Валерианы настойка (Гиппократ ООО)

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Гиппократ ООО
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018424
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп (валериана) тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

 

Дәрілік түрі

Тұндырма 25 мл

Құрамы

100 мл тұндырманың құрамында: белсенді заттар – шүйгіншөп тамырының тарамтамырлары – 20 г, қосымша зат – 100 мл тұндырма алғанға дейін 70% этил спирті.

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа да препараттар

АТЖ коды N05CM

Сипаттамасы

Өзіне тән хош иісі бар, қошқыл қызыл түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес тыныштандыратын зат. Мұндай әсердің болуы көп бөлігін борнеол мен шүйіншөп қышқылының күрделі эфирі, сондай-ақ валеопотриаттар мен алкалоидтар (алерин және хотенин) құрайтын эфир майының болуына байланысты. Тыныштандыру әсері баяу түрде, бірақ айтарлықтай тұрақты байқалады. Шүйгіншөп қышқылы мен валеопотриаттардың спазмды басатын әсері әлсіз (асқазан-ішек жолы органдарының тегіс бұлшық еттері мен несеп шығару органдарына қатысты алғанда). Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттары кешені өт айдайды, асқазан-ішек жолы шырышының сөлініс белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатып, жүрек қан тамырларын кеңейтеді. Жүрекке әсері нейрореттеуші механизмдер арқылы жүреді және автоматизммен жүректің өткізу жүйесіне тікелей әсер етеді.

Қолданылуы

- жүйке жүйесінің жоғары қозғыштығы

- ұйқының қашуы

- невроз

- жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметтерінің бұзылуында кешенді терапияда

- асқазан-ішек жолы түйілулерінде кешенді терапияда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін бір қабылдауда тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30 мин бұрын 1/4-1/3 стакан суға 20-30 тамшыдан. 12 жастан асқан балаларға әр жылына 1 тамшыдан келетіндей мөлшерде 1/4 стакан суға ерітіп, күніне 3-4 рет ішуге тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- енжарлық, тұнжыраушылық, әлсіздік, ұйқы басу, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі (дозасын көп мөлшерде пайдаланғанда)

- ұзақ пайдаланған кезде - іштің қатуы

Жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар беруі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат құрамдастарына асқын сезімталдықта

- жүктілік, лактация кезеңінде

- 12 жасқа толмаған балаларға

Созылмалы энтероколит кезінде сақ болу қажет.

Басқа дәрілермен әрекеттестігі

Препарат ұйықтататын заттар мен орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін өзге де дәрілік препараттардың, сондай-ақ спазмолитиктердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Маскүнемдікке салынған адамдарға препаратты пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері. Ұзақ уақыт қолданғанда психомоторлы реакциялардың төмендеуі мүмкін, автокөлік және қауіпті механизмдерді басқаруға жол берілмейді.

Артық дозаланғанда

Белгілері: жағымсыз әсерлері күшейіп кетуі мүмкін.

Емдеу : симптоматикалық терапия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл-нан қызғылт сары шыны құтыда полиэтилен және бұрандалы қақпақпен немесе тығындалатын-бұрандалы қақпақпен немесе аллюминий қалпақшалармен жабылған. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

Жарықтан қорғалған жерде, температурасы 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443012, Самара қ., Охтинская көш., 10-13.

(846) 955-27-77

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гиппократ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей Федерациясы, 443012, Самара қ., Охтинская көш., 10-13.

(846) 955-27-77, А.В. Гусев

 

Прикрепленные файлы

451018651477977191_ru.doc 43.5 кб
157226391477978346_kz.doc 49.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники