Бутадион®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бутадион®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фенилбутазон
Дәрілік түрі
Жақпамай 5 %
Құрамы
20 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат:1,0 г фенилбутазон,
қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, полисорбат 60, глицерин (85 %), пропиленгликоль, вазелин майы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Өзіне тән әлсіз иісі бар, біртекті, ақ түсті жақпамай.
Фармакотерапиялық тобы
Сыртқа қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
АТЖ коды M02A A01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолдану кезінде фенилбутазонның жүйелі сіңірілуі шамалы.
Фармакодинамикасы
Фенилбутазон ыстықты түсіретін және ауыруды басатын әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес дәрі болып табылады. Ол простагландиндер синтезін тежейді және тіндердегі қабыну реакцияларына спецификалық түрде әсер етеді.
Шеміршек тінінде Бутадион® мукополисахаридтердің АТФ-тәуелді биосинтезін басады. Препарат сондай-ақ өзекшелерде несеп қышқылының кері сіңірілуін қысқарту есебінен несеп қышқылы шығарылуына әсері бар.
Қолданылуы
-
механикалық жарақаттар немесе химиялық күйіктер туындатқан дерматитте
-
I және II дәрежедегі шағын көлемдегі термиялық жарақаттарда; күн сәулесінен күюде
-
көктамырішілік және бұлшықетішілік инъекциядан соң енгізілген жердегі тері қабынуларында, жәндіктердің шағуында
-
беткейлі тромбофлебиттің жергілікті емінде антикоагулянтты емге қосымша ретінде
-
жедел геморройда
-
жұмсақ тіндер жарақатында, ісінуде, гематомаларда, бұлшық еттің және сіңірдің созылуында
-
аяқ-қол ампутациясынан кейінгі фантомды ауыруларда
-
ревматоидты артритті, остеоартрозды, синовиитті, тендинитті және тендовагинитті қосымша емдеуде
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: жақпамай терінің зақымданған жеріне жұқалап (ысқыламай) тәулігіне 2-3 рет жағылады. Емдеу курсы – 10-14 күн.
Егде науқастарға: арнайы режимде қабылдау қажеттігі жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті реакциялар
-
бөртпе, қышыма, терінің қызаруы, сирек эксфолиативті дерматит, фотосенсибилизация
Жүйелік реакциялар
Болуы мүмкін
-
бас ауыруы, бас айналуы
-
егде және бүйрек ауруымен науқастарда бүйрек қызметінің бұзылуы, ісінулер
-
жүрек айну, құсу, асқазанның немесе он екі елі ішектің пептикалық ойық жарасы, асқазаннан қан кету, тесілулер
-
бауыр қызметінің бұзылуы және панкреатит
-
агранулоцитоз, апластикалық анемия, тромбоцитопения
-
бронх түйілуі
Жақпамайды жергілікті қолданғаннан кейін жүйелік әсерлердің туындау ықтималдығы аздау, бірақ жақпамай ұзақ уақыт бойы терінің ауқымды бөлігіне жағылатын болса, жүйелік жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препараттың белсенді затына немесе кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
-
сыртартқысында аспиринді немесе қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттардан кейін болатын бронхтық демікпе ұстамасы немесе аллергиялық реакция (аллергиялық ринит, есекжем)
-
терең көктамырлар тромбозы
-
препаратты окклюзивті таңғыштың астына қолдануға
-
көз маңайының терісіне, шырышты қабыққа, ашық жаралар немесе жарылуларға
-
кортикостероидтармен емдеу қажет болатын экзема және терінің басқа да аурулары
-
құрамында фенилбутазон бар басқа препараттармен бір мезгілде қолдануға
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
14 жасқа дейінгі балаларға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Фенилбутазонды жергілікті қолданғанда басқа дәрілік препараттармен белгілі өзара әрекеттесуі жоқ, бірақ фенилбутазонды жүйелі қолданғанда басқа препараттармен реакциясын жоққа шығаруға болмайды.
Жақпамайды басқа қабынуға қарсы стериодты емес дәрілермен және әсер ететін заты қан плазмасы ақуыздармен көп дәрежеде байланысатын препараттармен біріктіріп қолдануға болмайды.
Айрықша нұсқаулар
Теріде тітіркену пайда болғанда препаратты қолдану тоқтатылуы және басқа тиісті еммен ауыстырылуы тиіс. Препарат терең көктамыр тромбозын емдеуге арналмаған. Препаратты зақымданған теріге, шырышты қабықтарға немесе көзге жағуға болмайды. Пайдаланудан кейін қолды тазалап мұқият жуу керек. Фотосенсибилизацияны болдырмас үшін терінің жағылған жеріне тікелей күн сәулесін түсірмеген дұрыс.
Жүктілік және лактация кезінде басқа препараттарды таңдаған жөн. Зертханалық көрсеткіштерді бақылау
Терінің суланған эпителийі жоқ бөлігіне препаратты ұзақ мерзім жаққанда әрбір 2-4 апта сайын шеткергі қан көріністеріне бақылау жасау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозаланғанда
Симптомдары: артық дозаланған кезде жағымсыз әсерінің айқындылығы күшейеді
Емі: симптоматикалық .
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тесетін ұштығы бар ақ полиэтилен қалпақшамен тығындалған алюминий сықпаға 20 г салынған.
1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
8ºС-ден 15C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Гедеон Рихтер» ААҚ
1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21, Венгрия
Тіркеу куәлігінің иесі
«Гедеон Рихтер» ААҚ, Венгрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы «Гедеон Рихтер» ААҚ өкілдігі
E-mail: info@richter.kz
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23