Бифидумбактерин (капсулы)

МНН: Бифидобактерии бифидум
Производитель: Филиал РГП на ПХВ "Национальный центр биотехнологии" Комитета науки МОН РК в г. Степногорск
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противодиарейные препараты биологического происхождения, регулирующие равновесие кишечной микрофлоры
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020711
Информация о регистрации в РК: 15.07.2014 - 15.07.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Бифидумбактерин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың (5 доза) құрамында

белсенді зат – бифидобактериялардың биомассасы 0.02805 г (5х107 кем емес КТБ сәйкес),

қосымша заттар: лактулоза, майы алынған құрғақ сүт, сахароза, желатин 8%,

капсуланың қабығы: корпус – желатин, қақпақ: желатин, кармоизин

(Е 122)

Сипаттамасы

Ццилиндр пішінді, ашылатын қатты желатинді капсулалар № 2, корпусының түсі – түссіз мөлдір, қақпағының түсі - мөлдір қызғылт. Капсуланың ішіндегісі: ақтан сарғыш сұр түске дейінгі, өзіне тән иісі бар ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Антидиареялық микроорганизмдер.

АТХ коды А07FA

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат сахароза-желатин-лактулоза-сүтті қорғаныш орта қосылуымен өсірінді ортасында лиофилизацияланған Bifidumbacterium bifidum штаммы, антагонистік белсенді, тірі бифидобактериялардың микробты массасы болып табылады.

Бифидумбактерин ішек эпителиоциттері рецепторларына асып түсетін бәсекелестікке және кең ауқымды патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерге (Shigellaflexneri, Shigella sonnei, Escherihia coli, Staphylococcus aureus, Proteusvulgaris, Proteus mirabilis) қарсы антагонистік белсенділікке ие, асқазан-ішек жолы микрофлорасының уытты өнімдерін бұзады, витаминдер мен басқа да биологиялық-белсенді заттар синтезіне қатысады, ақуыздар сіңімділігін арттырады.

Бифидумбактерин созылмалы бауыр аурулары кезінде адам организмінің жалпы зат алмасуына қолайлы әсер етеді, иммуностимуляциялаушы белсенділігі бар, аллергияға қарсы әсер етеді, алдын алу мақсатында ішектің қалыпты қызметін ұстап тұруға, организмнің иммунобиологиялық көрсеткіштерін жақсартуға, стрестің организмге әсер етуін жұмсартуға немесе жоюға, дисбактериоздың туындауын болдырмауға пайдаланылады.

Қолданылуы

Асқазан-ішек ауруларын емдеу және алдын алуда моно- немесе кешенді ем ретінде:

  • жедел ішек жұқпаларында (жедел дизентерия, сальмонеллез, эшерихиоз, вирусты диареяны кешенді емдеуде және т.б.), ішек қызметінің ұзақ уақыт бұзылуының жедел ішек жұқпаларынан кейінгі реконвалесценттерін емдеуде;

  • бифидофлора тапшылығымен немесе болмауымен микрофлораның бұзылуы аясында жүретін тоқ және аш ішектің жедел және созылмалы қабыну ауруларында (колит, энтероколиттер)

- ұзақ уақыт антибактериялық, гормондық, сәулелік және басқа емдеу салдарынан туындаған ішек дисбактериозы нәтижесіндегі, стресс жағдайларында және экстремальді жағдайларда пайда болатын ішек қызметінің бұзылуында, сондай ақ осы адамдарда алдын алу мақсатында;

  • этиологиясы анықталмаған және анықталмаған ішек жұқпаларынан туындаған ішектің бұзылған микрофлорасын қалпына келтіруде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты бөлме температурасындағы сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен тұтас капсулаларды пероральді жолмен ішке қабылдайды.

Препаратты тамақтануға дейін 20-30 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан соң қабылдайды.

1 капсуладан күніне 2-3 рет қабылдау ұсынылады. Аурудың ауыр жағдайларында дозаны екі еселеуге болады.

Капсулалардағы бифидумбактеринмен емдеу курсының ұзақтығы клиникалық біліністердің ауырлығымен, науқастың жасымен анықталады және 2-4 апта, ал жекелеген жағдайларда – 3 айға дейінді құрайды.

Препарат алдын алу мақсатында 1 капсуладан күніне 1-2 рет, 1-2 апта бойына тағайындалады.

Қажет болғанда бифидумбактеринмен емдеу курсын қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • препаратты жекелей көтере алмаушылық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, лактоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бифидумбактеринді витаминдермен (әсіресе В тобының) бірге қолданғанда препараттың әсері күшейеді. Антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен қабылдаған кезде препараттың емдік тиімділігі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат жеке қаптамасының тұтастығы бұзылғанда, таңбалануының бұзылуы кезінде қолданылмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және бала емізу кезеңінде әйелдарге препаратты қолдануға рұқсат етілген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын басқару қабілетіне және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеуге әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

21 капсуладан дәрілік заттарға арналған ОС маркалы шыныдан жасалған құтыға салынады. Құтыдағы бос кеңістікті медициналық гигроскопиялық мақтамен толтырады.

Банкіге заттаңбалық қағаздан жасалған заттаңбаны немесе өзі желімделетін заттаңбаны жапсырады.

Шынымассадан жасалған 12 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 12 нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық мәтінін пәшкеге жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Степногорск қ.

Қазақстан, 021500 Ақмола облысы, Степногорск қ., а/ж 114, 4 ықшамаудан, 88 үй, 17 кеңсе, тел./факс (716-45) 314-78, e-mail: ipbncbrk@mail.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Степногорск қ.

Қазақстан Республикасы аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардың шағымдарын қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР БҒМ Ғылым комитеті «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Степногорск қ.

Қазақстан, 021500 Ақмола облысы, Степногорск қ., 6 ықшамаудан, 6 ғимарат, 17 кеңсе, тел./факс (716-45) 314-78, e-mail: ipbncbrk@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

417663801477976654_ru.doc 56 кб
705753121477977796_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники