Брюлиум Лингватабс

МНН: Домперидон
Производитель: Лаборатории ВУЛФС
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Domperidone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014080
Период регистрации в РК: 27.03.2015 - 27.03.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Брюлиум Лингватабс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Домперидон

Дәрілік түрі

10 мг ұсақталатын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10 мг домперидон

қосымша заттар: - бұрыш жалбызы Р0551 ұнтағы, аспартам, кросповидон, микрокристалдық целлюлоза, маннит түйіршіктері (pearlitol MG), кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Екі жақ беті дөңес ақ немесе ақ дерлік түсті дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Асқазан-ішек жолы моторикасының стимуляторлары. Домперидон.

АТХ коды: А03FА03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Домперидон аш қарынға ішу арқылы қабылдаған кезде жылдам сіңеді, плазмадағы ең жоғары концентрацияға (Сmax) шамамен 60 минуттан кейін жетеді. Ішу арқылы қабылдайтын домперидонның төмен (шамамен 15%) абсолютті биожетімділігі ішек қабырғалары мен бауырда қарқынды метаболизденуі арқылы жүзеге асады. Сау адамдарда тамақтан кейін қабылдағанда домперидонның биожетімділігі артса да, асқазан-ішек жолдарына шағымы бар науқастар домперидонды тамақтанудан 15-30 минут бұрын қабылдағандары жөн. Асқазан қышқылдылығының төмен болуы домперидонның сіңуін төмендетеді. Алдын ала циметидинді немесе натрий бикарбонатын қабылдағаннан кейін препаратты ішу арқылы қабылдаған кезде препараттың биологиялық тұрғыдан жеткілікті болуы азаяды. Препаратты тамақтанудан кейін ішу арқылы қабылдағанда ең жоғары сіңуі біршама баяулайды, ал қисық астындағы көлемі (АUC) біршама артады.

Ішу арқылы қабылдағанда домперидон жиналып қалмайды және өзінің жеке алмасуын индукцияламайды; күніне 30 мг-нан екі апта ішу арқылы қабылдағаннан кейін 90 минуттан соң (21 нг/мл) плазмадағы ең жоғары деңгейі алғашқы дозаны қабылдаудан кейінгі (18нг/мл) деңгейдегідей дерлік болды.

Домперидон плазма ақуыздарымен 91–93%-ға байланысады. Домперидон гематоэнцефалдық бөгет арқылы аздап өтеді. Домперидонның алмасуы гидроксилдену және N-деалкилирлену жолымен бауырда жылдам және қарқынды өтеді. in-vitro метаболизмін зерттеу CYP3A4 домперидонның N-деалкилирленуіне қатысатын Р-450 цитохромының негізгі изоферменті болып табылатынын, сонымен қатар CYP3A4 – CYP1A2 және CYP2E1 бірігіп домперидонның хошиістік гидроксилирленуіне қатысатынын көрсетті.

Несеппен және нәжіспен бірге шығарылуы ішу арқылы қабылдаған дозаның, тиісінше, 31%-ын және 66%-ын құрайды. Препараттың өзгермеген күйінде бөлініп шығуы аз ғана пайызды (нәжіспен 10% және несеппен шамамен 1%) құрайды.

Бір реттік дозаны қабылдаудан кейінгі плазмадан жартылай шығарылу кезеңі сау адамдарда 7-9 сағатты, бірақ бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда бұдан ұзағырақ уақытты құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі орташа емделушілерде (Child-Pugh бойынша 7-9 балл немесе B класы), AUC және домперидонның C макс дені сау тұлғалардан қарағанда тиісінше 2.9- және 1.5 есе жоғары. Байланыспаған фракция деңгейі 25%-ға ұлғаяды, ал жартылай шығарылу кезеңінің соңғы кезеңі 15-тен 23 сағатқа ұзарады. Бауыр функциясы орташа бұзылған емделушілерде C макс және AUC негізінде ақуыздармен байланыста немесе жартылай ыдырау кезеңінде қандай да бір өзгерістерсіз дені сау субъектілерден қарағанда жүйелі әсері біршама төмен. Домперидонның бауыр жеткіліксіздігі ауыр емделушілердегі фармакокинетикасы зерттелмеген. Брюлиум Лингватабс бауыр жеткіліксіздігі орташа немесе ауыр емделушілерге қолданылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде (креатинин клиренсі <30 мл / мин / 1,73 м 2) домперидонның жартылай шығарылу кезеңі 7,4 сағаттан 20,8 сағатқа дейін ұзарады, бірақ препараттың плазмадағы деңгейі дені сау еріктілерден қарағанда төмен. Препарат бүйрек арқылы өзгермеген күйде өте аз (шамамен 1%) шығарылатындықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда бір рет енгізу кезінде дозаны түзету қажеттілігінің ықтималдығы аз.

Дегенмен, қайта енгізгенде препараттың қолдану жиілігі бұзылу ауырлығына байланысты бір немесе екі ретке дейін төмендетілуі тиіс және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Балалар

Фармакокинетикалық деректер педиатриялық популяцияда зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Домперидон – құсуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар дофаминнің антагонисі. Оның құсуға қарсы әсері шеткергі (гастрокинетикалық) әсерінің және postrema аймағында гематоэнцефалдық бөгеттің артқы жағындағы гастрем аймағында болатын хеморецепторлардың тригерлік аумағындағы дофамин рецепторларына антагонизмінің жалғануымен байланысты болуы мүмкін. Домперидон гематоэнцефалдық бөгеттен мардымсыз өтеді. Домперидонды қолдану әсіресе ересектерде сирек жағдайда экстрапирамидтік жағымсыз әсерлермен қатар жүреді, бірақ домперидон гипофиздің пролактин бөлуін стимуляциялайды.

Жануарларды зерттегенде домперидон мида төмен концентрацияларда табылған, бұл домперидонның допамин рецепторларына басым шеткергі әсерін көрсетеді.

Адамдарды зерттеу домперидонды ішке қабылдағанда төменгі эзофагеальді тыныштық аймағындағы қысым артатынын, антродуоденальдік моторика жақсаратынын және асқазан босауының жылдамдауын көрсетті, бұл ретте домперидон асқазан сөлінісіне ықпал етпейді.

Домперидонның QT ықпалы екі зерттеуде домперидонды 4 күн бойы күніне 80 мг-ға дейін (10 немесе 20 мг х күніне 4 рет) қабылдайтын дені сау субъектілерде белсенді бақылауымен және плацебомен зерттелген. QTc интервалының ең жоғарғы айырмашылығы домперидонды күніне 4 рет 20мгх қабылдағанда және плацебо орташа бастапқы мәні 3,4 мс (1,0-ден 5,9 мс дейін) болғанда 10 мс аспайтыны анықталған. Клиникалық тұрғыдан маңызды QTc - әсерлер домперидонды тәулігіне 80 мг дозада (яғни, ұсынылған ең жоғарғы тәуліктік дозадан екі есе үлкен) қолданғанда байқалмады. Алайда, екі зерттеу домперидонды монотерапия ретінде (10 мг күніне 4 рет) қолданғанда QTc ұзаруының кейбір белгілерін көрсетті. QTcF айырмашылығының орташа максимумы домперидон мен плацебо арасында 5,4 мс құрайды (95% ДИ: -1,7-ден 12,4-ге дейін) және 7,5 мс (95% ДИ: 0,6-дан 14,4-ге дейін), тиісінше.

Қолданылуы

- жүректің айнуы мен құсуды симптоматикалық емдеуге.

Қолдану тәсілі және дозалары

Брюлиум Лингватабс препаратын жүрек айнуы мен құсуды жою үшін қажетті қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді дозада қолданған жөн.

Брюлиум Лингватабсты тамаққа дейін қабылдау ұсынылады. Егер тамақтан кейін қабылдаса препараттың сіңуі біраз кідіріп жүреді.

Брюлиум Лингватабс таблетканың ауызда жылдам еруін қамтамасыз етеді және су ішуді талап етпейді. Таблетканы тілге салу керек. Бірнеше секунд ішінде ол тіл беткейінде ериді, оны су ішпей сілекеймен жұтуға болады. Препараттың дәмі жағымды.

Емделушілер бір реттік дозаларды белгіленген уақытта қабылдаулары қажет. Егер қандай да бір себеппен кезекті дозаны қабылдау жіберілсе жіберілген доза қабылданбайтынын және келесі доза әдеттегі уақытта қабылданатынын емделушілерге ескерту керек. Бер реттік дозаны жіберілген дозаны өтеу үшін еселеуге болмайды.

Емнің ең жоғарғы ұзақтығы бір аптадан аспауы керек.

Ересектер, жасөспірімдер және 12 жастан асқан және салмағы 35 кг және одан асатын балалар

1 (10 мг) таблеткадан тәулігіне 3 рет тағайындайды, ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 30 мг.

Нәрестелер, сәбилер, 12 жасқа толмаған балалар және дене массасы 35 кг-нан төмен жасөспірімдер

Брюлиум Лингватабс таблеткаларын дәлме-дәл дозалау қажеттілігіне байланысты балалар мен дене массасы 35 кг-нан аспайтын жасөспірімдерде пайдалануға жарамсыз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа ауырлық дәрежесінде қолданылмайды. Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесінде дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Домперидонның жартылай шығарылу кезеңі ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде ұзаратындықтан препаратты қолдану жиілігі бұзылыстың ауырлығына байланысты күніне бір немесе екі ретке дейін төмендетілуі тиіс және дозаны төмендету талап етілуі мүмкін.

СБЖ бар емделушілерді емделу кезінде мұқият бақылау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлердің жиілігін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: өте жиі (≥1 / 10); жиі (≥1 / 100 <1/10 дейін); Сирек емес (≥1 / 1000 <1/100 дейін); сирек (≥1 / 10 000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз - жиілігі клиникалық сынақ деректері бойынша бағалануы мүмкін емес.

Жиі

- ауыздың құрғауы

Сирек

- либидоны жоғалту

- үрей, астения, ұйқышылдық

- бас ауыруы

- диарея

- бөртпе, қышыну

- галакторея, кеуденің ауыруы, сүт бездерінің қатаюы

Белгісіз

- анафилактикалық реакциялар (оған қоса анафилактикалық шок), есекжем, ангионевротикалық ісіну

- ажитация, жүйкенің жұқаруы

- құрысу, экстрапирамидтік бұзылыстар, окулогирлік криз

- қарыншалық аритмия, кенет жүректен болатын өлім, QTc пролонгациясы, «пируэт» аритмиясы

- несеп іркілуі, гинекомастия, аменорея

- зертханалық көрсеткіштерде бауыр функционалдық тестілердің бұзылуы

- қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- домперидонге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- асқазан моторикасының стимуляциясы қауіпті болуы мүмкін асқазан-ішектік қан кету, механикалық бітеліс немесе тесілу

- гипофиздің пролактин-секреторлық ісігі (пролактиномамен)

- бауыр жеткіліксіздігінің ауыр және орташа дәрежесі

- қазіргі уақытта немесе сыртартқысында өткізгіштігінің бұзылуы бар емделушілер, атап айтқанда QT интервалының ЭКГ-ға ұзаруы

- электролиттік балансы айқын бұзылған немесе күрделі жүрек ауруы (мысалы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі) бар емделушілер

- QT интервалын ұзартатын дәрілік заттармен бірге қолдану

- CYP3А4 күшті тежегіштері болып табылатын дәрілік заттармен бірге қолдану (олардың әсеріне қарамастан QT ұзартады)

- 12 жасқа дейінгі және дене массасы 35 кг-нан төмен балалар

Дәрілермен өзара әрекетесуі

Антихолинергиялық препараттар Брюлиум Лингватабс препаратының әсерін әлсіретуі мүмкін.

Домперидонның асқазан мен аш ішектің жиырылуын күшейтетін болғандықтан, ол аш ішектен аспирин, парацетамол, диазепам сияқты дәрілік заттардың сіңуін жылдамдата алады. Басқа жағынан алғанда, көбіне асқазанда сіңетін дәрілік заттардың сіңуі төмендеуі мүмкін. Белсенді заты баяу босап шығатын препараттардың немесе ішекте еритін қабықпен қапталған препараттардың сіңуі өзгеруі мүмкін. Антацидтер Брюлиум Лингватабс препаратының сіңірілуіне ықпал етпейді.

Брюлиум Лингватабсты МАО ингибиторларымен абайлап тағайындаған жөн. Суксаметониймен бір мезгілде қолдану нейробұлшықет бөгеті ұзақтығының ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер нәтижесінде QT-интервалы пролонгациясының даму қаупінің өсуі

Брюлиума Лингватабсты с QTc-ұзартатын дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

QTc - ұзартатын дәрілік заттар:

- IA кластағы аритмияға қарсы препараттар (мысалы, дизопирамид, гидроксихинидин, хинидин)

- III кластағы аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, дофетилид дронедарон, ибутилид, соталол)

- кейбір антипсихотикалық препараттар (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол)

- кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам)

- кейбір антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин)

- кейбір зеңге қарсы дәрілер (мысалы, пентамидин)

- кейбір малярийға қарсы дәрілер (атап айтқанда, галофантрин, люмефантрин)

- асқазан-ішек ауруларында қолданылатын кейбір препараттар (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд)

- кейбір антигистаминдік дәрілер (мысалы, меквитазин, мизоластин)

- обырда қолданылатын препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин)

- кейбір басқа дәрілер (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон).

Домперидонның метаболизмінде басты орынды CYP3A4 изоферменті алады. in vitro зерттеу нәтижелері және клиникалық тәжірибе бұл изоферментті тежейтін препаратарды бір уақытта қолдану домперидонның плазмадағы концентрациясының артуын туындатуы мүмкін екенін көрсетті.

Брюлиум Лингватабс CYP3А4 изоферментінің күшті тежегіштерімен тағайындауға болмайды (олардың QT-әсерлеріне қарамастан): азол қатарындағы зеңге қарсы препараттар (имидазолдар), макролид тобының антибиотиктері (эритромицин, кларитромицин, телитромицин), АИВ-протеаза ингибиторлары, антидепрессанттар (нефазодон) өйткені олар домперидонның метаболизмін бөгеуі мүмкін, бұл оның плазмадағы концентрациясының жоғарылауына әкеледі. CYP3A4 орташа ингибиторларымен (дилтиазем, верапамил және кейбір макролидтер) бір уақытта қолдану ұсынылмайды.

Келесі заттармен бір уақытта қолдану сақтықты талап етеді

- брадикардия мен гипокалиемияны индуциялайтын препараттар;

- QT-интервалды ұзартатын макролидтер: азитромицин мен рокситромицин (кларитромицинді CYP3A4 мықты ингибитор ретінде қолдануға болмайды).

Сақтықпен қолдану немесе тағайындау ұсынылған заттардың жоғарыда келтірілген тізбесі шамалы және соңына дейін жоққа шығармайтын болып табылады.

Жеке фармакокинетикалық/фармакодинамикалық зерттеулер домперидонның дені сау субъектілерде кетоконазолдың немесе эритромициннің ішілетін түрлерімен өзара әрекеттесуі домперидонның бұл препараттармен CYP3A4 арқылы бастапқы метаболизмінің айқын тежелетінін растады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Қазіргі уақытта QT интервалының өзгеруіне плазмадағы домперидонның жоғары концентрациялары қанша үлес қосатыны белгісіз.

Бұл зерттеулерде домперидонмен (10 мг тәулігіне төрт рет) монотерапия QT интервалын 1,6 мс (кетоконазолды зерттеу) және 2,5 мс ұзартты (эритромицинді зерттеу), ал бүкіл қадағалау кезеңінде тиісінше кетоконазолмен (200 мг тәулігіне екі рет) монотерапия және эритромицинмен (500 мг тәулігіне үш рет) монотерапия QT интервалын 3,8 және 4,9 мс ұзаруына әкелді.

Айрықша нұсқаулар

Домперидонның бауырдағы метаболизмінің жоғары деңгейін ескере отырып, бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге Брюлиум Лингватабсты сақтықпен тағайындау керек. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (сарысу креатинині › 6 мг/100 мл) бар науқастарда домперидонның жартылай шығарылу кезеңі 7,4 сағаттан 20,8 сағатқа дейін артады, бірақ препараттың плазмадағы концентрациясы сау еріктілерге қарағанда төмен болды. Препараттың аздаған пайызы өзгермеген күйінде бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда дозаны түзетудің қажеті жоқ. Алайда қайталап тағайындаған кезде жағдайының ауырлығына қарай енгізу жиілігі тәулігіне бір немесе екі есеге дейін төмендетілуі тиіс және дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Ұзақ емдеу кезінде науқастар мұқият дәрігерлік бақылауда болуы тиіс.

Домперидонды ересектер мен балаларда ең төменгі тиімді дозада пайдалану керек.

Домперидонды қолдануды ЭКГ-ға QT интервалының пролонгациясымен байланыстырады. Пост-маркетингілік қадағалау уақытында домперидон қабылдайтын емделушілерде өте сирек QT-пролонгациясы және қарыншалардың дірілдеу-жыпылықтау жағдайлары болды. Бұл хабарламаларда электролиттік бұзылыстардың және ықпал етуші фактор болған қатарлас емнің болуы сияқты қауіп факторлары бар емделушілер болды.

Эпидемиологиялық зерттеулер күрделі қарыншалық аритмияның немесе кенет жүректен болатын өлімнің (Жағымсыз әсерлерін қар.) жоғары қаупімен байланысты болғанын көрсетті. Жоғары қауіп 60 жастан асқан емделушілерде, күніне 30 мг-нан артық доза қабылдайтын емделушілерде, QT-ұзартатын препараттарды немесе CYP3A4 тежегіштерін бір уақытта қабылдайтын емделушілерде байқалды.

Домперидон жүрек өткізгіштік интервалының бұрыннан белгілі пролонгациясы бар емделушілерде, атап айтқанда QTc, электролиттер балансы бұзылған (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) немесе брадикардиясы науқастарда, немесе қарыншалық аритмияның жоғары қаупі салдарынан іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты қатарлас жүрек аурулары бар емделушілерді (Жағымсыз әсерлерін қар.). Электролиттік бұзылыстар (гипокалиемия, гиперкалиемия, гипомагниемия) немесе брадикардия, әдетте, проаритмогенді қауіп факторлары болып табылады.

Домперидонды емдеу жүрек аритмиясымен байланысты болуы мүмкін белгілер немесе симптомдар дамыған жағдайда тоқтатылуы тиіс, ал емделушілер өз дәрігерлерімен кеңесулері тиіс.

Емделушілер кез келген жүрек симптомдары туралы дереу хабарлаулары керек.

Брюлиум Лингватабс құрамында аспартам бар, сондықтан препарат фенилкетонуриясы бар адамдарға қолданылмайды.

Педиатрияда қолданылуы

Неврологиялық жағымсыз әсерлер сирек кездескенмен (Жағымсыз әсерлерін қар.) неврологиялық жағымсыз әсерлер қаупі кіші жастағы балаларда жоғары, өйткені метаболизмдік функциялар және гематоэнцефалдық бөгет өмірдің алғашқы айларында әлі толығымен қалыптаспаған. Артық дозалау балаларда экстрапирамидтік симптомдар туындатуы мүмкін, бірақ басқа себептер де назарға алынуы тиіс.

Жүктілік пен лактация

Домперидонды жүкті әйелдерде қолдану туралы шектеулі пост-маркетингілік деректер бар. Егер күтілетін әсері ана үшін қауіптен басым болса, препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болады.

Домперидон емізу кезінде ана сүті арқылы бала организміне аналық плазмадағы концентрациядан дозаға түзетумен 0,1%-дан аз көлемде түседі. Сәбилерде жағымсыз әсерлердің пайда болуы, атап айтқанда, препараттың емшек сүт арқылы ықпалынан кейін жағымсыз жүрек әсерлері жоққа шығарылуы мүмкін емес. Емізуді тоқтату немесе домперидонмен емдеуді тоқтату туралы шешім емшекпен емізудің бала үшін басымдығын және емнің әйел үшін пайдасын ескере отырып қабылдануы тиіс. Емізу кезіндегі QTc – қауіпті факторлар болған жағдайда сақтық таныту керек.

Брюлиум Лингватабс қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы есебінен сүт бөлінісін ұлғайтуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емдік дозаларда Брюлиум Лингватабс автокөлікті немесе басқа да механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: хабарламаларға сәйкес артық дозалану, ең бірінші сәбилер мен балаларда болуы мүмкін. Артық дозалану симптомдарына ажитация, сананың өзгеруі, құрысу, бағыттан адасу, ұйқышылдық және экстрапирамидтік реакциялар кіруі мүмкін.

Емдеу. Спецификалық у қайтарғысы жоқ. Артық дозаланған жағдайда асқазанды шаю, белсендірілген көмірді қолдану, дәрігердің емделушіні мұқият бақылауы мен демеуші ем ұсынылады. QT-пролонгацияның мүмкіндігіне байланысты ЭКГ мониторингілеу жүргізу керек. Мұқият медициналық бақылау және демеуші ем. Антихолинергиялық препараттар, атап айтқанда паркинсонға қарсы препараттар экстрапирамидтік бұзылыстарды басуда пайдалы болуы мүмкін.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

2 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде + 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Лаборатории ВУЛФС, Вестпурт, 50-58, В-2070, Звейндрехт, Бельгия

Тіркеу куәлігінің иесі

Брюфармэкспорт с.п.р.л., Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы қ-сы, Бөгенбай Батыр к-сі, 142, 724 кеңсе

Телефон нөмірі 8 (727) 250 72 70

Факс нөмірі 8 (727) 250 72 70

Электрондық поштасы bruphbe@brupharm.skynet.be

Прикрепленные файлы

422615471477976513_ru.doc 87 кб
445015021477977673_kz.doc 96 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники