Бриллиантовый зеленый раствор спиртовой 1%
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бриллиантты көк 1% спиртті ерітінді
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
1 % спиртті ерітінді
Құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 1,0 г бриллиантты көк,
қосымша заттар - 60 % этил спирті
Сипаттамасы
Қанық жасыл түсті, спирт иісі бар мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Антисептиктер және басқа да дезинфекциялайтын препараттар.
АТХ коды D08AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Бриллиантты көк антисептикалық және дезинфекциялайтын қасиетке ие. Йод ерітіндісінен ерекшелігі, тін ішіндегі қысымды жоғарылатпай микробқа қарсы әсер етеді. Теріні тітіркендірмейді.
Қолданылуы
- терінің ұсақ зақымдануларын өңдеуде (сыдырылулар, кесілулер)
- операциядан кейінгі жаңа және жарақаттан кейінгі тыртықтарда
- пиодермияда, фолликулитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа. Препаратты айналысындағы сау тіндерді қамти отырып, тікелей зақымдалған беткейге жағады.
Жағымсыз әсерлері
- жараны өңдеген сәтте күйдіруді сезіну
- аллергиялық реакциялар
- терінің тітіркенуі
- көздің шырышты қабығына түскен кезде – ашыту, жас ағу
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препаратқа аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Егер жара немесе сыдырылулары қанап тұрса, препараттың белсенділігі айтарлықтай азаяды.
Балалық жас
Балаларға препараттың қолданылуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қолданылуы мүмкін
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 мл, 20 мл, 30 мл препараттан полиэтилен тығындармен тығындалған және бұралатын қақпақтары бар қызғылт сары шыны массадан жасалған мойны бұрандалы құтыларда немесе мойны бұрандалы полимер құтыларда.
Құтылар қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қораптарға немесе орама қағазбен қапталған бумаларға салынған.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., Б. Бұлқышев к-сі, 4е
Тіркеу куәлігінің иесі
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«Шаншаров-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Б. Бұлқышев к-сі, 4е
Тел./факс +7 727 233-27-58
Электронды поштасы: farm-4@mail.ru