Бонджигар (сироп)

МНН: Барбариса остистого плодов экстракт густой, Берхавии раскидистой травы экстракт густой, Вербезины белой травы экстракт густой, Паслена черного плодов и семян экстракт густой, Пикроризы курроа корневищ и корней экстракт густой, Редьки посевной семян экстракт густой, Солодки голой корней экстракт густой, Сферантуса индийского травы экстракт густой, Тамарикса гребенщика плодов экстракт густой, Цикория обыкновенного семян экстракт густой
Производитель: Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009760
Информация о регистрации в РК: 12.07.2021 - 12.07.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Бонджигар

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90 мл шәрбат

Құрамы

10 мл шәрбат құрамында

белсенді заттар:

41.0 мг Ақ вербезин шөбінің қою сығындысы

38.0 мг Пикрорриза курроа тамыры мен тарамтамырының

қою сығындысы

32.0 мг Қара алқа тұқымы мен жемістерінің қою сығындысы

75.0 мг Кәдімгі шашыратқы тұқымдарының қою сығындысы

6.7 мг Жалаң мия тамырының қою сығындысы

44.66 мг Тамарикс жыңғылы жемістерінің қою сығындысы

24.3 мг Егістік шомыр тұқымдарының қою сығындысы

18.0 мг Қылқанды бөріқарақат жемістерінің қою сығындысы

12.0 мг Үнділік сферантус шөбінің қою сығындысы

9.0 мг Жайылған берхавий шөптерінің қою сығындысы

қосымша заттар: қант, сусыз лимон қышқылы, глицерин,

метилпарабен, пропилпарабен, Тутти фрутти СG – 2879 эссенциясы, шоколадты ваниль, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Қызыл-қоңыр түсті, өзіне тән хош иісі және тәтті дәмі бар шәрбат тәрізді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр мен өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препараттар.

АТЖ коды А05С

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Асқазан-ішек жолынан сіңеді, 30-40 минуттан кейін әсер ете бастайды.

Фармакодинамикасы

БОНДЖИГАР – гепатопротекторлық, қабынуға қарсы, антиуыттылық және өт айдайтын әсері бар біріктірілген фитопрепарат.

Ақ вербезин құрамында күшті антигепауыттылық қасиеттері бар видилолактон және диметил видилолактон, аскорбин қышқылы, эклиптин алкалоиді, сондай-ақ нематодтарды қоздыратын тиофен туындылары бар.

Пикрорриза курроа құрамында пикрозид, куткозид, андросин, апоцинин – гликозидтері бар. Антигистаминдік, қабынуға қарсы (тромбоциттер жандануын тежеу жолымен) әсер етеді, өт айдайтын және антиоксидантты әсер етеді, бұдан басқа иммунмодулдегіш әсері бар.

Қара алқа құрамында гликоалколоидтар – соласодин, соламарин, соласонин бар. Тыныштандыратын, ауырғанды басатын, іш жібіткіш әсері бар.

Кәдімгі шашыратқы құрамында таниндер, полифенолдар, майлар бар.

Өт айдайтын, гепатопротекторлық әсері бар.

Тамарикс жыңғылы құрамында тамарексин, аглюкон бар. Басқа гепатоқорғағыш препараттар әсерін белсенділендіреді, қан тоқтатқыш қасиеті бар.

Егістік шомыр құрамында гликозидтер, эфир майы, аскорбин қышқылы, лизоцим, аминқышқылдары (орнитин, цитрулин, аргинин) бар. Антиоксидант ретінде әсер етеді, гепатотроптық және өт айдағыш әсері бар, бауырдың уытсыздандыру қызметін күшейтеді, метаболизм реттелуіне ықпал етеді.

Қылқанды бөріқарақат құрамында берберин алкалоидтары, бербамин, аромолин, карахин, пальматин, оксиакантин, органикалық қышқылдар және қант, кофейн және ферулев қышқылы бар. Өт айдайтын, микробқа қарсы, антидиареялық әсері бар.

Жайылған берхавий құрамында алкалоидтар триаконтанол, гентриаконтан, флавоноиды, гликозидтер бар. Гепатопротекторлық, ауырғанды басатын, несеп жүргізетін әсер береді.

Үнділік сферантус құрамында таниндер, альбуминдер, майлы және эфир майы, минералдар бар. Нығайтатын, тазартатын, сергітетін әсер береді.

Жалаң мия құрамында сапонин глицирризин, гликозид ликвиритин, флавонолдар, глюкоза, сахароза, пектиндік заттар бар. Қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, несеп жүргізетін әсері бар.

Гепатопотекторлық әсері антиоксиданттық және жарғақшаны қалыпқа түсіретін қасиеттеріне байланысты. БОНДЖИГАР қабылдау аясында бауырдың уытсыздандыру қызметі, зат алмасуы ( үшкарбонды қышқыл циклы) жақсарады, бұл ағзадан ақуыз алмасуының (оның ішінде аммиактың) жинақталған өнімдерінің шығарылуына ықпал етеді. БОНДЖИГАР-дың қабынуға қарсы әсері простагландиндер синтезін болдырмай, гепатоциттердің лизосомальді жарғақшаларын қалыпқа түсіру қабілетіне байланысты. Құрамына кіретін компоненттердің липотроптық қасиеттері есебінен БОНДЖИГАР препараты бауырда май жинақталуын болдырмайды. БОНДЖИГАР қолдану бауырдың әртүрлі патологиясында қан плазмасындағы билирубиннің жоғары деңгейінің қалыпты болуына және төмендеуіне, СФ белсенділігіне (сілтілік фосфотаздар), АЛТ (аланин трансаминаздары) және АСТ (аспарагин трансамилаздары) белсенділігіне алып келеді.

Қолданылуы

-өт шығару жолдарының дискинезиясында

- жедел және созылмалы холециститте

- түрлі этиологиядағы жедел және созылмалы гепатиттерде; химиялық заттар мен дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлері туындатқан уытты гепатитте

- майлы гепатозда (оның ішінде қант диабетінде)

- бауыр циррозында

- алкоголизм мен нашақорлықты емдеу кезіндегі қосымша емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге - тәулігіне 3 рет 2 шай қасықтан.

3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет 1 шай қасықтан.

Препаратты тамақтан кейін қабылдайды.

Аурудың жедел түрлерін емдегенде препаратты қабылдау ұзақтығы – 2 апта. Аурудың созылмалы түрлерін емдегенде 4-6 апта

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас бөліктеріне деген аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- үлкен дәреттің жиілеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне деген жеке жоғары сезімталдықта

- 3 жасқа дейінгі балалық жаста

- қант диабетінде

- өт-тас ауруларында

- жүктілікте, лактация кезеңінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Шәрбаттың құрамында сахароза бар, қант диабеті, экссудатты диатезі бар, сондай-ақ гипокалориялық емдәмде жүрген емделушілер мұны ескерулері керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Картоннан төсеніші бар алюминий қалпақшамен тығындалған, мойны бұралатын янтарь шынысы құтысында 90 мл препараттан.

1 құтыдан өлшеуіш стақанмен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

+25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды. Құты қақпағын ашқаннан кейін +25ºС-ден аспайтын температурада 10 күннен асырмай сақтау керек.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Хербион Пәкістан Пвт Лтд», Пәкістан

30/28 Коранги өндіріс аймағы,

Карачи қ.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Хербион Пәкістан Пвт Лтд», Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ. Халлиулин /Чаплин к. 66/71

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-47

Е-mail: info.kz@herbion.com

 

 

 

Прикрепленные файлы

225560231477977146_ru.doc 52 кб
634320141477978312_kz.doc 58 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники