Валериана

МНН: Валерианы лекарственной корневища с корнями
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Снотворные и седативные средства
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№019316
Период регистрации: 20.07.2016 - 20.07.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Шүйгіншөп

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г, 50 г тамырсабақтары тамырлармен

Құрамы

Бір қорапшаның ішінде

белсенді зат - 30 г, 50 г шүйгіншөп тамырсабақтары тамырлармен

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 8 мм електен өтетін сарғыш-сұр немесе бозғылт қоңыр-сұр түсті, пішіні әртүрлі тамырлар мен тамырсабақтардың үзіктері. Иісі күшті, хош иісті. Дәмі татымды, тәттірек – ащылау

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ұйықтататын және тыныштандыратын препараттар

АТХ коды N05CМ

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес дәрі. Орташа айқындықта тыныштандыратын әсер етеді. Әсері құрамындағы көп бөлігін борнеол және изовалериан қышқылының күрделі эфирі құрайтын эфир майы болуына байланысты. Тыныштандыратын қасиетке, сондай-ақ валепотриаттар мен алкалоидтар – валерин және хотенин де ие. Шүйгіншөп табиғи ұйқының келуін жеңілдетеді. Тыныштандыратын әсері баяу басталады, бірақ айтарлықтай тұрақты. Шүйгіншөп қышқылы және валепотриаттардың әлсіз спазмолитикалық әсері бар. Мұнымен қоса, дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенді заттарының кешені несеп айдағыш әсер береді, АІЖ шырышты қабығының сөліністік белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және коронарлық қантамырларын кеңейтеді. Жүрек қызметін реттеу нейрорегуляторлық механизмдер және автоматизмге және жүректің өткізу жүйесіне тікелей әсер етуі арқылы жүреді. Емдік әсері жүйелі және ұзақ курстық емдеу кезінде байқалады.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде

- қозу жағдайында

- қатты қозуға байланысты ұйқы бұзылуында

- бас сақинасында

- неврозда

- жүрек-қантамыр және ас қорыту жүйелерінің жеңіл функциялық бұзылуында

- асқазан-ішек жолының түйілуінде

Қолдану тәсілі және дозалары

20 г (3 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды да, қақпақпен жабады, қайнап жатқан суда (су моншасында) 15 мин қыздырады, бөлме температурасында 45 мин салқындатып, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет, жоғары қозғыштықта – 1/3-1/2 стақаннан күніне 2-3 рет, ұйқысыздықта – 1/2 стақаннан түнге қарай қабылдайды. Емеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

- жоғары сезімталдық реакциялары

Жоғары дозада қабылдаған кезде

- сылбырлық, әлсіздік

- жабырқау

- жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- шүйгіншөпке жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- эпилепсия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ бәсеңдетуші әсер беретін дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда, олардың әсері күшейеді.

Айрықша нұсқаулар

Балаларға

Балаларға 12 жастан бастап дәрігер тағайындайды.

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г, 50 г препараттан полипропилен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе полиэтилен пакеттерде, олар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон қорапшаға салынады.

Қорапша полипропилен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған үлбірмен немесе полиэтиленмен жабылған, содан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын, дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Прикрепленные файлы

392839981477976206_ru.doc 79 кб
727210321477977460_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники