Боярышника настойка (50 мл)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003169
Период регистрации: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Тұндырма

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: долана жемістері 10 г

қосымша зат: этанол 70% 100 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Сарғыш-қызғылт cарыдан сарғыш-қызыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотонустық препараттар

АТХ коды С 01 ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың биологиялық әсері биологиялық белсенді заттар (флавоноидтар, холин, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер, тритерпенді біріктірілімдер, органикалық қышқылдар және т.б.) кешенінің болуына байланысты. Тритерпенді гликозидтер мен флавоноидтар түйілуді басатын, гипотензиялық әсер береді. Долана тұндырмасы антиаритмиялық, ангионевроздық қасиеттерге ие. Миокард тонусын жоғарылатады, жүрек бұлшықеттері жиырылуын біршама күшейтеді, миокард қозғыштығын төмендетеді. Қантамырлардың түйілуін басады, жүректің коронарлық қан айналымын жақсартады, миокардтың жүрек гликозидтерінің әсеріне сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Жүрек қызметінің функционалдық бұзылуын, кардиалгияны, климактериялық синдромда, астено-незроздық жағдайды кешенді емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Долана тұндырмасын тамақтануға дейін ішке қабылдайды. Ересектерге тұрақты емдік әсерге (артериялық қысымның қалыпқа келуі, жүрек қағуының азаюы) қол жеткізгенге дейін күніне 3 рет тұндырманың 20 тамшысын қабылдау ұсынылады. 12 жастан асқан балаларға ¼ стақан суда сұйылтылған 10 тамшыдан күніне 3 рет, тамақтануға дейін. Емдеу курсы 14-15 күн.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқышылдық

- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртпесі, қышыну)

- гипотония, бас айналу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгенін жекелей көтере алмаушылық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- артериялық қысымның төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен маскүнемдік, бауыр аурулары, эпилепсия, бассүйек-ми жарақаты

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Алкалоид тұздарымен қабылдау олардың жағымсыз кешендер түзу мүмкіндігіне байланысты ұсынылмайды. Препарат қолданғанда орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін күшейтетінін ескере отырып, алкоголь қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тамақтану кезінде, оның компоненттерімен өзара байланысты болдырмау үшін қолдану ұсынылмайды.

Маскүнемдікпен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында этил спирті болуына байланысты, препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.

Артық дозалануы

Симптомдары – ұйқышылдық, брадикардия болуы мүмкін.

Емі – симптоматикалық ем.

Шығару түрі және қаптамасы

50, 100 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақ немесе нығыздағыш элементі бар полиэтилен қақпақпен немесе әмбебап (алюминий) қақпақпен тығындалған мойны бұрандалы шынымассадан жасалған құтыда. Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен орама қағаздан жасалған бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз - 50 мл

Рецепт арқылы – 100 мл

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Фармация 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс 8 (7212) 42-67-34, Е-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

034088221477976309_ru.doc 42 кб
340776641477977555_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники