БРОМГЕКСИН ДС (Бромгексин)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
БРОМГЕКСИН ДС
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бромгексин
Дәрілік түрі, дозасы
Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 2 мг/мл
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді басатын біріктірулерді қоспағанда. Муколитиктер. Бромгексин.
АТХ коды R05CB02
Қолданылуы
бронхтар мен өкпенің қиын бөлінетін қақырықпен қатар жүретін жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секретолитикалық емде
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
бромгексинге және препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
жүктілік және бала емізу
18 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
тиімсіз қақырық түсіру және / немесе жөтел рефлексін басу кезінде препаратты бронхтың саңылауында бронх секретінің жинақталу мүмкіндігіне, мукостазға, желдетудің төмендеу мүмкіндігіне байланысты сақтықпен қолданады;
бауыр мен бүйрек жұмысының бұзылуы кезінде функционалдық бұзылу дәрежесіне байланысты тәуліктік дозаны азайту немесе енгізулер арасындағы аралықты ұлғайту талап етілуі мүмкін. Ұзақ уақыт қолданғанда бауыр трансаминазаларына мониторинг жүргізу қажет;
ойық жара ауруы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Аурудың белсенді фазасында пациенттерге пайдалануға болмайды;
мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және бромгексин қабылдаумен байланысты экзантеманың жедел жайылған пустулезі сияқты күрделі тері реакциялары туралы хабарланды. Шырышты қабықтарда зақымданулар мен көпіршіктердің дамуымен қатар жүретін үдемелі тері бөртпесінің белгілері пайда болған кезде препаратпен емдеуді дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
жөтел негізін (оның ішінде кодеин) басатын орталық және шеткері әсері бар дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындалмайды, өйткені бұл сұйылтылған қақырықтың шығуын қиындатады (тыныс алу жолдарында бронх секретінің жинақталуы).
бронх секрециясын төмендететін препараттармен бір мезгілде қабылдау (мысалы, атропин немесе оның туындылары) оңтайсыз;
антибиотиктермен бір мезгілде қабылдау олардың өкпе тініне енуін жақсартады және бронх секретіндегі антибиотик концентрациясын едәуір арттырады.
бромгексин сілтілік ерітінділермен үйлесімсіз
Арнайы ескертулер
Препаратты қабылдау кезеңінде зейін қоюдың аздап төмендеуі мүмкін, соның салдарынан жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін көлік құралдарын басқарудан және қауіптілігі зор басқа қызмет түрлерімен айналысудан тартына тұру қажет.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектер
Бұлшықет ішіне енгізу: 2 мг (1 ампула), күніне 2-3 рет.
Дәрі 2-3 минут ішінде бұлшықет ішіне терең енгізіледі.
Вена ішіне енгізу: 2 мг (1 ампула), күніне 2-3 рет.
Препарат 2-3 минут бойы баяу енгізіледі.
Оны глюкоза, левулоза немесе Рингер ерітіндісімен сұйылтылған вена ішіне инфузия түрінде де енгізуге болады.
Балалар
Балаларға қолдануға болмайды.
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылған науқастарға аз дозалар тағайындалады немесе препаратты енгізу арасындағы аралықты ұзартады
Емдеу ұзақтығы
Қысқа мерзімді пайдалану үшін. Жағдай жақсарғаннан кейін препаратты таблетка немесе шәрбат түрінде пероральді қабылдауға ауысу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Симптомдары: Препараттың артық дозалануына дәйектер жоқ. Жоғары дозаларды қабылдаған кезде мүмкін болатын симптомдар белгілі жағымсыз әсерлерге ұқсас болуы ықтимал.
Емі: Артық дозаланған жағдайда демеуші және симптоматикалық ем қолданылады. Арнайы антидоты жоқ.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жиі емес
жүрек айнуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, құсу, диарея
жоғары температура
Сирек
аса жоғары сезімталдық реакциясы, бронх түйілуі
тері бөртпесі, есекжем
Белгісіз
анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, терінің қышынуы
мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз және экзантеманың жедел жайылған пустулезі сияқты ауыр тері реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мл құрамында
белсенді зат: бромгексин гидрохлориді, 2.0 мг,
қосымша заттар: шарап қышқылы, глюкоза моногидраты, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Механикалық қоспалардан іс жүзінде таза, сары түсті мөлдір ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 мл препараттан ампуланы сындыруға арналған белгісі бар қоңыр шыны ампулаларға (I тип) құйылады.
10 ампуладан ПВХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші туралы мәліметтер
«ВЕТПРОМ» АД, Болгария,
2400, Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26.
Тел.: +35924519300.
E-mail: office@vpharma.bg
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«ДАНСОН-БГ» ООД, Болгария,
2400, Радомир қ., Отец Паисий к-сі, 26.
Тел.: +35924519300.
E-mail: info@danson.bg
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«ДАНСОН-БГ» ООД Қазақстандағы өкілдігі
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18.
Тел.: +7 (727) 395 91 13.
Моб. тел. 24/7: +7 (701) 718 25 92,
e-mail: layka16@mail.ru