Валганцикловир-Тева
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Валганцикловир-Тева
Халықаралық патенттелмеген атауы
Валганцикловир
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 450 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - валганцикловир гидрохлориді 496,30 мг (450 мг валганцикловирге баламалы)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза , маннитол, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон (А типті)
қабықтың құрамы: Опадри II 32К54870 Қызғылт (гипромеллоза 15CP/HPMC 2910 (E 464), лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е 171), триацетин (Е 1518), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.
Сипаттамасы
Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, сопақша пішінді, шеттері кертілген, бір жағында «93» және басқа жағында «5465» таңбасы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар.
Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Валганцикловир
АТХ коды J05AB14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетика
Сіңуі
Валганцикловир ганцикловирдің ізашары болып табылады, асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Ішек қабырғасында және бауырда валганцикловир ганцикловирге жылдам айналады. Ганцикловирдің валганцикловирден нақты биожетімділігі 60% жуықты құрайды, бұл ганцикловирді ішке қабылдағанға қарағанда 10 есе дерлік жоғары. Валганцикловирдің жүйелік экспозициясы жоғары емес және ұзақ сақталмайды. Қисық астындағы «концентрация-уақыт» ауданы (AUC24) және ең жоғары концентрациясы (Смакс) ганцикловир концентрациясының тиісінше шамамен 1% және 3% құрайды.
Валганцикловирді тамақ ішу уақытында 450-ден 2625 мг дейінгі дозаларда қабылдағанда ганцикловирдің AUC дозаға тәуелді байланысы байқалды. Бұл арада валганцикловирді ұсынылған 900 мг дозада қабылдау ганцикловирдің AUC24 орташа мәнінің (шамамен 30%-ға) және Смакс (шамамен 14%-ға) артуымен бірге жүреді. Тиісінше препаратты тамақ ішумен бірге қабылдау ұсынылады.
Таралуы
Валганцикловирдің ганцикловирге жылдам метаболизденуіне байланысты
валганцикловирдің ақуыздармен байланысуы анықталмаған. Ганцикловирдің препараттың 0,5-тен 51 мкг/мл дейінгі концентрациясында плазма ақуыздарымен байланысуы 1-2% құрайды. Көктамырішілік енгізгеннен кейінгі ганцикловир таралуының тепе-тең көлемі 0,680±0,161 л/кг тең болды.
Метаболизмі
Валганцикловир ганцикловир түзе отырып, жылдам гидролизденеді; басқа метаболиттер анықталмаған. Бір рет 1000 мг радиоактивті таңбаланған ганцикловирді ішке қабылдағаннан кейін несепте және нәжісте анықталған әрбір метаболиттің радиоактивтілігі 1-2% астам еместі құрады.
Шығарылуы
Ганцикловир сияқты, валганцикловирдің де негізгі шығарылу жолы шумақтық сүзіліс және белсенді өзекшелік сөлініс болып табылады. Бүйрек клиренсіне ганцикловирдің жүйелік клиренсінің 81,5± 22% сәйкес келеді.
Валганцикловирден ганцикловирдің жартылай шығарылу кезеңі АИТВ және ЦМФ-серопозитивті пациенттерде 4,1± 0,9 сағатты құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының нашарлауы соңынан терминальді фазасының жартылай шығарылу кезеңі артатын валганцикловирден түзілетін ганцикловир клиренсі төмендеуіне әкеледі. Демек, бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерге доза түзету талап етіледі.
Гемодиализдегі пациенттер
Гемодиализ қабылдайтын пациенттерге (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз), препаратты таблетка түрінде тағайындау ұсынылмайды. Бұл бұндай пациенттерге валганцикловирдің 450 мг кем жеке дозасы талап етілуімен шартталған.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Валганцикловир фармакокинетикасы функциясы тұрақты бауыр трансплантаты бар пациенттерде зерттелген. Валганцикловирдің бір реттік 900 мг дозасынан түзілетін ганцикловирдің нақты биожетімділігі шамамен 60% құрайды, бұл басқа топтағы пациенттердің көрсеткіштерімен сәйкес келеді. Ганцикловирдің қисық астындағы «концентрация-уақыт» (AUC0-24) ауданы бауыр алмастыруды өткерген науқастарға ганцикловирді 5 мг/кг дозада көктамырішілік енгізгеннен кейінгі осындаймен салыстырарлық.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі
Валганцикловир ганцикловирдің L-валилді эфирі болып табылады (ізашар), ішке қабылдағаннан кейін ішек және бауыр эстеразасы әсерінен ганцикловирге жылдам айналады. 2′-дезоксигуанозиннің синтетикалық аналогы ганцикловир герпес тобының вирустарының көбеюін басады. Ганцикловирге сезімтал адам вирусына цитомегаловирус (ЦМВ), қарапайым герпес вирусы -1 және -2 (Herpes simplex 1 және 2), адам герпесі вирусы 6, 7 және 8 типті (HHV-6, HHV-7, HHV-8), Эпштейна-Барр вирусы (EBV), желшешек вирусы (Varicella/zoster) және В гепатиті вирусы жатады.
ЦМВ-инфекцияланған жасушаларда вирусты протеинкиназа UL97 әсерімен ганцикловир басында ганцикловир монофосфа-та түзе отырып фосфорланады. Одан әрі қарай фосфорлануы ганцикловир үшфосфатын түзумен жасушалық киназа әсерімен жүреді, содан соң баяу жасушаішілік метаболизмге ұшырайды. Бұл метаболизмнің ЦМВ вирусымен және қарапайым герпес вирусымен жұқпа жұқтырылған жасушаларда жүретіні көрсетілген, бұл арада жасушадан тыс сұйықтықтан ганцикловир жойылып кетуінен кейін препараттың жасушаішілік жартылай шығарылу кезеңі 6 және 24 сағат арасындағы 18 сағатты құрайды. Ганцикловирдің фосфорлануы көп дәрежеде вирустық киназа әсеріне тәуелді, ол көбіне жұқпа жұқтырылған жасушаларда жүреді.
Ганцикловирдің виростатикалық белсенділігі ДНҚ вирусты синтезін келесі жолдармен бәсеңдетумен (дезоксирибонуклеинді қышқыл) шартталған: (1) вирустық ДНҚ-полимераза әсерімен дезоксигуанозин трифосфатының ДНҚ қатарына кірігуін бәсекелес бәсеңсіту, (2) ганцикловир трифосфатының вирустық ДНҚ қосылуымен, вирустық ДНҚ ұзаруының тоқтауына немесе оның өте шектеулі ұзаруына әкелетін. ЦМВ қатысты вирусқа қарсы типтік бәсеңдетуші концентрация (IC50) 0,08 мкМ (0,02 мкг/мл)-ден 14 мкМ (3,5 мкг/мл) дейінгі диапазонда болады.
Валганцикловир-Тева препаратының клиникалық вирусқа қарсы әсері препаратпен емнің 4 аптасынан кейін ЖИТС-пен науқастардың ағзасынан басында 46%-дан ЦМВ бөлінуі 7%-ға дейінгі азаюымен білінеді.
Қолданылуы
- ЖИТС-пен науқастарда цитомегаловирусты ретинитті емдеуде
- ағзалар трансплантациясынан кейінгі қауіп тобындағы пациенттерде ЦМВ-инфекцияның профилактикасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Назар аударыңыз! Артық дозаланудан аулақ болу үшін дозалау бойынша ұсыныстарды қатаң сақтау керек. Валганцикловир-Тева препаратын ішке тамақ ішу кезінде қабылдау керек.
Препаратты пайдалану ережесі
Таблеткаларды сындыруға немесе ұсақтауға болмайды. Валганцикловир-Тева препаратының адам үшін тератогендік және канцерогендік потенциалды қаупі болғандықтан егер таблетка сынып қалса сақ болу керек. Сынған немесе ұсақталған таблетканың терімен және шырышты қабықтармен тікелей жанасуынан аулақ болу керек. Бұндай жанасу жағдайларында бұл орынды сабынды сумен мұқият жуу, көзге тиіп кеткенде оларды таза сумен мұқият жуу керек.
Дозалаудың стандартты режимі
Цитомегаловирусты (ЦМВ) ретиниттің индукциялық емі
Белсенді ЦМВ ретиниті бар ересек пациенттерге Валганцикловир-Тева препаратын 21 күн бойына тәулігіне 2 рет 900 мг дозада тағайындайды. Ұзағырақ индукциялық ем сүйек кемігі үшін уыттылық қаупін жоғарылатады.
Цитомегаловирустық (ЦМВ) ретинитінің демеуші емі
Индукциялық емнен кейін немесе белсенді емес ЦМВ ретиниті бар ересек науқастарда ұсынылатын дозада тәулігіне 1 рет 900 мг құрайды. Егер ретинит барысы нашарласа, индукциялық ем курсын қайталауға болады. Алайда препаратқа вирустық резистенттілікті ескеру керек.
Ағзалар трансплантациясынан кейінгі цитомегаловирусты (ЦМВ) инфекция профилактикасы
Бүйрек трансплантациясын өткерген ересек пациенттер үшін тәуліктік доза тәулігіне 1 рет 900 мг құрайды.
Емді ағзаны ауыстырып салған күннен бастап алғашқы 10 тәулік ішінде бастау керек және 200 тәулік бойына жалғастыру керек. Басқа ағзалардың (бүйректен басқа) трансплантациясын өткерген ересек пациенттер үшін тәуліктік доза тәулігіне 1 рет 900 мг құрайды. Емді ағзаны ауыстырып салған күннен бастап алғашқы 10 тәулік ішінде бастау керек және 100 тәулік бойына жалғастыру керек.
Дозалау бойынша ерекше нұсқаулар
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сарысудағы креатинин деңгейін немесе креатинин клиренсін мұқият мониторингтеу керек. Доза түзетуін 1 кестеде көрсетілгендей креатинин клиренсіне қарай жүргізеді.
1 кесте. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін Валганцикловир-Тева препаратының үлбірлі қабықпен қапталған 450 мг таблеткаларын дозалау
Креатинин клиренсі (мл/мин) |
Индукциялық емге арналған доза |
Демеуші емге/ профилактикаға арналған доза |
≥60 |
900 мг тәулігіне 2 рет |
900 мг тәулігіне 1 рет |
40 – 59 |
450 мг тәулігіне 2 рет |
450 мг тәулігіне 1 рет |
25 – 39 |
450 мг тәулігіне 1 рет |
450 мг әрбір 2 күн сайын |
10 – 24 |
450 мг әрбір 2 күн сайын |
450 мг аптасына 2 рет |
>10 |
Ұсынылмайды |
Ұсынылмайды |
Креатинин клиренсі сарысудағы креатинин деңгейіне қарай келесі формуламен есептеледі:
еркектер үшін: = (140 - жасы[лет] х дене салмағы [кг] ) / (72 х 0,011 х сарысу креатинині [мкмоль/л])
әйелдер үшін: = 0,85 х еркектерге арналған көрсеткіш
Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы, тромбоцитопениясы немесе панцитопениясы бар пациенттер
Валганцикловир-Тева (және ганцикловир) қабылдайтын пациенттерде ауыр лейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, сүйек кемігінің бәсеңдеуі және апластикалық анемия жағдайлары белгіленген. Егер нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) 500/мкл аз немесе тромбоциттер саны 25000/ мкл аз болса, сондай-ақ егер гемоглобин деңгейі 80 г/л төмен болса емді бастауға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Бұл жастың тобындағы науқастарда қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген.
Балалар
18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені Валганцикловир-Тева препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі бақыланатын зерттеулерде тексерілмеген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (≥1/10):
-
нейтропения, анемия, ауыр түрлеріне дейін
-
ентігу
-
диарея
Өте жиі (≥1/10) балаларда қолданғанда:
-
анемия, нейтропения
-
артериялық гипертензия
-
жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары
-
диарея, жүрек айнуы, құсу, іш қатуы
-
пирексия, трансплантаттың қабылданбай ажырауы
Жиі (≥1/100, < 1/10):
-
ауыр түрлеріне дейін болатын тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
ауыр нейтропения (500/мкл аз), анемия (гемоглобин деңгейі 65 г/л төмен), тромбоцитопения (25000/мкл аз), науқастардағы ағза ауыстырып салғаннан кейін тағайындауға (5%, 1%, 0%) қарағанда көбіне ЦМВ ретиниті еміндегі пациенттерде (16%, 7%, 3%) кездесті
-
тәбеттің төмендеуі, анорексия
-
депрессия, үрейлену, сананың шатасуы, ойдың бұзылуы
-
бас ауыруы, ұйқысыздық, шеткергі невропатия, гипоастезия, парестезиялар, бас айналуы, құрысулар
-
дәм сезудің бұзылуы/бұрмалануы, ауыз қуысының кандидозы, сепсис (бактериемия, виремия), целлюлит
-
макулярлық ісіну, торлы қабықтың ажырауы, шыны тәрізді дененің қозғалмалы бұлыңғырлануы, көздің ауыруы
-
құлақтың ауыруы
-
өнімді жөтел, мұрыннан бөлінулер, плевралық жалқық, фарингит, назофарингит, синусит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, пневмония, пневмоцистті пневмония
-
диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш қатуы, іштің жоғарғы жарты бөлігінің ауыруы, диспепсия, іштің кебуі, метеоризм, дисфагия, асцит
-
бауыр функциясының бұзылуы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза деңгейі жоғарылауы
-
дерматит, түнгі терлеу, қышыну, акне
-
арқаның ауыруы, миалгия, артралгия, аяқ-қол ауыруы, бұлшықет түйілуі
-
креатинин клиренсі төмендеуі, қандағы креатинин жоғарылауы (креатинин деңгейі жоғарылауы көбіне ағза трансплантациясынан кейінгі пациенттерде анықталды; бүйрек функциясы бұзылуы – трансплантациядан кейінгі пациенттерге тән асқыну) бүйрек жеткіліксіздігі, дизурия, несеп жолдарының инфекциялары
-
қызба, әлсіздік, гипертермия, қалтырау, кеуденің ауыруы, дімкәстік, астения, аяқтың ісінуі, шеткергі ісінулер, салмақ төмендеуі, кахексия, дегидратация, трансплантат қабылданбай ажырауының реакциясы
Сирек (≥1/1000, < 1/100):
-
сүйек кемігінің функциясы бәсеңдеуі
-
анафилаксиялық реакциялар
-
құрысулар, психикалық ауытқу, елестеулер, сананың шатасуы, ажитация (қозу)
-
тремор
-
көрудің бұзылуы, конъюктивит
-
артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, аритмиялар
-
ауыз қуысының ойық жарасы, панкреатит
-
аланинаминотрансфераза деңгейі жоғарылауы
-
гематурия
-
гиперкреатининемия, гиперкалиемия, гипокалиемия, гипомагниемия, гипергликемия, гипофосфатемия, гипокальциемия
-
операциядан кейінгі асқынулар (операциядан кейінгі ауырулар, операциядан кейінгі жараның инфекциялық асқынуы, жараның нашар жазылуы, жараның дренажы күшеюі)
-
тромбоцитопения дамуына байланысты болуы мүмкін өмірге қауіп төндіретін қан кетулер
-
еркектің белсіздігі
Валганцикловир-Тева ганцикловирге жылдам айналатындықтан, төменде ганцикловирмен емдегендегі сипатталған және жоғарыда белгіленбеген жағымсыз құбылыстар келтіріледі:
-
ауыз құрғауы, холангит, дисфагия, кекіру, эзофагит, нәжіс ұстамау, метеоризм, гастрит, асқазан-ішек бұзылыстары, асқазан-ішек қан кетулері, ойық жаралы стоматит, панкреатит, глоссит
-
гепатит, сарғаю
-
бактериялық, зеңдік және вирустық инфекциялар, дімкәстік, мукозит, діріл, сепсис
-
алопеция, эксфолиативті дерматит, фотосенсибилизация реакциялары, тері құрғауы, тершеңдік, есекжем, анафилаксия
-
астения, бас сақинасы, шым-шытырық түстер, амнезия, үрейлену, атаксия, кома, эмоционалдық бұзылыстар, гиперкинездер, гипертонус, либидо төмендеуі, миоклониялық тартылуы, күйгелектік, ұйқышылдық, интеллект бұзылуы
-
сүйек және бұлшықеттердің ауыруы, миастениялық синдром
-
гематурия, импотенция, жиі несеп бөлу, бүйрек жеткіліксіздігі
-
қандағы сілтілік фосфатаза, креатинфосфокиназа, лактатдегидрогеназа белсенділігі жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейі төмендеуі, гипопротеинемия
-
амблиопия, соқырлық, құлақтың ауыруы, көздегі қан құйылулар, көз алмасының ауыруы, кереңдік, глаукома, дәм сезудің бұзылуы, бас айналуы, шыны тәрізді денедегі өзгерістер
-
эозинофилия, лейкоцитоз, лимфоаденопатия, спленомегалия
-
аритмиялар, оның ішінде, қарыншалық, терең көктамырлар тромбофлебиті, флебит, тахикардия, вазодилатация
-
мұрынның қосалқы қойнауларындағы іркілісті құбылыстар
-
қант диабеті, еркектердегі фертильділік төмендеуі
Дәрілік заттарды тіркегеннен кейінгі болжамды және кез келген күдік болған жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар аса маңызды болып табылады. Бұл дәрілік заттардың пайда/қаупі теңгерімінің мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
валганцикловирге, ганцикловирге немесе препараттың кез келген компонентіне (Валганцикловир-Тева және ацикловир және валацикловирдің химиялық құрылымының ұқсастығынан бұл препараттарға айқаспалы сезімталдық реакциялары болуы мүмкін) жоғары сезімталдық
-
бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
-
ауыр лейкопения, анемия, тромбоцитопения
-
тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бұзылуы, глюкоза-галактозды мальабсорбциясы немесе сахароза- изомальтоза жеткіліксіздігі бар пациенттер
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
-
жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
дәрілермен өзара әрекеттесуі
Ганцикловирдің плазма ақуыздарымен байланысуы 1-2% ғана құрайды, сондықтан ақуыздық байланысудың орнын басуға байланысты реакциялар күтілмейді.
Имипенем-циластатин. Ганцикловир және имипенем/циластатинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде құрысулар анықталды. Емнің потенциалды артықшылығы болжамды қаупінен астам болатын жағдайларды қоспағанда, бұл препараттарды бірге тағайындаудан аулақ болу керек.
Пробенецид. Пробенецидті ішу арқылы бір мезгілде қабылдау ганцикловирдің бүйрек клиренсін шамамен 20%-ға азайтуы және оның қисық астындағы AUC ауданын статистикалық нақты (40%) ұлғайтуы мүмкін. Бұл өзара әрекеттесуінің механизмімен – өзекшелік бүйрек экскрециясы үшін бәсекелестікпен түсіндіріледі. Пробенецид және Валганцикловир-Тева препаратын бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ганцикловир уыттылығы белгілерін мезгілінде анықтау үшін мұқият бақылау керек.
Зидовудин. Ганцикловирді ішу арқылы бір мезгілде тағайындағанда зидовудиннің АUC көп емес, бірақ статистикалық нақты өсуі (17%) мүмкін; бұдан басқа статистикалық нақты болмаса да, ганцикловирдің концентрациясының төмендеу үрдісі белгіленді. Өйткені зидовудин сияқты, сондай-ақ ганцикловир де нейтропенияны және анемияны туындатуы мүмкін, кейбір пациенттер бұл препараттарды толық дозада бір мезгілде қабылдауды көтере алмауы мүмкін.
Диданозин. Ганцикловирді бір мезгілде көктамыр ішіне, сондай-ақ ішу арқылы қолданғанда плазмадағы диданозин концентрациясының елеулі жоғарылайтыны анықталды. Ганцикловирді тәулігіне 3 және 6 г дозада ішке қабылдағанда диданозиннің AUC тәулігіне 84-124% артқан, ал ганцикловирді тәулігіне 5-10 мг/ кг дозада көктамыр ішіне енгізгенде диданозиннің AUC 38-67%-ға артқан. Бұл ұлғаюдың себебі не биожетімділігі жоғарылауы, болмаса метаболизм тежелуі болуы мүмкін. Ганцикловирдің концентрациясына клиникалық елеулі әсері анықталмады. Алайда ганцикловир қатысуында диданозинның плазмалық концентрациясы жоғарылауын ескере отырып, пациенттерді диданозинның уытты әсерінің симптомдары туындауын мұқият бақылау керек.
Микофенолат мофетил. Ганцикловирді ұсынылған дозада к/і бір рет енгізудің және мофетил микофенолатын ішу арқылы қабылдау бойынша зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ бүйрек функциясы бұзылуының ганцикловир және мофетил микофенолатының фармакокинетикасына белгілі әсерін ескере отырып, өзекшелік секреция үдерісінде бәсекелес бұл препараттарды бір мезгілде тағайындаудың ганцикловирдің концентрациясы және микофенол қышқылының фенолдық глюкурониді (МФҚГ) артуына әкелуін күтуге болады. Микофенол қышқылының (МФҚ) фармакокинетикасының елеулі өзгерісі анықталмады, мофетил микофенолатының дозасын түзету талап етілмейді. Ганцикловир және мофетил микофенолатын бір мезгілде қабылдайтын, бүйрек функциясы бұзылуы бар науқастарда ганцикловир дозасын түзету бойынша ұсыныстарды сақтау және мұқият бақылау жүргізу керек.
Зальцитабин ішу арқылы қабылданатын ганцикловирдің қисық астындағы концентрация-уақыт (AUC0-8) ауданын 13%-ға ұлғайтады. Басқа фармакокинетикалық параметрлердің статистикалық тұрғыда елеулі өзгерістері болмайды. Сондай-ақ ганцикловирді ішу арқылы бір мезгілде қабылдағанда шығарылу жылдамдығының константаларының аздап артуына қарамастан, зальцитабин фармакокинетикасының клиникалық елеулі өзгерістері болмаған.
Ставудин. Ставудин және ішу арқылы қабылданатын ганцикловирді бір мезгілде қабылдағанда статистикалық тұрғыда мәні бар фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі анықталмады.
Триметоприм ішу арқылы қабылданатын ганцикловирдің бүйрек клиренсін статистикалық тұрғыда нақты (16,3%-ға) азайтады, бұл терминальді шығарылу жылдамдығын статистикалық тұрғыда нақты төмендетумен және жартылай шығарылу кезеңінің 15%-ға тиісінше өсуімен бірге жүреді. Алайда бұл өзгерістердің клиникалық мәні болуының ықтималдығы аз, өйткені бұл арада (AUC0-8) және Смакс өзгермейді. Триметопримнің фармакокинетикалық параметрлерінің ганцикловирді бір мезгілде қабылдағанда статистикалық тұрғыда нақты жалғыз өзгерісі ең төмен концентрациясының (Смин) ұлғаюы болды. Алайда елеулі клиникалық мәні болмауына байланысты доза түзету талап етілмейді.
Циклоспорин. Келесі дозаны қабылдар алдында циклоспорин концентрациясын салыстырғанда ганцикловирдің циклоспорин фармакокинетикасын өзгертетіні туралы деректер алынбаған. Дегенмен, ганцикловир қолдануды бастағаннан кейін сарысудағы креатининнің ең жоғары деңгейінің біршама жоғарылағаны анықталды.
Басқа да болуы мүмкін дәрілік өзара әрекеттесулер
Ганцикловирді миелосупрессиялық әсер беретін немесе бүйрек функциясын бұзатын басқа препараттармен (мысалы, дапсонмен, пентамидинмен, флюцитозинмен, винкристинмен, винбластинмен, адриамицинмен, В амфотерицинмен, нуклеозидті аналогтарымен және гидроксимочевинамен) бір мезгілде тағайындау олардың уыттылық әсерін күшейтуі мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды ганцикловирмен тек потенциалды пайдасы болжамды қаупінен астам болған жағдайларда ғана бір мезгілде қолдануға болады.
Айрықша нұсқаулар
Валганцикловир-Тева препаратын адам үшін потенциалды тератогендігі және канцерогендігі бар деп есептеу керек, яғни оны қолдану туа біткен ақаулардың және обырдың дамуын туындатуы мүмкін. Бұдан басқа, Валганцикловир-Теваның сперматогенезді уақытша немесе қайтымсыз бәсеңдету ықтималдығы бар.
Валганцикловир-Тева (және ганцикловир) қабылдайтын пациенттерде ауыр лейкопения, нейтропения, анемия, тромбоцитопения, панцитопения, сүйек кемігін бәсеңдету және апластикалық анемия жағдайлары анықталды. Егер абсолютті нейтрофилдер саны 500/мкл төмен немесе тромбоциттер саны 25000/мкл аз болса, сондай-ақ егер гемоглобин деңгейі 80 г/л төмен болса емді бастамау керек. Емдеу барысында қанның толық формуласын және тромбоциттер санын ұдайы анықтау ұсынылады. Ауыр лейкопениясы, нейтропениясы, анемиясы немесе тромбоцитопениясы бар пациенттерге бой өсуінің гемопоэтиялық факторларын тағайындау және/немесе препарат қабылдауды үзе тұру ұсынылады.
Ганцикловирдің оральді түрін қабылдағанға қарағанда ганцикловир биожетімділігі Валганцикловир-Тевадан 10 есе жоғары. Ганцикловирді Валганцикловир-ТЕВА препаратына 1:1 арақатынасында алмастыруға болмайды. Ганцикловир капсуласынан ауысатын пациенттерді егер олар Валганцикловир-Тева таблеткаларының ұсынылғанға қарағанда көп мөлшерін қабылдаса артық дозалану қаупі бары туралы хабардар ету керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге креатинин клиренсі шамасына негізделген доза түзету талап етіледі. Гемодиализде жүрген пациенттерге (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен), Валганцикловир-Тева тағайындау ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация
Ганцикловир плацентаға пассивті диффузия жолымен өтеді. Сондықтан Валганцикловир-Теваны егер тек анасы үшін потенциалды оң әсер ұрық үшін болжамды қауіпті ақтамаса жүктілікте тағайындаудан аулақ болу керек. Валганцикловирді және ганцикловир пайдаланғанда пери- және постнатальді дамуы зерттелмеген, бірақ ганцикловирдің емшек сүтімен шығарылу мүмкіндігін және емшектегі балада күрделі жағымсыз реакциялар дамуын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан бала емізетін ана үшін Валганцикловир-Тева емінің потенциалды артықшылығын ескере отырып, препаратты тоқтату немесе бала емізуді тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Бала туу жасындағы әйелдер ем уақытында міндетті түрде контрацепцияның сенімді әдісін қолдануы тиіс. Еркектерге Валганцикловир-Тева емі кезінде және ол аяқталғаннан кейін 90 күннен кем болмайтын контрацепцияның бөгеу әдісін пайдалану ұсынылады. Валганцикловир сперматогенез бәсеңсуін туындатады.
Дәрілік заттың автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Валганцикловир-Тева және ганцикловирмен емдегенде болуы мүмкін құрысулар, мәңгіру, бас айналуы, атаксия (қозғалыс үйлесімінің бұзылуы) немесе санының шатасуы белгілі бір деңгейде зейін қоюды талап ететін тапсырмаларды орындауға қабілетіне әсер етуі мүмкін, осыған байланысты
автомобиль жүргізгенде және машиналармен және механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу керек.
Артық дозалануы
Симптомдары: бір ересек пациентте препаратты бірнеше күн бойына ол үшін ұсынылатыннан астамдығы 10 еседен кем емес дозада қолданғанда бүйрек зақымдануын (креатинин клиренсі төмендеуі) ескере отырып, өліммен аяқталған сүйек кемігінің бәсеңдеуі дамыған (медуллярлық аплазия).
Валганцикловирдің артық дозалануы бүйрек жеткіліксіздігі белгілерімен білінуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық және демеуші (гемодиализ, гидратация)
Шығарылу түрі және қаптамасы
PVC/ACLAR/PVC үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
6 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Pliva Hrvatska d.o.o.», Хорватия
Prilaz baruna Filipovica 25-29, 1000 Zagreb, Хорватия
ТК иесі
Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль
Қаптаушы
«Pliva Hrvatska d.o.o.», Хорватия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС
050000 Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,
Нұрлы Тау бизнес орталығы 1 Б, 603 кеңсе
Телефон, факс: (727) 311-09-15; 311-07-34
E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com