Боярышника настойка (100 мл)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: Фармацевтическая компания Ромат , завод медицинских препаратов ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014635
Период регистрации: 14.11.2014 - 14.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл тұндырма

Құрамы

1 л препараттың құрамында

белсенді зат: долана жемістері 100 г

қосымша зат: 70% этанол 1 л-ге дейін

Сипаттамасы

Тәтті дәмі бар, сарғыш-қызғылт cарыдан сарғыш-қызыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық. Сақтау үдерісінде аздаған табиғи шөгінділер түзілуі мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотоникалық препараттар

АТХ коды С 01 ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың биологиялық әсері биологиялық белсенді заттар (флавоноидтар, холин, ацетилхолин, иіткіш зат, фитостериндер, тритерпенді біріктірілімдер, органикалық қышқылдар және т.б.) кешенінің болуына байланысты. Тритерпенді гликозидтер мен флавоноидтар белгілі бір спазмолитикалық, гипотензиялық әсер береді, көктамыр қысымының деңгейіне оң әсер етеді, артериолалар мен қылтамырлардың тамырлық қабырғаларының серпінділігін жақсартады. Долана тұндырмасы антиаритмиялық, ангионевротикалық қасиеттерге ие. Миокард тонусын жоғарылатады, жүрек бұлшықеттері жиырылуын біршама күшейтеді, миокард қозғыштығын төмендетеді. Қантамырлардың түйілуін басады, жүректің тәждік тамырларындағы және ми қантамырларындағы қан айналымын күшейтеді, миокардтың жүрек гликозидтерінің әсеріне сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жүрек қызметінің функционалдық бұзылуында

- гипертониялық ауруда

- стенокардияда

- жыпылықтағыш аритмияда

- жүйке қозғыштығының жоғарылауында

- климактериялық неврозда

- пароксизмальді тахикардияда

- ангионеврозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Долана тұндырмасын тамақтануға дейін ішке қабылдайды. Ересектерге тұрақты емдік әсерге (артериялық қысымның қалыпқа келуі, жүрек қағуының азаюы) қол жеткізгенге дейін күніне 3 рет тұндырманың 20 тамшысын қабылдау ұсынылады. 12 жастан асқан балаларға - 1 жасқа 1 тамшы есебінен, күніне 3-4 рет тамақтануға дейін. Емдеу курсы 20-30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқышылдық

- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртпесі, қышыну)

- гипотония

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгенін жекелей көтере алмаушылық

- 12 жасқа дейінгі балаларға

- артериялық қысымның төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік кезеңі I триместр

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Алкалоид тұздарымен қабылдау олардың негативті кешендер түзу мүмкіндігіне байланысты ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тамақтану кезінде, оның компоненттерімен өзара байланысты болдырмау үшін қолдану ұсынылмайды. Бауыр аурулары және бассүйек-ми жарақаты кезінде сақтық керек.

Алкоголизмнен зардап шегетін адамдарға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе аса қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында спирт бар екендігін ескере отырып сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік, лактация

Жүктілік және лактация кезінде қолдану үшін дәрігердің кеңесі қажет.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі

100 мл препараттан пластмасса қақпағы немесе алюминий қалпақшасы бар полимер тығынмен тығындалған бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыларда. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тиісті санымен бірге құтылар, құтылардың саны көрсетілген қаптамалық парақ гофрланған картон тұғырға салынады және жылу ұстайтын үлбірмен оралады немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, тел (7222)340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz

Тіркеу куәлігі иесі

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Ромат» фармацевтикалық компаниясы ЖШС, медициналық препараттар зауыты, Қазақстан, Семей қ-сы, тел (7222)340867, факс (7222)347559, e-mail: zmp@romat.kz

Прикрепленные файлы

721137611477976632_ru.doc 44 кб
211070571477977781_kz.doc 44 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники