Боярышника настойка (Гиппократ ООО)

МНН: Боярышника плоды
Производитель: Гиппократ ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018362
Информация о регистрации в РК: 02.11.2011 - 02.11.2016

Инструкция

Саудалық атауы

Долана тұндырмасы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

25, 50, 100 мл тұндырма

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат- долана жемісі - 10,0 г

қосымша зат: этил спирті, 100 мл тұндырма алғанға дейінгі мөлшері.

Сипаттамасы

Сары түстен қызыл қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да кардиотоникалық препараттар

АТЖ коды С01 ЕВ

Фармакологиялық қасиеттері

Кардиотоникалық дәрі. Долана жемістерінің құрамында флавоноидтар (кверцетин, гиперин, геперозид, витексин), органикалық қышқылдар (лимон, олеан, урсол, кратегус, кофе, хлороген), каротиноидтар, иіткіш заттар, майлы майлар, пектиндер, тритерпен және флавонов гликозидтері, бета-ситостерин, холин, қант, витаминдер) бар.

Аритмияға қарсы, ангионевротикалық қасиеттері бар.

Миокардтың тонусын көтереді, жүрек бұлшықетінің жиырылуын біршама күшейтеді, миокардтың қозғыштығын азайтады. Тамыр түйілулерін жояды, тамырлар мен мидағы қан айналымын күшейтеді, миокардтың жүрек гликозидтерінің әсеріне сезімталдығын арттырады.

Қолданылуы

Мыналарда, кешенді ем құрамында:

- жүрек қызметінің функциональді бұзылысында

- кардиалгияда

- климактериялық синдромда

- астено- невроздық жағдайда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектерге 20-30 тамшыдан күніне 3-4 рет ас ішкенге дейін. Емдеу курсы 20-30 күн. 12 жастан асқан балаларға 10-15 тамшыдан күніне 3-4 рет ас ішкенге дейін. Емдеу курсы 20-30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- көп дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда - брадикардия, артериялық гипотензия болуы мүмкін

Сирек

–бас айналуы, тремор, ұйқышылдық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдастарына жекелеген жоғары сезімталдықта

- артериялық қан қысымының төмендеуі

- жүрек ырғағының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңінде

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат пен жүрек гликозидтерін біріктіріп қолданғанда (строфантин, дигоксин және басқалар) кардиотоникалық әсердің күшеюі жүреді; β-адренобөгегіштермен біріктіріп қолданғанда – гипотензивтік әсері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ас ішкен кезде, оның құрамдастарымен өзара әрекеттесуін болдырмау үшін, препаратты қабылдау ұсынылмайды. Бауыр ауруларында және бас сүйек-ми жарақаттарында сақтықпен қолдану керек.

Созылмалы маскүнемдікке шалдыққандарға препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың құрамында спирт бар болғандықтан, сақтықпен қолдану керек.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

25, 50, 100 мл-ден бұрандалы мойны бар, полиэтилен тығынмен және бұралатын қақпақпен немесе унифицирленген тығындағыш-бұрағыш немесе алюминий қалпақшалармен тығындалған қызғылт-сары шыны құтыға құяды.

Әр құтыны қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан бостылу шарттары

25, 50 мл рецептісіз

100 мл рецепт арқылы

Өндіруші

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443012 Самара, Охтинская к-сі, 10-13.

(846) 955-27-77

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Гиппократ» ЖШҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Гиппократ" ЖШҚ, Ресей, 443012 Самара, Охтинская к-сі, 10-13.

(846) 955-27-77

 

Прикрепленные файлы

784565211477977187_ru.doc 44 кб
443349951477978342_kz.doc 50 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники