Бисопрол-Фармак (2.5 мг)



Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бисопрол – Фармак
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бисопролол
Дәрілік түрі
Таблеткалар 2,5 мг, 5 мг, 10 мг-ден
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда бисопролол фумараты 2,5 мг, 5 мг, 10 мг ;
қосымша заттар (2,5 мг таблеталар): микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
қосымша заттар (5 мг және 10 мг таблеткалар): лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, күн батар түстес сары FCF (E 110), магний стеараты.
Сипаттамасы
Бөлетін сызығы немесе сызығы жоқ, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, ақ түсті 2,5 мг таблеткалар. Таблеткалар беткейінің мәрмәрлігіне жол беріледі;
бөлетін сызығы немесе сызығы жоқ, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді, бозғылт-қызғылт түсті 5 мг таблеткалар. Таблеткалар беткейінде теңілдері болуына жол беріледі;
ойығы немесе бөлетін сызығы бар, беткейі тегіс, дөңгелек пішінді, бозғылт-қызғылт түсті 10 мг таблеткалар. Таблеткалар беткейінде теңілдері болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Бета-аденоблокаторлар. Селективті бета-аденоблокаторлар. Бисопролол.
ATХ коды С07А В07.
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңуі. Ішке қабылдағаннан кейін Бисопрол–Фармак асқазан-ішек жолынан жақсы сіңеді. Биожетімділігі ішу арқылы қолданғаннан кейін және ас ішуге байланыссыз 90 %-ға жуықты құрайды. Бисопрололдың фармакокинетикасы мен қан плазмасындағы концентрациясы 5 мг-ден 20 мг дейінгі дозаларының ауқымында дозаға тәуелді. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына (Сmax) 2-3 сағаттан соң жетеді.
Тарал. Таралу көлемі 3,5 л/кг құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 30 %-ға жуықты құрайды.
Метаболизмі мен шығарылуы. Бисопролол организмнен екі жолмен шығарылады: 50%-ы бауырда белсенді емес метаболиттерін түзе отырып биотрансформацияланады және бүйрекпен шығарылады, 50%-ы бүйрекпен өзгеріссіз күйде шығарылады. Адам бауырының микросомаларын пайдаланып жүргізілген in vitro зерттеулер, бисопролол CYP3A4 қатысуымен метаболизденетінін (~ 95 %), CYP2D6 тек аздаған рөл атқаратынын көрсетті. Бисопрололдың жалпы клиренсі сағатына 15 л құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 10-12 сағатты құрайды.
Фармакодинамикасы
Бисопролол – жоғары селективті ß1-адреноблокатор. Емдік дозаларында қолданғанда ішкі симпатомиметикалық белсенділік пен клиникалық тұрғыдан айқын жарғақшаны тұрақтандыратын қасиеттерді иеленбеген. Антиангинальді және гипотензиялық әсер береді. ЖЖЖ азайтудың және жүрек лықсытуын азайтуы мен артериялық қысымды төмендетуінің арқасында миокардқа оттегі қажеттілігін азайтады, ақырғы- диастолалық қысымды азайтудың және диастоланы ұзартудың есебінен миокардтың оттегімен қамтылуын арттырады. Препараттың бронхтар мен қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің ß2-рецепторларымен, сондай-ақ эндокриндік жүйенің ß2-рецепторларымен тектестігі өте төмен.
Бисопрололдың ең жоғарғы әсері қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң басталады. Қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі 10-12 сағатты құрайды, бұл бір рет қабылдағаннан кейінгі 24 сағаттық тиімділігіне алып келеді. Гипертензияға қарсы ең жоғарғы әсеріне 2 апта қабылдаудан соң жетеді.
Қолданылуы
– артериялық гипертензияда
– жүректің ишемиялық ауруында (стенокардияда)
– сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясымен жүретін созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, АӨФ тежегіштерімен, диуретиктермен, қажет болған жағдайда – жүрек гликозидтерімен біріктірілімде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Таблеткаларды шайнамай, таңертең аш қарынға немесе таңғы ас кезінде, аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек.
Артериялық гипертензия; жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия).
Ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 мг құрайды. Орташа гипертензия жағдайында (диастолалық қысым 105 мм сын. бағ. дейін) 2,5 мг дозасы қолайлы.
Қажет болса, тәуліктік дозасын тәулігіне 10 мг дейін арттыруға болады. Ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне 20 мг құрайды.
Дозасының өзгертілуі мен түзетілуін дәрігер жекелей, пациенттің жағдайында байланысты белгілейді.
Бисопрол–Фармак артериялық гипертензиясы немесе жүрек жеткіліксіздігімен қатар жүретін жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге міндетті түрде сақтықпен қолданылады.
Сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясымен жүретін созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, АӨФ тежегіштерімен, диуретиктермен, қажет болған жағдайда – жүрек гликозидтерімен біріктірілімде.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің стандартты емі: АӨФ тежегіштері (немесе АӨФ тежегіштерін көтере алмаушылық кезінде ангиотензин рецепторларының блокаторлары), β-адренорецепторлардың блокаторлары, диуретиктер және қажет болса, жүрек гликозидтері.
Бисопрол–Фармакты асқыну белгілері жоқ созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін тағайындайды.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін Бисопрол – Фармакпен емдеу төменде келтірілген титрлеу кестесіне сәйкес басталады және организмнің жеке реакцияларына байланысты түзетілуі мүмкін (1 кестені қараңыз).
– 1,25 мг* бисопролол фумараты 1 апта бойы тәулігіне 1 рет, келесісіне дейін арттыра отырып
– 2,5 мг бисопролол фумараты келесі 1 апта бойына тәулігіне 1 рет, одан кейінгіге арттыра отырып
– 3,75 мг* бисопролол фумараты келесі 1 апта бойына тәулігіне 1 рет, одан кейінгіге арттыра отырып
– 5 мг бисопролол фумараты келесі 4 апта бойына тәулігіне 1 рет, одан кейінгіге арттыра отырып
– 7,5 мг* бисопролол фумараты келесі 4 апта бойына тәулігіне 1 рет, одан кейінгіге арттыра отырып
– 10 мг бисопролол фумараты тәулігіне 1 рет демеуші ем ретінде.
Титрлеу апталары |
Титрлеу дозасы (мг) |
1-ші апта |
1,25* |
2- ші апта |
2,5 |
3- ші апта |
3,75* |
4- ші апта |
5 |
5- ші апта |
5 |
6- ші апта |
5 |
7- ші апта |
5 |
8- ші апта |
7,5* |
9- ші апта |
7,5* |
10- ші апта |
7,5* |
11- ші апта |
7,5* |
12- ші апта |
10 |
* Бисопролол препараттарын осындай дозалау мүмкіндігімен қолданады.
Бисопролол фумаратының ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне 1 рет 10 мг құрайды.
Тұрақты созылмалы жеткіліксіздікті емдеудің басында жүйелі мониторинг жүргізу қажет. Титрлеу фазасы бойына тіршілік көрсеткіштері (артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі) мен жүрек жеткіліксіздігінің үдеуі симптомдарын бақылап отыру қажет.
Емнің модификациясы.
Егер титрлеу фазасы кезінде немесе одан кейін жүрек жеткіліксіздігінің нашарлағаны байқалса, артериялық гипотензия немесе брадикардия дамыса, препараттың дозасын түзету ұсынылады: бисопрололдың дозасын уақытша төмендету немесе емдеуді тоқтата тұру қажет болуы мүмкін. Пациенттің жағдайы тұрақтанғаннан кейін препаратпен емдеуді жалғастыру керек.
Бисопрол – Фармак препаратымен емдеу курсы ұзақ.
Емдеуді күрт тоқтатпау және ұсынылған дозасын дәрігермен кеңесінсіз өзгертуге болмайды, өйткені бұл пациент жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін. Қажеттілігіне қарай препаратпен емдеуді баяу, дозасын біртіндеп төмендете отрып аяқтау керек.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер.
Артериялық гипертензия; жүректің ишемиялық ауруы. Бауыр немесе бүйрек функцияларының ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттер үшін дозасын таңдау әдетте керек емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі минутына 20 мл аз) пациенттер және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасы тәулігіне 10 мг дозадан аспауы тиіс.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылуларымен бір мезгілде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі бисопрололдың фармакокинетикасы туралы деректер жоқ, сондықтан дозасын сақ болып арттыру қажет.
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек тарапынан: брадикардия, жүрек жеткіліксіздігінің нашарлау белгілері (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде); атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылулары, брадикардия (артериялық гипертензиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде).
Жүйке жүйесі тарапынан: бас айналуы*, бас ауыруы*, синкопе.
Көру мүшелері тарапынан: көз жасы бөлінуінің азаюы (жанаспалы линзаларды тағу кезінде ескеру керек), конъюнктивит.
Есту мүшелері тарапынан: естудің нашарлауы.
Тыныс алу жүйесі тарапынан: анамнезінде бронх демікпесі және тыныс жолдарының созылмалы обструкциялық аурулары бар пациенттердегі бронх түйілуі; аллергиялық ринит.
Ас қорыту жолы тарапынан: жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы.
Тері мен дәнекер тіндер тарапынан: аса жоғары сезімталдық реакциялары – қышыну, қызару, бөртпе, алопеция. ß-блокаторлармен емдеу кезінде псориазға шалдыққан науқастар жағдайының псориаздық бөртпелер түрінде нашарлағаны байқалуы мүмкін.
Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан: бұлшықет әлсіздігі, құрысулар.
Бауыр тарапынан: гепатит.
Қантамыр жүйесі тарапынан: аяқ-қолдардың мұздау немесе ұю сезімі, артериялық гипотензия (әсіресе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), ортостаздық гипотензия.
Ұрпақ өрбіту жүйесі тарапынан: потенция бұзылуы.
Психикалық бұзылыстар: депрессия, ұйқының бұзылуы, түнгі қорқыныштар, елестеулер.
Зертханалық көрсеткіштер: қандағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, қан плазмасындағы бауыр ферменттері (АСТ, АЛТ) белсенділігінің жоғарылауы.
Жалпы бұзылыстар: астения (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), қажығыштық*, астения (артериялық гипертензиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде).
* Тек артериялық гипертензиясы немесе жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге ғана қатысты. Бұл симптомдар әдетте емдеудің басында туындайды, айқындығы әлсіз және алғашқы 1-2 апта ішінде жоғалады.
Жағымсыз құбылыстар немесе жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
жедел жүрек жеткіліксіздігі немесе инотропты емді қажет ететін декомпенсация жағдайындағы жүрек жеткіліксіздігі
-
кардиогенді шок
-
II және III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада (жасанды ырғақ жетекшісі бар пациенттердегі осындайдан басқа)
-
синустық түйін әлсіздігі синдромы
-
айқын синоатриальді блокада
-
симптоматикалық брадикардия
-
симптоматикалық артериялық гипотензия
-
бронх демікпесінің ауыр түрі немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық аурулары
-
шеткері қанайналым бұзылуларының немесе Рейно ауруының кешеуілдеген сатылары
-
емделмеген феохромоцитома
-
метаболизмдік ацидоз
-
бисопрололға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Қолдану ұсынылмайтын біріктірілімдері.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу.
– Аритмияға қарсы І класты дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштік пен миокардтың инотропты функциясына теріс әсер етеді.
Барлық көрсетілімдері.
– Верапамил типті кальций антагонистері, ең аз дегенде – дилтиазем: миокард жиырылу функциясына және атриовентрикулярлық өткізгіштігіне жағымсыз әсері бар. Верапамилді вена ішіне енгізу ß-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттерде айқын артериялық гипотензия мен атриовентрикулярлық блокадаға алып келуі мүмкін.
– Орталықтық әсер ету механизмі бар гипотензиялық препараттар (клонидин, метилдопа, моксинидин, рилменидин): жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауына алып келуі мүмкін. Біріктіріп емдеу кезінде бұл дәрілерді күрт тоқтату рефлекторлық гипертензия қаупін арттыруы мүмкін.
Сақтықпен қолданылуы керек біріктірілімдері.
Артериялық гипертензияны немесе жүректің ишемиялық ауруын (стенокардияны) емдеу.
– Аритмияға қарсы І класты дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлық өткізгіштік пен миокардтың инотропты функциясына жағымсыз әсерін арттыруы мүмкін.
Барлық көрсетілімдері.
– Дигидропиридин типті кальций антагонистері (мысалы, нифедипин, фелодипин, амлодипин): артериялық гипотензияның туындау қаупін арттыруы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде миокардтың инотропты функциясына жағымсыз әсерінің артуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
– Аритмияға қарсы ІІІ класты препараттар (мысалы, амиодарон): атриовентрикулярлық өткізгіштікке жағымсыз әсерін арттыруы мүмкін.
– Жергілікті әсері бар ß-блокаторлар (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрінің құрамындағы): бисопрололдың әсері күшеюі мүмкін.
– Парасимпатомиметиктер: атриовентрикулярлық өткізгіштік уақыты ұзаруы және брадикардия қаупі жоғарылауы мүмкін.
– Инсулин мен ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілер: бұл препараттардың әсері күшейеді. Гипогликемия белгілері бүркемеленуі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесу селективті емес β-блокаторларды қолдану кезінде ықтимал.
– Анестезияға арналған дәрілер: миокард функциясының бәсеңдеуі және артериялық гипотензияның туындау қаупі артады.
– Жүрек гликозидтері (оймақгүл препараттары): жүректің жиырылу жиілігін төмендетуі мүмкін, атриовентрикулярлық өткізгіштік уақытын ұзартады.
– Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД): бисопрололдың гипотензиялық әсерін әлсіретуі мүмкін.
– ß-симпатомиметиктер (мысалы, изопреналин, добутамин): Бисопрол – Фармак препаратымен біріктіріп қолдану екі дәрінің де емдік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
– α- және ß-адренорецепторларды белсенділендіретін симпатомиметиктер (мысалы, адреналин, норадреналин): артериялық қысымды жоғарлатады. Мұндай өзара әрекеттесу селективті емес β-блокаторларды қолдану кезінде ықтимал.
– Үшциклдық антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазин артериялық гипотензия қаупін арттырады.
Ескерілуі керек біріктірілімдер.
– Мефлохин: брадикардияның даму қаупін арттыруы мүмкін.
– МАО тежегіштері (В типті МАО тежегіштерінен басқа): ß-блокаторлардың гипотензиялық әсерін арттырады. Гипертониялық криздің даму қаупі бар.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты мынадай жағдайларда пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
– бронх түйілуі (бронх демікпесі немесе өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары кезінде);
–қандағы глюкоза деңгейінің сирек ауытқуларымен жүретін қант диабеті, бұл кезде гипогликемия симптомдары (тахикардия, жүректің қағуы, тершеңдік) жасырын жүруі мүмкін;
– қатаң диета;
– десенсибилизациялаушы емнің жүргізілуі;
– I дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада;
– Принцметал стенокардиясы;
–шеткері қанайналым бұзылуы (емдеудің басында шағымдар көбеюі мүмкін);
– жалпы анестезия.
Анестезиолог дәрігерге β-адренорецепторлар блокаторларының қабылданғандығы туралы міндетті түрде ескерту қажет. Жалпы анестезия жоспарланып отырған пациенттерде β-блокаторларды қолдану наркоз, интубация және операциядан кейінгі кезең бойына аритмия және миокард ишемиясы жағдайларының жиілігін азайтады. Интраоперациялық кезең кезінде β-блокаторларды қолдануды жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог басқа дәрілермен брадиаритмияға, рефлекторлық тахикардияға және қысымның төмендеуі компенсациясының рефлекторлық механизмі мүмкіндіктерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін өзара әрекеттесулерінің ықтималдығын ескеруі тиіс. Операциялық араласу алдында бисопрололды тоқтатқан жағдайда дозасын біртіндеп төмендету және препаратты қабылдауды жалпы анестезияға дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек.
Қазіргі кезде төмендегідей аурулары және патологиялық жағдайлары бар пациенттерде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі емінің емдік тәжірибесі жеткіліксіз: І типті қант диабеті, бүйрек функциясының ауыр бұзылулары, бауыр функциясының ауыр бұзылулары, рестриктивті кардиомиопатия, туа біткен жүрек ақаулары, гемодинамикалық маңызы бар жүре пайда болған клапандық жүрек ақаулары, соңғы 3 ай ішіндегі миокард инфарктісі.
Бисопрололдың верапамил немесе дилтиазем типті кальций антагонистерімен, аритмияға қарсы 1 класты препараттармен және орталықтық әсері бар гипотензиялық дәрілермен біріктірілімдері ұсынылмайды («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Бронх демікпесі немесе өкпенің басқа созылмалы обструкциялық аурулары кезінде бронходилататорлармен қатарлас емдеу көрсетілген. Кей жағдайларда препаратты қабылдау аясында бронх демікпесі бар пациенттерге тыныс жолдары тонусының жоғарылауына байланысты, ß2-симпатомиметиктердің жоғарырақ дозалары қажет болуы мүмкін.
Басқа ß-блокаторлар сияқты, бисопролол аллергендерге сезімталдықты күшейтуі және анафилаксиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Мұндай жағдайларда адреналинмен емдеу үнемі оң емдік нәтиже бере бермейді.
Псориазы бар пациенттерге (соның ішінде, анамнезінде) β-блокаторларды (мысалы, бисопролол) пайда/қауіп арақатынасын мұқият тексергеннен кейін қолдану керек.
Феохромоцитомасы бар пациенттерге Бисопрол-Фармак препаратын тек алдын-ала α-адреноблокаторлармен емдеу аясында ғана тағайындайды. Препаратты қабылдау аясында тиреотоксикоз симптомдары бүркемеленуі мүмкін. Бисопрол - Фармак препаратын қолданғанда допинг-бақылау жүргізген кезде оң нәтиже алынуы мүмкін.
Препаратпен емдеудің басында жүйелі түрде мониторинг жүргізу қажет.
Қажет болған жағдайда, препаратпен емдеуді баяу, дозасын біртіндеп төмендете отырып аяқтау керек.
Егер нақты бір көрсетілімдері болмаса, Бисопрол-Фармак препаратымен емдеуді күрт тоқтатпау керек.
Педиатрияда қолданылуы
Препараттың балаларды емдеу үшін қолданылуының тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты клиникалық деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы
Жүктілік кезінде препарат тек, анасы үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда ғана қолданылады. Әдетте, ß-адреноблокаторлар плацентадағы қан ағымын азайтады және шарананың дамуына әсер етуі мүмкін. Егер β-блокатормен емдеу қажет болса, ол β1-селективті блокатор болғаны дұрыс. Жатыр-плацента қан ағымы мен шарананың өсуін бақылауға алу қажет.
Босанудан кейін жаңа туған сәби мұқият қадағалауда болуы тиіс. Гипогликемия және брадикардия симптомдарын алғашқы 3 тәулік ішінде күтуге болады.
Бисопрололдың емшек сүтіне экскрециялануына немесе емшектегі балаларға әсерінің қауіпсіздігіне қатысты деректер жоқ, сондықтан Бисопрол-Фармакты бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралы мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жекелеген жағдайларда препарат автокөлік басқару немесе күрделі механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етуі мүмкін. Емдеудің басында, препараттың дозасын өзгерткен кезде немесе алкогольмен өзара әрекеттесуі кезінде ерекше көңіл бөлу қажет.
Артық дозалануы
Препаратпен артық дозаланудың айтарлықтай жиі кездесетін белгілері брадикардия, артериялық гипотензия, жедел жүрек жеткіліксіздігі, гипогликемия және бронх түйілуі болып табылады. Бисопрололдың бір реттік жоғары дозасына жекелей сезімталдық айтарлықтай ауытқымалы, жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратқа өте сезімтал болуы мүмкін.
Артық дозаланған кезде III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада мен бас айналуы дамыған жағдайлар да тіркелген.
Артық дозаланған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Артық дозаланудың дәрежесіне байланысты препаратпен емдеуді тоқтатады да, демеуші және симптоматикалық ем жүргізеді. Бисопрололдың диализбен шығарылуы қиын екендігі туралы шектеулі деректер бар.
Брадикардия кезінде: атропинді вена ішіне енгізу. Егер реакция болмаса, сақтықпен изопреналинді немесе оң хронотроптық әсері бар басқа препаратты енгізеді. Бірен-саран жағдайларда жасанды ырғақ жетекшісі енгізіледі.
Артериялық гипотензия кезінде: тамырды тарылтатын препараттарды қабылдау, глюкагонды вена ішіне енгізу.
II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада кезінде: изопреналинді инфузиялық жолмен енгізу; қажет болған жағдайда – кардиостимуляция.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуі кезінде: диуретиктік дәрілер мен вазодилататорларды вена ішіне енгізу.
Бронх түйілуі кезінде: бронхолитикалық препараттар (мысалы, изопреналин), β2-адреномиметиктер және/немесе аминофиллин.
Гипогликемия кезінде: глюкозаны вена ішіне енгізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Түссіз полимерлі үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.
2, 3 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Тұпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл (2,5 мг доза үшін). 3 жыл (5 мг және 10 мг таблеткалар).
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 74.
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармак» ЖАҚ, Украина
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«Фармак» ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050012, Амангелді к-сі 59 "А" "Шартас" бизнес орталығы, 9 қабат.
Тел +7 (727) 267 64 63, факс +7 (727) 267 63 73, электронды поштасы: a.liadobruk@gmail.com