Бупивакаин-М

МНН: Бупивакаин
Производитель: Харьковское фармацевтическое предприятие "Здоровье народу" ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bupivacaine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009464
Период регистрации: 20.04.2015 - 20.04.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 106.53 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бупивакаин-М

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бупивакаин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 0,5 % 5 мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 100 % затқа шаққанда 5 мг бупивакаин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий хлориді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы немесе натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Анестетиктер. Жергілікті анестезияға арналған препараттар. Амидтер. Бупивакаин.

АТХ коды N01В В01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілу жылдамдығы дозаға, енгізу жолдарына және енгізген жердегі перфузияға байланысты. Қабырғааралық бөгелістер тез сіңірілуінің арқасында қан плазмасында ең жоғары концентрацияларға (400 мг дозаны енгізгеннен кейін 4 мг/л) әкеледі, ал іш аймағына жасалған теріастылық инъекцияларда қан плазмасындағы концентрациялар өте төменірек болады. Балаларда тең сіңірілу және қан плазмасында жоғары концентрациялар каудальді бөгеліс жағдайларында байқалады (3 мг/кг дозаны енгізгеннен кейін шамамен 1,0 - 1,5 мг/л).

Бупивакаин эпидуральді кеңістікпен толық және екі фазалы сіңуді көрсетеді, жартылай шығарылу кезеңі шамамен 7 мин және 6 сағатты құрайды. Баяу сіңірілуі бупивакаиннің шығарылу жылдамдығын тежейтін фактор болып табылады және эпидуральді қолданудан кейін жартылай шығарылу кезеңінің венаішілік енгізуге қарағанда не себепті үлкен екендігін түсіндіреді.

Бупивакаиннің тепе-тең жағдайда таралу көлемі шамамен 73 л құрайды, бауырлық экстракция коэффициенті – шамамен 0,40, жалпы плазмалық клиренсі 0,58 л/мин, ал жартылай шығарылу кезеңі 2,7 сағатты құрайды.

Жаңа туған нәрестелерде жартылай шығарылу кезеңі ересектерге қарағанда 8 сағатқа дейін ұзағырақ. 3 айлықтан асқан балаларда жартылай шығарылу кезеңі ересектердегідей.

Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 96% құрайды, байланысуы көбіне α1-гликопротеинмен жүреді. Айтарлықтай хирургиялық араласымнан кейін осы ақуыздың деңгейі жоғарылауы мүмкін және бупивакаиннің плазмалық концентрациясын үлкен етуі мүмкін. Дегенмен байланыспаған бупивакаин концентрациясы өзгермеген күйінде қалады. Бұл уытты деңгейден асатын плазмалық концентрациялардың жағымдылығы не себептен жақсы екендігін түсіндіреді.

Бупивакаин бауырда толық, көбіне 4-гидроксибупивакаинге дейін ароматты гидроксилдену және РРХ дейін N-деалкилдену жолымен метаболизденеді, оның үстіне екеуі де Р450 3А4 цитохромы арқылы жүретін жол болып табылады. Сөйтіп, клиренсі бауырлық перфузияға және метаболизденетін фермент белсенділігіне байланысты болады.

Бупивакаин плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Бос бупивакаиннің концентрациясы анада да және ұрықта да бірдей болып табылады. Дегенмен жалпы плазмалық концентрациясы қан плазмасы ақуыздарымен байланысу дәрежесі төмендеген ұрықта төмен болады.

Фармакодинамикасы

Бупивакаин-М құрамында бупивакаин – ұзақ әсерді амид типті жергілікті анестетик. Бупивакаин импульстердің жүйке талшықтарымен өткізгіштігін кері бөгеп, натрий иондарының жүйке жарғақшалары арқылы тасымалдануын бәсеңдетеді. Осындай әсерлер мидың және миокардтың қоздырғыш жарғақшаларында да байқалуы мүмкін.

Бупивакаиннің өте маңызды қасиеттері оның әсерінің ұзаққа созылуы болып табылады. Бупивакаиннің адреналинмен біріктірілімі және онсыз әсерінің ұзақтығы арасындағы айырмашылық біршама аз болып табылады. Бупивакаин әсіресе ұзақ эпидуральді блокада жүргізу үшін жарамды. Төмен концентрациялар қимыл-қозғалыс жүйкелерінің талшықтарына және әсерінің аз ұзақтықта болуына ықпалын тигізеді, сондай-ақ ауыруды, мысалы, босану кезінде немесе операциядан кейінгі кезеңде ұзақ уақыт сездірмеу үшін жарамды болуы мүмкін.

Қолданылуы

  • хирургиялық араласу кезіндегі жұлын (субарахноидальді) анестезиясында

  • аяқтарға, оның ішінде санға 1,5-тен 4 сағатқа дейін созылатын хирургиялық операциялар

Қолдану тәсілі және дозалары

Енгізу жолы – интартекальді. Дәрігер препаратты тағайындаған кезде пациенттің физикалық ахуалын және бір уақытта қолданылатын препараттарды бағалауы тиіс. Люмбальді пункция кезінде препаратты жұлындық енгізу субарахноидальді кеңістікті дәл анықтағаннан кейін ғана жүргізіледі. Анестезияның ұзақтығы дозаға байланысты (төмендегі кестені қараңыз), бірақ дәрілік заттың сегменттік деңгейлерде инфильтрациясын анықтауда, әсіресе изабаралық (қарапайым) ерітіндіні пайдаланғанда қиындықтар туындауы мүмкін.

Кестеде көрсетілген блокадаға арналған дозаларды орта жастағы ересек адамға және 12 жастан (40 кг-ден) асқан балалар үшін орташаландырылған ретінде қарастыру керек.

Анес-тезия дең-гейі

Пунк-ция айма-ғы

Дененің қалпы

Доза

Әсер-дің баста-луы

мин

Әсердің ұзақтығы

сағ

Көрсетілім

мл

мг

   

L1

L3/4/5

Көлде-нең

2-3

10-15

5-8

2-3

Аяққа операциялар

Т10

L3/4/5

Көлде-нең

3-4

15-20

5-8

3-4

Санға операциялар

65 жастан асқан пациенттер үшін, олардың жеке ерекшеліктеріне байланысты анестезияның қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін ең аз дозаны тағайындайды.

Инъекция үшін ұсынылатын орын L3 омыртқаның асты.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың өзінен туындаған жағымсыз әсерлерді кейбір жағдайларда жүйкелер блокадасының физиологиялық әсерлерінен (мысалы, артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия), тікелей инемен пункция жасаудан туындаған құбылыстардан (мысалы, жүйкелердің зақымдануы), инемен пункция жасау жанама себеп болған құбылыстардан (мысалы, эпидуральді абсцесс) айыру қиын.

  • аллергиялық реакциялар, өте ауырырақ жағдайларда – анафилаксиялық шок

  • брадикардия, артериялық гипертензия, жүректің тоқтап қалуы, жүрек аритмиялары

  • парестезия, бас айналу, құрысулар, ауыз айналасының парестезиясы, тілдің жансыздануы, гиперакузия, сананың жоғалуы, тремор, дизартрия, невропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, арахноидит, парез және параплегия

  • көрудің бұзылуы, көзге заттардың қосарланып көрінуі, құлақтың шыңылдауы

  • құсу, жүректің айнуы

  • несеп іркілісі

  • тыныстың тарылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бупивакаинге және басқа амид типті жергілікті анестетиктерге немесе препараттың қандайда бір қосымша компонентіне жоғары сезімталдық

  • орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жедел ауруы, мысалы, менингит, ОЖЖ ісіктері, полиомиелит, бассүйекішілік қан құйылу

  • остеохондроз, спондилит, омыртқа бағанының ісіктері немесе жақында алған жарақаты

  • септицемия

  • жеделге жуық жұлынның біріктірілген дегенерациясы бар пернициозды анемия

  • пункция аймағындағы немесе пункция орнына жақын аймақтардағы терінің пиогенді инфекциясы

  • кардиогенді немесе гипогликемиялық шок

  • қан ұюдың бұзылуы немесе антикоагулянттарды қабылдау

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • құрсақ іші қысымының жоғарылығы

  • 12 жасқа дейінгі балалар (40 кг дейін)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бупивакаинді құрылымы бойынша жергілікті анестетиктерге ұқсас дәрілік заттармен, мысалы, аритмияға қарсы ІВ класына жататын дәрілермен бірге қолданғанда сақтық таныту керек, өйткені олардың уытты әсерлері аддитивті болып табылады.

Жергілікті анестетиктер және аритмияға қарсы ІІІ класқа жататын дәрілер (мысалы, амиодарон) арасындағы өзара әрекеттесуге спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ, дегенмен мұндай жағдайларда сақтық таныту ұсынылады.

Үйлесімсіздік

Бупивакаин рН 6,5-тен жоғары болғанда аз еритін болғандықтан, алкализация шөгіндіні туындатуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Емдеуді бастар алдында пациенттің жекелей сезімталдығына сынама жасау қажет.

Аумақтық немесе жергілікті анестетиктерді қолданып, қарапайымдарын қоспағанда, реанимациялық шараларды жүргізу үшін әрдайым қажетті құрал-жабдықтар бар болған жағдайда жүргізу керек. Ауқымды блокада жүргізгенде жергілікті анестетикті енгізуді бастамас бұрын вена ішіне арналған катетерлерді орналастыру керек.

Эпидуральді анестезия немесе шеткері жүйкелердің блокадасы үшін бупивакаинді қолданғанда жүректің тоқтап қалғаны және өлімге ұшырағаны жөнінде мәлімдемелер бар. Адекватты емдеуге қарамастан, кейбір жағдайларда реанимация жүргізу қиындады немесе мүмкін болмады.

Шеткері жүйкелердің ауқымды блокадасы күшті васкуляризацияланған аймақтарға, көбіне үлкен қантамырларға жақын жерге жергілікті анестетиктерді үлкен көлемде қолданғанда керек болады. Мұндай жағдайларда қантамырішілік инъекция және/немесе жүйелік сіңірілу қаупі жоғары болады, бұл қан плазмасында концентрацияның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Жергілікті анестетиктер сияқты бупивакаиннің жоғары дозаларын қолданғанда орталық жүйке жүйесі және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жедел уытты әсерлерді туындатуы мүмкін. Бұл әсіресе вена ішіне байқамай енгізіп қоюға қатысты.

Аумақтық анестезияның кейбір әдістемелері төменде көрсетілгендей ауыр жағымсыз ракциялармен байланысты болуы мүмкін:

– эпидуральді анестезия әсіресе гиповолемия қатар жүрген жағдайлайда жүрек-қантамыр функциясын бәсеңдетуі мүмкін. Препаратты жүрек-қантамыр функциясы бұзылған пациенттерге қолданғанда сақтық таныту керек;

– жекелеген жағдайларда ретробульбарлы инъекциялар бассүйектің субарахноидальді кеңістігіне жетуі және, мысалы, уақытша соқырлықты, жүрек-қантамыр функциясының жеткіліксіздігін, апноэ және құрысуларды тудыруы мүмкін; бұл симптомдарды дереу емдеу керек;

– жергілікті анестетиктердің ретро- және бульба маңы инъекциялары көз бұлшықеттері функциялары бұзылуының белгілі бір даму қаупін тудыруы мүмкін;

– тіркеуден кейінгі кезеңде хирургиялық араласымдардан кейін жергілікті анестетиктердің ұзақ буынішілік инфузиясын қабылдаған пациенттерде хондролиз жағдайлары жөнінде мәлімделді. Мәлімделген көптеген жағдайларда хондролиз иық буынын зақымдады. Көптеген этиологиялық факторларды және әсер ету механизміне қатысты ғылыми оқулықтардағы қарама-қайшылықтарды ескерсек, себеп-салдарлы байланысы анықталған жоқ. Буынішілік ұзақ инфузиялар Бупивакаин-М препараты үшін мойындалған көрсетілім болып табылмайды.

Негізгі себептері жүйкелердің жергілікті зақымдануы және/немесе жергілікті анестетиктердің бұлшықеттерге және жүйкелерге жергілікті уытты әсерлері болып табылады. Сондықтан тиімді өте төменірек дозаларды таңдап алу керек.

Мойын және бас аймағына байқамай интраваскулярлі енгізу тіпті төмен дозалардың өзінде церебральді симптомдарды тудыруы мүмкін.

Пациенттерде ІІ немесе ІІІ дәрежедегі AV-блокадасы бар болғанда сақтық таныту керек, өйткені жергілікті анестетиктер миокардтың өткізгіштігін төмендетуі мүмкін. Егде жастағы пациенттер, бауырдың ауыр сырқаты бар және бүйрек функциясының бұзылуы ауыр болатын пациенттер немесе жағдайы қанағаттанарлықтай емес пациенттер аса көңіл бөлуді керек етеді.

Аритмияға қарсы III класқа жататын дәрілік заттармен (мысалы, амиодаронмен) емделіп жүрген пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс. Бұдан басқа, мұндай пациенттерде ЭКГ мониторингтің қажет екендігін ескеру керек, өйткені бупивакаиннің және аритмияға қарсы ІІІ класқа жататын дәрілік заттардың кардиологиялық әсерлері аддитивті болуы мүмкін.

Эпидуральді анестезия артериялық қысымның төмендеуіне және брадикардияға әкеп соғуы мүмкін. Бұл қауіпті кристаллоидты немесе коллоидты ерітіндіні вена ішіне енгізу жолымен азайтуға болады. Артериялық қысымның төмендеуін дереу, мысалы, вена ішіне 5 - 10 мг эфедринді енгізу арқылы түзету керек, қажетіне қарай мұны қайталайды.

Эпидуральді анестезия плевралық жалқығы бар пациенттерде қабырғааралық бұлшықеттердің салдануын және тыныстың нашарлауын туындатуы мүмкін. Септицемиясы бар науқастарда интраспинальді абсцестердің, әсіресе операциядан кейінгі кезеңде даму қаупі артады.

Парацервикальді блокада кейде шаранада брадикардия/тахикардияға себеп болуы мүмкін, сондықтан шарананың жүрек ырғағын мұқият тексеру керек.

Регионарлық және жергілікті анестезияны тәжірибелі мамандар тиісті түрде жабдықталған бөлмеде жүрек қызметіне мониторинг жүргізуге және реанимациялық ем-шараларға қажетті тез арада пайдалануға дайын құрал-жабдықтар мен препараттар қолжетімді болған кезде жүргізуі тиіс. Анестезияны орындайтын қызметкер білікті әрі анестезияны орындау техникасына үйретілген болуы тиіс, жүйелік уытты реакцияларды диагностикалау және емдеумен, жағымсыз құбылыстар және реакциялармен, басқа да асқынулармен таныс болуы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Адамда жүктілік барысына жағымсыз ықпалына айғақтамалар жоқ, бірақ Бупивакаин-М препаратын, ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін зор қаупінен басым болатын жағдайлардан басқасында, жүктіліктің ерте сатыларында қолданбаған жөн.

Жергілікті анестезияның себебінен шаранада брадикардия сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болуы парацервикальді блок-анестезия жүргізген кезде өте айқынырақ байқалды. Мұндай әсерлер шаранада анестетиктің жоғары концентрацияларымен жүзеге асуы мүмкін («Қолдану рекшеліктері» бөлімін қараңыз).

Бупивакаин емшек сүтіне өтеді, бірақ аздаған мөлшерде, оны емдік дозаларда қолданғанда препараттың нәрестеге қауіпті ықпалы жоқ.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Дозасына және қолдану тәсіліне байланысты бупивакаин қимыл-қозғалысқа және қимыл үйлесіміне уақытша әсерін тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары. Жүйелік уытты реакциялар орталық жүйке жүйесіне және жүрек-қантамыр жүйесіне қатысты. Мұндай реакциялар қанда жергілікті анестетиктің жоғары концентрациясынан туындауы мүмкін, бұл кездейсоқ қантамырішілік инъекциямен, артық дозаланумен немесе күшті васкуляризацияланған тіндермен әдеттегідей емес тез сіңірілуімен жүзеге асады.

ОЖЖ тарапынан симптомдар амид типті жергілікті анестетиктерге ұқсас, сонда жүрек симптомдары сияқты әртүрлі препараттар үшін сандық та, сапалық та айырмашылықтары болады.

Жергілікті анестетиктердің кездейсоқ қантамырішілік инъекциялары дереу (бірнеше секундтан бастап бірнеше минутқа дейін) жүйелік уытты реакцияларды тудыруы мүмкін. Артық дозалану жағдайында жүйелік уыттылық қанда жергілікті анестетик концентрациясының баяу артуына байланысты (инъекциядан кейін 15 - 60 минуттан соң) кешірек білінеді.

ОЖЖ тарапынан уыттылық біртіндеп, симптомдардың ауырлығы мен реакциялардың артуымен дамиды. Алғашқы симптомдар әдетте жеңіл бас айналу, ауыз маңының парестезиясы, тілдің жансыздануы, гиперакузия, құлақтың шыңылдауы және көрудің бұзылуы түрінде көрініс береді. Асқынған артикуляциялар, бұлшықеттердің құрысып қимылдауы немесе тремор жайылған құрысулардың алдында болатын ауырлау симптомдар болып табылады. Бұл белгілерді невроздық мінез-құлық ретінде түсінбеген жөн. Осыдан кейін сананы жоғалтуы және үлкен эпилепсиялық ұстама байқалуы мүмкін, олар бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Құрысу кезінде оттегінің жеткіліксіздігі және, бұлшықет белсенділігінің жоғарылауына және өкпеде газ алмасудың жеткіліксіз болуына байланысты, гиперкапния (қанда СО2 мөлшерінің көбеюі) тез дамиды. Ауыр жағдайларда апноэ дамуы мүмкін. Ацидоз жергілікті анестетиктердің уытты әсерлерін күшейтеді.

Сауығу жергілікті анестетиктің метаболизміне және оның орталық жүйке жүйесі шегінен тыс таралуына байланысты. Бұл дәрілік заттың үлкен мөлшері енгізілген жағдайлардан басқасында тез жүреді.

Жүрек-қантамырлық әсерлер әдетте ауырырақ қауіп төндіреді. Бұл әсерлер әдетте орталық жүйке жүйесі тарапынан уыттылық белгілерінен басым болады, олар алайда жалпы анестезиямен немесе терең седациямен бүркемеленуі мүмкін, бұған бензодиазепиндер немесе барбитураттар сияқты препараттардың жәрдемімен қол жеткізіледі. Жергілікті анестетиктердің жоғары жүйелік концентрацияларының салдары ретінде артериялық қысымның төмендеуі, брадикардия, аритмия дамуы және тіпті жүрек тоқтап қалуы мүмкін. Жүрек-қантамырлық уытты әсерлер жүректің және миокардтың өткізгіштік жүйесінің бәсеңдеуімен жиі байланысты, бұл жүрек лықсуының, артериялық гипотензияның, AV-блокадасының, брадикардияның және кейде, вентрикулярлы тахикардияны, вентрикулярлы фибрилляцияны және жүректің тоқтап қалуын қоса, вентрикулярлы аритмияның азаюына әкеледі. Бұл жағдайлар ОЖЖ тарапынан ауыр уыттылық белгілерінен, мысалы, құрысу түрінде жиі басым түседі, дегенмен сирек жағдайларда жүректің тоқтап қалуы ОЖЖ тарапынан бұрынғы әсерлерсіз басталды. Коронарлы қантамырларда вена ішіне өте тез болюсті инъекциядан кейін бупивакаиннің қан айналу жүйесіне ықпалын тигізетін, өздігінен немесе ОЖЖ тарапынан әсерлер пайда болғанға дейін басталатын жоғары концентрациясына жетуі мүмкін. Осы механизмді ескерсек, миокардтың бәсеңдеуі тіпті уыттанудың алғашқы симптомы ретінде дамуы мүмкін.

Емі. Жедел жүйелік уыттылық белгілері пайда болған кезде жергілікті анестетиктерді қолдануды дереу тоқтату керек. Емдеу өкпені талапқа сай желдетуді, оксигенацияны және қан айналымын демеуге бағытталуы тиіс. Оттегіні әрдайым беру керек және, қажет етуіне қарай, өкпені жасанды желдету қажет. Егер құрысулар 15 - 20 секундтан кейін өздігінен тоқтамаса, пациентке өкпенің желденуін жақсарту үшін вена ішіне 1 - 3 мг/кг натрий тиопенталын енгізу, немесе вена ішіне 0,1 мг/кг диазепамды енгізу керек (бұл дәрі едәуір баяу әсер етеді). Ұзақ құрысулар пациенттің тыныс алуына және оксигенацияға қатер төндіреді. Миорелаксанттармен (мысалы, суксаметоний 1 мг/кг) инъекция пациенттің өкпесін желдету және оксигенация үшін жағымдырақ жағдай жасайды, дегенмен трахеальді интубация және ӨЖЖ жүргізу тәжірибені қажет етеді.

Артериялық қысым төмендегенде/брадикардияда вазопрессорлы дәрілер (мысалы, вена ішіне эфедрин 5-10 мг, енгізуді 2-3 минуттан кейін қайталауға болады).

Қан айналымы тоқтаған жағдайда пневмокардиальді реанимациялық шараларды дереу бастау керек. Тиісті тыныс оксигенациясын және қан айналымын ацидозды түзетумен бір мезгілде демеу маңызды.

Жүрек тоқтап қалған кезде ұзақ реанимациялық шаралар іске асуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны ампулаларда 5 мл-ден.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынған.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және кесетін керамикалық дискімен немесе ампулалық керамикалық пышақпен бірге картон қорапқа салынған.

Сындыратын сақинасы немесе нүктесі және кертігі бар ампуладағы препаратты қаптағанда кесетін керамикалық дискіні немесе ампулалық керамикалық пышақты салмауға болады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Здоровье народу» Харьков фармацевтикалық кәсіпорны» ЖШҚ.

Украина, 61013, Харьков қ., Шевченко к-сі, 22.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

  • Гуськов Александр Евгеньевич

    Жеке куәлік № 018905173,

    14.01.2006 ж. берілген

    050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Майлин к-сі, 72-үй, 34-п.

    ұялы. тел. +7 777 392 80 80

    E-mail: farmevro@mail.ru

    Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

  • Гуськов Александр Евгеньевич

    Жеке куәлік № 018905173,

    14.01.2006 ж. берілген

    050039, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Майлин к-сі, 72-үй, 34-п.

    ұялы. тел. +7 777 392 80 80

    E-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

066195501477976529_ru.doc 80.5 кб
553989341477977691_kz.doc 43.22 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники