Бифидумбактерин (5 доз.)

МНН: Бифидобактерии бифидум
Производитель: Экополис ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противодиарейные препараты биологического происхождения, регулирующие равновесие кишечной микрофлоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014599
Информация о регистрации в РК: 27.07.2020 - 27.07.2030
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бифидумбактерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішілетін және жергілікті қолдану үшін суспензия дайындауға арналған лиофилизат

Құрамы

Бір дозаның құрамында

белсенді зат – тірі бифидобактериялар 107 КТБ кем емес,

қосымша заттар: лактулоза, сахароза, желатин, майсыздандырылған құрғақ сүт.

Сипаттамасы

Сарғыш немесе ақшылдау түсті жоғарғы жағында биомассаның бөліну мүмкіндігімен кристалды немесе кеуек масса, өзіне тән иісі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер.

АТХ коды А07FA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат АІЖ арқылы қанға сіңбейді және жергілікті әсер етеді.

Фармакодинамикасы

Препарат қорғағыш сахароза-желатоза-сүт ортасын қоса отырып өсірілетін ортада лиофилизацияланған Bifidumbacterium bifidum №1, 791 штаммдары тірі антагонистік белсенді бифидобактерияларының микробты массасы болып табылады. Бифидумбактериннің емдік қасиетін кең ауқымды патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерге қатысты антагонистік белсенділігі бар оның құрамындағы тірі бифидобактериялар анықтайды. Препараттағы бифидобактериялардың жоғары сандық деңгейі ішек микрофлорасын қалпына келтіруге және сонысымен асқазан-ішек жолының қызметін, зат алмасуды, қабырғалық ас қорытуды жақсартады, организмнің спецификалық емес төзімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі ішек қызметінің ұзақ бұзылуында

- ішектің жедел жұқпаларында кешенді ем құрамында

- антибиотиктерді немесе ауыр токсикоз, экстрагенитальді ауруларды өткерген, ұзақ сусыз кезеңі немесе басқа патологиясы болған аналардан; лактостазасы, емшек ұшының сызаттары болған және маститтен кейін емшек емізуді қайта бастаған аналардан емшек сүтін қабылдайтын ауыр преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерде, оның ішінде шала туған балаларда ішек қызметінің бұзылуы және дисбактериозында

- анемия, гипотрофия, рахит, аллергия, көкжөтелі бар әлсіреген балаларда кешенді ем құрамында

- емшек еметін нәрестелерді жасанды тамақтандыруға ерте көшірген кезде ішек қызметінің бұзылуында

- тоқ ішек және аш ішектің дисбактериоз аясындағы жедел және созылмалы қабыну ауруларында (колит, энтероколит)

- антибиотиктермен, сульфаниламидтермен емдеу, гормондық, сәулелік емдеуден кейінгі ішек дисбактериозында

- "қауіп" тобына жататын (емшегінің ұшы шықпаған немесе ұшы жайпақ әйелдер, емшек ұшы эрекциясының төмендеуі, сызаттар болуы) бала емізетін аналарда маститтің алдын алуда

- әйелдердің жыныстық сферасының қабыну ауруларында (бактериялық кольпит, гормондардан болған сенильді кольпит)

- жүкті әйелдерде қынап секреті тазалығының III-IV дәрежеге дейін бұзылуында

Қолдану тәсілі және дозалары

Бифидумбактеринді ішек аурулары кезінде ішке, ал акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде қынап ішіне қолданады.

Құтының ішіндегісін қайнаған бөлме температурасындағы сумен препараттың 1 дозасына 5 мл су (шай қасық) есебінен ерітеді.

Еріту былайша жүргізіледі: стақанға судың қажетті мөлшерін (құтыда көрсетілген доза мөлшеріне сәйкес) құяды; қақпақшасы мен тығынын алып тастап, құтыны ашады; стақандағы судың азғантай мөлшерін құтыға құяды; ерігеннен кейін (препарат 5 минутқа дейін мөлдір емес біркелкі қоспа түзе отырып ериді) құтының ішіндегісін қайтадан стақанға құйып араластырады. Ерітілген препараттың бір шай қасығы 1 дозаны құрайды.

Ерітілген препаратты сақтауға болмайды.

Дозаның қажетті мөлшерін тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын қабылдайды. Препаратты емшектегі балаларға тікелей емізер алдында беруге болады.

Ішек аурулары кезінде балаларға :

  • өмірінің алғашқа жарты жылында - күніне 2 рет қабылдауға 5 дозадан; ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 10 доза;

  • екінші жарты жылында және одан үлкен кезде - 5 дозадан күніне 3 рет, ең жоғары дозалары: бір реттік - 5 доза, тәуліктік – 15 доза.

Ауырлаған преморбидті фоны бар жаңа туған нәрестелерге препаратты перзентханада өмірінің алғашқы тәулігінен бастап, шыққанға дейін қабылдауына 2,5 дозадан күніне 2 рет қолданудан бастаған жөн.

Ересектердегі аш және тоқ ішектің жедел және созылмалы қабыну ауруларында 5 дозадан күніне 2-3 рет қабылдау ұсынылады.

Ішек ауруларында бифидумбактеринмен емдеу курсының ұзақтығы клиникалық көріністердің ауырлығымен, науқастың жасымен анықталады және 2-ден 4 аптаға дейін, жекелеген жағдайларда 3 айға жалғасады.

Қажет болғанда бифидумбактеринмен емдеу курсын қайталауға болады.

Алдын алу мақсатында 5 дозадан күніне 1-2 рет 1-2 апта бойы тағайындайды.

Жаңа босанған әйелдердің емшек ұшы мен оның айналасын өңдеу: ерітілген препаратты (5 доза) 2 стерильді тампонға сіңдіреді де, оны бала емізер алдында 20-30 минутқа сүт бездеріне қояды. Емдеу курсы 5 күн.

Әйелдердің гениталий қабыну ауруларында және жүкті әйелдердің босанар алдындағы даярлығында бифидумбактеринді қынап секретінің микробиологиялық тазалығы I-II дәрежеге дейін қалпына келгенін және қабынудың клиникалық симптомдары жойылғанын бақылай отырып, 5-10 дозадан күніне 1 рет 5-8 күнге тағайындайды. Препарат сіңірілген стерильді тампонды қынапқа енгізіп, 2-3 сағатқа қалдырады.

Жағымсыз әсерлері

  • жеке көтере алмаушылық

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Әсерін В тобы витаминдері күшейтеді. Антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен бірге қабылдаған кезде препараттың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты мынадай жағдайларда қолдануға болмайды:

- сыртқы түрі өзгергенде (түсінің өзгеруі, биомассаның жиырылып қалуы, бөгде заттардың болуы)

- жеке қаптаманың тұтастығы бұзылғанда (жарықшақтанған құтылар)

- таңбасы анық болмаса.

Препаратты сұйылту үшін температурасы 40оС-ден асатын суды қолдануға және оны сұйылтылған күйінде сақтауға болмайды.

Лактаза жеткіліксіздігі бар адамдарға бифидумбактеринді сақтықпен тағайындаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

Шыныдан жасалған құтыда 5 дозадан. 10 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Экополис» ЖАҚ

Ресей, 601900, Владимир облысы, Ковров қаласы, Кузнечная к-сі, 143/1, тел./факс (49232) 4-88-70, 4-88-57.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Экополис» ЖАҚ, Ресей Федерациясы.

Препарат сапасына қатысты тұтынушылардың шағымдарын мына мекенжайға жіберу керек:

«Нестеренко Н.А.» ЖК, Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Фурманов к-сі, 128 үй, 16 кеңсе, тел. (727) 2796659, факс (727) 2796659,

e-mail: ip_n_nesterenko@list.ru.

Прикрепленные файлы

705518251477976535_ru.doc 108 кб
222174931477977688_kz.doc 52.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники