Бронхикум® ТП
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бронхикум® ТП
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
130 г (100 мл) эликсир
Құрамы
100 г эликсирдің құрамында
белсенді заттар: жебіршөптің сұйық сығындысы (1:2-2.5) (экстрагент: 10 % аммиак ерітіндісі – глицерин 85 % - этанол 90 % – тазартылған су (1:20:70:109)) – 5 г,
бәйшешек тамырының сұйық сығындысы (1:2-2.5) (экстрагент: этанол 70 %) - 2,5 г.
қосымша заттар: натрий бензоаты, сахароза және инвертті шәрбат қоспасы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жебіршөптің жеңіл иісі мен аздап ащылау тәтті жебіршөп дәмі бар, мөлдір, қызылдау-қоңыр ерітінді (жарамдылық мерзімінің соңында жеңіл бұлыңғырланып, ерітінді түсінің күңгірт-қоңырға дейін өзгеруіне жол беріледі).
Фармакотерапиялық тобы
Суық тию симптомдары мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі
АТХ коды R05CА10
Фармакологиялық қасиеттері
Препараттың қақырық түсіретін және түйілуді басатын әсері бар. Грамоң және грамтеріс бактериялардың кең ауқымына, ашытқылар мен өңезді зеңдерге қатысты микробтарға қарсы әсер білдіреді. Қақырық түсіретін әсері бронх эпителийі цилиарлы белсенділігін асқазанның шырышты қабығында кезбе жүйкені рефлекторлы стимуляциялау арқылы және серозды без жасушаларын өкпе экскрециясының көмегімен резобциялаудан кейін тікелей стимуляциялау арқылы күшейтуге негізделген.
Бәйшешек тамырынан жасалған препараттар негізінен асқазан шырышты қабығын жергілікті тітіркендіру арқылы қақырық түсіргіш әсер береді. Нашар сіңетін бәйшешек тамыры сапониндер асқазан шырышты қабығының тітіркенуін туғызады және осылайша тұтқырлықты төмендете отырып, бронх шырыштарының рефлекторлы сөлінісін туындатады.
Қолданылуы
- Бронхикум® Эликсир жедел бронхит симптомдарын емдеуде және суық тию салдарынан тұтқыр шырыш түзу арқылы жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде қолданылады.
Қолдану тәсілі және дозалары
Жасы 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға (шамамен 6-10 кг): 1,0 мл-ден тәулігіне 6 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 6 мл.
1-ден 4 жасқа дейінгі балаларға (шамамен 8-16 кг): 2,5 мл-ден тәулігіне 6 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 15 мл.
5 жасар балалардан бастап, жасөспірімдер және ересектерге: 7,5 мл-ден тәулігіне 4 рет. Жалпы тәуліктік дозасы 30 мл.
Күніне бірнеше қабылдауға бөліп, олардың арасында бірдей аралықты сақтай отырып, қабылдау керек. Қабылдау үшін қаптамасына қоса берілген дозалаушы құрылғыны пайдаланыңыз.
Орташа емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Дәрігердің ұсынымы бойынша оны ұзартуға және қайталау курсын жүргізуге болады.
«Айрықша нұсқаулар» және «Жағымсыз әсерлері» бөлімдерінде айтылған ақпаратты назарда ұстаңыз.
Құтыдан эликсир жеңіл ағып шығуы үшін құтының түбінен қағып жіберуге болады.
Бронхикум® Эликсир құрамында өсімдіктен алынған сығындылар бар. Жекелеген жағдайларда шөгінді немесе қауыздар пайда болуы мүмкін, бұл препарат тиімділігіне әсер етпейді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі
- құсу, 12 айдан кіші балаларда кездесуі мүмкін
Белгісіз жиілікте
- экзантема, есекжем немесе ентігумен қатар жүретін Квинке ісінуі сияқты жоғары сезімталдық реакциялары
- түйілулер, жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек тарапынан болатын шағымдар.
Егер сіз осы жағымсыз реакциялардың қайсысын болсын, әсіресе беттің, ауыз қуысы немесе жұтқыншақтың ісінуін байқасаңыз, препарат қабылдауды тоқтатыңыз да, шұғыл түрде өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз, ол олардың ауырлығын және қолданылатын шараларды анықтайды. Жоғары сезімталдықтың қандай болсын белгілерін байқасаңыз, Бронхикум® Эликсирді қабылдауды тоқтатыңыз.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- бәйшешеккке, жебіршөпке немесе басқа да ерін гүлдес өсімдіктерге (lamiaceae), немесе препараттың кез келген басқа ингредиентіне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Егер Сіз басқа дәріні, оның ішінде дәрігердің рецептісінсіз босатылатындарын қоса, қабылдап жүрсеңіз немесе таяуда қабылдасаңыз, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге немесе провизорға хабарлаңыз.
Айрықша нұсқаулар
Бронхикум® Эликсир құрамында алкогольдің 4,9 к. % болады. Бұл препаратты фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза мен галактоза сіңуінің бұзылуы немесе сахароза және изомальтаза жеткіліксіздігі жағдайында қабылдауға болмайды.
Жасы 6 айлықтан кіші балаларға арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері жоқ. Осы себептен оларға Бронхикум® Эликсир ұсынылмайды. Шағымдар сақталғанда немесе ентігу, дене температурасы 39° С жоғарылауы, ірің немесе қан аралас қақырық болған жағдайда дереу өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесу қажет.
Қант диабетіне шалдыққан науқастарға арналған ақпарат: 5 мл эликсирдің құрамында 0,38 НБ (нан бірлігі) бар. Калориялық құндылығы: 77 кДж, бұл шамамен 5 мл-ға 18 ккал сәйкес келеді.
Жүктілік және лактация
Жебіршөпті кеңінен дәрілік препарат ретінде, сондай-ақ тамаққа қолданғанда жүктілік және лактация кезінде қолданудың қауіптілігі туралы хабарлар байқалмаған. Бұған қарамастан, жүктілік және лактация кезіндегі бәйшешек тамыры мен жебіршөппен арнайы клиникалық зерттеулер нәтижелері жоқ. Демек, жүкті және бала емізетін әйелдерге Бронхикум® Эликсирді қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бронхикум® Эликсир автомобиль және жұмыс механизмдерін басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Эликсирді шамадан тыс қолданған жағдайда көрсетілген жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін.
Егер эликсирді жеткіліксіз қабылдасаңыз немесе оны қабылдауды ұмытып кетсеңіз, бір дозаны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз, содан соң қабылдауды тағайындалған түрінде жалғастырыңыз. Алайда, Бронхикум® эликсир қабылдауды күні бойы ұмытып кеткен болсаңыз, өткізіп алған дозаны қабылдамаңыз, бірақ келесі күні эликсир қабылдауды әдеттегідей жалғастырыңыз.
100 мл немесе 250 мл құты ішіндегісінің бәрін қабылдаған жағдайда организмге 4,2 г немесе 10,5 г алкоголь түседі.
Емі: симптоматикалық ем.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Балалардан қорғау жүйесі бар, түссіз полиэтиленнен жасалған қорғағыш сақинасымен және полиэтиленнен/алюминийден/полиэтиленнен жасалған нығыздағышы бар ақ полипропиленнен жасалған ішкі қақпақпен тығындалған, түссіз шыныдан жасалған құтыда 130 г (100 мл). Әр құтыға өзі желімделетін заттаңба жапсырылады. 1 құтыдан өлшеуіш қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құты ашылғаннан кейін эликсирді 25 °С-ден аспайтын температурада сақталған жағдайда 6 ай ішінде қабылдауға болады
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«А. Наттерманн энд Сие ГмбХ», Германия
Орналасқан мекенжайы: Nattermannallee 1, D-50829 Koln, Germany
Тіркеу куәлігінің иесі
Санофи, Франция
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы, Фурманов к-сі 187 “б”
телефон: 8 (727) 244-50-96
факс: 8 (727) 258-25-96
e-mail: quality.info@sanofi.com