Бронхорус (сироп, 3 мг/мл)

МНН: Амброксол
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013687
Информация о регистрации в РК: 15.05.2014 - 15.05.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхорус

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

Шәрбат 3 мг/мл

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат – 3 мг амброксол гидрохлориді,

қосымша заттар: сорбитол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, пропиленгликоль, натрий сахаринаты, повидон, таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссізден сәл сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол

АТХ коды R05CB06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі – жоғары (енгізудің кез келген жолымен). Ішке қабылдағаннан кейін әсері 30 минуттан соң басталады және 6-12 сағат бойы жалғасады. Ең жоғары концентрациясына жету уақыты – 2 сағ. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 80%. Гематоэнцефалдық бөгет, плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен бөлінеді.

Метаболизмі – бауырда, дибромантранил қышқылын және глюкуронды конъюгаттарды түзеді. Жартылай шығарылу кезеңі (Т 1/2) – 7-12 сағат. Бүйрекпен шығарылады: 90% суда еритін метаболиттер түрінде, өзгермеген түрде – 10 %.

Жартылай шығарылу кезеңі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде (СБЖ) ұлғаяды, бауыр функциясының бұзылуында өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Муколитикалық және қақырық түсіретін дәрі. Секретолитикалық, секретомоторлық және қақырық түсіретін әсерге ие. Амброксол бронхтар шырышты қабығы бездерінің серозды жасушаларын көтермелейді, қақырық шырышты компонентінің мөлшерін арттырады және қақырықтың серозды және шырышты компоненттерінің бұзылған арақатынасын қалпына келтіреді. Гидролиздеуші ферменттерді белсендіре отырып (қақырықтың полисахаридтері арасындағы ыдырататын байланыстар) және Кларк жасушасынан лизосоманың босап шығуын күшейте отырып, қақырық тұтқырлығын және оның адгезивтік қасиеттерін (муколитикалық немесе секретолитикалық әсерін) азайтады.

Амброксол бронх шырышты қабығының жыпылықтағыш эпителий қимыл белсенділігін (мукокинетикалық немесе секретомоторлық әсерін) көтермелейді және арттырады, кірпікшелердің жабысуына кедергі келтіреді.

Бронх эпителийі кірпікшелік (цилиарлық) жасушаларының спираль бойынша перистальтикалық жиырылуы шырышты бронх тармағынан шығарады (мукоцилиарлық тасымалдау немесе мукоцилиарлық клиренс). Амброксол мукоцилиарлық тасымалдауды едәуір жақсартады.

Амброксол альвеолалар мен бронхтарда беткейлік-белсенді заттардың (сурфактанттың) синтезі мен секрециясын арттырады.

Осы механизмдердің нәтижесінде қақырықтың тұтқырлығы едәуір азаяды және оның шығарылуы жақсарады.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

- жедел және созылмалы бронхитте

- пневмонияда

- қақырық түсудің қиындауы бар бронх демікпесінде

- бронхоэктаздық ауруда

- өкпенің созылмалы обструктивті ауруларында (ӨСОА)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (жарты стақан су, шай немесе шырын), тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін.

1 шай қасық (5 мл) шәрбаттың құрамында 15 мг амброксол гидрохлориді бар.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – алғашқы 2-3 күні –10 мл-ден (2 шай қасық) тәулігіне 3 рет, содан соң 10 мл шәрбаттан (2 шай қасық) тәулігіне 2 рет немесе 5 мл шәрбаттан (1 шай қасық) тәулігіне 3 рет. Аурудың ауыр жағдайларында бүкіл емдеу курсы бойы дозаны азайтпайды – 10 мл шәрбаттан (2 шай қасық) тәулігіне 3 рет.

5-12 жастағы балаларға 5 мл шәрбаттан (1 шай қасық) тәулігіне 2-3 рет; 2-5 жастағы балаларға – 2,5 мл шәрбаттан (1/2 шай қасық) тәулігіне 3 рет, туған сәтінен 2 жасқа дейін – 2,5 мл шәрбаттан (1/2 шай қасық) тәулігіне 2 рет тағайындайды.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 4-5 күннен артық қолдану ұсынылмайды.

Препаратты қолдану кезінде көп мөлшерде ішу керек.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

- тыныс алу жолдары шырышты қабығының құрғауы, ринорея, экзантема, дизурия

Сирек

- ауыздың құрғауы, диарея, іш қату, гастралгия, жүрек айнуы, құсу

- тері бөртпесі, есекжем, ангионевротикалық ісіну

- әлсіздік, бас ауыру

Өте сирек

- аллергиялық дерматит, анафилактикалық шок, көп формалы экссудативтік эритема (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі

Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар емделушілер препаратты (құрамында сорбитол болуына байланысты) қабылдамауы тиіс.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жөтелге қарсы дәрілік заттармен біріктіріп қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырық шығуының қиындауына әкеледі.

Амоксициллин, цефуроксим, эритромицин және доксициклиннің бронх секретіне өтуін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: бауыр жеткіліксіздігінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, асқазанның және 12 елі ішектің ойық жара ауруында.

Қақырық шығуын қиындататын жөтелге қарсы дәрілік заттармен біріктіруге болмайды.

Құрамында қант жоқ! Қант диабетінен зардап шегетін емделушілерге шәрбатты тағайындауға болады: 5 мл шәрбаттың құрамында сорбитол және сахарин 0,18 НБ сәйкес мөлшерде болады.

Препарат іш жүргізетін әсер туындатуы мүмкін, өйткені сорбитолдың мөлшері тәуліктік дозада 10 мг артуы мүмкін (600 мг сорбитол 1 мл шәрбатта, ал тәуліктік доза 18 г сорбитолға сәйкес 30 мл жетуі мүмкін).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктіліктің ІІ-ІІІ триместрінде препаратты қабылдау қажет болғанда анасы үшін емнің ықтимал пайдасы мен ұрыққа төнетін ықтимал қаупін бағалау керек.

Амброксол емшек сүтімен бөлінетіндіктен, бала емізу кезеңінде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде автокөлік жүргізгенде және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысқанда сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея.

Емі: жасанды құстыру, препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 1-2 сағаттан соң асқазанды шаю; құрамында майдың мөлшері көп тамақты қабылдау. Симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл-ден алғашқы ашылуы бақыланатын және оймамен қаусырылатын алюминий қалпақшалармен тығындалған мойны бұрандалы қызғылт сары шыныдан жасалған құтыда.

Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Синтез» ААҚ

Ресей, 640008, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: http://www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 8 -(7142) 28 01 79

 

 

Прикрепленные файлы

506255981477976713_ru.doc 54 кб
127937581477977855_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники