Бримика® Дженуэйр®

МНН: Аклидиния бромид, Формотерол
Производитель: Индустриас Фармасеутикас Алмиралл, С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Формотерол и Аклидиния бромид
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022789
Информация о регистрации в РК: 27.05.2022 - 27.05.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Бримика® Дженуэйр®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ингаляцияға арналған 340 мкг/12 мг ұнтақ

Құрамы

Белсенді заттар

Бір дозаға (мг)

Ингаляторға 1

(мг)

аклидиний бромиді 2

микрондалған

(төрттік катион түрінде)

0.400

(0.343)

34.4

(29.5)

формотерол фумарат дигидраты 3 микрондалған

0.012

1.032

Ингаляторды толтырудың номинальді салмағы ингалятордан дозалардың мүмкін болатын соңғы дозаға дейін тиісінше босатылуын кепілдейтін қосымша мөлшерін қоса, 1032 мг ұнтақты құрайды.

2 Босатылған доза 396 мкг аклидиний бромидін (340 мкг төрттік катионға баламалы) құрайды.

3 Босатылған доза 11.8 мкг формотерол фумарат дигидратын құрайды.

Белгілі әсері бар қосымша заттар:

Босатылған бір доза құрамында шамамен 11 мг лактоза (моногидрат түрінде) бар.

Сипаттамасы

Ингалятор сипаттамасы

Қызғылт-сары қорғағыш қақпағы, қызғылт-сары дозалағыш түймесі және 60 дозалық препаратымен ішкі сақиналы есептегішті іске қосатын картриджі бар қозғалатын қалпақша орнатылған ақ түсті ингалятор.

Картридж құрамының сипаттамасы

Көрінетін агломераттарсыз немесе бөгде бөлшектерсіз ақ немесе ақ дерлік ұсақ еркін сусымалы ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ингаляциялық симпатомиметиктер. Антихолинергиялықтармен біріктірілген адреномиметиктер.

Формотерол және Аклидиний бромиді.

АТХ коды R03AL05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ингаляциялық жолмен аклидиний және формотерол бірге енгізілгенде заттардың әрқайсысының фармакокинетикасы, дәрілік заттарды әр бөлек енгізу кезіндегі фармакокинетикасымен салыстырғанда, елеулі айырмашылық көрсетпеген.

Сіңуі

Бримика® Дженуэйр® препаратының бір реттік 340 мкг/12 мкг дозасын ішке тартқан соң, аклидиний мен формотерол плазмада тез сіңіп, дені сау тұлғаларда ингаляциядан кейін 5 минут ішінде және ӨСОА зардап шегетін пациенттерде ингаляциядан кейін 24 минут ішінде плазмадағы жоғары шекті концентрациясына жетеді. ӨСОА зардап шегетін және 5 күн бойы тәулігіне екі рет Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдаған пациенттерде байқалатын тепе-теңдік күйіндегі аклидиний мен формотеролдың плазмадағы жоғары шекті концентрациялары ингаляциядан кейін 5 минут ішінде жеткен және тиісінше 128 пг/мл және 17 пг/мл құраған.

Таралуы

Дженуэйр® ингаляторы арқылы ішке тартқан аклидинийдің өкпеге түскен жалпы мөлшері өлшенген дозаның 30% шамасын құрады. Іn vitro плазма ақуыздарымен аклидиний байланысуы плазмада аклидинийдің тез гидролизденуіне байланысты, сірә, ақуыздармен метаболиттердің байланысуына сәйкес келеді, плазма ақуыздарымен байланысуы карбон қышқылының метаболиті үшін 87% және спирттік метаболит үшін 15% құрады.

Аклидиний байланыстыратын плазманың негізгі ақуызы альбумин болып табылады.

Формотеролдың плазма ақуыздарымен байланысуы 61% – 64% (34%, ең алдымен альбуминмен) құрайды. Емдік дозаларда қабылдағанда жететін концентрацияларда байланыстар қанығуы болмайды.

Биотрансформациясы

Аклидиний өзінің фармакологиялық белсенді емес спиртті дериваттарына және карбон қышқылы дериваттарына дейін тез және белсенді гидролизденеді. Ингаляциядан кейін плазмадағы қышқылды метаболит деңгейі спиртті метаболиттің және өзгермеген әсер етуші заттың деңгейінен шамамен 100 есе жоғары. Химиялық та (ферментативті емес), ферментативті де гидролизі эстеразалар қатысуымен жүреді, ал адамдағы гидролизге тартылған негізгі эстераза бутирилхолинэстераза болып табылады. Ингаляциялық енгізу кезіндегі аклидинийдің төмен абсолютті биожетімділігі (<5%) өкпеде болғанда да, ішке қабылдағанда да белсенді жүйелік және жүйе алдындағы гидролизге ұшырауымен байланысты. CYP450 ферменттері қатысуымен биотрансформациялануы аклидинийдің жалпы метаболизмдік клиренсінде елеусіз рөл атқарады. In vitro сынақтары аклидиний емдік дозаларда немесе оның метаболиттерінің P450 (CYP450) цитохромының қандай да бір ферменттерін бәсеңдетпейтінін немесе индукцияламайтынын және эстеразалар белсенділігін (карбоксилэстераза, ацетилхолинэстераза және бутирилхолинэстераза) бәсеңдетпейтінін көрсеткен. In vitro зерттеулері аклидиний немесе оның метаболиттерінің Р‑гликопротеин субстраттары немесе тежегіштері емес екенін көрсетті.

Формотерол ең алдымен метаболизм жолымен шығарылады. Ең маңызды жолы о-деметилденумен тікелей глюкурондану болып табылады, одан соң әріқарайғы метаболизм жолы болып табылатын глюкуронидпен конъюгациялануға ұласады. P450 цитохромы изоферменттері – CYP2D6, CYP2C19, CYP2C9 және CYP2A6 формотеролдың о-деметилденуіне қатысады. Формотерол емдік концентрацияларында CYP450 ферменттерін тежемейді.

Шығарылуы

Бримика® Дженуэйр® 340/12 мкг препараты ингаляциясынан соң аклидиний мен формотерол тиісінше 5 сағат және 8 сағатқа жуық соңғы жартылай шығарылу уақытын көріністеді.

Дені сау сыналушыларға радиобелсенді белгімен таңбаланған 400 мкг аклидиний бромидін вена ішіне енгізуден кейін енгізілген мөлшердің 1% жуығы өзгермеген күйде несеппен шығарылды. Дозаның 65% дейіні метаболиттер түрінде несеппен және 33% дейіні метаболиттер түрінде нәжіспен шығарылды. Дені сау сыналушыларға және ӨСОА зардап шегетін пациенттерге 200 мкг және 400 мкг аклидиний бромидін ингаляциялық енгізуден кейін өте аз мөлшерде, қабылданған дозаның 0,1% жуығы өзгермеген күйде несеппен шығарылған, бұл бүйрек клиренсінің плазмадан аклидинийдің жалпы клиренсінде елеусіз рөл атқаратынын көрсетеді.

Қабылданған формотеролдың негізгі бөлігі бауырдағы метаболизм есебінен қайта түзіледі, артынан бүйрекпен шығарылады. Ингаляциядан кейін формотеролдың 6-9% босатылған дозасы несеппен өзгермеген күйде немесе тікелей формотерол конъюгаттары ретінде шығарылды.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттер арасында аклидиний/формотерол фармакокинетикасының зерттеулері жүргізілмеген. Егде жастағы пациенттерде аклидиний қолданғанда да, формотерол қолданғанда да дозаны өзгерту қажет емес екендіктен, аклидиний/формотерол жағдайында оны егде жастағы пациенттерде қолданғанда дозаны өзгерту негізді болып табылмайды.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде аклидиний/формотеролды арнайы қолдану деректері жоқ. Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде аклидиний қолданғанда да, формотерол қолданғанда да дозаны өзгерту қажет еместіктен, аклидиний/формотерол жағдайында дозаны өзгерту негізді болып табылмайды.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Бримика® Дженуэйр® препаратында екі бронходилататор бар: аклидиний ұзақ әсер ететін мускаринді рецепторлар антагонисі болып табылады (сондай-ақ оның антихолинергиялық әсерінің бар екені белгілі), ал формотерол ұзақ әсер ететін β2-адреномиметик болып табылады. Компоненттердің әрқайсысын бөлек қолдануға қарағанда, әсер ету механизмдері әртүрлі бұл екі заттың біріктірілімінің көмегімен аддитивті әсер алуға болады. Орталық және шеткері тыныс жолдарындағы мускаринді рецепторлар мен β2‑адренорецепторлардың әртүрлі тығыздығы салдарынан, мускаринді антагонистер орталық тыныс жолдарын босаңсытуда тиімдірек болуы тиіс, ал β2-адреномиметиктер шеткері тыныс жолдарын тиімдірек босаңсытуы тиіс; біріктірілген емде әрі орталық, әрі шеткері тыныс жолдарын босаңсыту өкпе функциясына оң әсерін тигізуі тиіс. Бұл екі затқа қатысты қосымша ақпарат төменде берілген.

Аклидиний, M2-рецепторларға қарағанда, M3-рецепторларда ұзақтау уақыт болатын мускаринді рецепторлардың бәсекелес, іріктелген антагонисі болып табылады. M3-рецепторлары тыныс жолдарының тегіс бұлшықеттерінің жиырылуын іске қосады. Демді ішке тартқанда тыныс жолдарының тегіс бұлшықеттерінде M3-рецепторларға антагонизм танытып және бронхтардың кеңеюін туындатып, аклидиний бромиді өкпеде жергілікті әрекет етеді. Аклидинийдің ӨСОА зардап шегетін пациенттерге осы ауруға тән симптомдарды әлсіретуге, денсаулық жағдайын жақсартуға, өршу жиілігін төмендетуге және дене жүктемелерінің жағымдылығын арттыруға қатысты оң әсер көрсететіні де дәлелденген. Аклидиний плазмада тез ыдырайтындықтан жүйелі антихолинергиялық жағымсыз әсерлерінің деңгейі төмен.

Формотерол – қуатты іріктелген β2-адреномиметик. Бронходилатация аденилатциклазаның белсенділену себебінен болатын циклдық АМФ мөлшерінің көбеюі салдарынан тыныс жолдарының тегіс бұлшықеттерінің тікелей босаңсуын туындатады. Өкпе функциясын жақсартудан басқа, формотеролдың симптомдарды әлсірететіні және ӨСОА зардап шегетін пациенттерде өмір сапасын арттыратыны да дәлелденген.

Фармакодинамикалық әсерлері

Тиімділігінің клиникалық зерттеулері Бримика® Дженуэйр® препаратының өкпе функциясына қатысты (жеделдетілген дем шығару маневрінің бірінші секундында [ЖДК1] жеделдетілген дем шығару көлемін өлшегенде) клиникалық мәнді жақсаруын қабылдаудан кейін 12 сағаттан аса уақыт қамтамасыз ететінін көрсетті.

Бримика® Дженуэйр® препараты, плацебомен салыстырғанда, демді бірінші ішке тартудан кейін 5 минут ішінде әсерінің тез басталуын көрсетті (p < 0,0001). Бримика® Дженуэйр® препараты әсерінің басталуы тез әсер ететін β2-адреномиметик – 12 мкг формотерол әсерімен салыстырмалы болды. Ең жоғары бронходилатациялау әсері (ЖДК1 жоғары шегі) бастапқы мәніне қатысты бірінші күннен бастап білінді (304 мл) және 6 айлық емдеу кезеңі бойына (326 мл) сақталды.

Жүрек электрофизиологиясы

ӨСОА зардап шегетін 4000 пациент қатысқан, 6-12 айға созылған III фаза сынақтарында аклидиний, формотерол және плацебомен салыстырғанда Бримика® Дженуэйр® препаратының ЭКГ параметрлеріне (соның ішінде QT аралығына) клиникалық мәнді әсер етуі болмаған. 551 пациенттен тұратын қосалқы топта (олардың 114-і тәулігіне екі рет Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдаған) 24 сағаттық Холтер мониторингін өткізгенде Бримика® Дженуэйр® препаратының жүрек ырғағына клиникалық мәнді әсері анықталмады.

Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі

Клиникалық зерттеме бағдарламасының III фазасына ӨСОА клиникалық диагнозымен 4000  пациент қатысқан, оған рандомизацияланған, плацебо және белсенді салыстыру препаратымен бақыланатын екі 6 айлық зерттеу (ACLIFORM-COPD және AUGMENT), сондай-ақ AUGMENT зерттеуінің 6 айлық жалғасы және тағы бір рандомизацияланған бақыланатын 12 айлық зерттеу кіреді. Бұл зерттеулер барысында пациенттерге ингаляциялық кортикостероидтармен, төмен дозаларда ішке қабылдауға арналған кортикостероидтармен өзінің өзгеріссіз емін, оттегімен гер ол тәулігіне 15 сағаттан аз уақыт алса) немесе метилксантиндермен емделуді жалғастыруға рұқсат етілді: шұғыл көмек препараты ретінде сальбутамол пайдалануға болады.

Тиімділігі өкпе функциясын өлшеу нәтижелері, симптоматика қорытындылары, осы ауру үшін спецификалық денсаулық жағдайы, шұғыл көмекке арналған препараттарды қолдану және өршулер бойынша бағаланды. Ұзақ мерзімді қауіпсіздік зерттеулерін жүргізуде Бримика® Дженуэйр® препараты бір жыл бойына қабылдағанда тұрақты тиімділігін көріністеді, бұл орайда тахифилаксия байқалмаған.

Өкпе функциясына әсері

Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратын тәулігіне екі рет қабылдау, плацебомен салыстырғанда, өкпе функциясының клиникалық мәнді жақсаруын (ЖДК1 бағалауларына сай, өкпенің жеделдетілген тіршілік сыйымдылығы және ең жоғары дем алу көлемі) тұрақты қамтамасыз етті. III фаза зерттеулерінде клиникалық мәнді бронходилатациялық әсері бірінші дозаны қабылдаудан кейін 5 минут ішінде байқалды және дәрілік затты қабылдаулар арасындағы кезеңде жалғасты. Тұрақты әсері III фазаның 6 айлық және жылдық зерттеулері кезінде байқалды.

Препаратты қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң ЖДК1 және ең аз ЖДК1 (тиісінше, 400 мкг аклидиний және 12 мкг формотеролмен салыстырғанда) Бримика® Дженуэйр® препаратындағы формотерол және аклидиний бронходилататорлық әсерін көріністеу мақсатында, тиісінше, екі 6 айлық негізгі III фаза зерттеулерінде біріктірілген бастапқы соңғы нүктелері ретінде анықталды.

ACLIFORM-COPD зерттеуінде Бримика® Дженуэйр® препараты, тиісінше, 299 мл және 125 мл плацебомен және аклидиниймен салыстырғанда (екеуі үшін де p < 0,0001), препарат қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң ЖДК1, артуын, сонымен бірге, тиісінше 143 мл және 85 мл плацебомен және формотеролмен салыстырғанда (екеуі үшін де p < 0,0001), ең аз ЖДК1, жоғарылауын көрсетті. AUGMENT зерттеуінде Бримика® Дженуэйр® препараты, тиісінше, 284 мл және 108 мл плацебомен және аклидиниймен салыстырғанда (екеуі үшін де p < 0,0001), препарат қабылдаудан кейін 1 сағаттан соң ҚДК1 жоғарылауын, сонымен бірге, тиісінше, 130 мл (p < 0,0001) және 45 мл (p = 0,01) плацебомен және формотеролмен салыстырғанда, ең аз ҚДК1 жоғарылауын көрсетті.

Осы ауру жағдайында спецификалық болатын симптомдарды әлсіретуге және денсаулықтың жағдайына қолайлы әсері

Ентігу және басқа симптоматика нәтижелері:

Бримика® Дженуэйр® препараты ACLIFORM-COPD (p < 0,0001) зерттеуінде 1,29  бірлік және AUGMENT (p < 0,0001) зерттеуінде 1,44  бірлік плацебомен салыстырғанда, 6 айдан соң TDI фокустық индекс көрсеткішінің жақсаруымен ентігу кезіндегі (диспноэ ауыспалы индексі [TDI] бойынша бағалау) клиникалық мәнді жақсаруды қамтамасыз етті. Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдағандарда TDI фокустық индекс көрсеткішінің клиникалық мәнді жақсарулары бар (ең кемі, 1 бірлікке артуы ретінде анықталады) пациенттердің пайызы (58,1% қарсы 36,6%; p < 0,0001) ACLIFORM-COPD (64,8% қарсы 45,5%; p < 0,001) және AUGMENT зерттеуінде плацебо қабылдағандардан жоғары болды.

Бұл екі зерттеудің біріккен талдауы, аклидиниймен (0,4 бірлік, p = 0,016) немесе формотеролмен (0,5 бірлік, p = 0,009) салыстырғанда, Бримика® Дженуэйр® препаратының TDI фокустық индекс көрсеткішінің статистикалық мәнді жақсаруына ықпал ететінін көрсетті. Бұдан бөлек, Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдайтын пациенттердің жоғарырақ пайызы, аклидиниймен немесе формотеролмен (тиісінше, 61,9% қарсы 55,7% және 57,0%; тиісінше, p = 0,056 және p = 0,100) салыстырғанда, TDI фокустық индексі көрсеткішінің клиникалық мәнді жақсаруымен жауап берген.

Бримика® Дженуэйр® препараты, плацебо, аклидиний және формотеролмен салыстырғанда, ӨСОА күндізгі симптомдарын, мысалы, ентігуді, «кеуде симптомдарын» (тыныс жолдары тарапынан болатын патология симптомдары), жөтел және қақырық бөлінуін (жалпы E-RS балл бойынша бағаланғанда), сондай-ақ жалпы түнгі симптомдар, жалпы таңертеңгі симптомдар және таңертеңгі белсенділікті шектейтін симптомдарды әлсіреткен, алайда жақсаруы үнемі статистикалық мәнді болмаған. Аклидиний/формотерол, плацебомен немесе формотеролмен салыстырғанда, ӨСОА көріністері туындататын түнгі оянулардың орташа санын статистикалық мәнді төмендетпеген.

Денсаулық жағдайы себеп болатын өмір сапасы:

Бримика® Дженуэйр® препараты, плацебомен салыстырғанда, SGRQ жалпы балл бойынша жақсару -4,35 бірлік (p < 0,0001) құраған AUGMENT зерттеуінде (Әулие Георгий госпиталінің Респираторлық сауалнамасы [SGRQ] көмегімен бағалау) денсаулық жағдайымен байланысты өмір сапасының клиникалық мәнді жақсаруын қамтамасыз етті. Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдағандар арасында, AUGMENT зерттеуінде SGRQ жалпы балл бастапқы мәндерімен (кемінде 4 бірлікке артуы ретінде анықталады) салыстырғанда, клиникалық мәнді жақсаруы байқалған пациенттер пайызы плацебо қабылдағандардан жоғары болды (тиісінше, 58,2% қарсы 38,7%; p < 0,0001). ACLIFORM-COPD зерттеуінде плацебоға күтпеген айқын реакция болуы себепті (p = 0,598), плацебомен салыстырғанда, аздап SGRQ жалпы балл төмендеуі байқалды, бастапқы мәндерімен салыстырғанда, клиникалық мәнді жақсаруға жеткен пациенттер пайызы Бримика® Дженуэйр® препаратына қатысты 55,3% және плацебоға қатысты 53,2% құрады (p = 0,669).

Бұл екі зерттеудің біріккен талдауында, формотеролмен (‑1,7 бірлік; p = 0,018) немесе аклидиниймен (-0,79 бірлік; p = 0,273) салыстырғанда, Бримика® Дженуэйр® препаратының SGRQ жалпы балл мәнді жақсаруына ықпал ететініні көріністелген. Бұдан бөлек, Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдайтын пациенттердің жоғарырақ пайызында, аклидиниймен және формотеролмен салыстырғанда, SGRQ жалпы балл клиникалық мәнді жақсаруы орын алды (тиісінше, 56,6% қарсы 53,9% және 52,2%; тиісінше, p = 0,603 және p = 0,270).

ӨСОА өршу жиілігінің төмендеуі

Екі 6 айлық III фаза зерттеулері тиімділігінің жиынтық талдауында, Бримика® Дженуэйр® препаратын қабылдағанда, плацебомен салыстырғанда, орташа немесе ауыр өршу (антибиотиктермен немесе кортикостероидтармен емдеуді талап ететін немесе ауруханаға жатумен аяқталатын) жиілігінің елеулі (29%) төмендеуі көріністелді (пациентте жиілігі жылына: тиісінше, 0,29 қарсы 0,42; p = 0,036).

Бримика® Дженуэйр® препараты, плацебомен салыстырғанда, бірінші орташа немесе ауыр өршу уақытын кейінге шегеруге қосымша ықпал етті (қауіптер арақатынасы = 0,70; p = 0,027).

Шұғыл көмекке арналған препарат қажеттілігі

Бримика® Дженуэйр® препараты 6 ай ішінде, плацебомен (тәулігіне 0,9 дем алу [p < 0,0001]), аклидиниймен (тәулігіне 0,4 дем алу [p < 0,001]) және формотеролмен (тәулігіне 0,2 дем алу [p = 0,062]) салыстырғанда, шұғыл көмекге арналған препарат қажеттілігін төмендетті.

Педиатриялық бейіндегі пациенттер

Еуропалық медициналық агенттік ӨСОА зардап шегетін педиатриялық бейіндегі барлық қосалқы топтарда Бримика® Дженуэйр® дәрілік препаратын зерттеулер нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартқан («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз, педиатрияда қолдану ақпараты).

Қауіпсіздігіне қатысты клиникаға дейінгі деректер

Қауіпсіздігінің, көп рет қолдану кезіндегі уыттану, геноуыттанудың, канцерогенді әсердің және ұрпақ өрбіту ағзаларына қатысты уыттылығының дәстүрлі фармакологиялық зерттеулеріне негізделген қауіпсіздікке қатысты клиникадан тыс зерттеулерде адам үшін аклидиний мен формотерол қолданумен байланысты қандай да бір ерекше қауіп анықталмаған.

Ұрпақ өрбіту ағзаларына (фетоуытты әсерлері) және фертильділікке (ұрықтану жиілігінің, сары денелер санының аздап төмендеуі, имплантация алдындағы және кейінгі жоғалтулар) қатысты уыттанудың клиникадан тыс зерттеулерінде аклидиний әсерлері тек адам үшін ең жоғары экспозициясынан едәуір асып кететін әсер етуінде байқалды, бұл клиникалық қолдану үшін осы әсерлердің аздап маңызы барын білдіреді.

Формотеролмен жүргізілген сынақтарда, заттың жүйелі экспозициясының жүйелі деңгейлерінде егеуқұйрықтарда фертильділіктің төмендеуі (имплантациядан кейінгі жоғалтулар), сондай-ақ постнатальді тіршілік қабілетінің төмендеуі және туылу кезіндегі орташа салмақ анықталды. Егеуқұйрықтар мен тышқандарда жатыр лейомиомасының даму жиілігінің мардымсыз жоғарылауы байқалды; осы әсер жоғары дозалардағы β2-адреномиметиктер экспозициясы ұзаққа созылғанда кеміргіштердің осы класына тән әсер болып саналады.

Аклидиний/формотеролдың жүрек-қантамыр параметрлеріне әсері зерттелген клиникадан тыс зерттеулерде адам үшін ең жоғары экспозициясынан едәуір асып кететін әсер етуі кезінде жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы және аритмия көріністелді, бұл клиникалық қолдану үшін осы әсерлердің аздап маңызды екенін көрсетеді. Бұл әсерлер β2-адреномиметиктерге белгілі шектен тыс фармакологиялық реакциялар түрінде болады.

Қолданылуы

- ересек пациенттердегі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының (ӨСОА) симптомдарын әлсірету мақсатында бронх кеңейтетін емді демеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Ұсынылатын доза Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратын тәулігіне екі рет бір деммен ішке тартуды құрайды.

Препарат қабылдауды өткізіп алған жағдайда оны мүмкіндігінше тез қабылдау қажет, ал келесі қабылдауды әдеттегі уақытта жүргізген жөн. Өткізіп алған қабылдау орнын толтыру үшін препаратты екі есе дозада қабылдауға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Педиатриялық бейінді пациенттер

Бримика® Дженуэйр® препаратын балалар мен жасөспірімдердегі (18 жастан кіші) ӨСОА емінде қолдану тәжірибесі жоқ.

Қолдану тәсілі

Ингаляцияға арналған.

Пациенттерге препаратты дұрыс пайдалану туралы нұсқау беру қажет. Толық нұсқаулық қосымша-парақта беріледі. Пациенттерге оны мұқият оқып алуға кеңес беру керек.

Бримика® Дженуэйр® препаратын қолдану бойынша нұсқаулыққа шолу

Доза индикаторы

Қызғылт-сары түйме

Қорғағыш қалпақша

Түсті бақылау терезесі

Мүштік

Дженуэйр ингаляторын пайдалану үшін, қалпақшаны шешкен соң пациентке 2 қадам орындау қажет. Пациент Дженуэйр® ингаляторы мүштігін көлденең өзіне қарай бағыттап ұстауы тиіс, қызғылт-сары түйме жоғары қарай тіке қаратылуы тиіс.

1 ҚАДАМ: Пациент қызғылт-сары түймені түбіне дейін БАСУЫ (1 сурет) және артынан оны БОСАТУЫ тиіс (2 сурет).

ҚЫЗҒЫЛТ-САРЫ ТҮЙМЕНІ БАСҚАН КҮЙДЕ ҰСТАП ТҰРМАУЫ ТИІС екенін пациент есіне салыңыз.

Пациент бақылау терезесінің жасыл түске боялғанына көз жеткізуі тиіс. Бұл ингалятордың қолдануға дайын екенін білдіреді (3 сурет).

Қорғағыш қалпақша Дозалар индикаторы Қызғылт-сары түйме

Түсті бақылау терезесі

1 сурет 2 сурет 3 сурет

ЕГЕР ТҮСТІ БАҚЫЛАУ ТЕРЕЗЕСІ ҚЫЗЫЛ КҮЙДЕ ҚАЛСА, ТҮЙМЕНІ ТАҒЫ БІР РЕТ БАСЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОСАТЫҢЫЗ (1 ҚАДАМДЫ ҚАРАҢЫЗ).

2 ҚАДАМ: Пациент мүштік арқылы ҚАТТЫ және ТЕРЕҢ дем алуы тиіс (4 сурет). Пациент демді ішке тартуды тіпті ингалятор сырт еткен соң да жалғастыруы тиіс.

Пациент бақылау терезесі түсін жасылдан қызылға ауыстырғанына көз жеткізуі тиіс, бұл пациенттің дұрыс дем алғанын білдіреді (5 сурет).

4 сурет 5 сурет

ЕГЕР ТҮСТІ БАҚЫЛАУ ТЕРЕЗЕСІ ЖАСЫЛ КҮЙДЕ ҚАЛСА, ҚАЙТАДАН МҮШТІК АРҚЫЛЫ ҚАТТЫ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ДЕМ АЛУ КЕРЕК (2 ҚАДАМДЫ ҚАРАҢЫЗ).

Пациенттер Дженуэйр® ингаляторын ауыздан алып тастаған соң демін өздеріне қанша жайлы болатын сәтке дейін кідірту керегін олардың есіне салыңыз, ал артынан мұрын арқылы баяу дем шығарады.

Ингаляциядан кейін пациент қорғағыш қалпақшасын кигізуді ұмытпауы тиіс. Кейбір пациенттер дәрілік препаратты ішке тартқанда сәл тәтті немесе сәл ащы дәм сезінуі мүмкін. Пациент, егер ол ингаляциядан кейін ешбір дәм сезінбесе, қосымша доза қабылдамауы тиіс.

Дженуэйр® ингаляторы ингаляторда шамамен қанша доза қалғанын көрсететін доза индикаторымен жабдықталған. Бір Дженуэйр® ингаляторында кемінде 60 доза болады. Дозалар индикаторында қызыл жолақты таспа пайда болса, бұл соңғы дозаның жақын қалғанын және жаңа Дженуэйр® ингаляторын алу қажеттігін білдіреді. Ингаляция үшін соңғы доза берілгенде қызғылт-сары түйме өзінің жоғарғы қалпына толық оралмайды, ал ортаңғы қалыпта бөгелген күйде қалады. Соңғы дозаны қабылдауға болады, бірақ одан кейін Дженуэйр® ингаляторын пайдалануға болмайды және пациентке жаңа Дженуэйр® ингаляторын пайдалануды бастау керек.

Дженуэйр® ингаляторын жууға болмайды, бірақ егер бұл қажет болса, мүштікті құрғақ шүберекпен немесе қағаз сүрткімен сүртуге болады. Дженуэйр® ингаляторын тазалау үшін ЕШҚАШАН суды пайдаланбау керегін пациенттің есіне салыңыз, өйткені бұл дәрілік препаратқа зиян келтіруі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Қауіпсіздік бейіні Бримика® Дженуэйр® препаратынан және жекелеген компоненттерінен алынған тәжірибеге негізделген.

Қауіпсіздік бейініне шолу

Бримика® Дженуэйр® препаратының қауіпсіздігін зерттеу тәжірибесі 12 айға дейінгі мерзімде ұсынылатын емдік дозадағы әсерін қамтиды.

Бримика® Дженуэйр® препаратын қолдануға байланысты жағымсыз дәрілік реакциялар оның жекелеген компоненттерін қолдануға байланысты реакцияларға ұқсас болды. Бримика® Дженуэйр® препаратының құрамында аклидиний мен формотерол болатындықтан, компоненттердің әрқайсысына қатысты белгілі жағымсыз реакциялардың типі мен ауырлық дәрежесін Бримика® Дженуэйр® препаратына қатысты күтуге болады.

Бримика® Дженуэйр® препаратын қолданғанда ең жиі кездескен жағымсыз реакциялар назофарингит (7,9%) және бас ауыру (6,8%) болып табылады.

Жағымсыз әсерлер кестесі

Бримика® Дженуэйр® препаратының клиникалық зерттеме бағдарламасы орташа немесе ауыр дәрежедегі ӨСОА зардап шегетін пациенттер арасында жүргізілген. Жалпы алғанда 1222  пациент Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратымен ем қабылдаған. Жағымсыз реакциялар үшін анықталған жиіліктер Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратын плацебо бақыланатын ұзақтығы алты айдан кем емес III фазаның рандомизацияланған клиникалық зерттеулерінің жиынтық талдауында қолданғанда байқалған жалпы коэффициенттерге негізделген.

Берілген жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі келесі үлгіде жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), кейде (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Ағзалар және ағзалар жүйесі

Дұрыс термин

Жиілігі

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Назофарингит3 Несеп шығару жолдарының инфекциялары1 Синусит2 Тіс абсцесі1

Жиі

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Аса жоғары сезімталдық4

Сирек

Ангионевроздық ісіну4

Белгісіз

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Гипокалиемия3

Кейде

Гипергликемия3

Кейде

Психика бұзылулары

Ұйқысыздық2Үрейлі жай-күйлер2

Жиі

Қозу3

Кейде

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

Бас ауыру3

Бас айналу3

Тремор2

Жиі

Дисгевзия3

Кейде

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар

Көрудің бұлыңғырлануы2

Кейде

Жүрек тарапынан бұзылулар

Тахикардия2Электрокардиограммада2 QTс аралығының ұзаруы Жүрек қағу3

Кейде

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Жөтел3

Жиі

Дисфония2

Жұтқыншақ тітіркенуі3

Кейде

Бронх түйілуі, соның ішінде парадоксты түрі4

Сирек

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Диарея3

Жүрек айну3

Ауыз кеберсуі2

Жиі

Тері және тері астылық май тіні тарапынан бұзылулар

Бөртпе3

Қышыну3

Кейде

Қаңқа бұлшықеттері және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар

Миалгия2

Бұлшықет құрысулары2

Жиі

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Несеп іркілісі 3

Кейде

Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар

Шеткері ісінулер3

Жиі

Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелеріне әсері

Қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы4

Жиі

Артериялық қысым көтерілуі3

Кейде

1 Бримика® Дженуэйр® препаратын қолданғанда байқалған, бірақ жеке компоненттер препаратының қысқаша сипаттамасында қамтылмаған жағымсыз реакциялар

2 Бримика® Дженуэйр® препаратын қолданғанда байқалған және жеке компоненттер препаратының ең болмаса біреуінің қысқаша сипаттамасында қамтылған жағымсыз реакциялар

3 Жеке компоненттердің ең болмаса бір препаратының қысқаша сипаттамасында қамтылған, бірақ Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратын қолданғанда байқалған, аз немесе плацебомен салыстырмалы жиілікте сипатталатын жағымсыз реакциялар.

4 Жеке компоненттердің ең болмаса бір препаратының қысқаша сипаттамасында қамтылған, бірақ Бримика® Дженуэйр® 340 мкг/12 мкг препаратын қолданғанда байқалмаған жағымсыз реакциялар; жиілік санаты жеке компоненттер препаратының жалпы сипаттамасының «Жағымсыз әсерлері» бөліміне сәйкес.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар

Дәрілік препаратты тіркеуден кейінгі болжамды жағымсыз әсерлері туралы хабарламалар маңызды рөл атқарады. Бұл осы дәрілік затқа қатысты «пайда/қауіп» арақатынасын бақылауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен ұлттық хабарландыру жүйесі арқылы кез келген болжамды жағымсыз әсерлері жөнінде хабарлау талап етіледі.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

«Құрамы» бөлімінде атап көрсетілген әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ӨСОА емінде қолданылатын дәрілік препараттар

Бримика® Дженуэйр® препаратын басқа антихолинергиялық препараттармен және/немесе ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктермен бірге қолдану зерттелмеген және ұсынылмайды.

Бримика® Дженуэйр® препаратымен дәрілік өзара әрекеттесулеріне in vivo зерттеулері жүргізілмеуіне қарамастан, ол ӨСОА емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен, соның ішінде дәрілік өзара әрекеттесулерінің клиникалық белгілерінің туындауынсыз әсер етуі қысқа β2-адренергиялық бронходилататорлармен, метилксантиндермен және ішуге арналған және ингаляциялық стероидтармен бір мезгілде пайдаланылған.

Метаболизмдік өзара әрекеттесулер

In vitro зерттеулерінде емдік дозадағы аклидиний немесе оның метаболиттерінің Р гликопротеин (P-gp) субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен немесе Р450 (CYP450) цитохромы ферменттерімен және эстеразалармен метаболизденетін дәрілік заттармен өзара әрекеттеспейтіні көріністелген. Формотерол емдік концентрацияларында CYP450 ферменттерін тежемейді («Фармакокинетикасы» бөлімін қараңыз).

Гипокалиемияны емдеу

Метилксантин туындыларымен, стероидтармен немесе калий жинақтамайтын диуретиктермен қатарлас қолдану β2-адреномиметиктердің болжамды гипокалиемиялық әсерін күшейте алады, сондықтан оларды бірге қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

β-адреноблокаторлар

β-адреноблокаторлар β2-адреномиметиктер әсерін әлсіретуі немесе антагонистік әсер көрсетуі мүмкін. Егер β-адреноблокаторлар қабылдау қажет болса (көзге тамызатын дәрілерді қоса), кардиоселективті бета-адреноблокаторларды пайдаланған дұрыс, дегенмен оларды да сақтықпен қолдану керек.

Басқа да фармакодинамикалық өзара әрекеттесулер

Бримика® Дженуэйр® препараты моноаминоксидаза тежегіштері, үш циклды антидепрессанттар, гистаминге қарсы препараттар немесе макролидтер сияқты QTc аралығын ұзартуы мүмкін дәрілік препараттар қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындалуы тиіс, өйткені Бримика® Дженуэйр® препаратының құрамына кіретін формотеролдың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері носы дәрілік заттар күшейтуі мүмкін. QTc аралығын ұзартуы мүмкін дәрілік препараттар қарыншалықаритмияның жоғары даму қаупімен байланысты.

Айрықша нұсқаулар

Демікпе

Бримика® Дженуэйр® препаратын демікпеде пайдалануға болмайды; демікпе тұсында Бримика® Дженуэйр® препаратына клиникалық сынақтар жүргізілмеген.

Парадоксты бронх түйілуі

Бримика® Дженуэйр® препаратын ұсынылған дозада қолдану кезіндегі клиникалық сынақтарда парадоксты бронх түйілуінің туындауы байқалмаған. Алайда, парадоксты бронх түйілуі басқа ингаляциялық ем жағдайларында байқалған. Егер бұл орын алса, дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату керек және басқа ем мүмкіндігін қарастыру керек.

Шұғыл көмек беруге арналмаған

Бримика® Дженуэйр® препараты бронх түйілуінің жедел ұстамаларында қолдануға көрсетілмеген.

Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері

Алдыңғы 6 ай ішінде миокард инфарктісін өткерген, тұрақсыз стенокардиядан зардап шегетін, алдыңғы 3 ай ішінде аритмиясы таяуда диагностикаланған, 470 миллисекундтан астам QTc ұзаруы орын алған (Базетт әдісі) немесе «Нью-Йорк Кардиологиялық Қауымдастығының» жіктеуі бойынша III және IV функционалдық класты жүрек жеткіліксіздігімен байланысты алдыңғы 12 ай ішінде ауруханаға жатқызылған пациенттер клиникалық сынақтарға қосылмаған, сондықтан Бримика® Дженуэйр® препаратын бұл топтардағы пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

β2-адреномиметиктер тамыр соғу жиілігін және артериялық қысымды арттыруы мүмкін, кейбір пациенттерде электрокардиограммаларда (ЭКГ) Т тісшесі тегістелуі, ST сегменті депрессиясы және QTc аралығының ұзаруы байқалады. Ондай әсерлер туындаған жағдайда препаратты тоқтату қажет болуы мүмкін. Ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктерді QTc аралығының ұзаруы синдромы бар пациенттерде немесе егер анамнезінде QTc аралығының ұзаруы болса немесе егер пациенттер QTc аралығына әсер ететін ем қабылдаса, сақтықпен қолдану керек («Дәрілік өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз).

Жүйелі әсерлері

Бримика® Дженуэйр® препаратын ауыр жүрек-қантамыр патологиясынан, құрысу бұзылыстарынан, тиреотоксикоз және феохромоцитомадан зардап шегуші пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Жоғары дозаларда β2‑адреномиметиктер қолданғанда гипергликемия және гипокалиемия сияқты метаболизм әсерлерін байқауға болады. III фазаның клиникалық зерттеулері барысында Бримика® Дженуэйр® препаратын қолданғанда қандағы глюкоза мөлшерінің елеулі жоғарылау жағдайларының жиілігі төмен (0,1%) және плацебоға ұқсас болды. Гипокалиемия әдетте өтпелі болады және орын басу емін талап етпейді. Ауыр ӨСОА бар пациенттерде гипокалиемия гипоксиямен және қатарлас еммен күшеюі мүмкін («Дәрілік өзара әрекеттесулері» бөлімін қараңыз). Гипокалиемияда жүрек аритмиясының даму ықтималдығы артады.

Өзінің антихолинергиялық әсеріне байланысты, Бримика® Дженуэйр® препараты қуық асты безінің симптоматикалық гиперплазиясы, несеп іркілісі немесе жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде (препараттың көзбен тікелей жанасу ықтималдығы өте аз екеніне қарамастан) абайлап қолданылуы тиіс. Антихолинергиялық препараттармен емде байқалатын ауыз кеберсуі ұзақ мерзімді келешекте тіс жегісімен қатар жүруі мүмкін.

Қосымша заттар

Бұл препарат галактоза жақпаушылығымен, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Жүктілік

Бримика® Дженуэйр® препаратын жүкті әйелдерде қолдану деректері жоқ.

Жануарларда жүргізілген зерттеулер адамда аклидинийдің ең жоғары концентрациясынан едәуір асып кететін дозаларында ғана ұрыққа уытты екенін көрсетті, сондай-ақ олар формотеролмен жүргізілген тұқым өрбіту функциясының зерттеулерінде жүйелік экспозициясының өте жоғары деңгейлерінде жағымсыз әсерлерін көрсетті («Қауіпсіздік бойынша клиникаға дейінгі деректер» бөлімін қараңыз).

Бримика® Дженуэйр® дәрілік препаратын жүктілік кезінде күтілетін пайдасы ықтималды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдану керек.

Бала емізу

Аклидиний (және/немесе оның метаболиттері) немесе формотеролдың әйелдің емшек сүтіне өтетіні белгісіз. Егеуқұйрықтарға жүргізілген барлық зерттеулерде аклидиний (және/немесе оның метаболиттері) мен формотеролдың аздаған мөлшерде сүтке өтетіні көріністелгендіктен, Бримика® Дженуэйр® препаратын бала емізу кезінде қолдану егер анасы үшін күтілетін пайдасы сәби үшін кез келген ықтималды қауіптен артық болған жағдайда ғана қарастырылу керек.

Фертильділік

Егеуқұйрықтарда жүргізілген зерттеулерде адамда аклидиний мен формотеролдың ең жоғары концентрациясынан едәуір асып кететін дозаларында ғана фертильділіктің аздап төмендеуі көріністелді («Қауіпсіздігі бойынша клиникаға дейінгі деректер» бөлімін қараңыз). Дегенмен, ұсынылған дозада тағайындалған Бримика® Дженуэйр® препаратының адам фертильділігіне әсер ету ықтималдығы аз деп саналады.

Артық дозалануы

Бримика® Дженуэйр® препаратымен артық дозалану кезіндегі емдеу шаралары туралы шектеулі ақпарат бар. Бримика® Дженуэйр® препаратын жоғары дозаларда қабылдау антихолинергиялық және/немесе β2-адренергиялық әсерінің аса айқын симптомдарының білінуіне әкелуі мүмкін; осы симптомдардың ең жиілері: бұлыңғыр көру, ауыз кеберсуі, жүрек айну, бұлшықет құрысулары, тремор, бас ауыру, жүрек қағу және артериялық гипертония болып табылады.

Артық дозаланғанда Бримика® Дженуэйр® қабылдауды тоқтату керек. Демеуші және симптоматикалық ем көрсетілген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қызғылт-сары қорғағыш қақпақшасы, қызғылт-сары дозалағыш түймесі және 60 дозалық препараты бар ішкі сақиналы есептегіш іске қосылатын картриджі бар қозғалатын қалпақша орнатылған ақ түсті ингалятор.

Ингалятор пакеттегі кептіргіші бар қорғайтын алюминий ламинацияланған пакетке бекітіліп жабылады және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 ингалятор немесе 3 ингалятор бар картон қорапшаға салынады.

Препаратты жою кезіндегі ерекше сақтану шаралары және онымен жұмыс істеудің басқа нұсқаулары

Кез келген пайдаланылмаған препаратты немесе қалдықтарын жергілікті талаптарға сәйкес жою керек.

Сақтау шарттары

300С-ден аспайтын температурада. Ингалятор қолдану кезеңінің басталуына дейін пакетте сақталады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Пакет ашылған сәттен бастап 60 күн ішінде пайдалану керек.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/ Қаптаушы ұйым

Индустриас Фармасеутикас Алмиралл, С.A.

Шоссе Насиональ II, км 593

08740 Сан-Андрес-де-ла-Барка, Барселона

Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)

Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы:

«Берлин-Хеми АГ» АҚ ҚР өкілдігі

Телефон нөмірі:+7 727 2446183, 2446184, 2446185

Факс нөмірі: +7 727 2446180

электронды пошта: Kazakhstan@berlin-chemie.com

Прикрепленные файлы

Бримика_Дженуэйр_инструкция_рус.doc 0.32 кб
Бримика_Дженуэйр_инструкция_каз.doc 0.37 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники