар, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 30 мл-ден.

Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орауыш қағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қ.,

Чкалов к-сі, 7, тел./факс.: 8 (7212) 42-67-34, е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

148869221477976294_ru.doc 42 кб
547145731477977492_kz.doc 20.79 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники