Бортезомиб-Тева (3,5 мг)

МНН: Бортезомиб
Производитель: Тева Фармасьютикал Воркс Приват Лимитед Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bortezomib
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023053
Информация о регистрации в РК: 21.06.2017 - 21.06.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Бортезомиб-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бортезомиб

Дәрілік түрі

Вена ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған

3.5 мг лиофилизат

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат3.5 мг бортезомиб (борон қышқылы түрінде),

қосымша заттар: маннитол, азот

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік лиофилизацияланған масса немесе ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Бортезомиб.

АТХ коды L01XX32

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Креатинин клиренсі 50 мл/минуттан асатын көптеген миеломасы бар 11 науқасқа бортезомиб 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне сорғалатып енгізілгенде плазмада препараттың орташа концентрациялары бірінші дозасын енгізуден кейін, тиісінше, 57 және 112 нг/мл құрайды. Препарат келесі жолы енгізілгенде қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясының орташа мәндері 1.0 мг/м2 доза үшін 67-106 және 1.3 мг/м2 доза үшін 89-120 нг/мл шегінде болады.

Көптеген миеломасы бар пациенттерге (вена ішіне енгізу тобында n=14, тері астына енгізу тобында n=17) 1.3 мг/м2 дозаны вена ішіне болюсті немесе тері астына инъекциялаудан соң, тері астына және вена ішіне енгізулер кезінде қайталама доза енгізуден кейінгі жалпы жүйелі концентрациясы баламалы. Тері астына енгізуден кейінгі Сmax (20.4 нг/мл) вена ішіне енгізу кезіндегімен салыстырғанда төмен (223 нг/мл). Орташа геометриялық AUClast қатынасы 0.99 және 90% сенім аралықтары 80.18%-122.80% құрайды.

Таралуы

Көптеген миеломасы бар пациенттерде бортезомибтің орташа таралу көлемі бір рет немесе көп рет 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне енгізуден кейін 1659-3294 л (489-1884 л/м2) құрайды. Бұл бортезомиб шеткері тіндерде қарқынды таралады деп жорамалдау мүмкіндігін береді. Бортезомибтің 100-1000 нг/мл концентрацияларында препараттың қан плазмасы ақуыздарымен in vitro байланысуы, орта есеппен, 83% құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысқан бортезомиб фракциялары концентрацияға тәуелді болмаған.

Биотрансформациясы

Іn vitro жағдайларында бортезомиб метаболизмі көбінесе P450 цитохромының CYP3A4, CYP2C19 және CYP1A2 изоферменттерімен жүзеге асады. Бортезомиб метаболизміне CYP2D6 және CYP2C9 изоферменттерінің қатысуы болымсыз. Метаболизмнің негізгі жолы екі метаболитті түзіп, әріқарай бірнеше басқа метаболиттің түзілуімен гидроксилденетін бор атомдарының ыдырауы болып табылады. Бортезомиб метаболиттері 26S протеасомасын тежемейді.

Шығарылуы

Көп рет енгізілгенде препараттың орташа жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 40-193 сағат құрайды. Бортезомиб бірінші дозадан соң, келесі дозалармен салыстырғанда, тезірек шығарылады. 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозаларда бірінші енгізілуінен кейін орташа жалпы клиренсі, тиісінше, 102 және 112 л/сағат және, тиісінше, келесі дозаларын енгізуден кейін 15-тен 32 л/сағатқа дейін және 1.0 мг/м2 және 1.3 мг/м2 дозалары үшін 18-ден 32 л/сағатқа дейін құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауыр функциясының жеңіл бұзылулары бортезомиб фармакокинетикасына ықпал етпейді. Бауыр функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде, бауыр функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда, бортезомиб AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) 60% ұлғаюы байқалады. Бауыр функциясының бұзылулары орташа және ауыр дәрежедегі пациенттер үшін бортезомибтің бастапқы дозасын азайту ұсынылады. Ондай пациенттерді мұқият қадағалау талап етіледі.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Диализде жүрген пациенттерді қоса, бүйрек функциясының жеңіл, орташа немесе ауыр бұзылулары бар науқастарда аптасына екі рет 0.7-1.3 мг/м2 дозаларда вена ішіне қолданғанда бортезомиб фаармакокинетикасы бауыр функциясы қалыпты науқастардағы препарат фармакокинетикасымен салыстырмалы.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Бортезомиб – бұл сүт қоректілер жасушаларының 26S-протеасомасы химотрипсин тәрізді белсенділігінің қайтымды тежегіші. Бұл протеасома убиквитинмен конъюгацияланған ақуыздарды ыдырататын ірі ақуыз кешені түрінде болады. Убиквитин-протеасома жолы кейбір ақуыздардың жасуша ішіндегі концентрацияларын реттеуде шешуші рөл атқарады және осылайша жасушашілік гомеостазды сақтап тұрады. Протеасома белсенділігінің бәсеңдеуі осы іріктелген протеолиздің алдын алып, ол жасушадағы дабыл берілісі реакцияларының көптеген каскадтарына ықпал етуі мүмкін. Гомеостаз сақталу механизмінің бұзылуы ісік жасушасының қырылуына әкелуі мүмкін.

Бортезомиб остеобласттар дифференциациялануы мен белсенділігін күшейтеді және остеокласттар функциясын тежйеді. Бұл әсерлер бортезомибпен ем қабылдайтын көп остеолиз ошақтарымен көптеген миеломасы бар пациенттерде байқалды.

Қолданылуы

- Бортезомиб-Тева осының алдында кем дегенде 1 ем қабылдаған және қан түзетін дің жасушаларының трансплантациясы жасалған немесе оған жарамайтын үдемелі көптеген миеломасы бар ересек пациенттерді монотерапия түрінде немесе пегилденген липосомалық доксорубицинмен немесе дексаметазонмен біріктіріп емдеуге көрсетілген.

- Бортезомиб-Тева қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялаумен үлкен дозаларда химиялық емдеуге жарамсыз, бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар ересек пациенттерді мелфаланмен және преднизолонмен біріктіріп емдеуге көрсетілген.

- Бортезомиб-Тева қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялаумен үлкен дозаларда химиялық емге жарамды, бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар ересек пациенттерді дексаметазонмен немесе дексаметазон және мелфаланмен біріктіріп индукциялық емдеуге көрсетілген.

- Бортезомиб-Тева қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамсыз, бұрын емделмеген спорангий жамылған тін жасушалары лимфомасы бар ересек пациенттерді ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизолонмен біріктіріп емдеуге көрсетілген.

Қолдану тәсілі және дозалары

Емдеу химиялық ем дәрілерін пайдалану тәжірибесі мен біліктілігі бар дәрігердің қадағалауымен басталуы және жүргізілуі тиіс. Бортезомиб-Тева препаратын сұйылту мен енгізуді оқытып-үйретілген медициналық қызметкерлер атқаруы тиіс.

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг вена ішіне және тері астына енгізуге көрсетілген. Бортезомиб препараты басқаша тәсілдермен енгізілмеуі тиіс. ИНТРАТЕКАЛЬДІ ЕНГІЗУ КЕЗІНДЕ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛГЕН.

Бортезомиб-Тева препаратының вена ішіне енгізуге дайындалған ерітіндісінің концентрациясында 1 мг/мл бортезомиб болады.

Бортезомиб-Тева препаратының тері астына енгізуге дайындалған ерітіндісінің концентрациясында 2.5 мг/мл бортезомиб болады.

Бортезомиб ісікке қарсы дәрі болып табылады. Оны дайындау және енгізу кезінде сақ болу керек. Препаратты теріге тигізіп алмас үшін қолғап кию және басқа да қорғағыш құралдар қолдану ұсынылады. Бортезомиб-Тева препаратымен жұмыс істегенде, оның құрамында консервант жоқ болғандықтан, тиісті асептика техникасын қатаң қадағалауға кеңес беріледі.

Бортезомиб-Тева препаратын басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолданғанда бірге қолданылатын дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды да мұқият зерттеу қажет.

Ерітіндіні әзірлеу және препаратты енгізу

Вена ішіне енгізу

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының көлемі 10 мл құтысына 9 мг/мл (0.9%) инъекцияға арналған натрий хлоридінің 3.5 мл ерітіндісі қосылуы тиіс. Лиофилизацияланған ұнтақты еріту 2 минуттан аз уақыт алады. Ерітуден кейін әр мл ерітінді құрамында 1 мг бортезомиб болады.

Дайындалған ерітінді соңғы рН 4-тен 7 дейін мөлдір және түссіз болуы тиіс. Дайындалған ерітінді қатты бөлшектерінің және түссізденуінің бар-жоғы тұрғысынан енгізуге дейін қарап тексерілуі тиіс. Егер кез келген түс өзгерісі немесе қатты бөлшектерінің бары байқалса, дайындалған ерітінді пайдаланылмауы тиіс және жойылуы тиіс.

Бортезомиб-Тева, 3.5 мг препаратының дайындалған ерітіндісі 3-5 секунд ішінде вена ішіне болюстік инъекция жолымен шеткері немесе орталық веналық катетер арқылы енгізіледі, одан кейін ол инъекцияға арналған 9 мг/мл (0.9%) натрий хлориді ерітіндісімен жуылады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Тері астына енгізу

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының көлемі 10 мл құтысына 9 мг/мл (0.9%) инъекцияға арналған натрий хлоридінің 1.4 мл ерітіндісі қосылуы тиіс. Лиофилизацияланған ұнтақты еріту 2 минуттан аз уақыт алады. Ерітуден кейін әр мл ерітінді құрамында 2.5 мг бортезомиб болады.

Дайындалған ерітінді соңғы рН 4-тен 7 дейін мөлдір және түссіз болуы тиіс. Дайындалған ерітінді қатты бөлшектерінің және түссізденуінің бар-жоғы тұрғысынан енгізуге дейін қарап тексерілуі тиіс. Егер кез келген түс өзгерісі немесе қатты бөлшектерінің бары байқалса, дайындалған ерітінді пайдаланылмауы тиіс және жойылуы тиіс.

Тері астына енгізгенде Бортезомиб-Тева, 3.5 мг препаратының дайындалған ерітіндісі тері астына санға (оң жақ немесе сол жақ) немесе алдыңғы құрсақ қабырғасына (оң жақ немесе сол жақ) 45-90° бұрыштап енгізіледі. Келесі инъекцияларда инъекция аумағын кезектестіріп отыру керек. Бортезомиб-Тева препаратын тері астына енгізуден кейін жергілікті реакция дамығанда Бортезомиб-Тева препаратының аз концентрацияланған ерітіндісін (Бортезомиб-Тева 3.5 мг препараты 2.5 мг/мл орнына 1 мг/мл дейін сұйылтылуы тиіс) тері астына енгізуге көшу немесе Бортезомиб-Тева препаратын вена ішіне енгізуге көшу ұсынылады.

Үдемелі көптеген миелома кезінде дозалау режимі (осының алдында кемінде 1 ем қабылдаған пациенттер)

Монотерапия

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21-күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына салатын инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Толық клиникалық жауапқа жеткен соң Бортезомиб-Тева препаратымен 2 емдеу циклын жүргізу ұсынылады. Клиникалық жауапқа жеткен, бірақ толық ремиссияға жетпеген пациенттерге жалпы жиынтығы Бортезомиб-Тева препаратымен 8 емдеу циклына дейін жүргізу ұсынылады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Бортезомиб-Тева препаратымен монотерапияда емделу және емдеуді қайта бастау кезінде дозаны түзету жөніндегі нұсқаулар.

Нейропатияны қоспағанда, 4-ші дәрежедегі гематологиялық уыттану немесе 3-ші дәрежедегі гематологиялық емес уытты әсері дамығанда Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді тоқтата тұру керек. Уыттану симптомдары басылған соң Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді 25% азайтылған дозамен жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 дозаны 1.0 мг/м2дейін азайтады; 1.0 мг/м2 дозаны 0.7 мг/м2 дейін азайтады). Егер уыттану симптомдары жойылмаса немесе олар азайтылған дозада қайта білінсе, Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді тоқтату қажеттілігін қарастыру керек, егер емдеу артықшылықтары ықтималды қауіптен едәуір басым болған жағдайда ғана емді жалғастыруға болады.

Нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия

Бортезомиб-Тева препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері сенсорлы нейропатия білінгенде препарат дозасын 1 кестеге сәйкес өзгертеді. Анамнезінде ауыр нейропатиясы бар науқастарда Бортезомиб-Теваны қауіп/пайда арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана қолдануға болады.

1 кесте. Бортезомиб туғызған нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері сенсорлық немесе қозғалыс нейропатиясының дамуында ұсынылатын дозаны өзгерту

Шеткері нейропатия ауырлығы*

Дозаны өзгерту және енгізу режимі

1-ші дәреже (симптомсыз, терең сіңірлік рефлексті жоғалту немесе парестезия) ауырусыз немесе функцияны жоғалтусыз

Доза және енгізу режимі түзетуді талап етпейді.

ауырумен 1-ші дәреже немесе 2-ші дәреже (орташа-айқын симптомдар, күнделікті өмірде аспаптық белсенділік шкаласы бойынша төмендеу)**

Дозаны 1.0 мг/м2 дейін азайту немесе Бортезомиб-Тева препаратын енгізу сызбасын аптасына бір рет 1.3 мг/м2 дейін өзгерту.

ауырумен 2-ші дәреже немесе 3-ші дәреже (ауыр симптомдар, өзін-өзі қызметпен қамту бойынша элементарлық әрекеттер шектелістері)***

Бортезомиб-Тева препаратын қолдануды уыттану симптомдары басылғанша тоқтата тұру. Одан кейін Бортезомиб-Тева препаратының дозасын аптасына бір рет 0.7 мг/м2 дейін азайтып, емдеуді жаңғырту.

4-ші дәреже (өмірге қауіпті асқынулар, шұғыл араласу талап етіледі) және/немесе ауыр вегетативті нейропатия

Бортезомиб-Тева препаратын қолдануды тоқтату

* - Жіктеу NCI (Ұлттық обыр институты) СТСАЕ v.4 (Жағымсыз құбылыстарды белгілеу терминологиясының жалпы критерийлері) жалпы уыттану критерийлеріне негізделген.

** Күнделікті өмірдегі аспаптық белсенділік: ас әзірлеу, азық-түлік және киім сатып алу, телефон пайдалану, ақша жарату қабілеті және т.б.;

*** Күнделікті өзін-өзі қызметпен қамту белсенділіктері: өздігінен шомылу, киімін кию және шешу, ас ішу, дәретхананы пайдалану, дәрілік препараттар қабылдау және төсекке таңылып жатпау қабілеті.

Пегилденген липосомалық доксорубицинмен біріктірілген ем

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21-күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Пегилденген липосомалық доксорубицин дозалануы 30 мг/м2 құрайды, ол Бортезомиб-Тева препаратымен 21-күндік емдеу циклының 4-ші күні Бортезомиб-Тева препараты инъекциясынан кейін енгізілген 1-сағаттық венаішілік инфузия түрінде енгізіледі.

Ауру үдеп кетпейтін және пациенттерге ем жағымды болатын сәтке дейін осы біріктірілген емді 8 циклға дейін қолдануға болады. Толық емдік жауапқа жеткен пациенттер емдеуді жалғастырып, егер тіпті оған 8 емдеу циклынан көп қажет болса да, толық жауап бірінші расталған соң кем дегенде тағы 2 емдеу циклын қабылдай алады. Парапротеин деңгейлерінің төмендеуі 8 циклдан соң жалғасатын пациенттердің ем пациентке жағымды болатын және клиникалық жауап байқалатын сәтке дейін емделуді жалғастыруына болады.

Пегилденген липосомалық доксорубицинге қатысты қосымша ақпарат алу үшін осы препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгінген жөн.

Дексаметазонмен біріктірілген ем

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21-күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Дексаметазон дозалануы Бортезомиб-Тева препаратымен 21-күндік емдеу циклында 1, 2, 4, 5, 8, 9, 11 және 12 күндері ішу арқылы қабылданатын 20 мг құрайды.

Осы біріктірілген емнің 4 циклынан кейін жауапқа және аурудың тұрақтануына жеткен пациенттер көп дегенде 4 қосымша цикл бойы дәл осы біріктірілімді қабылдауды жалғастырады.

Дексаметазон қолдануға қатысты қосымша ақпарат алу үшін осы препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгінген жөн.

Үдемелі көптеген миеломасы бар пациенттерде біріктірілген ем кезінде дозаны түзету

Біріктірілген ем кезінде дозаларды түзету үшін монотерапиядағы жоғарыда сипатталуына сәйкес дозаларды түзету жөніндегі нұсқаулықты қадағалау қажет.

Бұрын ем қабылдамаған және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамайтын көптеген миеломасы бар пациенттерде дозалау режимі

Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілімде ұсынылатын дозалануы Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препараты 2 кестеде сипатталған нұсқауларға сәйкес ішуге арналған мелфаланмен және ішуге арналған преднизонмен біріктіріліп вена ішіне немесе тері астына енгізіледі. Осы 6-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. 1-4 циклдарда Бортезомиб-Тева препараты 1, 4, 8, 11, 22, 25, 29 және 32 күндері аптасына 2 рет қолданылады. 5-9 циклдарда Бортезомиб-Тева препараты 1, 8, 22 және 29 күндері аптасына 1 рет қолданылады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Мелфалан және преднизон Бортезомиб-Тева препаратымен әр емдеу циклының алғашқы аптасының 1, 2, 3 және 4 күндері ішу арқылы қабылданады.

Осы біріктірілген емнің тоғыз емдеу циклы қолданылады.

2 кесте. Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілімде қолданылатын Бортезомиб-Тева препаратын дозалаудың ұсынылатын сызбасы

Бортезомиб-Тева аптасына 2 рет (1-4 циклдар)

Апта

1

2

3

4

5

6

Бортезомиб-Тева (1.3 мг/м2)

1 күн

--

--

4 күн

8 күн

11 күн

демалу кезеңі

22 күн

25 күн

29 күн

32 күн

демалу кезеңі

Мелфалан (9 мг/м2) +

Пpеднизон (60 мг/м2)

1

күн

2

күн

3

күн

4

күн

--

--

демалу кезеңі

--

--

--

--

демалу кезеңі

Бортезомиб-Тева аптасына 1 рет (5-9 циклдар)

Апта

1

2

3

4

5

6

Бортезомиб-Тева

(1.3 мг/м2)

1 күн

--

--

--

8 күн

демалу кезеңі

22 күн

29 күн

демалу кезеңі

Мелфалан (9 мг/м2) +

Пpеднизон (60 мг/м2)

1 күн

2 күн

3 күн

4 күн

--

демалу кезеңі

--

--

демалу кезеңі

Мелфаланмен және преднизонмен қайта біріктірілген ем кезінде және оны бастар алдында дозаны түзетуге нұсқаулар

Жаңа емдеу циклын бастар алдында:

  • Тромбоциттер мөлшері >70000/мкл болуы тиіс

  • Нейтрофилдердің абсолютті мөлшері (НАМ) >1000/мкл

  • Гематологиялық емес уыттану 1 дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін азайтылуы тиіс

3 кесте. Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген Бортезомиб-Тева препаратымен емдеудің келесі циклдарында дозаны түзету

Уыттану

Дозаны түзету немесе кейінге шегеру

Цикл ішінде гематологиялық уыттану:

Ұзаққа созылатын нейтропения немесе 4 дәрежедегі тромбоцитопения немесе алдыңғы циклда қан кетумен болатын тромбоцитопения

Келесі циклда мелфалан дозасын 25% азайту керек

Бортезомиб-Тева препараты енгізілетін күнгі (1 күннен басқа) тромбоциттердің

30000/мкл немесе НАМ 750/мкл мөлшері

Бортезомиб-Тева препаратын енгізуді кейінге шегеру

Егер Бортезомиб-Тева препаратымен емдеу циклында бірнеше дозалар кейінге шегерілсе (препаратты аптасына 2 рет енгізу кезеңінде ≥ 3 доза немесе препаратты аптасына 1 рет енгізу кезеңінде ≥ 2 доза)

Бортезомиб-Тева препаратының дозасы

1 саты азайтылуы тиіс (1.3 мг/м2 шамасынан 1.0 мг/м2дейін; 1.0 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін).

3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану

Бортезомиб-Тева препаратын қолдану гематологиялық емес уыттану 1 дәрежеге дейін немесе бастапқы деңгейге дейін төмендегенше кейінге шегеріледі. Осыдан соң Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді 1 сатыға азайтылған дозада жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 шамасынан 1.0 мг/м2дейін; 1.0 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін). Бортезомиб-Тева препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия дамығанда кезекті дозаны енгізу кейінге шегеріледі және/немесе доза 1 кестеде сипатталғандай түзетіледі.

Мелфалан мен преднизон туралы қосымша ақпарат осы препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда беріледі.

Дің жасушаларын трансплантациялау мүмкін болатын бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар пациенттер үшін Бортезомиб-Тева препаратын дозалауға ұсынылатын сызба (индукциялық ем)

Дексаметазонмен біріктірілген ем

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейіне 1.3 мг/м2 құрайды, ол 21-күндік емдеу циклында 1, 4, 8 және 11 күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне немесе тері астына инъекциялар арқылы енгізіледі. Осы 3-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Дексаметазон дозалануы Бортезомиб-Тева препаратымен 21-күндік емдеу циклында 1, 2, 3, 4, 8, 9, 10 және 11 күндері ішу арқылы қабылданатын 40 мг құрайды.

Осы біріктірілген емнің 4 циклы жүргізіледі.

4 кесте. Қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялауға жарамды бұрын емделмеген көптеген миеломасы бар пациенттерде Бортезомиб-Тева препаратымен біріктірілген ем кезіндегі дозалау режимі

1-4 циклдар

Вк + Дкс

Апта

1

2

3

Вк (1.3 мг/м2)

1, 4 күн

8, 11 күн

демалу кезеңі

Дкс 40 мг

1, 2, 3, 4 күн

8, 9, 10, 11 күн

-

БТ = Бортезомиб-Тева; Дкс = дексаметазон

Трансплантациялау мүмкін болатын пациенттер үшін дозаны түзету

Бортезомиб-Тева препаратының дозасын түзетуді монотерапия үшін сипатталған дозаны модификациялау ережелеріне сәйкес жүргізу қажет.

Басқа химиялық емдік дәрілік препараттармен біріктірілген Бортезомиб-Тева препаратымен ем кезінде уыттану реакциялары дамыған жағдайда медициналық қолдану жөніндегі нұсқауларға сәйкес осы препараттар үшін дозаны тиісінше азайту қарастырылу керек.

Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы (МЖЛ) бар пациенттерде ұсынылатын Бортезомиб-Тева препаратын дозалау сызбасы

Ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизонмен біріктірілген ем (VсR-CAP)

Бортезомиб-Тева, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг препаратының ұсынылатын дозасы дене беткейі ауданына 1.3 мг/м2 құрайды, ол 1-ші, 4-ші, 8-ші және 11-ші күндері 2 апта бойы аптасына екі рет вена ішіне инъекция арқылы енгізіліп, 12 және 21 күн аралығында 10-күндік демалыс кезеңіне ұласады. Осы 3-апталық кезең емдеу циклы болып саналады. Бортезомиб-Тева препаратымен алты емдеу циклын жүргізу ұсынылады, ал 6 циклда клиникалық жауапты алғаш алған пациенттерге Бортезомиб-Тева препаратымен екі қосымша емдеу циклын тағайындауға болады. Бортезомиб-Тева препаратын бірізді енгізулер арасындағы үзіліс 72 сағаттан кем болмауы тиіс.

Келесі дәрілік заттар Бортезомиб-Тева препаратымен әр 3-апталық емдеу циклының 1-ші күні венаішілік инфузиялар арқылы енгізіледі: ритуксимаб 375 мг/м2, циклофосфамид 750 мг/м2 және доксорубицин 50 мг/м2 дозада.

Преднизон Бортезомиб-Тева препаратымен әр емдеу циклының 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші күні 100 мг/м2 дозада ішу арқылы тағайындалады.

Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету

Жаңа емдеу циклы басталғанша:

  • Тромбоциттер саны ≥100000 жасуша/мкл құрауы тиіс және нейтрофилдердің абсолютті мөлшері (НАМ) ≥1500 жасуша/мкл құрауы тиіс

  • Сүйек кемігінің инфильтрациясы немесе көкбауыр секвестрациясы бар пациенттерде тромбоциттер саны ≥75000 жасуша/мкл құрауы тиіс

  • Гемоглобин ≥8 г/дл

  • Гематологиялық емес уыттану 1-ші дәрежеге немесе бастапқы деңгейге дейін қалыпқа түсуі тиіс.

Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді Бортезомиб-Тева препаратын қолданумен байланысты ≥3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану (нейропатияны қоспағанда) немесе ≥3 дәрежедегі гематологиялық уыттану туындағанда тоқтата тұру керек. Дозаны түзету деректерін төмендегі 5 кестеден қараңыз.

Гематологиялық уыттануды емдеу үшін қолданылатын стандартты тәжірибеге сәйкес гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторын енгізуге болады. Емдеу циклдарын жүргізуде бірнеше рет болған кідірістер жағдайында гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторларын профилактикалық қолдануды қарастыру керек. Тромбоцитопенияны емдеу үшін клиникалық көрсетілімдерге сәйкес тромбоциттер құю қажеттілігін қарастыру керек.

5 кесте. Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету

Уыттану

Дозаны түзету немесе кейінге шегеру

Гематологиялық уыттану

Қызбамен ≥3 дәрежедегі нейтропения, 7 күннен көп 4 дәрежедегі нейтропения, тромбоциттердің <10000 жасуша/мкл саны

Бортезомиб-Тева препаратын қолдануды пациентте ≥750 жасуша/мкл нейтрофилдер мөлшері және ≥25000 жасуша/мкл тромбоциттер саны анықталғанша 2 аптаға дейін кейінге шегеру.

  • Егер Бортезомиб-Тева препаратын қолдануды тоқтатудан кейін уыттылығы жоғарыда көрсетілген деңгейлерге дейін төмендемесе, Бортезомиб-Тева препаратын қабылдауды тоқтату керек.

  • Егер уыттылығы жойылса, яғни пациентте ≥750 жасуша нейтрофилдер деңгейі және ≥25000 жасуша/мкл тромбоциттер саны байқалса, Бортезомиб-Тева препаратын қабылдауды бір деңгейге азайтылған дозада жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 шамасынан 1 мг/м2 дейін немесе 1 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін).

Егер Бортезомиб-Тева препаратын қабылдау күні (әр циклдың 1-ші күнінен өзгеше) тромбоциттер саны <25000 жасуша/мкл немесе нейтрофилдер мөлшері <750 жасуша/мкл болса

Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді кейінге шегеру керек.

Бортезомиб-Тева препаратын қабылдаумен байланысты 3 дәрежедегі гематологиялық емес уыттану

Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді уыттану симптомдары 2 дәрежеге дейін немесе одан төмен азайғанша кейінге шегерген жөн. Артынан, Бортезомиб-Тева препаратын қабылдауды дозаның бір деңгейіне азайтылған дозада жаңғыртуға болады (1.3 мг/м2 шамасынан 1 мг/м2 дейін немесе 1 мг/м2 шамасынан 0.7 мг/м2 дейін). Бортезомиб-Тева препаратын қолданумен байланысты нейропатиялық ауыру және/немесе шеткері нейропатия білінгенде препарат дозасын 1 кестеге сәйкес түзетеді.

Бұдан бөлек, егер Бортезомиб-Тева препараты басқа химиялық емдік дәрілік заттармен біріктіріп қолданылса, уыттану білінген жағдайда осы дәрілік заттар дозасын дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ұсынымдарға сәйкес тиісінше азайту қарастырылу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Көптеген миеломасы немесе мантий-жасушалы лимфомасы бар 65 жастан асқан пациенттерде дозаны түзету қажеттілігін жорамалдауға негіз жоқ.

Бортезомиб-Тева препаратын бұрын көптеген миеломадан емделмеген және қан түзетін дің жасушаларын трансплантациялаумен жоғары дозаларда химиялық емдеуге жарамды егде жастағы пациенттерде пайдалану зерттеуі жүргізілмеген. Осыған орай, пациенттердің осы тобына дозалау нұсқаулары жоқ.

Бұрын емделмеген мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттер арасында жүргізілген зерттеуде Бортезомиб-Тева препаратын қабылдаған пациенттерден 42.9% және 10.4%, тиісінше, 65-74 жаста және ≥75 жаста болды. VсR-CAP және R-CHOP емдеу сызбаларының екеуі де ≥75 жастағы пациенттерде жағымсыз болды.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының орташа және бірқалыпты бұзылуы бар пациенттерде бортезомиб фармакокинетикасы өзгермейді (креатинин клиренсі >20 мл/мин/1.73 м2); осыған орай, аталған пациенттер тобында дозаны түзету қажет емес. Диализ жүргізілмеген бүйрек функциясының бұзылуы ауыр (креатинин клиренсі <20 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде бортезомиб фармакокинетикасы өзгерістеріне қатысты нақтылы деректер жоқ. Диализ бортезомиб концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін екендіктен, Бортезомиб-Тева препаратын диализ емшарасынан кейін енгізген жөн.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл дәрежедегі науқастарда дозаны түзету қажет емес; оларға Бортезомиб-Тева препаратын ұсынылатын дозаларда тағайындау керек. Бауыр функциясының бұзылуы орташа немесе ауыр пациенттерге емдеуді алғашқы емдеу циклы кезіндегі бір инъекцияға 0.7 мг/м2 сәйкес келетін Бортезомиб-Тева препаратының азайтылған дозасынан бастау ұсынылады, препараттың пациентке жағымдылығына қарай кейіннен дозаны 1.0 мг/м2 дейін арттыру немесе дозаны 0.5 мг/м2 дейін азайту мүмкіндігіне назар аудару керек.

6 кесте. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ұсынылатын Бортезомиб-Тева препаратының бастапқы дозасын түзету

Бауыр функциясының бұзылу дәрежесі*

Билирубин деңгейі

СГОТ (АСТ) деңгейлері

Бастапқы дозаны модификациялау

Жеңіл

<1.0 × ҚЖШ

>ҚЖШ

Жоқ

>1.0-1.5 × ҚЖШ

Кез келген

Жоқ

Орташа

>1.5-3 × ҚЖШ

Кез келген

Бортезомиб-Тева препаратының дозасын бірінші циклда 0.7 мг/м2 дейін азайту. Кейінгі циклдарда ем жағымдылығына қарай дозаны 1.0 мг/м2 дейін арттыру немесе әріқарай дозаны 0.5 мг/м2 дейін азайтуды қарастыру.

Ауыр

>3 × ҚЖШ

Кез келген

СГОТ = сарысулық глутамат-оксалоацетат-трансаминаза деңгейі;

АСТ = аспартатаминотрансфераза;

ҚЖШ = қалыпты мәндердің жоғарғы шегі

* Бауыр бұзылуларын санатқа бөлу бойынша (жеңіл, орташа, ауыр) NCI ағзаларының дисфункциясы бойынша жұмыс тобын жіктеуге сай

Балалар

Бортезомиб-Тева препаратын 18 жасқа толмаған пациенттерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.

Жағымсыз әсерлері

Бортезомиб препаратымен ем кезінде «жиі емес» санатты жүрек жеткіліксіздігін, ісік лизисі синдромын, өкпе гипертензиясын, қайтымды артқы энцефалопатия синдромын, жедел диффуздық инфильтрациялық өкпе ауруларын және «сирек» санатты вегетативті нейропатияны қамтитын күрделі жағымсыз реакциялар аталды. Бортезомиб препаратымен ем кезінде білінген ең жиі жағымсыз реакциялар: жүрек айну, диарея, іш қату, құсу, шаршау, қызба, тромбоцитопения, анемия, нейтропения, шеткері нейропатия (сенсорлы түрін қоса), бас ауыру, парестезия, тәбет төмендеуі, ентігу, бөртпе, белдемелі теміреткі және миалгия болды.

Көптеген миелома

Зерттеушілер 7 кестеде тізбеленген жағымсыз реакцияларды Бортезомиб препаратын қолданумен себеп-салдарлы байланысы ең болмаса мүмкін немесе ықтималды деп қабылдады. Бұл жағымсыз реакциялар 5 476 пациенттен алынған кешенді деректерге негізделген, олардың 3 996-сы 1.3 мг/м2 дозада Бортезомиб препаратымен ем қабылдады. Бортезомиб препараты 3 974 пациентте көптеген миеломаны емдеуге қолданылды.

Жағымсыз реакциялар ағзалар жүйесі класына және олардың көрініс беру жиілігіне сәйкес тізбеленеді. Жиілік санаттары келесі үлгіде белгіленген: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (>1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (>1/10 000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10 000) және белгісіз (жиілігін анықтау мүмкін емес). Әр санаттағы жағымсыз реакциялар күрделілік дәрежесінің кему ретімен берілген.

7 кесте. Монотерапияда немесе басқа дәрілік препараттармен біріктіріп Бортезомиб препаратымен ем қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттердегі жағымсыз әсерлер

Ағзалар жүйесі класы

Жиілігі

Жағымсыз реакция

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Жиі

zoster герпесі (таралып кеткен және офтальмологиялық түрін қоса), пневмония*, қарапайым герпес*, зең аурулары

Жиі емес

инфекциялар*, бактериялық инфекциялар*, вирустық инфекциялар*, сепсис (сепсистік шок)*, бронхопневмония, герпес вирусы инфекциясы*, герпестік менингоэнцефалит#, бактериемия (стафилококкты түрін қоса), теріскен, тұмау, целлюлит, бұйыммен байланысты инфекциялар, тері инфекциялары*, құлақ инфекциялары*, стафилококкты инфекциялар, тіс инфекциялары*

Сирек

менингит (бактериялық түрін қоса), Epstein-Barr вирустық инфекциясы, генитальді герпес, тонзиллит, мастоидит, вирустан кейінгі шаршау синдромы

Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (соның ішінде кисталар мен полиптер)

Сирек

қатерлі жаңа түзілім, плазма-жасушалық лейкемия, бүйрек-жасушалық карцинома, жаңа түзілім, микоз, қатерсіз жаңа түзілім

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

тромбоцитопения*, нейтропения*, анемия*

Жиі

лейкопения*, лимфопения*

Жиі емес

панцитопения*, фебрильді нейтропения, коагулопатия*, лейкоцитоз*, лимфаденопатия, гемолиздік анемия#

Сирек

диссеминацияланған тамырішілік ұю, тромбоцитоз*, жоғары тұтқырлық синдромы, тромбоциттер тарапынан бұзылу (ҚНЖ), тромбоцитопениялық пурпура, қан ауруы (ҚНЖ), геморрагиялық диатез, лимфоцитарлы инфильтрация

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес

ангионевроздық ісіну# (Квинке ісінуі), аса жоғары сезімталдық*

Сирек

анафилаксиялық шок, амилоидоз, III типті иммундық кешен арқылы жүретін реакция

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі емес

Кушинг синдромы*, гипертиреоидизм*, диурезге қарсы гормон өндірілуінің талапқа сай болмауы

Сирек

гипотиреоидизм

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

Өте жиі

тәбеттің төмендеуі

Жиі

сусыздану, гипокалиемия*, гипонатриемия*, қандағы глюкоза концентрациясының бұзылуы*, гипокальциемия*, ферменттік аномалиялар

Жиі емес

ісік лизисі синдромы, дененің даму кідірісі*, гипомагниемия*, гипофосфатемия*, гиперкалиемия*, гиперкальциемия *, гипернатриемия*, несеп қышқылы концентрациясының бұзылуы*, қант диабеті*, сұйықтық іркілісі

Сирек

гипермагниемия*, ацидоз, электролиттік теңгерімсіздік*, гиперволемия, гипохлоремия*, гиповолемия, гиперхлоремия*, гиперфосфатемия*, зат алмасудың бұзылуы, В тобы дәрумендерінің тапшылығы, B12 дәруменінің тапшылығы, подагра, тәбеттің артуы, алкоголь жақпаушылығы

Психиатриялық бұзылыстар

Жиі

көңіл-күй бұзылыстары және бұзылуы*, үрейлі бұзылыстар, ұйқы бұзылыстары және бұзылуы *

Жиі емес

ментальді бұзылыстар*, елестеулер*, психикалық бұзылыс*, абыржу*, мазасыздық

Сирек

суицидтік ойлар*, дағдыланудың нашарлауы, сандырақтау, либидо төмендеуі

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Өте жиі

нейропатия*, шеткері сенсорлы нейропатия, дизестезия*, невралгия*

Жиі

қозғалыс нейропатиясы*, естен тану (естен тануды қоса), бас айналу*, дәм сезудің бұзылуы*, летаргия, бас ауыру

Жиі емес

тремор, шеткері сенсомоторлы нейропатия, дискинезия*, церебеллярлы үйлесім мен тепе-теңдік бұзылуы*, есте сақтай алмау (деменцияны қоспағанда)*, энцефалопатия*, қайтымды артқы энцефалопатия синдромы #, нейроуыттану, эпилепсия*, герпестен кейінгі невралгия, сөйлеу бұзылыстары*, шаршаған аяқ синдромы, бас сақинасы, ишиас, зейіннің нашарлауы, аномальді рефлекстер*, паросмия

Сирек

миға қан құйылу*, бассүйекішілік қан кету (субарахноидальді түрін қоса)*, ми ісінуі, транзиторлы ишемиялық шабуыл, кома, вегетативті жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі, вегетативті нейропатия, бассүйек жүйкелерінің салдануы*, салдану*, парез*, естен тану алдындағы күй, ми діңінің зақымдану синдромы, ми қан айналымының бұзылуы, жүйке түбіршектерінің зақымдануы, психомоторлы аса жоғары белсенділік, жұлындық ми компрессиясы, когнитивті бұзылыс (ҚНЖ), қозғалыс дисфункциясы, жүйке жүйесінің бұзылыстары (ҚНЖ), радикулит, сілекей ағуы, гипотония

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиі

көздің ісінуі*, көрудің нашарлауы*, конъюнктивит*

Жиі емес

көзге қан құйылу*, қабақ инфекциялары*, көздің қабынуы*, диплопия, көздің құрғауы*, көздің тітіркенуі*, көз ауруы, сілекейдің көп ағуы, көзден бөліністер

Сирек

мөлдір қабық зақымдануы*, экзофтальм, ретинит, скотома, көз функциясының бұзылуы (қабақ бұзылуын қоса) (ҚНЖ), жүре пайда болған көз жасы безінің қабынуы, көздің қарығуы, фотопсия, оптикалық нейропатия#, әртүрлі дәрежеде көрудің бұзылуы (соқырлыққа дейін)*

Есту мүшесі және лабиринт тарапынан бұзылулар

Жиі

вертиго*

Жиі емес

дизакузия (құлақтың шуылдауын қоса)*, естудің нашарлауы (кереңдікті қоса), құлақтың жайсыздануы*

Сирек

құлақтан қан кету, вестибулярлы нейронит, есту мүшесі тарапынан бұзылулар (ҚНЖ)

Жүрек тарапынан бұзылулар

Жиі емес

жүрек тампонадасы#, тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтап қалуы*, жыпылықтағыш аритмия (жүрекшелер аритмиясын қоса), жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарыншаларды қоса)*, аритмиялар*, тахикардия*, жүректің соғуын сезіну, стенокардия, перикардит (перикардиальді экссудатты қоса)*, кардиомиопатия*, қарынша дисфункциясы*, брадикардия

Сирек

жүрекшелер дірілдеуі, миокард инфарктісі*, атриовентрикулярлы бөгеліс*, жүрек-қантамырлық бұзылулар (кардиогенді шокты қоса), Torsade de pointes типті аритмиялар, тұрақсыз стенокардия, жүрек клапандарының зақымдануы*, коронарлық жеткіліксіздік, синустық түйіннің істен шығуы

Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

гипотензия*, ортостаздық гипотензия, гипертензия*

Жиі емес

ми қан айналымының жедел бұзылуы#, терең веналар тромбозы*, қан құйылу*, тромбофлебит (беткейлік түрін қоса), тамырлық коллапс (гиповолемиялық шокты қоса), флебит, терінің қызаруы*, гематома (периренальді түрін қоса), шеткері қан айналым жеткіліксіздігі*, васкулит, гиперемия (көздікін қоса)*

Сирек

шеткері эмболия, лимфа ісінуі, бозару, эритромелалагия, тамырлар кеңеюі, веналар түсінің өзгеруі, вена жеткіліксіздігі

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

Жиі

ентігу*, мұрыннан қан кету, жоғарғы/төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы*, жөтел*

Жиі емес

өкпе артериясының эмболиясы, плевралық жалқық, өкпе ісінуі (жедел түрін қоса), өкпедегі альвеолярлы қан құйылу#, бронх түйілу, созылмалы обструкциялық өкпе ауруы*, гипоксемия*, тыныс жолдарының бітелісі*, гипоксия, плеврит*, ықылықтау, ринорея, дисфония, бронх-өкпе обструкциясы

Сирек

тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, апноэ, пневмоторакс, өкпе ателектазы, өкпе гипертензиясы, қан түкіру, асқын желдетілу, ортопноэ, пневмонит, респираторлық алкалоз, тахипноэ, өкпе фиброзы, бронх бұзылулары*, гипокапния*, интерстициальді өкпе ауруы, өкпе инфильтрациясы, тамақтағы қысылу сезімі, тамақтың құрғауы, жоғарғы тыныс жолдары секрециясының артуы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс жолдарының жөтел синдромы

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

жүрек айну және құсу*, іш өту*, іш қату

Жиі

асқазан-ішектен қан кету (шырышты қабықтан қан кетуді қоса)*, диспепсия, стоматит*, іштің кебуі, орофарингеальді ауыру *, іштің ауыруы (асқазан-ішектің және көкбауыр аумағының ауыруы)*, ауыз қуысының бұзылулары*, метеоризм

Жиі емес

панкреатит (созылмалы түрін қоса)*, қан аралас құсу, еріннің ісінуі*, асқазан-ішек обструкциясы (ішек бітелісі)*, іштің жайсыздануы, ауыз қуысының ойық жаралары*, энтерит*, гастрит*, қызыл иектен қан кету, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы*, колит (Сlostridium difficile туғызған түрі)*, ишемиялық колит#, асқазан-ішек жолының қабынуы*, дисфагия, тітіркенген жуан ішек синдромы, асқазан-ішек бұзылыстары (ҚНЖ), өңезденген тіл синдромы, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы*, сілекей безі функциясының бұзылуы

Сирек

жедел панкреатит, перитонит*, тілдің ісінуі*, асцит, эзофагит, хейлит, нәжісті ұстай алмау, анальді сфинктер атониясы, фекалома*, асқазан-ішек жолының ойық жаралануы және тесілуі*, қызыл иек гипертрофиясы, мегаколон, тік ішектен бөліністер, ауыз-жұтқыншақ аумағында күлдіреуіктер түзілуі*, еріннің ауыруы, периодонтит, анальді өтіс сызаты, дефекация ырғағының өзгеруі, прокталгия, аномальді нәжістер

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

бауыр ферменттері тарапынан бұзылулар*

Жиі емес

гепатоуыттану (бауыр функциясы бұзылуларын қоса), гепатит*, холестаз

Сирек

бауыр жеткіліксіздігі, гепатомегалия, Бадд-Киари синдромы, цитомегаловирусты гепатит, бауырдан қан кету, өт-тас ауыруы

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

бөртпе*, қышыну*, эритема, терінің құрғауы

Жиі емес

көп формалы эритема, есекжем, жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз, уытты тері бөртпесі, уытты эпидермалық некролиз#, Стивенс-Джонсон синдромы #, дерматит*, шаш тарапынан бұзылулар*, петехиялар, экхимоз, терінің зақымдануы, геморрагиялық бөртпе, терінің жаңа түзілімдері*, псориаз, гипергидроз, түнгі тершеңдік, ойылулар#, акне*, күлдіреуіктер түзілуі*, пигментацияның бұзылуы

Сирек

тері реакциясы, Джесснер лимфоцитарлы инфильтрациясы, алақан-табан эритродизестезиясы, тері астына қан құйылулар, терінің торланып мәрмәрлануы, папулалар, аса жоғары сезімталдық реакциялары, себорея, суық тер, тері зақымданулары (ҚНЖ) эритродермия, терінің ойық жаралануы, тырнақтардың зақымдануы

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Өте жиі

қаңқа-бұлшықет ауыруы*

Жиі

бұлшықеттің түйілуі*, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі

Жиі емес

бұлшықеттердің құрысуы, буынның ісіп кетуі, артрит*, буындардың қимыл шектелісі, миопатиялар*, ауырлық сезімі

Сирек

рабдомиолиз, самай-төменгі жақсүйек буыны синдромы, жыланкөздер, буын жалқығы, жақсүйек ауыруы, сүйек бұзылулары, қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін инфекциялары және қабынуы*, синовиальді киста

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі

бүйрек тарапынан бұзылулар*

Жиі емес

жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі*, несеп шығару жолдары инфекциялары*, несеп шығару жолдары тарапынан болатын белгілер мен симптомдар*, гематурия*, несеп іркілісі, несеп шығару бұзылысы*, протеинурия, азотемия, олигурия *, поллакиурия

Сирек

қуықтың тітіркенуі

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

Жиі емес

қынаптан қан кетулер, гениталий ауыруы*, эректильді дисфункция

Сирек

тестикулярлы бұзылулар*, простатит, әйелдердегі сүт бездері тарапынан бұзылулар, аталық без қосалқысының ауырсынуы, аталық без қосалқысының қабынуы, жамбас ауыруы, вульваның ойық жаралануы

Туа біткен, отбасылық және генетикалық аурулар

Сирек

аплазия, асқазан-ішек жолының даму кемістігі, ихтиоз

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар

Өте жиі

гипертермия*, шаршау, астения

Жиі

ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, ауыру*, дімкәстану*

Жиі емес

дене саулығының жалпы нашарлауы*, бет ісінуі*, инъекция орнындағы реакция*, шырышты қабық тарапынан бұзылулар*, кеуденің ауыруы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, суықты сезіну, экстравазация*, катетермен байланысты асқыну*, шөлді сезіну өзгерістері*, кеуде қуысының жайсыздануы, дене температурасы өзгеруін сезіну*, инъекция орнындағы ауыру*

Сирек

өлім (кенеттен болатынын қоса), көп ағзалы жеткіліксіздік, инъекция салған жерден қан кету*, жарық (өңеш саңылауы жарығын қоса)*, жазылудың нашарлауы*, қабыну, инъекция орнындағы флебит*, ауырсыну, ойық жара, тітіркену, кеуденің кардиологиялық емес ауыруы, катетер енгізген жердің ауыруы, бөгде денені сезіну

Зертханалық зерттеулер

Жиі

салмақ төмендеуі

Жиі емес

гипербилирубинемия*, қалып шегіне сәйкессіз ақуыз талдауы*, салмақтың артуы, қалып шегіне сәйкессіз қан талдауы*, С-реактивті ақуыздың көбеюі

Сирек

қалып шегіне сәйкессіз қан газдары*, электрокардиограммадағы ауытқулар (QT аралығының ұзаруын қоса)*, халықаралық қалыптасқан қатынас ауытқулары*, асқазан рН төмендеуі, тромбоциттер агрегациясының жоғарылауы, тропонин I артуы, вирусты сәйкестендіру және серология*, несеп талдауының ауытқулары

Жарақаттар, уланулар және енгізу емшарасымен байланысты асқынулар

Жиі емес

құлап қалу, контузия

Сирек

құю реакциялары, сынулар*, сіресу*, бет жарақаттары, буынның зақымдануы*, күйіктер, жараның жыртылуы, енгізу емшарасымен байланысты ауыру, радиациялық зақымдану

Хирургиялық және медициналық емшаралар

Сирек

макрофагтар белсенділенуі (хирургиялық және медициналық емшаралар жүргізумен байланысты)

ҚНЖ = қосымша нақтылануы жоқ

* біреуден көп дұрыс MedDRA терминін топтастыру

# постмаркетингтік деректерден алынған жағымсыз реакция

Мантий-жасушалы лимфома (МЖЛ)

Ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизонмен (VсR-CAP) біріктірілген 1.3 мг/м2 дозадағы Бортезомиб препаратымен емделу кезіндегі МЖЛ бар 240 пациентте Бортезомиб препаратының қауіпсіздік бейіні ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин, винкристин және преднизон [R-CHOP] қабылдаған 242 пациентпен салыстырғанда төменде сипатталған негізгі өзгешеліктерімен көптеген миеломасы бар пациенттерде байқалған бейінге салыстырмалы түрде сәйкес болды. Қосымша анықталған біріктірілген ем (VсR-CAP) қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар В гепатиті инфекциясы (<1%) мен миокардиальді ишемияны (1.3%) қамтыды. Екі емдеу тобында аталған реакциялар туындауының ұқсас жиілігі осы жағымсыз дәрілік реакциялардың Бортезомиб препаратын қолданумен ғана байланысты еместігін көрсетті. Көптеген миелома зерттеулеріндегі пациенттермен салыстырғанда, МЖЛ бар пациенттер тобындағы белгілі айырмашылықтар гематологиялық жағымсыз реакциялар (нейтропения, тромбоцитопения, лейкопения, анемия, лимфопения), шеткері сенсорлы нейропатия, гипертония, гипертермия, пневмония, стоматит және шаш аурулары туындауының ≥5% үлкен жиілігінде болды.

VсR-CAP тобында туындау жиілігіне ұқсас немесе одан жоғары және VсR-CAP еміндегі дәрілік заттармен себеп-салдарлы байланысы, ең болмаса, мүмкін немесе ықтималды болатын ≥1% туындау жиілігімен анықталған жағымсыз дәрілік реакциялар 8 кестеде тізбеленген. Сонымен қатар, зерттеушілер қарастырған VсR-CAP тобында анықталған жағымсыз дәрілік реакциялар қамтылды және көптеген миелома зерттеулеріндегі тарихи деректер негізінде Бортезомиб препаратымен себеп-салдарлы байланысы, ең болмаса, мүмкін немесе ықтималды болды.Төмендегі жағымсыз дәрілік реакциялар ағзалар жүйесі класы бойынша тізбеленген және туындау жиілігі бойынша топтастырылған. Туындау жиілігі келесі үлгіде белгіленеді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Туындау жиілігінің әр тобында жағымсыз әсерлер ауырлығының кему ретімен берілген. 8 кесте 16 MedDRA нұсқасын пайдаланып құрастырылды.

8 кесте. VcR-CAP емін қабылдаған мантий-жасушалы лимфомасы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар

Ағзалар жүйесі класы

Жиілігі

Жағымсыз реакция

Инфекциялар және инфестациялар

өте жиі

пневмония*

жиі

сепсис (сепсистік шокты қоса)*, Herpes zoster (диссеминацияланған және офтальмологиялық түрін қоса), герпевирустық инфекция*, бактериялық инфекциялар*, жоғарғы/төменгі тыныс жолдарының инфекциялары*, зеңдік инфекция*, Herpes simplex*

жиі емес

В гепатиті инфекциясы*, бронхопневмония

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

өте жиі

тромбоцитопения*, фебрильді нейтропения, нейтропения*, лейкопения*, анемия, лимфопения*

жиі емес

панцитопения *

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

жиі

жоғары сезімталдық*

жиі емес

анафилаксиялық реакциялар

Зат алмасу және тамақтану бұзылулары

өте жиі

тәбет төмендеуі

жиі

гипокалиемия*, глюкоза деңгейінің бұзылуы*, гипонатриемия*, қант диабеті*, сұйықтық іркілісі

жиі емес

ісік лизисі синдромы

Психика бұзылулары

жиі

ұйқы бұзылыстары және бұзылуы*

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

өте жиі

шеткері сенсорлы нейропатия, дизестезия*, невралгия*

жиі

нейропатиялар* қозғалыс нейропатиясы*, санадан айрылу (естен тануды қоса), энцефалопатия*, шеткері сенсорлы қозғалыс нейропатиясы, бас айналу*, дәм сезудің бұрмалануы*, автономды нейропатия

жиі емес

вегетативті жүйке жүйесі теңгерімсіздігі

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

жиі

көрудің нашарлауы*

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

жиі

дизакузия (құлақтың шуылдауын қоса)*

жиі емес

вертиго*, естудің нашарлауы (кереңдікке дейін апаратын)

Жүрек тарапынан бұзылулар

жиі

жүрек фибрилляциясы (жүрекше фибрилляциясын қоса), аритмия*, жүрек жеткіліксіздігі (сол жақ және оң жақ қарынша жеткіліксіздігін қоса)*, миокардиальді ишемия, қарынша дисфункциясы*

жиі емес

жүрек-қантамыр бұзылулары (кардиогенді шокты қоса)

Тамырлар тарапынан бұзылулар

жиі

гипертония*, гипотония*, ортостаздық гипотензия

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар

жиі

ентігу*, жөтел*, ықылықтау

жиі емес

жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпе артериясының эмболиясы, пневмония, өкпе артериясының гипертензиясы, өкпе ісінуі (жедел ісінуді қоса)

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі

жүрек айну және құсу симптомдары*, диарея*, стоматит*, іш қату

Жиі

асқазан-ішектен қан кетулер (шырышты қабықтан қан кетуді қоса)*, іштің кебуі, диспепсия, ларингофарингеальді ауыру*, гастрит*, ауыз қуысының ойық жаралары*, іштің жайсыздануы, дисфагия, асқазан-ішек жолының қабынуы*, іштің ауыруы (соның ішінде, асқазан-ішек және көкбауыр ауырулары)*, ауыз қуысының бұзылыстары*

жиі емес

колит (clostridium difficile қоса)*

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

жиі

гепатоуыттану (бауыр тарапынан болатын бұзылуларды қоса)

жиі емес

бауыр жеткіліксіздігі

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

өте жиі

шаш аурулары*

жиі

қышыну*, дерматит *, бөртпе*

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

жиі

бұлшықеттердің түйілуі*, қаңқа-бұлшықет ауырулары*, аяқ-қолдың ауыруы

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

жиі

несеп шығару жолдарының инфекциясы*

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар

өте жиі

гипертермия*, шаршау, астения

жиі

ісінулер (шеткері түрін қоса), қалтырау, препаратты енгізген жердегі реакция*, дімкәстану*

Зертханалық және аспаптық деректер

жиі

гипербилирубинемия*, атипиялық ақуыз талдауы*, салмақтың кемуі, салмақ артуы

* біреуден көп дұрыс MedDRA терминін топтастыру

Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Белдемелі герпестің қайта белсенділенуі

Көптеген миелома

Бортезомиб + мелфалан + преднизон препараты тобындағы пациенттердің 26%-да вирусқа қарсы профилактика қолданылды. Бортезомиб + мелфалан + преднизон тобындағы пациенттерде белдемелі герпес көрініс берген жағдайлар жиілігі, вирусқа қарсы профилактика қабылдаған пациенттердегі 3%-бен салыстырғанда, вирусқа қарсы профилактика қабылдамаған пациенттерде 17% құрады.

Мантий-жасушалы лимфома

Вирусқа қарсы профилактика VсR-CAP тобындағы 240 пациенттің 137-де (57%) жүргізілді. VсR-CAP тобындағы пациенттерде Herpes zoster туындау жиілігі, вирусқа қарсы профилактика қабылдаған пациенттердегі 3.6%-бен салыстырғанда, вирусқа қарсы профилактика қабылдамаған пациенттер үшін 10.7% құрады.

В гепатиті вирусы (HBV) инфекциясын жұқтыру және оның қайта белсенділенуі

Мантий-жасушалы лимфома

Бортезомиб препаратынсыз ем тобындағы (ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин, винкристин, преднизолон; R-CHOP) пациенттердің 0.8%-да (n = 2) және ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизонмен біріктірілген (VсR-CAP) Бортезомиб препаратымен ем қабылдаған пациенттердің 0.4%-да (n = 1) өліммен аяқталатын HBV инфекциясын жұқтыру орын алды. В гепатиті инфекциясын жұқтырудың жалпы жиілігі VсR-CAP немесе R-CHOP тобындағы пациенттерде салыстырмалы болды (тиісінше, 0.8% қарсы 1.2%).

Біріктірілген ем режимдері кезіндегі шеткері нейропатия

Көптеген миелома

Бортезомиб препаратының дексаметазонмен (IFM-2005-01 зерттеуі) және дексаметазон-талидомидпен (MMY-3010 зерттеуі) біріктірілген индукциялық ем түрінде қолданылуын зерттеу нәтижелері бойынша біріктірілген режимдерде шеткері нейропатия көрініс берген жағдайлар жиілігі төмендегі кестеде берілген мәндерге сәйкес болды:

9 кесте. Индукциялық ем кезіндегі уыттану дәрежесі бойынша шеткері нейропатияның туындау және шеткері нейропатия себебінен емдеуді тоқтату жиілігі

IFM-2005-01

MMY-3010

VDDx

(N=239)

VcDx

(N=239)

TDx

(N=126)

VcTDx

(N=130)

ШН жиілігі (%)

ШН барлық дәрежелері

3

15

12

45

>2 дәрежедегі ШН

1

10

2

31

>3 дәрежедегі ШН

<1

5

5

ШН себебімен емді тоқтату (%)

<1

2

1

5

VDDx = винкристин, доксорубицин, дексаметазон; VcDx = Бортезомиб, дексаметазон; TDx = талидомид, дексаметазон; VcTDx = Бортезомиб, талидомид, дексаметазон; ШН = шеткері нейропатия.

Ескертпе: шеткері нейропатияға: шеткері нейропатия, шеткері моторлы нейропатия, шеткері сенсорлы нейропатия және полинейропатия жатады.

Мантий-жасушалы лимфома

Бортезомиб ритуксимабпен, циклофосфамидпен, доксорубицинмен және преднизонмен (R-CAP) енгізілген LYM-3002 зерттеуінде біріктірілген ем кезінде шеткері нейропатияның туындау жиілігі төмендегі кестеде берілген:

10 кесте. LYM-3002 зерттеуінде уыттану дәрежесі бойынша шеткері нейропатияның туындау және шеткері нейропатия себебінен емдеуді тоқтату жиілігі

VcR-CAP

(N=240)

R-CHOP

(N=242)

ШН туындау жиілігі (%)

ШН барлық дәрежелері

30

29

2 дәрежедегі ШН

18

9

3 дәрежедегі ШН

8

4

ШН-мен байланысты емдеуді тоқтату (%)

2

<1

VсR-CAP = Бортезомиб, ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизон; R-СНОР = ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин, винкристин және преднизон; ШН = шеткері нейропатия

Шеткері нейропатияда ұтымды терминдер: шеткері нейропатия, шеткері қозғалыстық нейропатия және шеткері сенсорлы қозғалыстық нейропатия қамтылады.

МЖЛ бар егде жастағы пациенттер

VсR-CAP тобындағы пациенттерден 42.9% және 10.4%, тиісінше, 65-74 жас және ≥75 жас ерекшеліктік диапазонында болды. VсR-CAP және R-CHOP емінің ≥75 жастағы пациенттердегі жағымдылығы нашар болса да, R-СНОР тобындағы 42%-бен салыстырғанда, VсR-CAP тобындағы күрделі жағымсыз реакциялар көрсеткіші 68% құрады.

Монотерапия режимінде, вена ішіне енгізумен салыстырғанда, тері астына енгізу кезіндегі Бортезомиб препаратының қауіпсіздік бейініндегі елеулі айырмашылықтар

III фаза зерттеуінде Бортезомиб препаратын тері астына қабылдаған пациенттер, вена ішіне енгізумен салыстырғанда, жағымсыз реакциялардың жалпы туындау жиілігінен 13% төмен (уыттылығы бойынша 3 дәрежеде немесе одан жоғары), сондай-ақ Бортезомиб препаратымен емдеуді тоқтату жағдайлары жиілігінен 5% төмен болды. Диарея, асқазан-ішек және абдоминальді ауырулар, астениялық жай-күйлер, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары және шеткері нейропатия жағдайларының жалпы жиілігі, вена ішіне енгізу тобымен салыстырғанда, тері астына енгізу тобында 12%-15% төмен. Бұдан бөлек, вена ішіне енгізу тобымен салыстырғанда, тері астына енгізу тобында 3 дәрежеде немесе одан жоғары шеткері нейропатия жағдайларының жиілігі 10% төмен және шеткері нейропатия салдарынан емді тоқтату деңгейі 8% төмен болды.

Пациенттердің 6%-да, негізінен, қызару түрінде тері астына енгізуге деген жергілікті жағымсыз реакция көрініс берді. Жағымсыз реакциялар орта есеппен 6 күн өткенде жойылды, 2 пациентке дозаны модификациялау қажет болды. Пациенттердің екеуінде (1%) күрделі реакциялар болды; 1 қышыну жағдайы және 1 қызару жағдайы.

Емделу аясында өлімге ұшырау тері астына енгізу тобында 5% және вена ішіне енгізу тобында 7% құрады. «Аурудың үдеуі» тобында өлімге ұшырау жиілігі тері асты тобында 18% және вена ішіне енгізу тобында 9% құрады.

Қайталамалы көптеген миеломасы бар пациенттерді қайта емдеу

Қайталамалы көптеген миеломасы бар 130 пациент қамтылған зерттеуде осының алдындағы Бортезомиб препаратын қамтыған емдеу режиміне ең болмаса ішінара жауап берген пациенттерде Бортезомиб препараты қайталау емі ретінде қолданылды. Пациенттердің ең болмаса 25%-да байқалған барлық ауырлық дәрежелерінде ең көп таралған жағымсыз реакциялар, тиісінше, тромбоцитопения (55%), нейропатия (40%), анемия (37%), диарея (35%), іш қату (28%) болды. Барлық ауырлық дәрежелеріндегі шеткері нейропатия және 3 дәрежедегі және одан жоғары шеткері нейропатия, тиісінше, пациенттердің 40% және 8.5%-да байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бортезомиб, бор немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және бала емізу кезеңі

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • жедел диффуздық инфильтрациялық өкпе аурулары және перикард зақымданулары.

Бортезомиб-Тева препаратын басқа дәрілік заттармен біріктіріп қолданғанда ем басталғанша қарсы көрсетілімдері туралы ақпарат алу үшін осы дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты зерттеу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бортезомиб in vitro зерттеулерінде Р450 цитохромы (CYP) 1А2, 2С9, 2С19, 2D6 және 3А4 изоферменттерінің әлсіз тежегіші қасиеттерін танытады. Бортезомиб метаболизміне CYP2D6 изоферментінің (7%) мардымсыз қатысуына орай, осы изофермент белсенділігі төмен адамдарда препараттың жалпы таралу өзгерістері күтілмейді.

CYP3A4 изоферментінің белсенді тежегіші - кетоконазолдың бортезомиб фармакокинетикасына (вена ішіне енгізгенде) дәрілік өзара әрекеттесу әсерін зерттеу бортезомиб АUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) орташа мәндерінің, орта есеппен, 35% артуын көрсетті. Сондықтан бортезомиб пен CYP3A4 изоферментінің белсенді тежегішін (кетоконазол, ритонавир) бір мезгілде қабылдайтын науқастарды мұқият қадағалау керек.

CYP2C19 изоферментінің белсенді тежегіші - омепразолдың бортезомиб фармакинетикасына (вена ішіне енгізгенде) дәрілік өзара әрекеттесу әсерін зерттеуде бортезомиб фармакокинетикасының елеулі өзгеруі анықталмаған.

CYP3A4 изоферментінің белсенді индукторы - рифампициннің бортезомиб фармакокинетикасына әсерін (вена ішіне енгізгенде) бортезомиб AUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) орташа мәндерінің, орта есеппен, 45% төмендеуін көрсетті. Сондықтан Бортезомиб препаратын CYP3A4 күшті индукторларымен бірге қолдану ұсынылмайды, өйткені ем тиімділігі төмендеп кетуі мүмкін. CYP3A4 индукторларына рифампицин, карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал және шайқурай жатады.

Сол зерттеуде CYP3A4 едәуір әлсіз индукторы – дексаметазон әсері бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша бортезомиб фармакокинетикасының елеулі өзгеруі (вена ішіне енгізгенде) анықталмаған.

Мелфалан-преднизон біріктірілімімен дәрілік өзара әрекеттесуінің зерттеуі бортезомиб АUC («концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан) орташа мәндерінің (вена ішіне енгізгенде) 17% артуын көрсетті. Бұл өзгеріс клиникалық мәнді болып саналады.

Клиникалық зерттеулер жүргізілгенде ішу арқылы гипогликемиялық препараттар қабылдаған диабеттен зардап шегетін пациенттерде гипогликемия және гипергликемия жағдайлары тіркелді. Бортезомиб препаратын ішуге арналған гипогликемиялық препараттарды бір мезгілде қабылдаған науқастарда қолданғанда қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылап, қажет болса, гипогликемиялық препараттар дозасын түзету керек.

Айрықша нұсқаулар

Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді ісікке қарсы химиялық ем қолдану тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен ғана жүргізу керек. Бортезомиб-Тева препаратын сұйылту және енгізуді оқытып-үйретілген медициналық қызметкер атқаруы тиіс.

Бортезомиб-Тева препаратын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолданғанда Бортезомиб-Тева препаратымен ем басталғанша осы препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты зерттеген жөн.

Интратекальді енгізу

БОРТЕЗОМИБ ПРЕПАРАТЫН ИНТРАТЕКАЛЬДІ ЕНГІЗГЕНДЕ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛГЕН.

Бортезомиб-Тева препараты интратекальді енгізілуі тиіс. Бортезомиб-Тева препараты, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг вена ішіне және тері астына енгізуге көрсетілген.

Үдемелі мультифокальді лейкоэнцефалопатия (ҮМЛ)

Бортезомиб препаратын қабылдаған пациенттерде нәтижесінде ҮМЛ және өлім болған Джон Каннингем (JC) вирусы инфекциясын жұқтырудың себептік байланысы белгісіз өте сирек жағдайлар тіркелген. ҮМЛ диагностикаланған пациенттер алдын ала немесе бәсекелі иммуносупрессиялық ем қабылдаған. Көпшілік жағдайларда ҮМЛ Бортезомиб препаратының бірінші дозасын алған сәттен бастап 12 ай ішінде диагностикаланды. Пациенттер ОЖЖ тарапынан болатын кінәраттарды дифференциациялық диагностикалау аясында ҮМЛ көрсетуі мүмкін неврологиялық симптомдардың немесе белгілердің жаңасының білінуі немесе бұрынғысының нашарлауы тұрғысынан жүйелі қадағалануы тиіс. Егер ҮМЛ диагнозына күдік бар болса, пациенттерді ҮМЛ саласындағы маманға жолдап, ҮMЛ бойынша тиісті диагностикалық шараларды бастау керек. ҮМЛ диагнозы расталған жағдайда Бортезомиб препаратын қолдануды тоқтату керек.

Шеткері нейропатия

Бортезомиб препаратын қолдану көбінесе сенсорлы түрде болатын шеткері нейропатияны жиі туындатады. Дегенмен де, сенсорлы шеткері нейропатиямен немесе онсыз ауыр моторлы нейропатия жағдайлары сипатталған. Шеткері нейропатия жиілігі емдеудің басында артып, 5 циклда жоғары шегі байқалады.

Пациенттерде ашыту, гиперестезия, гипестезия, парестезия, жайсыздық, нейропатиялық ауыру немесе әлсіреу сияқты нейропатия симптомдарының бар-жоғын бақылау қажет.

Бортезомиб препаратын вена ішіне және тері астына енгізу салыстырылған 3 фаза зерттеуінде >2 дәрежедегі шеткері нейропатия жиілігі тері астына енгізгенде 24% және вена ішіне енгізгенде 41% құрады (р=0.0124). >3 дәрежедегі шеткері нейропатия препаратты вена ішіне енгізу тобындағы 16%-бен салыстырғанда, препаратты тері астына енгізу тобындағы пациенттердің 6-да білінді (р=0.0264). Бортезомиб препаратын вена ішіне енгізгенде барлық дәрежедегі шеткері нейропатияның көрініс беру жиілігі MMY-3021 зерттеуімен салыстырғанда вена ішіне енгізілген Бортезомиб препаратымен жүргізілген тарихи зерттеулерде төмен болды.

Шеткері нейропатияның жаңасы дамыған немесе бұрынғысы нашарлаған пациенттерде препарат дозасын немесе енгізу сызбасын өзгерту немесе препаратты тері астына енгізуге ауысу қажет болуы мүмкін («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Нейропатия демеуші еммен немесе басқа ем түрлерімен басылды.

Бортезомиб препаратының нейропатиямен астасатын дәрілік заттармен (мысалы, талидомид) біріктірілген емін қабылдайтын пациенттерде нейропатияны емдеуден туындайтын симптомдардың бар-жоғына неврологиялық бағалау жүргізумен ерте және жүйелі бақылау жүргізіп, сондай-ақ тиісінше дозаны азайтуды немесе емдеуді тоқтатуды қарастыру қажет.

Постуральді гипотония және бітеліспен болатын ауыр дәрежедегі іш қату сияқты кейбір жағымсыз реакциялар дамуына, шеткері нейропатияға қосымша, вегетативті нейропатияның қатысы болуы мүмкін. Вегетативті нейропатияға және осы жағымсыз әсерлер дамуындағы оның мәніне қатысты деректер шектеулі.

Құрысулар

Осының алдындағы құрысулар және эпилепсия тарихы болмаған пациенттерде құрысулардың даму хабарламалары алынған. Құрысуларды дамытатын кез келген қауіп факторлары бар пациенттерді емдеуде айрықша сақтық шарасын қадағалау қажет.

Гипотензия

Бортезомиб препаратымен емдеу әдетте ортостаздық/постуральді гипотензиямен астасқан. Жағымсыз реакциялардың көпшілігі жеңілден орташаға дейінгі ауырлық дәрежесінде болды және бүкіл емдеу кезеңі бойына байқалды. Бортезомиб препаратымен ем аясында дамыған ортостаздық гипотензиясы бар пациенттерде (вена ішіне енгізілгенде) Бортезомиб препаратымен емге дейін ортостаздық гипотензия симптомдары байқалмаған. Пациенттердің көпшілігіне ортостаздық гипотензияны емдеу қажет болды. Ортостаздық гипотензиясы бар пациенттердің шағын бөлігі естен тану жай-күйлерін сезінді. Ортостаздық/постуральді гипотензия мен Бортезомиб препаратының болюсті инфузиясы арасында нақты байланыс жоқ. Вегетативті нейропатиямен өзара байланысы жоққа шығарылмаса да, осы симптом механизмі белгісіз. Вегетативті нейропатия бортезомиб қолданумен байланысты болуы мүмкін немесе бортезомиб диабеттік немесе амилоидты нейропатия сияқты бастапқы жай-күйлерді өршітуі мүмкін. Анамнезінде естен танулары болған және гипотониямен астасқан дәрілік заттар қабылдайтын пациенттерді емдегенде; немесе қайталанатын диареясы немесе құсумен байланысты сусыздануы бар пациенттерді емдегенде сақ болу керек. Ортостаздық/постуральді гипотонияны емдеу гипертензияға қарсы дәрілік заттар түзетілуін, регидратацияны немесе минералокортикостероидтар және/немесе симпатомиметиктер енгізуді қамтуы мүмкін. Пациенттерге бас айналу, сандырақтау немесе естен тану білінгенде медициналық жәрдемге жүгіну қажет екенін ескерткен жөн.

Жүрек қызметінің бұзылуы

Бортезомибпен емделгенде іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің жедел дамуы немесе өршуі және/немесе алғаш дамыған сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуі білінді. Сұйықтық іркілісі жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарының дамуына бейімдеу факторы болуы мүмкін. Бұрыннан жүрек аурулары немесе қауіп факторлары бар пациенттерді мұқият қадағалау талап етіледі.

Электрокардиограмма зерттеулері

Клиникалық зерттеулерде QT аралығы ұзаруының жекелеген жағдайлары аталған; себептік байланысы анықталмаған.

Бүйрек функциясының бұзылулары

Көптеген миеломасы бар пациенттерде бүйрек функциясының асқынулары жиі байқалады. Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерді мұқият қадағалап отыру керек.

Бауыр функциясының бұзылулары

Бортезомиб бауыр ферменттерімен метаболизденеді. Бортезомиб экспозициясы бауыр жеткіліксіздігі орташа немесе ауыр пациенттерде ұлғаяды; ондай пациенттерге Бортезомиб препаратының азайтылған дозасымен ем жүргізіп, уыттанудың білінуі тұрғысынан мұқият қадағалау қажет.

Бауыр тарапынан реакциялар

Бортезомиб препаратын басқа дәрілік препараттармен бірге қабылдаған және бастапқы ауыр клиникалық жай-күйлері болған пациенттерде бауыр жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары білінген. Бауыр тарапынан білінген басқа да құбылыстар бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауын, гипербилирубинемия мен гепатитті қамтыды. Осындай өзгерістер Бортезомиб препаратын тоқтатқанда қайтымды болуы мүмкін.

Пульмонологиялық аурулар

Сирек жағдайларда, Бортезомиб препаратын қолданғанда, пневмонит, интерстициальді пневмония, өкпе инфильтрациясы және жедел респираторлық дистресс-синдром (ЖРДС) сияқты этиологиясы белгісіз жедел диффуздық инфильтрациялық өкпе аурулары байқалды. Осы жай-күйлердің кейбірі өліммен аяқталуға соқтырды. Емдеу басталғанша Бортезомиб препаратымен емнен кейін білінуі мүмкін ықтималды өкпе өзгерістерін емдегенде оны негіз ретінде пайдалану үшін кеуде қуысының рентгенограммасын жасау ұсынылады

Өкпе симптомдарының (мысалы, жөтел, ентігу) жаңасы білінген немесе бұрынғысы нашарлаған жағдайда шұғыл диагностикалық тексеру жүргізіп, тиісті ем тағайындау қажет. Бортезомиб препаратымен емді жалғастырмас бұрын пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет.

Гематологиялық уыттану

Бортезомиб препаратымен емделу гематологиялық уыттану реакцияларымен (тромбоцитопения, нейтропения және анемия) өте жиі байланысты.

Бортезомиб препаратын қабылдаған қайталамалы көптеген миеломасы бар пациенттер арасында және Бортезомиб препаратының ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизонмен біріктірілген (VсR-CAP) емін қабылдаған, бұрын емделмеген МЖЛ бар пациенттерде гематологиялық уыттанудың ең көп жиі көрінісі транзиторлы тромбоцитопения болды. Тромбоциттер деңгейлері Бортезомиб препаратымен әр емдеу циклының 11-ші күні ең төмен күйде болып, әдетте келесі цикл басталуына қарай бастапқы деңгейге дейінгі қалпына келді. Жинақталған тромбоцитопения айғақтары табылмаған. Тромбоциттер деңгейінің орташа өлшенген барынша төмендеуі көптеген миелома монотерапиясы зерттеулерінде бастапқы деңгейден шамамен 40% және МЖЛ зерттеуінде 50% құрады. Үдемелі миеломасы бар пациенттерде тромбоцитопения ауырлығы емнің басталуына дейінгі тромбоциттердің бастапқы деңгейімен байланысты болды: тромбоциттердің <75000/мкл бастапқы деңгейінде зерттеу кезінде 21 пациенттің 90%-да тромбоциттер саны ≤25000/мкл, соның ішінде 14%-да <10000/мкл құрады; одан өзгеше, тромбоциттердің >75000/мкл бастапқы деңгейінде, зерттеу кезінде 309 пациенттің тек 14%-де тромбоциттер саны ≤25000/мкл құрады.

МЖЛ бар пациенттерде (LYM-3002 зерттеуі), Бортезомиб препаратынсыз ем қабылдаған топпен (ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин, винкристин, преднизон [R-СНОР]) салыстырғанда, Бортезомиб препаратымен ем қабылдаған топта (VсR-CAP) >3 дәрежедегі тромбоцитопенияның едәуір жоғары жиілігі (56.7% қарсы 5.8%) байқалды. Екі ем тобы да барлық дәрежедегі қан кету жағдайларының (VсR-CAP тобында 6.3% және R-СНОР тобында 5.0%), сондай-ақ 3 дәрежедегі және одан жоғары қан кету жағдайларының (VcR-САР: 4 пациент [1.7%]; R-CHOP: 3 пациент [1.2%]) жалпы туындау жиілігіне қатысты салыстырмалы болды. Тромбоциттер құю R-СНОР тобындағы пациенттердің 2.9%-мен салыстырмалы VсR-CAP тобындағы пациенттердің 22.5%-да жүргізілді.

Бортезомиб препаратымен емдеумен байланысты асқазан-ішектік және бассүйекішілік қан құйылу жағдайлары хабарланды. Осыған орай, Бортезомиб препаратының әр дозасын енгізер алдында тромбоциттер санын мұқият бақылау керек. Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген ем жағдайында, егер тромбоциттер саны <25000/мкл құраса немесе тромбоциттер саны ≤30000/мкл құраса, Бортезомиб препаратымен емді тоқтата тұру қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз). Болжамды қауіптерге қарсы емдеудің ықтималды пайдасын, әсіресе, орташа және ауыр тромбоцитопения және қан кетуді дамытатын қауіп факторлары болған жағдайда, мұқият бағалап алу қажет.

Бортезомиб препаратымен емделу кезінде дифференциалмен толық қан талдауын жасап, тромбоциттер деңгейін бақылау қажет. Клиникалық көрсетілімдер бойынша тромбоциттер құю қажеттілігін қарастыру керек.

Циклдар арасында МЖЛ бар пациенттерде қайтымды болатын транзиторлы нейтропения байқалды және жинақталатын нейтропения айғақтары болмады. Бортезомиб-Тева препаратымен әр емдеу циклының 11-ші күні нейтрофилдердің ең аз деңгейі білініп, әдетте, келесі цикл басталуына қарай бастапқы деңгейге дейінгі қалпына келген. LYM-3002В зерттеуінде колония стимуляциялау факторы VсR-CAP тобында пациенттердің 78%-да және R-CHOP тобында пациенттердің 61%-да енгізілген. Нейтропениясы бар пациенттер инфекциялардың дамуы жоғары қауіп тобында болатындықтан, ондай пациенттерде инфекция белгілері мен симптомдарының бар-жоғын мұқият бақылап, тиісті ем қолдану қажет. Қолданылатын стандартты тәжірибеге сәйкес гематологиялық уыттануды емдеу үшін гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторларын енгізуге болады. Цикл жүргізілгенде бірнеше рет кідіріс болған жағдайда гранулоцитарлы колония стимуляциялау факторларын профилактикалық қолдану қажеттілігін қарастыру керек.

Асқазан-ішек жолы тарапынан уыттану реакциялары

Бортезомиб препаратын қолданғанда асқазан-ішек жолы тарапынан болатын уыттану реакциялары, соның ішінде жүрек айну, диарея, іш қату және құсу өте жиі байқалады. Ішек бітелісі жөнінде хабарламалар алынған. Осыған орай, іш қатулардан зардап шегетін пациенттерді мұқият қадағалау керек.

Herpes zoster вирусының қайта белсенділенуі

Бортезомиб препаратымен ем қабылдайтын пациенттерде вирусқа қарсы профилактика жүргізу ұсынылады. Мелфаланмен және преднизонмен біріктірілген Бортезомиб препаратымен ем қабылдайтын пациенттерде Herpes zoster вирусының қайта белсенділену жиілігі мелфаланмен және преднизонмен ем қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда жоғары болды (тиісінше, 14% және 4%).

МЖЛ бар пациенттерде (LYM-3002 зерттеуі) Herpes zoster инфекциясының пайда болу жиілігі VсR-CAP тобында 6.7% құрады және R-CHOP тобында 1.2% құрады.

B гепатиті вирусы (HBV) инфекциясын жұқтыру және оның қайта белсенділенуі

Бортезомиб препаратын ритуксимабпен біріктіріп қолданғанда, емдеу басталғанша HBV инфекциясын жұқтыру қаупі бар пациенттерде HBV бар-жоғына скрининг өткізу қажет. В гепатитінің тасымалдаушылары және анамнезінде В гепатиті бар пациенттер Бортезомиб препаратымен біріктірілген ритуксимабпен емдеу кезінде және одан кейін HBV белсенді инфекциясының клиникалық және зертханалық белгілерді анықтау тұрғысынан мұқият қадағалануы тиіс. Вирусқа қарсы профилактика жүргізу қажеттілігін қарастыру қажет. Қосымша ақпарат алу үшін ритуксимабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.

Ісік лизисі синдромы

Бортезомиб препараты қатерлі жасушалардың және МЖЛ жасушаларының тез қырылуын туғызуға қабілетті цитоуытты препарат екендіктен, ісік лизисі синдромының асқынулары дамуы мүмкін. Ісік лизисі синдромының даму қаупі бастапқы жоғары ісік массасы бар пациенттерде жоғары. Осы пациенттерді емдегенде мұқият бақылап отыру және тиісті сақтану шараларын қолдану қажет.

Қатарлас дәрілік заттар

CYP3A4 қуатты тежегіштерімен біріктірілген бортезомибпен ем қабылдайтын пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Бортезомиб CYP3A4 немесе CYP2C19 субстраттарымен біріктірілгенде сақ болу керек.

Ішу арқылы гипогликемиялық дәрілер қабылдайтын пациенттерді емдеуде бауыр функциясының қалыпқа түскеніне көз жеткізіп, сақтық шарасын қадағалау қажет.

Иммундық кешен арқылы жүретін ықтималды реакциялар

Сарысу құю ауруы типті реакция, бөртпелі полиартрит және пролиферациялық гломерулонефрит сияқты иммундық кешен арқылы жүретін ықтималды реакциялар жағдайлары білінген. Күрделі реакциялар туындаған жағдайда бортезомиб қолдануды тоқтату қажет.

Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (Posterior Reversible Encephalopathy Syndrome (PRES)

Бортезомиб қабылдайтын пациенттерде PRES даму хабарламалары бар. PRЕS құрысулар, гипертония, бас ауыру, летаргия, сананың шатасуы, соқырлық және басқа көру қабілетінің және неврологиялық бұзылулар түрінде көрініс беретін сирек қайтымды неврологиялық бұзылыс болып табылады. Диагнозды растау үшін миды көріністеу әдістері, дұрысы – МРТ (магнитті-резонансты томография). Егер науқаста PRES дамыса, Бортезомиб препаратымен емдеуді тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ерлер мен әйелдердегі контрацепция

Бала туу қуаты зор ер және әйел жынысты пациенттер емделу кезінде және ем аяқталған соң 3 ай бойы контрацепцияның тиімді тәсілдерін пайдалануы тиіс.

Жүктілік

Бортезомибтің жүктілік ағымына әсері туралы клиникалық деректер жоқ. Бортезомибтің тератогенді қуаты аяғына дейін зерттелмеген.

Жүктілік кезінде, әйелдің клиникалық жай-күйі Бортезомиб-Тева препаратымен емдеуді талап ететін жағдайлардан басқа, Бортезомиб-Тева препараты қолданылмауы тиіс. Егер Бортезомиб-Тева препараты жүктілік кезінде қолданылса немесе пациент әйел препаратты қолдану аясында жүкті болып қалса, пациент әйелге шаранаға төнетін зор қауіп ескертілуі тиіс.

Лактация

Бортезомибтің адамда сүтпен бөлінуі белгісіз. Емшекпен қоректенетін сәбиде ауыр жағымсыз реакциялардың туындау қаупіне орай, Бортезомиб-Тева препаратымен емделу кезінде бала емізу тоқтатылуы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пациенттерге Бортезомиб-Тева препаратымен емделу кезінде көлік құралын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін қажу, бас айналу, естен тану, ортостаздық/постуральді гипотензия, көру бұзылыстары және басқа жағымсыз құбылыстардың білінуі мүмкін екенін ескерту қажет. Осы симптомдар пайда болғанда пациенттерге автокөлікті басқарудан және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін басқа аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тартуға кеңес беріледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұсынылатын дозадан 2 еседен көп асып кететін артық дозалану өліммен аяқталатын артериялық қысымның жедел төмендеуі мен тромбоцитопениясы бар науқастарда қатар жүрген.

Емі: Бортезомиб-Тева препаратына спецификалық антидот белгісіз. Артық дозалану кезінде науқастың өмірлік маңызды функциялар көрсеткіштерін бақылап, артериялық қысым мен дене температурасын сақтау үшін тиісті ем (инфузиялық ем, тамыр тарылтатын және/немесе инотропты препараттар) жүргізген жөн.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат мөлдір полиэтилен жабынмен тартылған және қызыл пластик қалпақшасы бар алюминий қақпақпен қаусырылған және сұр бромбутил лиофилизацияланған резеңке тығынмен тығындалған сыйымдылығы 10 мл I типті мөлдір шыны құтыға салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, жарықтан қорғалған жерде. Дайындалған ерітіндіні түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада 8 сағаттан асырмай сақтайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

Өндіруші - қаптаушы

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company, Венгрия

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Ltd, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050059 (А15Е2Р) Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 17/1,

«Нұрлы тау» БО, 5Б корпус, 6 қабат

Телефон (727) 325-16-15; 325-16-90

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050059 (А15Е2Р) Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 17/1,

«Нұрлы тау» БО, 5Б корпус, 6 қабат

Тел. факс: (727) 325-16-42

E-mail: Safety.Kazakhstan@tevapharm.com

Прикрепленные файлы

Бортезомиб_каз.docx 0.15 кб
Бортезомиб_рус.doc 0.4 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту