БРУСНИКА
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Қызылжидек
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Жапырақтар 25 г
Құрамы
Бір пәшкенің ішінде
белсенді зат – 25 г қызылжидек жапырақтары
Сипаттамасы
Қысқа шыбықты, қабыршықты, эллипс тәрізді немесе кері жұмыртқа тәрізді, ұш жағы мұқалған немесе әлсіз ойылған, шеттері тұтас немесе сәл кертілген, ішке қарай қайырылған, ұзындығы 7-30 мм, ені 5-15 мм жапырақтар. Жапырақтардың үстіңгі жағы қою жасыл, төменгі жағы ашық-жасыл, анық білініп тұрған күңгірт қоңыр нүктелері (бездерімен) бар. Иісі жоқ.
Фармакотерапиялық тобы
Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды G04
Фармакологиялық қасиеттері
Өсімдік текті препарат. Құрамында гликозид арбутин, ликопин, гидрохинон, вакцинин; хинин, урсол, шарап, эллаг қышқылдары;
танин, гиперозид, фенол гликозиді, меланпсорид, салидрозид, иіткіш заттар, аскорбин қышқылы, флавоноидтар (авикулярин, кемпферол, идеинхлорид) бар.
Микробқа қарсы, қабынуға қарсы, диуретиктік әсер береді. Қызылжидек жапырақтары алтын түстес стафилококқа қатысты белсенді. Препарат антибиотиктердің тиімділігін арттырады, фагоцитозды және организмнің т.б. қорғаныс күштерін көтермелейді, азотты алмасуды реттейді.
Қолданылуы
Кешенді емдеуде
- бүйректің, қуықтың және несеп шығару жолдарының қабыну ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
6 г (1 ас қасық) препараттан эмаль ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды, қақпақпен жабады да, қайнап жатқан су моншасында 30 минут қыздырады, сосын салқындатпай сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған қайнатпаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді.
Ішке, 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет тамақтанудан кейін 40 минут өткен соң қабылдайды. Емдеу курсы 20-25 күн. Курсты 10-12 күндік үзілістен кейін қайталауға болады, бірақ дәрігердің ұсынымы бойынша жылына 4 курстан аспауы керек.
Қолдану алдында шайқап араластыру керек.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтау керек. Қолданар алдында шайқау қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады
Балаларға
Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г препараттан полиэтилен пакеттерге немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған немесе полипропилен пакеттерге салынған, оларды медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған картон пәшкелерге салады.
Пәшкені полиэтилен немесе полипропилен үлбірмен жабады, содан соң қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге орналастырады.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., Химфармзауыт ықш. ауд., 2/1
Тіркеу куәлігінің иесі
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., Химфармзауыт ықш. ауд., 2/1, тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-35-13, е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz