Бриллиантовый зеленый-DF Люкс

МНН: Бриллиантовый зеленый
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025349
Информация о регистрации в РК: 15.11.2021 - 15.11.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Бриллиантты көк-DF Люкс

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Спиртті ерітінді 1%, 10 мл-ден

Фармакотерапиялық тобы

Дерматология. Антисептиктер және дезинфекциялайтын заттар. Басқа антисептиктер және дезинфекциялайтын препараттар.

АТХ коды D08AХ

Қолданылуы

- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі тыртықтар

- сызаттар және тілінулер

- пиодермия, фолликулит

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер жара сызат қанап тұрса, препараттың белсенділігі айтарлықтай азаяды.

Көзге және шырышты қабыққа түспеуін қадағалау.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бриллиантты көк ерітіндісі құрамында аммиак ерітіндісін қоса алғанда, белсенді йод, хлор, сілтілер бар дезинфекциялайтын заттармен үйлеспейді.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препаратты қолдану мүмкін

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік немесе лактация кезеңінде препарат қолданылуы мүмкін.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Препарат зақымданған беткейге айналасындағы сау тіндерді қамти отырып, тікелей жағады.

Енгізу әдісі мен жолы

Сыртқа.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылды.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жиі:

- жараны өңдеу кезінде ашыту сезімі болуы мүмкін

- көздің шырышты қабығына тиген кезде – ашыту, жас ағу

Сирек:

- аллергиялық реакциялар

- терінің тітіркенуі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат: бриллиантты көк – 10.0 мг;

қосымша заттар: 96% этил спирті, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Спиртке тән иісі бар қою жасыл түсті сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден полиэтилен тығындармен және бұрандалы пластмасса қақпақтармен тығындалған шыны құтыларға, бұрандалы тамшуырмен жиынтықта салынады. Әр құтыға заттаңба қағаздан немесе жазудан немесе өздігінен жабысатын заттаңбалар жапсырылады.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге бұрандалы тамшуыры бар бір құтыдан хром-эрзацтан жасалған картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел./факс: (727) 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел./факс: (727) 253-03-88, электронды пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың қауіпсіздігіне тіркеуден кейінгі бақылау жүргізуге жауапты өнімнің сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ., Чаплыгин к-сі, 3

тел./факс: (727) 253-03-88, эл. пошта: dosfarm@dosfarm.kz

Прикрепленные файлы

IВ2_ИМН_БЗ-Люкс_(rus).docx 0.03 кб
БЗ-Люкс_ИМП_(kaz).docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники