Бороментол

МНН: Борная кислота, Левоментол
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003167
Период регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Бороментол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 25 г жақпамай

Құрамы

100 г жақпамай құрамында

белсенді заттар - 3 г бор қышқылы; 0,5 г ментол

қосымша зат - вазелин 100 г дейін

Сипаттамасы

Ментол иісі бар, ақ немесе ақшыл-сары түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды МО2АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Бор қышқылы антисептикалық дәрі. Әлсіз бактериостатикалық және фунгистатикалық әсерге ие. Ментол теріге ысқылаған кезде суықты, жеңіл күйдіруді және шаншуды сезінумен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркендіруін туғызады. Жеңіл жергілікті ауырсынуды басатын әсері бар. Әлсіз антисептикалық қасиеттері де бар. Бороментолды ауыруды басатын (аулақтатқыш), қабынуға қарсы дәрі ретінде сыртқа тағайындайды.

Қолданылуы

- тері қышынуында

- невралгияда

- ринитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Жақпамайды зақымдалған тері бөлігіне жұқалап жағады. Риниттер кезінде мұрын жақтаулары терісіне жағып, жеңіл ысқылайды. Емдеу курсы 3-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар, жанаспалы дерматит болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты терінің ауқымды аймақтарына жағуға болмайды. Терінің жедел қабыну ауруларында қолданбау керек.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдарыжүрек айну, құсу, диарея, бөртпе, бас ауыруы, сананың шатасуы, құрысу.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 г-ден нығыздағыш элементтері бар бұралатын полиэтилен қақпағымен мойны бұрандалы шынымассадан жасалған банкіде немесе нығыздағыш элементі бар тартылатын полиэтилен қақпағымен медициналық шыныдан жасалған банкіде. 25 г-ден медициналық мақсатқа арналған полимер немесе алюминий сықпада. Әр сықпа қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады. Банкілер қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге сәйкес мөлшерде орама қағаз бумаларға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстағыш полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картон жәшіктерге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы,100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ФАРМАЦИЯ 2010 ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел.фак (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

Прикрепленные файлы

109607491477976326_ru.doc 43 кб
357478781477977580_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники