Валериана (30 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Валериана
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Құрамы
Әрбір таблетканың құрамында 30 мг белсенді зат құрғақ сулы-спиртті шүйгіншөп экстрактісі бар.
Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза; лактоза моногидраты; коповидон; сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы; магний стеараты.
Қабықтың құрамы
Опадрай II қызғылт сары 85F33211: поливинил спирті, макрогол 3350, титанның қостотығы (171); тальк; сансет сары FCF алюминий лагы (E 110); темірдің сары тотығы (Е 172); понсо 4R алюминий лагы (E124)
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары-сарғыш түсті үлбірлі қабықпен қапталған, диаметрі 7 мм жуық, шүйгіншөпке тән иісі бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Психотропты препараттар. Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Ұйықтататын және тыныштандыратын басқа препараттар.
ATХ код: N05CM09
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетика
Деректер қолда жоқ.
Фармакодинамикасы
Өсімдік тектес зат, шүйгіншөптің орташа айқын седативті әсерін көрсетеді, ұйқының басталуын тездетеді және оның сапасын жақсартады. Әсер ету механизмдерін осы клиникалық әсерлерге байланысты, шүйгіншөптің әр түрлі компоненттері (сесквитерпеноидтар, лигнандар, флавоноидтар) үшін белгіленеді. Олар ГАМҚ-жүйесімен өзара әрекеттесуді, A1-аденозин рецепторы агонизмін және 5-HT1A рецептормен байланысуды қамтиды.
Қолданылуы
қатты қозу, жүйкелік стресс салдарынан ұйқының бұзылуы
Қолдану тәсілі және дозалары
Ұсынылған күндізгі емдік доза күніне 3-4 рет 30-60 мг (1-2 қабықпен қапталған таблеткалар) құрайды.
Ұйқы бұзылғанда ұйықтау алдында жарты сағат - 1 сағат бұрын қабылдау, сондай-ақ, қажет болса препаратты кешкі уақытта алдын ала қосымша қабылдау ұсынылады.
Тиімді емдік әсерге жету үшін емдеуді 2-4 апта бойы жалғастырған жөн.
Егер симптомдар үздіксіз 2 апта қолданғаннан кейін сақталса немесе нашарласа, дәрігерге қаралу керек.
Таблеткалар шайнамай, жеткілікті сұйықтықпен, тамақтанғаннан кейін қабылданады.
Балалар
Өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жеткілікті деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Енгізу жолы: пероральді.
Жағымсыз әсерлер
Аса сирек/ жекелеген жағдайларда және т.б.
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
шүйгіншөп препараттарына немесе эксципиенттердің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
18 жасқа дейінгі балалар.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен ықтимал өзара әрекеттесуі туралы ақпарат шектеулі. CYP2D6, CYP3A4/5, CYP1A2 немесе CYP2E1 жүйелерінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулер байқалмаған. Синтетикалық седативті дәрілермен ықтимал өзара әрекеттесуі жеке-дара бақылауды талап етеді.
Шүйгіншөп басқа седативті және ұйықтататын дәрілердің, наркозға арналған дәрілердің, психотроптық препараттардың, сондай-ақ спазмолитикалық дәрілердің әсерін көтермелейді.
Айрықша нұсқаулар
Алкогольдік сусындармен тұтынуға болмайды.
Өнім құрамында Е 110 бояғышы және Е 124 бояғышы бар және аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Шүйгіншөптің спецификалық иісі жақпауы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Жүктіліктің II триместрінен бастап қолдануға болады, емшек емізу кезеңінде тек дәрігердің тағайындауы бойынша және бақылаумен қолданылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Шүйгіншөп көлік құралдарын басқару және қауіпті құрылғылармен және механизмдермен жұмыс істеу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.
Артық дозалануы
Симптомдары: ең жоғары емдік дозадан 20 есе асатын дозаны қабылдағаннан кейін артық дозаланудың жекелеген жағдайлары туралы хабарламалар бар (орталық жүйке жүйесінің тежелуіне байланысты спецификалық емес симптомдар туындауы мүмкін): сылбырлық, тежелу, ұйқышылдық, асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздық, жүрек айнуы, құсу.
Емі: препарат қолдануды тоқтату, белсендірілген көмірді пайдалана отырып асқазан-ішек лаважын жүргізу, препараттың ішекте сіңірілуін болдырмау және іш жүргізгіш әсерді қамтамасыз ету үшін магний сульфатын ішке қабылдау. Спецификалық антидоты жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 немесе 20 таблеткадан поливинилхлоридті түссіз мөлдір үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 (10 таблеткадан) немесе 5 (20 таблеткадан) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жағынан пигментпен қапталған картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші
„СОФАРМА” АҚ
Илиенский тасжолы к-сі 16
1220 София, Болгария
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
„СОФАРМА” АҚ
Илиенский тасжолы к-сі 16
1220 София, Болгария
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Софарма Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алматы қ-сы, Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы/а, 190 үй
Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (ішкі тел. 108)
Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86
Электронды пошта: info@sopharma.kz
4