Вазопро (100 мг/мл)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Вазопро
Халықаралық патенттелмеген атауы
Мельдоний
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 100 мг/мл
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 100 мг мельдоний (метонат);
қосымша заттар: инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы
Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да кардиотоникалық препараттар.
АТХ коды С01Е В
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Биожетімділігі 100 %-ды құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына енгізгеннен кейін бірден жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 3-6 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Вазопро – карнитиннің ізашары болып табылатын зат – γ-бутиробетаиннің құрылымдық аналогы. Препарат γ-бутиробета-ингидроксилазаның белсенділігін бәсеңдетіп, карнитин биосинтезі мен май қышқылдарының жасуша жарғақшаларының ұзын тізбектері арасындағы тасымалдануын төмендете отырып, жасушаларда тотықпаған май қышқылдары – ацилкарнитин А туындыларының белсенділенген түрлерінің жинақталуын болдырмайды, осылайша олардың теріс әсерінің алдын алады.
Вазопро оттегін жеткізу үдерістерінің тепе-теңдігін және оның жасушаларда пайдаланылуын қалпына келтіреді; АТФ тасымалы бұзылуының алдын алады, сонымен қатар гликолизді белсенділендіреді, бұл оттегін қосымша пайдаланусыз жүргізіледі.
Карнитин концентрациясының азаюы нәтижесінде тамырды кеңейту қасиеті бар γ-бутиробетаин қарқынды синтезделеді.
Вазопроның әсер ету механизмі оның фармакологиялық әсерлерінің кең ауқымын анықтайды. Ол еңбекке қабілеттілікті арттырады, психикалық және физикалық қатты ширығу симптомдарын азайтады.
Препарат кардиопротекторлық әсер береді. Жүрек жеткіліксіздігі кезінде ол миокардтың жиырылғыштық қабілетін жақсартады, дене жүктемелеріне төзімділікті арттырады. II және III функционалдық класты тұрақты стенокардия кезінде науқастардың дене еңбегіне қабілеттілігін арттырады және стенокардия ұстамаларының жиілігін азайтады.
Ми қанайналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылуларында Вазопро ишемияланған бөліктің пайдасына ми қанайналымының қайта таралуына әсер ете отырып, ишемия ошағындағы қан айналысын жақсартады.
Вазопро ОЖЖ-ға сергіткіш әсер береді, ол соның ішінде созылмалы маскүнемдікке шалдыққан науқастардағы абстинентті синдром кезінде вегетативтік жүйке жүйесінің функционалдық бұзылуларын жояды. Препарат сондай-ақ дистрофиялық өзгерген торқабық тамырларына және жасуша иммунитетіне де жағымды әсер етеді.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында
- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия, миокард инфарктісі, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі) және дисгормональді кардиомиопатияда
- ми қанайналымының жедел және созылмалы бұзылуларында (ми инсульттері және ми қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігі)
- шығу тегі әртүрлі гемофтальм және торқабықтың қанталауында, торқабықтың орталық көктамырының және оның тармақтарының тромбозында, шығу тегі әртүрлі ретинопатияларда (диабеттік, гипертониялық)
- еңбекке қабілеттіліктің төмендеуінде, дененің артық жүктемесінде
- созылмалы маскүнемдік кезіндегі абстинентті синдромда (маскүнемдіктің спецификалық емімен біріктіріп)
Қолдану тәсілі мен дозалары
Препаратты ересектерге төмендегідей дозаларда көктамыр ішіне және парабульбарлы түрде енгізеді.
Жүрек-қантамыр аурулары.
Кешенді ем құрамында – тәулігіне 0,5-1 г (5-10 мл ерітінді), барлық дозасын бірден немесе оны 2 енгізуге бөліп. Емдеу курсы – 4-6 апта.
Ми қанайналымының бұзылулары.
Жедел сатысында – 0,5 г-ден (5 мл ерітінді) көктамыр ішіне 10 күн бойы тәулігіне 1 рет, ары қарай ішу арқылы қабылдауға көшеді. Жалпы емдеу курсы – 4-6 апта.
Созылмалы бұзылуларда – ішу арқылы қабылданатын дәрілік түрін қолданады.
Қайталама курстарын (әдетте жылына 2-3 рет) дәрігермен кеңескеннен кейін алуға болады.
Тамыр патологиясы және торқабықтың дистрофиялық аурулары.
Инъекцияға арналған 0,5 мл ерітіндіні 10 күн бойы парабульбарлы түрде енгізеді.
Ақыл-ой және дене жүктемелері.
0,5 г-ден (5 мл) көктамыр ішіне тәулігіне 1 рет. Емдеу курсы – 10-14 күн. Қажет болса, емдеуді 2-3 аптадан кейін қайталайды.
Созылмалы маскүнемдік.
Көктамыр ішіне тәулігіне 2 рет 0,5 г-ден. Емдеу курсы – 7-10 күн.
Жағымсыз әсерлері
Сирек
- тахикардия, аритмия, артериялық қысымның өзгерістері
- бас ауыруы, бас айналуы, психомоторлық бұзылулар, парестезиялар, тремор, қозу
- диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диспепсиялық құбылыстар, ауыздың темір татуы, ауыздың құрғауы немесе гиперсаливация
- терінің қызаруы және қышуы, есекжем, бөртпе, ангионевротикалық ісіну
Өте сирек
- анафилактикалық шок
- ентігу, құрғақ жөтел
- гиперемия, енгізген жердің ауыруы
Бірен-саран жағдайларда
- эозинофилия
Басқа
- кеуденің ауыруы
- қалтырау, гипертермия
- әлсіздік, қатты терлеу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (көктамырлық қан ағымының бұзылуы, бассүйекішілік ісіктерде)
- орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық зақымданулары
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты жүрек қыспасына қарсы дәрілермен, антикоагулянттармен және антиагреганттармен, аритмияға қарсы дәрілермен, жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен, бронхолитиктермен және басқа да препараттармен біріктіруге болады. Вазопро нитроглицериннің, нифедипиннің, β-адреноблокаторлардың, антигипертензивтік дәрілердің және шеткергі вазодилататорлардың әсерін күшейтуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты бауыр мен бүйректің созылмалы ауруларында сақтықпен қолданады.
Көтермелеуші әсерінің даму мүмкіндігіне байланысты, Вазопроны күннің бірінші жартысында қолдану ұсынылады.
Вазопро жедел коронарлық синдром кезінде алдыңғы қатардағы препарат болып табылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вазопроның реакция жылдамдығына теріс әсер ететіні туралы мәліметтер жоқ.
Артық дозалануы
Вазопроның артық дозаланған жағдайлары туралы мәлімдемелер жоқ. Препараттың уыттылығы аз.
Артериялық қысымның төмендеуі, бас ауыруы, бас айналуы, тахикардия, жалпы әлсіздік болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық. Артық дозаланудың ауыр жағдайларында бауыр мен бүйрек қызметін бақылауға алу қажет.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
5 мл препараттан ампулаларда. 5 ампуладан полимер үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Фармак» ЖАҚ
Мекенжайы: Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
Қазақстан Республикасы, 050009 Алматы қ-сы, Абай к-сі 157, 5 кеңсе
Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru