Борная кислота

МНН: Борная кислота
Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты борной кислоты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003210
Период регистрации: 15.12.2015 - 15.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Бор қышқылы

Халықаралық патенттелмеген атауы

жоқ

Дәрілік түрі

3 % спиртті ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: 3.0 г бор қышқылы

қосымша зат: 95 % этанол 67.5 г, 100 мл дейінгі тазартылған су

Сипаттамасы

Этил спиртінің иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер мен зарарсыздандырғыш препараттар. Бор қышқылы және оның негізіндегі препараттар.

АТХ коды D08AD

Фармакологиялық қасиеттері

Антисептикалық дәрі.

Бор қышқылы микроб жасушасы ақуыздарын (соның ішінде ферменттік) коагуляциялайды, жасуша қабығының өткізгіштігін бұза отырып, жасушаның жойылуын туындатады немесе бактериялардың өсуі мен дамуын тежейді (препараттың концентрациясына байланысты).

Қолданылуы

  • жедел созылмалы отитте

  • пиодермияда

Қолдану тәсілі мен дозалары

Отит кезінде күніне 2-3 рет 3-5 тамшыдан тағайындайды. Бор қышқылы ерітіндісіне суланған тампонмен терінің зақымданған жерлерін сүртеді. Емдеу курсы 3-5 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • эпителий десквамациялары (терінің беткі қабатының қабыршықтанып түсуі)

  • қышыну, күйдіру

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа аса жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың шырышты қабықтарға түсуін болдырмау керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл-ден полиэтилен тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалған мойны бұралатын шынымассадан жасалған құтыда немесе дәрілік затқа арналған бұрандалы қақпағы бар полиэтилен құтыда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге сәйкес санымен картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФАРМАЦИЯ 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, тел./факс (7212) 42-67-34 , е-mail: farmaciyakrg@mail.ru

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

680096601477976312_ru.doc 43 кб
855022771477977558_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники