Бонефос® (400 мг)

МНН: Клодроновая кислота
Производитель: Байер Ой
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clodronic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№002327
Период регистрации: 28.09.2015 - 28.09.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 143.64 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бонефос®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клодрон қышқылы

Дәрілік түрі

400 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 500,0 мг динатрий клодронатының тетрагидраты  (400,0 мг сусыз динатрий клодронатына баламалы),

қосымша заттар: тальк, кальций стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты.

қатты желатинді капсуланың құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), желатин.

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түсті, "BONEFOS" деген таңбасы бар қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ ішінара түйіршікті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Сүйектердің құрылымына және минералдануына әсер ететін препараттар. Бисфосфонаттар. Клодрон қышқылы.

АТХ коды  М05ВА02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клодрон қышқылы асқазан-ішек жолында тез сіңеді және шамамен 2 %-ды құрайды. Препараттың бір дозасын ішке қабылдағаннан кейін қан сарысуында ең жоғарғы концентрацияға 30 минуттан соң жетеді. Клодрон қышқылының кальций мен басқа екі валентті катиондарға айқын ұқсастығының арқасында, клодрон қышқылының сіңуі препаратты аспен немесе құрамында екі валентті катиондары бар дәрілік заттармен бірге қабылдағанда едәуір төмендейді. Клодрон қышқылын ас қабылдаудан 1 сағат бұрын ішке қабылдағанда, салыстырмалы биожетімділігі 91%-ды, 30 минут бұрын қабылдағанда, тиісінше, 69%-ды құрайды (мұндайда биожетімділігінің төмендеуі статистикалық тұрғыдан маңызды емес). Клодрон қышқылының асқазан-ішек жолындағы сіңу көрсеткіштеріндегі едәуір ауытқулар әртүрлі емделушілер арасында да, сондай-ақ бір ғана емделушіде де байқалады. Бір ғана емделушідегі сіңу көрсеткіштерінің едәуір ауытқуларына қарамастан, ұзақ емдеу барысында клодрон қышқылының алынатын мөлшері тұрақты болып қалады.

Клодрон қышқылының қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы төмен. Таралу көлемі 20 - 50 л құрайды.

Клодрон қышқылының қан сарысуынан шығарылуы екі фазамен сипатталады: жартылай шығарылу кезеңі 2 сағатқа жуық болатын таралу фазасымен және өте баяу өтетін шығарылу фазасымен, өйткені клодрон қышқылы сүйек тінімен берік байланысады. Клодрон қышқылы организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Препаратты ішке қабылдағаннан кейін бірнеше күн ішінде несептен 80%-ға жуығы анықталады. Сүйек тінімен байланысқан клодрон қышқылы (сіңген дозаның 20%-ға жуығы), организмнен баяуырақ шығарылады. Бүйректік клиренсі плазмалық клиренсінің шамамен 75%-ын құрайды.

Қан плазмасындағы клодрон қышқылының концентрациясы мен емдік әсерінің немесе жағымсыз реакцияларының арасында айқын байланыс жоқ. Препараттың фармакотерапиялық бейіні, клодрон қышқылының бүйрек клиренсін төмендететін бүйрек функциясының жеткіліксіздігін қоспағанда, науқастың жасына, препараттың метаболизміне немесе функционалдық бұзылуларға байланысты емес.

Фармакодинамикасы

Клодрон қышқылы бисфосфонаттар тобына жатады және табиғи пирофосфаттың аналогы болып табылады. Бисфосфонаттардың сүйек тінінің минералды құрамдас бөліктеріне ұқсастығы жоғары. In vitro бисфосфонаттар кальций фосфатының преципитациясын бәсеңдетеді, оның гидроксиапатитке өзгеруін бөгейді, апатит кристалдарының ірірек кристалдарға бірігуін кідіртеді және осы кристалдардың еруін баяулатады.

Клодрон қышқылының негізгі әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін төмендету және олар арқылы сүйек тіні резорбциясын азайту болып табылады. Клодрон қышқылы сүйектің резорбциясын бірнеше жолдармен төмендетеді.

Клодрон қышқылының адамдардағы сүйек тіні резорбциясын тежеу қабілеті гистологиялық, кинетикалық және биохимиялық зерттеулер үдерістерінде дәлелденген. Дегенмен, бұл үдерістің нақты механизмдері аяғына дейін зерттелмеген.

Клодрон қышқылы қан сарысуындағы кальцийдің концентрациясын, сондай-ақ кальций мен гидроксипролиннің несеппен бірге шығарылуын азайта отырып, остеокласттардың белсенділігін төмендетеді.

Пре- және постменопаузадағы әйелдердегі сүт безі обырында клодрон қышқылы жамбас сүйегі мен бел омыртқа сүйек тінінің жоғалуын алдын алады. Клодрон қышқылын монотерапияда сүйек тінінің резорбциясын тежеуге жеткілікті дозаларда қолданғанда адамда сүйектің қалыпты минералдануына ықпалы байқалған жоқ. Сүт безінің обыры және көптеген миеломасы бар науқастарда сүйектердің сыну ықтималдығының төмендегені байқалды.

Қолданылуы

- қатерлі ісіктерден болған гиперкальциемияны және сүйектегі остеолитикалық метастаздарды емдеуде

Қолдану тәсілі мен дозалары

Клодрон қышқылы негізінен бүйректер арқылы шағарылады, Бонефоспен® ем жүргізу кезінде науқасқа сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Ішке

400 мг- капсулаларды шайнамай жұтқан жөн.

Тәуліктік 1600 мг дозаны таңертең бір рет ашқарынға, бір стақан сумен ішіп қабылдау керек. Препаратты қабылдағаннан кейін науқас бір сағат бойы ас қабылдауды, сұйық ішуді (жай суды қоспағанда) және басқа да дәрілік заттарды қабылдауды тоқтата тұруы тиіс.

Тәуліктік дозаны 1600 мг арттырған жағдайда оны екі бөліп қабылдайды. Бірінші дозасын жоғарыда ұсынылғандай қабылдау керек. Екінші дозасын ас қабылдау арасындағы аралықта, ас қабылдаудан, сұйық ішуден (жай судан басқа) немесе қандай да болсын басқа дәрілік заттардан кейін екі сағаттан соң немесе осылардан бір сағат бұрын қабылдаған жөн.

Бонефосты® сүтпен, аспен, сондай-ақ құрамында кальций мен екі валентті басқа катиондары бар препараттармен қабылдауға болмайды, өйткені олардың барлығы клодрон қышқылының сіңуін бұзады.

Бүйрек функциясы қалыпты ересек емделушілер

- Қатерлі ісіктерден болған сүйектегі остеолитикалық метастаздар

Әрбір жағдайда доза әр адамға жекелей анықталады. Кальций концентрациясының жоғарлауынсыз қатерлі ісіктерден болған остеолизисті емдеуде бастапқы дозасы тәулігіне 1600 мг құрайды. Қажет болған кезде ол арттырылуы, бірақ тәулігіне 3200 мг аспауы керек.  Емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына байланысты болады. Остеолизис үдегенде, гиперкальциемия немесе, препаратты ары қарай қолдануға келмейтін, препараттың жағымсыз әсерлері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн.

- Қатерлі ісіктерден болған гиперкальциемия

Қатерлі ісіктерден болған гиперкальциемияда Бонефостың® көктамырішілік инфузиясы ұсынылады. Препаратты көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмағанда, Бонефос® ішке бастапқы 2400-3200 мг дозада күн сайын тағайындалады. Жекелей жауабына байланысты, қандағы кальций мөлшерін қалыпты деңгейде сақтау үшін, доза күніне 1600 мг-ге дейін біртіндеп төмендетілуі мүмкін.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар

Клодрон қышқылы негізінен бүйректер арқылы шығарылады. Демек, Бонефос® препаратын бүйрек функциясы бұзылған науқастарға сақтықпен қолдану керек.

Препаратты ұзақ уақыт бойы ішке, тәулігіне 1600 мг асатын дозаларда қабылдамаған жөн.

Ішу арқылы қабылдағанда дозалар мына нұсқауларға сәйкес төмендетілуі тиіс:

Бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің дәрежесі

Креатинин клиренсі,

мл/мин

Дозасы

Жеңіл

50-80

тәулігіне 1600 мг (дозасын төмендетпеу ұсынылады)

Орташа

30-50

тәулігіне 1200 мг

Ауыр*

<30

тәулігіне 800 мг

*Бүйрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі 10 мл/мин кем емделушілерде клодрон қышқылын ішу арқылы қабылдауда фармакокинетикалық деректер жоқ. Бұндай жағдайда препаратты қолданбау керек, бүйрек жеткіліксіздігі тек сарысу кальций деңгейінің жоғарлауымен байланысты кезде қысқа мерзімді қолданғанды қоспағанда.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты ішке қабылдағанда өте жиі кездесетін жағымсыз реакция диарея болып табылады; бұл реакция әдетте жеңіл түрде білінеді және препаратты көбіне жоғары дозаларда қолданғанда пайда болады.

Төменде атап көрсетілген реакциялар препаратты ішке қабылдағанда да, сондай-ақ көктамыр ішіне енгізгенде де байқалуы мүмкін, сонда да бұл реакциялардың пайда болу жиіліктерінің арасында айырмашылық болуы мүмкін.

Жиі (≥1/100 , <1/10)

- симптомсыз гипокальциемия

- жүректің айнуы, құсу және диарея, әдетте жеңіл түрде

- аминотрансферазалар деңгейінің жоғарылауы, әдеттегідей, қалыпты көрсеткіштер шегінде

Сирек (≥1/10000, <1/1000)

- клиникалық көріністерімен қатар жүретін гипокальциемия, сарысудағы паратиреоидтық  гормон концентрациясының жоғарылауы (әдетте, кальций деңгейінің төмендеуімен бірге), сарысудағы сілтілік фосфатаза концентрациясының жоғарылауы (метастаздары бар емделушілерде бауыр мен сүйектерде метастаздардардың болуынан, сілтілік фосфатаза деңгейі де жоғарылауы мүмкін)

- аминотрансферазалар деңгейінің, бауыр функциясының бұзылуымен қатар жүрмейтін, қалыпты көрсеткішінен екі есе артық жоғарылауы

- аса жоғары сезімталдықтың тері біліністері түріндегі реакциялары

Бонефосты® қолданудың постмаркетингтік тәжірибесінің мәліметтері

Көз тарапынан бұзылулар:

- увеит

Басқа бисфосфонаттарды қолданғанда

-конъюнктивит, эписклерит және склерит. Конъюнктивит Бонефосты® басқа бисфосфонаттармен бірге қабылдаған бір емделушіде ғана байқалды.

Бонефосты® қолдану аясында эписклериттің және склериттің даму жағдайлары (бисфосфонаттардың жағымсыз реакциялар) күні бүгінге дейін байқалған жоқ.

Кеуде қуысы ағзаларының және көкірек ортаның, тыныс алу жүйесінің аурулары:

- ацетилсалицил қышқылына сезімталдығы жоғары, бронх демікпесі бар науқастарда тыныс алу функциясының бұзылуы

- респираторлық бұзылулармен білінетін аса жоғары сезімталдық реакциялары

Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары:

- бүйрек функциясының бұзылуы (сарысудағы креатинин құрамының жоғарылауы және протеинурия), бүйректің айқын зақымдануы, әсіресе Бонефостың® жоғары дозаларын көктамыр ішіне тез құйғаннан кейін. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды көбінесе диклофенакпен біріктіріп қолданғанда, фатальді жағдаймен аяқталуы сирек, бірлі-жарым бүйрек жеткіліксіздігі жағдайлары байқалған

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылулар:

- бұрын негізінен золендрон қышқылы және памидронат сияқты амино-бисфосфонаттарды қабылдаған емделушілерде бірлі-жарым жақ сүйек остеонекрозы жағдайлары байқалған («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

- Бонефосты® қабылдаған емделушілерде сүйектердің, буындардың және/немесе бұлшықеттердің қатты ауыруы. Алайда мұндай жағдайлар жиі байқалмаған, және рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде осы көрсеткіштер бойынша плацебо тобымен салыстырғанда маңызды айырмашылықтар анықталмаған. Симптомдардың басталуы Бонефосты® қабылдауды бастағаннан кейін бірнеше күннен бірнеше айға дейін ауытқып тұрады.

- жамбастың подвертельдік атипиялық және диафизарлық сынықтары (бисфосфонаттардың жағымсыз әсерлері)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клодрон қышқылына немесе препараттың кез келген қосымша ингредиенттеріне сезімталдық жоғары болғанда

- басқа бисфосфонаттармен қатарластыра емдеуге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді, көбінесе диклофенакты бір мезгілде тағайындағанда, Бонефосты® қабылдау мен бүйрек функциясы бұзылуының арасындағы байланыс жөнінде мәліметтер бар.

Гипокальциемияның даму мүмкіндігі зор болғандықтан, Бонефосты® аминогликозидтермен бірге тағайындағанда сақ болған жөн.

Эстрамустин фосфатын Бонефоспен® бір мезгілде қабылдау қан сарысуында эстрамустин фосфаты концентрациясының 80%-ға дейін артуына алып келгені жөнінде мәлімделген.

Клодронат екі валентті катиондармен нашар еритін кешендер түзеді, сондықтан тағамдық өнімдер мен құрамында екі валентті катиондары бар дәрілерді, мысалы, антацидтік препараттарды немесе темір препараттарын бір мезгілде қабылдау клодрон қышқылы биожетімділігінің едәуір төмендеуіне алып келеді.

Айрықша нұсқаулар

Клодрон қышқылы негізінен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, Бонефоспен® ем жүргізу кезінде науқасқа сұйықтықтың мол мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Бұл әсіресе Бонефосты® көктамырішілік инфузия түрінде тағайындағанда, сондай-ақ гиперкальциемия және бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар науқастар үшін маңызды.

Бонефос® препаратын бүйрек функциясы бұзылған науқастарға қолданғанда сақ болған жөн. Емге дейін және ем кезінде қан сарысуында креатинин, кальций және фосфор деңгейлеріне мониторинг жасау керек.

Тістерді жұлғаннан кейін және/немесе ауыз қуысының жергілікті инфекцияларынан кейін (остеомиелитті қоса есептегенде) көктамырішілік немесе бисфосфонаттарды ішу арқылы қабылдап жүрген қатерлі аурулары бар емделушілерде жақ сүйегінің остеонекрозы дамуының сирек жағдайлары мәлімделген. Бұл емделушілердің көпшілігі сондай-ақ химиялық ем мен кортикостероидтарды да қабылдаған.

Осыған байланысты кез келген бисфосфонаттармен емдеу басталғанға дейін, әсіресе қауіпті топтағы науқастарды емдеген кезде (мысалы, қатерлі онкологиялық аурулары бар, химиялық ем, сәулелік ем, кортикостероидтар қабылдап жүрген емделушілерде, ауыз қуысының гигиенасы жеткіліксіз деңгейде болғанда) ауыз қуысының санациясына бағытталған превентивті стоматологиялық емшаралар жүргізу керек. Бисфосфонаттармен ем қабылдап жүрген науқастарда инвазивті стоматологиялық емшаралар жүргізбеген жөн.

Бисфофонаттармен емдеу кезінде жақтың некрозы басталған емделушілердің жағдайын стоматологиялық операция ауырлатуы мүмкін.

Стоматологиялық операцияны керек ететін емделушілерде бисфосфонаттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейін жақ некрозының пайда болу қаупі азаятындығы туралы мәліметтер жоқ.

Бисфосфонаттарды қолдану аясында, негізінен, остеопорозға ұзақ уақыт ем қабылдап жүрген емделушілерде сан сүйектерінің атипиялық ұршықасты және диафизарлы сынуларының даму жағдайлары жөнінде мәлімделген. Бонефоспен® емдегенде мұндай жағдайлар байқалған жоқ.

Көлденең және қиғаш көлденең сынықтар сан сүйегінің кішкентай ұршық деңгейінен айдаршыққүсті аймағына дейінгі кез келген жерінде болуы мүмкін.

Мұндай сынулар аздаған жарақаттардан кейін немесе жарақат жоқ кезде болады. Мұндайда кейбір емделушілерде сан немесе шап аймақтарында сан сүйегінің стресс-сынығының (шаршаудан сынуы) рентгенологиялық белгілерімен бірігуі сан сүйегінің толық сынуы дамығанға дейінгі апталар немесе айлар ішінде байқалды.

Сынықтар көбінесе екі жақты болады, сондықтан бисфосфонаттармен ем қабылдап жүрген және сан сүйегінің сынуын бастан кешкен емделушілерде екінші аяқтың сан сүйегін де тексерген жөн.

Сондай-ақ мұндай сынықтардың бітуінің нашар болатындығы мәлімделген.

Санның атипиялық сынуына күдігі бар емделушілерде бисфосфонаттармен емдеуді тоқтатуды олардың пайда/қаупі арақатынасына баға берілгеннен кейін шешу қажет.

Бисфосфонаттармен емделу кезінде емделушілер сан аймағындағы, ұршық буындарындағы немесе шап аймағындағы кез келген ауыруға көңіл аударғаны және ол жөнінде дәрігерге айтқаны жөн. Мұндай емделушілерде сан сүйегінің толық сынған-сынбағандығын анықтау қажет.

Сирек тұқым қуалайтын бұзылулары галактозаның жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге Бонефос® 400 мг капсулаларды қабылдау ұсынылмайды.

Егде жастағы емделушілерде қолданылуы

Егде жастағы емделушілерде дозасын түзету жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ. 65 жастан асқан емделушілер қамтылған клиникалық зерттеулерде, аталған топта ерекше жағымсыз әсерлер байқалған жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

Бұл препараттың балаларға қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клодронаттың плацентарлық бөгет арқылы өту-өтпеуі белгісіз. Сондай-ақ клодронаттың ұрық тарапынан бұзылулар тудыру немесе адамдағы ұрпақ өрбітуге ықпал ету мүмкіндігі туралы да мәліметтер жоқ. Осыған байланысты Бонефос® жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс. Ұрпақ өрбіте алатын жастағы әйелдер тиімді контрацепция әдістерін қолдануы қажет.

Препаратты қабылдау кезінде емшек емізуге болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Белгісіз

Артық дозалануы

Симптомдары: клодрон қышқылын жоғары дозаларда көктамыр арқылы қолданған кезде қан сарысуында креатинин концентрациясының жоғарлауы және бүйрек функциясының бұзылуы туралы хабарланған. 20 000 мг (50х400 мг) клодронатты абайсыз қабылдағандағы жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауыр зақымдануы туралы бір жағдай хабарланған.

Емі: артық дозаланғанда симптоматикалық ем керек. Жеткілікті гидратацияны қамтамасыз ету керек, бүйрек және бауыр функциясын қадағалау керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған ақ мөлдір емес қақпақшасы бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған ақ мөлдір емес құтыда 100 капсуладан.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Байер Ой, Финляндия

Pansiontie 47, 20210 Turku

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС

Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел. +7 727 258 80 40, факс: +7 727 258 80 39

e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

Прикрепленные файлы

788422371477976399_ru.doc 77.5 кб
609505811477977605_kz.doc 105 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники