Бронхикум®С

МНН: Тимьяна обыкновенного травы экстракт
Производитель: Санoфи - Авентис Сп.з.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019605
Информация о регистрации в РК: 18.01.2023 - 18.01.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Бронхикум® С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді зат – жебіршөп шөбінің сұйық сығындысы (1:2 – 2.5) (экстрагент: 10 % аммиак ерітіндісі – глицерин 85 % - этанол 90 % - тазартылған су

(1:20:70:109)) – 100 мг

қосымша заттар: 10% артық сахароза, поливидон, шашыратып кептірілетін әдіспен құрғатылған ментол (ментол – 5.688 мг, акация шайыры – 11.812 мг), шашыратып кептірілетін әдіспен құрғатылған цинеол (цинеол – 1.626 мг; акация шайыры – 9.214 мг), стеарин қышқылы, сусыз коллоидты кремний қостотығы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Диаметрі 12.5 мм-ден 12.7 мм-ге дейінгі және қалыңдығы 6.1 мм-ден 6.6 мм-ге дейінгі дөңгелек, сәл дөңес, аздаған теңбілдері бар ашық-сары түсті пастилкалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын және жөтелді жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды R05СА

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың қақырықты түсіретін, спазмолитикалық және бактерияларға қарсы әсерлері бар.

Қақырықты түсіретін әсері асқазанның шырышты қабығының кезбе жүйкесінің рефлекторлы стимуляциясы және өкпе экскретімен резорбциядан кейін серозды без жасушаларының тікелей стимуляциясы салдарынан бронх эпителийінің цилиарлы белсенділігінің күшеюімен жүзеге асады.

Қолданылуы

  • қақырықтың бөлініп шығуы қиын болатын жөтелмен қатарласа жүретін жұқпалы-қабыну ауруларында (симптоматикалық ем).

Препаратты тыныс жолдарындағы шырыштың сұйылуына жәрдемдесу үшін қолданады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Пастилкаларды қабылдаған кезде нұсқаулықта айтылғандарды орындауыңызды өтінеміз. Әдеттегі доза (егер дәрігер басқа нұсқаулар бермесе):

- күніне бірнеше рет 1 немесе 2 соратын пастилкадан

- пастилкаларды күніне бірнеше қабылдауға бөліп, мүмкіндігінше қабылдау аралықтарының теңдігін сақтай отырып, қолданыңыз

- Бронхикум пастилкасын ауызда баяу ерітіңіз

- Бронхикум пастилкасының әсері тым күшті немесе әлсіз деп есептесеңіз, мұны өзіңізді емдеп жүрген дәрігеріңізге айтыңыз.

Емдеудің орташа курсы 10-14 күнді құрайды. Емдеу ұзақтығын арттыру және қайталанатын емдеу курсы дәрігердің нұсқауымен жүргізілуі мүмкін.

Дәрі қабылдауды өткізіп алған жағдайда, қос доза қабылдамай-ақ, әдеттегідей қабылдауды жалғастыра беру қажет.

Бір сорғыш таблетка 0,07 НБ (нан бірлігіне) сәйкес келеді.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек

- жоғары сезімталдық реакциялары, мысалы, теріде бөртпе (экзантема) немесе есекжем, сондай-ақ беттің, ауыз маңының және/немесе жұтқыншақтың ісінуі (Квинке ісінуі)

Егер Сіз Бронхикум пастилкасын қабылдаудан қандай да болсын жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, мұны дереу өз дәрігеріңізге айтыңыз.

Егер жағымсыз әсерлердің қандай да болсын біреуі ауыр түрде болса, немесе егер Сіз осы нұсқаулықта аталмаған қандай да болсын жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, мұны өзіңізді емдеп жүрген дәрігерге айтуыңызды өтінеміз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жебіршөпке немесе препараттың кез келген ингредиентіне аллергия

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ. Егер Сіз басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз немесе қабылдағаныңызға көп уақыт болмаса, тіпті олар рецептісіз босатылған болса да, мұны дәрігеріңізге айтуыңызды өтінеміз.

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

6 жасқа толмаған балаларға қолданбау керек. Осы препарат жөнінде алынған зерттеу деректері бұл жас тобында жеткіліксіз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Арнайы зерттеу деректері жоқ болғандықтан, Бронхикум пастилкаларын жүктілікте және лактацияда қабылдамаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Арнайы сақтандырулар жоқ.

Артық дозалануы

Бронхикум пастилкаларымен улану белгілері толық жоққа шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 пастилкадан.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Санофи-Авентис Сп.з.о.о (Sanofi-Aventis Sp.z.o.o),

Любельска к-сі 52, 35-233 Ржежов, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

Санофи, Франция

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС

Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы, Қонаев к-сі, 21Б

телефон: 8-727-244-50-96

факс: 8-727-258-25-96

e-mail: quality.info@sanofi.com

 

Прикрепленные файлы

868683611477976961_ru.doc 53.5 кб
274246031477978137_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники