Вазелин (25 г)

МНН: Вазелин
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие мягкий парафин и жиры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003160
Информация о регистрации в РК: 11.11.2020 - 11.11.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Вазелин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 25 г

Құрамы

белсенді зат – 25 г вазелин

Сипаттамасы

Біртекті, жіпше созылған, ақтан сары түске дейінгі, иіссіз, жақпамай тәрізді масса.

Фармакотерапиялық тобы

Дермапротекторлар. Парафин және майлар препараттары.

ATХ коды D02АС

Фармакологиялық қасиеттері

Жұмсартқыш әсерге ие. Теріні жұқа, бірақ өткізбейтін тығыз үлбірмен жауып тұрады, ұсақ жарықтарға, тіліктерге және сызаттарға микробтардың түсуіне кедергі жасайды.

Қолданылуы

– теріге арналған жұмсартқыш дәрі ретінде

– жақпамай дайындауға арналған негіз

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа. Терінің қажетті бөлігіне, шырышты қабыққа жұқа қабатпен жағады және жеңіл ысқылайды.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Анықталмаған.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгіленбеген

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны массадан жасалған бұрандалы мойны бар, тығыздалған элементі бар бұралып жабылатын полиэтилен қақпағы бар банкіде немесе медициналық шыныдан жасалған, тығыздалған элементі бар керілген полиэтилен қақпағы бар банкіде 25 г-ден.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге банкілердің тиісті саны орама қағаздан жасалған бумаларда немесе қораптық картоннан жасалған қорапта немесе жылу ұстағыш полиэтиленді үлбірде немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады. 25 г-ден медициналық мақсаттағы алюминий немесе полимерлі сықпада. Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

378599541477976319_ru.doc 39.5 кб
301280801477977564_kz.doc 43 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники