ВАЗОСТЕНОН (Alprostadil)

МНН: Алпростадил
Производитель: Кевельт АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Alprostadil
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023677
Информация о регистрации в РК: 11.08.2023 - 11.08.2033
Номер регистрации в РБ: 10568/17
Информация о регистрации в РБ: 01.06.2017 - 01.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Вазостенон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Алпростадил

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, 20 мкг/мл

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат - 20 мкг алпростадил,

қосымша зат- 1 мл-ге дейін сусыз этанол.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурцларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Простагландиндер. Алпростадил.

АТХ коды С01ЕА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Биожетімділігі 100% құрайды, өйткені алпростадил вена ішіне немесе артерия ішіне енгізіледі.

Таралуы

PGE1 жылдам метаболизденеді және орталық жүйке жүйесін қоспағанда, денеге түгелдей таралады.

Биоөзгерісі

Алпростадилдің өте жылдам метаболизденетіндігіне байланысты, препаратты ұзақ уақыт бойы енгізу қажет. Алпростадилдің жартылай шығарылу кезеңі бір минуттан аз құрайды, 80%-ы өкпелік қанайналым шеңбері арқылы алғаш өтуінен кейін-ақ метаболизденеді.

Элиминациясы

PGE1 негізгі метаболиттері негізінен бүйрек арқылы бөлініп шығады және енгізгеннен кейін 24 сағат ішінде толықтай шығарылады. Өзгеріссіз күйдегі алпростадил несепте анықталмайды. Алпростадилдің немесе оның метаболиттерінің тіндерде жинақталатындығына дәлелдер жоқ.

Клиникалық зерттеулер, жартылай шығарылу кезеңінің қысқалығына қарамастан, алпростадил мен оның метаболиттерінің әсері инфузия аяқталғаннан кейін 1 – 2 сағат өткен соң да жалғаса беретіндігін көрсетті. Соншалықты ұзақ әсер етуінің себебі алпростадилдің медиаторлар мен гормондардың реттелуі мен синтезіне, сондай-ақ, атерогенез механизмдеріне әсер етуі деп есептеледі. Алпростадилдің әсерінен гликозаминогликан мен коллаген синтезі азаяды және холестериннің бауырдағы метаболизмінің қарқындылығы артады, бұл қандағы антиатерогендік липопротеиндер концентрациясының артуымен қатар жүреді. PGE1 әсерінен жасушалардағы қантамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларының митоздық белсенділігі мен пролиферациясы азаяды.

Фармакодинамикасы

Алпростадил – табиғи простагландиннің Е1 синтетикалық аналогы (PGE1). PGE1 – бұл сүтқоректілердің көпшілігінің тіндерінде болатын дигомо-гамма-линолен қышқылының табиғи метаболиті. Алпростадилдің негізгі физиологиялық әсерлері вазодилатация, тромбоциттер агрегациясын тежеу, асқазан сөлі секрециясын тежеу және ішек пен жатырдың тегіс бұлшықеттерін стимуляциялау болып табылады. Алпростадил (PGE1) қан жүретін тамырларға қантамырлардың тегіс бұлшықеті жасушаларына әсер ету, адренергиялық иннервация және цAMФ синтезі арқылы әсер етеді деп есептеледі. Алпростадилдің ишемия ошақтарында нейтрофил-белсендірген бос оттегі радикалдарының түзілуі үдерістеріне және лизосомалық ферменттердің босап шығуына кедергі келтіру қабілетінің де маңызы ерекше. Алпростадилдің тегіс бұлшықеттерге әсер етуінің есебінен жалпы шеткері қантамырлық кедергі төмендейді, бұл тіндердің қанмен қамтылуының жақсаруына алып келеді. Алпростадил эритроциттердің созылғыштығын арттырады, тромбоциттер агрегациясын, нейтрофильдік лейкоциттердің қантамырлар қабырғаларына адгезиясын тежейді және фибринолитикалық жүйенің белсенуіне ықпал етеді, оның нәтидесі микроциркуляцияның жақсаруы болып табылады.

1 – 10 мкг/кг дозаларын вена ішіне енгізу сүтқоректілерде шеткері қантамырлық кедергіні төмендетудің есебінен артериялық қысымды төмендетеді. Артерия ішіне 50 мл 0,9% физиологиялық натрий хлориді ерітіндісіндегі 5 – 40 мкг енгізген жағдайда, шеткері қантамырлық кедергі едәуір төмендейді, бұл енгізілетін дозасымен байланысты емес. Қан ағымының жылдамдығы дозасына байланысты арта түседі (плацебо - 155,0 мл/мин, PGE1 (10 мкг) - 225,8 мл/мин; PGE1 (40 мкг) - 338,8 мл/мин).

Клиникаға дейінгі қауіпсіздігі жөніндегі мәліметтер

Алпростадилдің мутагендік әсері анықтаған жоқ. Алпростадилмен емдеу кезеңінің қысқалығы және қайталап енгізілген кездегі мутагенділігі мен уыттылығын зерттеулердің алынған нәтижелері себебінен, канцерогенділігіне спецификалық зерттеулер жүргізілмеген.

Алпростадилдің тератогендік әсеріне дәлелдер табылған жоқ. Сонымен қатар, алпростадилдің бала туу қабілетіне немесе постнатальді дамуға теріс әсері байқалмайды. Алпростадилді жүктілік кезінде пайдалану қатаң түрде қарсы көрсетілімді, өйткені, алпростадилдің жоғары дозасы жатырдың жиырылуын туғызатыны және түсік тастауға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі белгілі.

Қолданылуы

Аяқ-қолдардың III және IV сатыдағы (Фонтейн жіктемесі бойынша) ауыр ишемиясында, ангиографиялық әдіспен дәлелденген артериялардың зақымданулары себепті реконструкциялық хирургиялық араласым көрсетілмеген кезде. Реконструкциялық хирургиялық операциялармен біріктіріп (операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде).

Қолдану тәсілі және дозалары

Вазостенонды тек, оны қолданудың оң әсері пациенттің қатарлас ауруларына болуы мүмкін қауіпті әсерлерінен асып түсетін жағдайда ғана қолдану керек.

Қолдану тәсілі

Концентратты 0,9% натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде сұйылтады және инфузиялық жолмен венаға немесе артерияға енгізеді.

Емшараны жүргізу үшін автоматты шприцті немесе инфузиялық помпаны, сондай-ақ, стерильді инфузиялық катетерді пайдалану ұсынылады. Дозалау кестесінде тәуліктік дозалары және дене салмағы 70 кг және бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін килограмм дене салмағына минутына (кг/мин) есептелген дозалары келтірілген.

Енгізу тәсілі

Артерия ішіне енгізу

Артерия ішіне енгізген кезде жағымсыз әсерлерінің туындау ықтималдығы қысқамерзімді инфузиялары жағдайында көбірек. Қауіпсіздік мақсатында, артерия ішіне енгізуді азғантай дозасынан бастау және қажет болған және жағымсыз әсерлері болмаған жағдайда, дозасын арттыру ұсынылады. Тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы ретінде – тәулігіне 15000 бірлік гепаринді енгізу ұсынылады.

а) Артерия ішіне енгізу 12 сағат бойы.

Тәуліктік дозасы: 5 – 30 мкг; кг дене салмағы есебінен ұсынылатын дозасы минутына: 0,1 – 0,6 нг/кг/мин.

Тәуліктік дозасын (5-30 мкг) таңдаған кезде препаратты 50 мл 0,9% изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту және автоматты шприцтің көмегімен 12 сағат бойы енгізу керек.

б) Артерия ішіне 1 - 2 сағат бойы енгізу. Тәуліктік дозасы: 10 – 20 мкг; кг дене салмағы есебінен ұсынылатын дозасы минутына: 10 мкг – 1,2 нг/кг/мин; 20 мкг дозасында – 2,4 нг/кг/мин.

в) Операция кезінде артерия ішіне енгізу. Реконструкциялық хирургиялық операция кезінде шеткері қанайналым бассейніне 50 мл 0,9 % изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылған 5 – 40 мкг препарат енгізіледі.

Вена ішіне енгізу

Аурудың IV сатысы жағдайында вена ішіне енгізу ұсынылмайды.

Тәуліктік дозасы: күніне 2 рет 40 мкг алпростадил немесе күніне 1 рет 60 мкг алпростадил, кг дене салмағына есептелген ұсынылатын дозасы бір минутта: 4,7 нг/кг/мин.

40 мкг алпростадилді 50 – 250 мл 0,9% изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту және таңертең және кешке 2 сағат бойы венаға енгізу керек.

60 мкг алпростадилді 50 – 250 мл 0,9% изотониялық натрий хлориді ерітіндісінде сұйылту және күніне бір рет 3 сағат бойы венаға енгізу керек.

Емдеу курсы

Алпростадилмен үш апталық емдеу курсы аяқталғаннан кейін клиникалық көрсетілімдері бойынша емдеуді жалғастыру туралы шешім қабылдау қажет. Аталған уақыт ішінде оң әсері болмаған жағдайда, препаратты ары қарай қолдануды тоқтату керек. Емдеу курсының ұзақтығы төрт аптадан аспауы тиіс.

Халықтың ерекше топтары

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы төмендеген жағдайда (қандағы креатинин көрсеткіштері белгіленген шектерден асатын: ерлердегі креатинин >97 ммоль/л, әйелдердегі креатинин >80 ммоль/л; қандағы креатинин клиренсі <90 мл/мин) бастапқы дозасын екі есе төмендету керек. Пациенттің клиникалық жағдайының нәтижелері бойынша, дозасын 2-3 күн ішінде бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге енгізілетін дозасына дейін арттыруға болады.

Мысалы, препаратты вена ішіне енгізген кезде бүйрек функциясы нашар пациенттерге, бастапқы дозасы күніне екі рет 20 мкг (1,0 мл) құрауы тиіс (екі сағат бойы енгізу керек). Жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін, енгізілетін инфузиялық ерітіндінің көлемін күніне 50 – 100 мл-ден асыру ұсынылмайды. Енгізу үшін инфузиялық сорғыны пайдалану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауырдың ауыр зақымданулары бар немесе бауырдың жедел жеткіліксіздігі бар пациенттерге бұл препаратпен емдеу қарсы көрсетілімді.

Егде жастағы пациенттер (65 жастан асқан)

65 жастан асқан пациенттерде емдеу қабылдаудың жалпы кестесі бойынша жүргізіледі.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін жағымсыз әсерлері төменде туындау жиіліктеріне қарай келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолжетімді мәліметтер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі

- бас ауыруы

- қызару, ісіну, ысыну сезімі

- ауыру

- артерия ішіне енгізгеннен кейін: ысыну сезімі, кернеу сезімі, жергілікті ісіну, парестезия. Бұл әсерлері елеулі дәрежеде қайтымды және олардың қарқындылығы дозасының азайтылуына қарай төмендейді.

Жиі емес

- асқазан-ішек жолының бұзылулары (диарея, жүрек айнуы, құсу), іш ауыруы, анорексия

- артериялық қысымның төмендеуі, тахикардия, стенокардия

- вена ішіне енгізгеннен кейін: ысыну сезімі, кернеу сезімі, жергілікті ісіну, қызба, вена айналасындағы терінің қызаруы, қатты терлеу, парестезия. Бұл әсерлері елеулі дәрежеде қайтымды және олардың қарқындылығы дозасының азайтылуына қарай төмендейді.

- буындардың ауыруы

- қандағы C-реактивті ақуыз мөлшерінің өзгеруі (емдеуді тоқтатқаннан кейін көп ұзамай бастапқы деңгейіне дейін қайтып келеді).

Сирек

- сананың шатасуы, шығу тегі орталықтық құрысулар

- аритмия, жүректің декомпенсациясына алып келуі мүмкін бивентрикулярлық жүрек жеткіліксіздігі

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- өкпенің ісінуі, брадипноэгиперкапния

- тромбоцитопения, лейкопения, лейкоцитоз

Өте сирек

- анафилаксиялық немесе анафилактоидтық реакциялар

- 2-4 апта емдеуден кейін ұзын түтікшелі сүйектердің қайтымды қалыңдауы

Кейде

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, буындардың ауыруы, қызба, тершеңдік, қалтырау сияқты терінің аса жоғары сезімталдық реакциялары)

Жиілігі белгісіз

- инсульт

- миокард инфарктісі

- диспноэ

- вена ішіне енгізгеннен кейін: ине енгізілген жердегі венаның қабынуы, катетер енгізілген жердегі тромбоз, жергілікті қан кету

Артерия ішіне және вена ішіне енгізген кезде сәйкесінше қолдардың ауыруы, қызаруы және ісінуі туындауы мүмкін. Мұндай жағымсыз реакциялар алпростадилдің қантамырларға әсерімен байланысты және дозасын азайтқан немесе енгізу уақытын ұзартқан кезде басылады. Вена ішіне енгізген кезде тромбофлебит туындауы мүмкін. Флебиттің себебі венада орналасқан катетер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, катетерді алып тастау және инфузиялық жолмен енгізу үшін зақымданбаған венаны пайдалану керек. Канюляны қантамырдан алып тастау кезінде пункция орнында гематома түзілуі және қан кетуі мүмкін. Терінің қызаруы артерия ішіне енгізу кезінде жиі туындайды.

Препаратты енгізуді тоқтатқаннан кейін жағымсыз реакциялар жылдам басылады. Дене температурасы жоғарылаған немесе артериялық қысым төмендеген жағдайда, инфузиялық енгізу жылдамдығын азайту керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- алпростадилге немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық

- Нью-Йорк Кардиологтары Қауымдастығының (NYHA) функционалдық жіктемесі бойынша III және IV класты жүрек жеткіліксіздігі

- жүрек ырғағының гемодинамикалық маңызы бар бұзылулары

- емдеу тұрғысынан компенсацияланбаған жүректің ишемиялық ауруы, жүрек ырғағының бұзылулары, жүрек жеткіліксіздігі

- бастан өткерген миокард инфарктісі немесе инсульттен кейінгі 6 ай бойына

- гипотензияның жедел формасы

- митральді немесе аортальді клапанның стенозы және/немесе жеткіліксіздігі

- жүрек жеткіліксізігі бар пациенттерде клиникалық немесе рентгенологиялық мәліметтер бойынша өкпенің жедел ісінуі немесе анамнездегі өкпе ісінуі бары анықталған

- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) ауыр дәрежесі немесе өкпенің вена-окклюзиялық ауруы (ӨВОА)

- өкпедегі инфильтрат

- бүйрек функциясының бұзылулары (олигурия)

- бауырдың жедел жеткіліксізігі (трансаминазалар немесе гамма-глутамилтрансфераза (ГГТ) мөлшерінің жоғарылауы) немесе бауырдың ауыр зақымданулары (анамнездегі)

- қан кетулерге бейімділік, мысалы, асқазанның және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы кезінде, көптеген жарақаттарда

- жүктілік және лактация кезеңі; жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

- инфузиялық емнің жалпы қарсы көрсетілімдері (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі немесе мидың ісінуі, организмдегі су мөлшерінің жоғарылауы).

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вазостенон гипотензиялық препараттардың, вазодилататорлар мен жүрек қыспасына қарсы дәрілердің әсерін күшейтуі мүмкін. Жоғарыда атап келтірілген топтарға жататын препараттарды қабылдап жүрген және Вазостенон инфузиясы енгізіліп жүрген пациенттер қауіп тобына жатқызылады. Аталған жағдайда олардың жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін ЭКГ көмегімен қадағалап отыру, артериялық қысымын және жүрегінің жиырылу жиілігін бақылау ұсынылады.

Антикоагулянттармен немесе тромбоциттер агрегациясының тежегіштерімен бірге қолданылғанда, Вазостенон препараты қан кетулер ықтималдығын арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік препараттың құрамында дозасының 99,5% көлеміндей, яғни 786 мг этанол (алкоголь) бар, бұл 15,9 мл сыраға немесе 6,7 мл шарапқа сәйкес келеді. Препарат маскүнемдіктен зардап шегіп жүрген адамдар үшін зиянды. Бұл фактіні қауіп топтарына жататын (бауыр аурулары, эпилепсия) пациенттерді емдеу кезінде ескеру керек.

Бұл препаратпен емдеуді тек, жеткілікті тәжірибесі, білімі және пациенттің жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын үздіксіз қадағалап отыруға мүмкіндігі бар білікті дәрігерлер ғана жүзеге асыра алады. Препаратты болюстік инъекция түрінде қолдануға болмайды. Созылмалы аурудың IV сатысында вена ішіне енгізу ұсынылмайды.

Препаратты әр қолданғаннан кейін пациентті мұқият тексеру қажет. Әсіресе, қауіп тобына жататын пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу маңызды болып табылады.

Жас шамасына байланысты жүрек жеткіліксіздігінен, жүректің ишемиялық ауруынан немесе шеткері ісінулер мен бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттер, емделу емшарасы кезінде және одан кейін бір күн бойы стационарда болуы тиіс. Гипергидратацияны болдырмас үшін, енгізілетін инфузиялық ерітіндінің көлемін тәулігіне 50 – 100 мл-ден артттырмау ұсынылады. Аталған аурулары бар пациенттерде жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін (артериялық қысымды, жүректің жиырылу жиілігін, сұйықтық теңгерімін) динамикалық қадағалау қажет. Мүмкіндігінше, дене салмағы мен орталық вена қысымын бақылау, эхокардиография жүргізу керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін де бүйрек жұмысын қадағалау қажет. Пациентті стационардан шығарар алдында, дәрігер жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің көрсеткіштері тұрақты екендігіне көз жеткізуі тиіс.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Алпростадил систолалық артериялық қысымды төмендетеді және, сол арқылы, көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Пациенттер, аталған препаратпен емделу кезінде әсіресе, көлік құралдары мен механизмдерді басқару барысында мұқият болуы керектігінен хабардар болуы және бұл оларға ескертілуі тиіс.

Артық дозалануы

Алпростадилмен артық дозалану кезінде, вазодилатациялаушы әсерінің себебінен, артериялық қысым күрт төмендеуі және рефлекторлық тахикардия туындауы мүмкін.

Вазотонустың жоғарылауымен байланысты басқа симптомдарға естен тану, тері жабындарының бозаруы, тершеңдік, жүрек айнуы мен құсу кіруі мүмкін.

Жергілікті симптомдар: тесілген венаның ұзына бойына ауыруы, ісінуі, қызаруы туындауы мүмкін.

Артық дозалануының симптомдары кезінде препараттың дозасын азайту немесе препарат инфузиясын тоқтату қажет, содан кейін, әдетте, симптомдары жылдам басылады. Пациенттің жағдайын 2 – 4 сағат бойы мұқият қадағалау қажет. Қажет болған жағдайда, симптоматикалық ем тағайындалады, бірақ әдетте ол қажет болмайды, өйткені алпростадил жылдам метаболизденеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан бірінші гидролитикалық класты шыныдан жасалған ампулаларға құйылған.

5 ампуладан полиэтилентерефталататан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

Пішінді ұяшықты 1, 2 немесе 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2 ºС-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Дайындалған ерітіндіні жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада 12 сағат бойы сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Кевельт» АҚ, Теадуспарги 3/1, Таллинн 12618, Эстония

Тел. +372 6066969

e-mail: kevelt@kevelt.ee

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Кевельт» АҚ, Эстония

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

"REGICOM" ЖК

Алматы қ., Абылай хан д-лы, 122/64 үй, 13/12 пәтер

Тел.: +7 705 132 78 51, e-mail: doctorkvi@gmail.com

Прикрепленные файлы

Вазостенон_ИМП_рус.docx 0.04 кб
Вазостенон_каз.docx 0.05 кб
10568_17_i.pdf 0.53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

«Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ