Вагил-ШФ

МНН: Левоментол, Натрия гидрокарбонат, Натрия тетраборат (Бура), Натрия хлорид
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики и противомикробные препараты для лечения гинекологических заболеваний (исключая комбинации с кортикостероидами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020471
Информация о регистрации в РК: 15.11.2017 - 15.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Вагил-ШФ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 г ұнтақ

Құрамы

10 г препараттың құрамында

белсенді заттар: натрий хлориді 0,8 г

натрий гидрокарбонаты 7,7 г

медициналық бура 1,375 г

L-ментол 0,125 г

қосымша зат - натрий бензоаты 0,2 г

Сипаттамасы

Суда еритін бөгде қосылыстарсыз, ментолға тән иісі бар ақ ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар. Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар (кортикостероидтармен біріктірілуін қоспағанда)

АТХ коды G01А

Фармакологиялық қасиеттері

Вагил-ШФ ұнтағы сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты өңдеуге арналған сулы сілтілі ерітіндіні дайындау үшін пайдаланылады. Препарат бактерияға қарсы, қышынуға қарсы, жұмсартқыш және тұтқыр қасиеттерге ие.

Қолданылуы

- етеккір кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде жергілікті контрацептивтік дәрілерді және қынаптық препараттарды пайдаланғаннан кейін гигиеналық зат ретінде; сыртқы несеп-жыныс мүшелеріндегі ашыту, тітіркену, қышынуды симптоматикалық емдеу үшін

- медициналық аборт алдында, операциялық араласулар алдында қынапты санациялау үшін

- үй жағдайында және стационарда гигиеналық өңдеу үшін (төсектегі науқастарды және операциядан кейінгі кезеңдегі науқастарды ішектің және қуықтың әрбір босауынан кейін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Құтының 10 г ішіндегісін 1 литр жылы суда еріту керек және мұқият араластырылады. Алынған ерітінді сыртқы несеп-жыныс мүшелерін және қынапты күніне 1-2 рет шайып жууға пайдаланылады.

Препарат өздігінен де, басқа да (зеңге қарсы, трихомонацидті, антибиотиктермен, қабынуға қарсы және т.б.) препараттармен біріктіріліп те пайдаланылады

Жағымсыз әсерлері

- препаратты қолданғаннан кейін тікелей жеңіл, жылдам өтетін күйдіру болуы мүмкін

өте сирек:

  • препарат ингредиенттеріне жоғары сезімталдық болуымен негізделген тітіркену

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Артық дозалануы

Анықталған жоқ

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалған қызыл сары түсті шыны құтыда немесе полиэтилен банкіде медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік, орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен және құты немесе банкі саны көрсетілген қаптамалық парақпен гофрланған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

30ºС-ден аспайтын температурада, құрғақ жерде сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е

Тіркеу куәлігінің иесі

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Алматы қ.,

Б. Бұлқышев к-сі, 4е

тел./факс +7727233-27-58

E-mail: farm-4@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

594677271477976784_ru.doc 41 кб
079573511477977957_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники