Боярышника настойка (Настойка 100 мл)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: Даулет-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003061
Период регистрации: 01.04.2016 - 01.04.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мл тұндырма

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат 10,0 г долана жемістері,

қосымша заттар: 100 мл дейін 70 % этил спирті

Сипаттамасы

Түсі сарғыш-қызғылт сарыдан сарғыш-қызылға дейінгі, тәттілеу дәмі бар, мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түсуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотонустық препараттар

АТХ коды С01ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Кардиотонустық дәрі. Құрамында биологиялық белсенді заттар бар (флавоноидтар, холин, ацетилхолин, иіткіш заттар, фитостериндер, тритерпен қосылыстары, органикалық қышқылдар және т. б.). Аритмияға қарсы, ангионевроздық қасиеттері бар. Миокардтың тонусын көтереді, жүрек бұлшықетінің жиырылуын біршама күшейтеді, миокардтың қозғыштығын азайтады. Тамыр түйілулерін жояды, жүректің тәждік тамырлары мен ми тамырларындағы қан айналымын күшейтеді, миокардтың жүрек гликозидтерінің әсеріне сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- кардиалгияда

- артериялық гипертензияда

- жыпылықтағыш аритмияда

- тахикардияда

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде

- атеросклерозда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Тұрақты емдік әсеріне қол жеткізгенге дейін (артериялық қысымның қалыпқа түсуі, жүрек соғысының азаюы) 20 тамшыдан күніне 3 рет. Емдеу курсы 14-15 күн.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқышылдық

- жүрек ырғағының айтарлықтай баяулауы (брадикардия), артериялық гипотензия,

- аллергиялық реакциялар (терінің қызаруы және бөртуі, қышыну)

- бас айналу, тремор, ұйқышылдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- артериялық қысымның төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Жағымсыз кешендердің түзілу мүмкіндігіне байланысты алкалоид тұздарымен бірге қабылдау ұсынылмайды. Препаратты қолданған кезде ОЖЖ-ні бәсеңдету әсері күшейетінін ескере отырып, алкоголь қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Ас ішкен кезде оның құрамдастарымен өзара әрекеттесуін болдырмау үшін препаратты қабылдау ұсынылмайды. Бауыр ауруларында және бас сүйек-ми жарақаттарында сақ болу керек.

Маскүнемдікке шалдыққандарға препаратты қолдануға болмайды.

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында спирт бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Бұрандалы мойны бар, полиэтилен тығынмен және бұралатын пластмасса қақпақпен жабылған қызғылт-сары шыны құтыға немесе алюминий қалпақшалармен тығындалған тәжі бар құтыға препарат 100 мл-ден құйылған. Құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, +25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан бостылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/қаптаушы

"Даулет - Фарм" ЖШС, Қазақстан, Алматы қ., Тополевская к-сі 157 К, т/ф: (727)383-95-08.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Даулет-Фарм» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Даулет-Фарм» ЖШС, Тополевская к-сі 157 К, тел/ факс: 8(727) 383-95-08,

E-mail: daulet-farm@mail.ru

Прикрепленные файлы

803783231477976258_ru.doc 40.5 кб
786684911477977458_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники