Бисакодил-Нижфарм
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Бисакодил-Нижфарм
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бисакодил
Дәрілік түрі
10 мг ректальді суппозиторийлер
Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – 10 мг бисакодил
қосымша зат – қатты май (Витепсол H 15, W 35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы) – массасы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін.
Сипаттамасы
Пішіні торпеда тәрізді, ақтан сәл сарғыш реңді ақ түске дейінгі суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Жанаспалы іш жүргізетін препараттар
АТХ коды А06АВ02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Бисакодил-Нижфарм – жанаспалы әсер ететін препарат. Бисакодилдің елеусіз бөлігі (5% дейін) ішектен сіңеді және бауырда конъюгацияланғаннан кейін ішек-бауыр қан айналымына қосылады. Ішінара бүйрекпен шығарылады. Бисакодил әйелдің емшек сүтіне өтпейді.
Фармакодинамикасы
Ішектің рецепторлық аппаратын тітіркендіреді, ішектің шырышты қабығына тікелей әсері бар, оның перистальтикасын күшейтеді және тоқ ішекте шырыш сөлінісін арттырады. Әсері бір сағаттың ішінде басталады.
Қолданылуы
-
гипотониялық және атониялық іш қатуда (оның ішінде егде жастағы адамдарда, операциядан және босанудан кейінгі іш қатуда)
-
үлкен дәретті реттеп отыруда (геморрой, проктит, анус сызаты)
-
хирургиялық операцияларға, инструментальдік және рентгенологиялық зерттеулерге даярлауда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ректальді, қолданар алдында суппозиторийді пішінді ұяшықты қаптамадан босатады. Ересектерге және 14 жастан асқан балаларға – күніне 1-2 суппозиторий, 10-14 жастағы балаларға – күніне 1 суппозиторий. Жүйелі қабылдау ұсынылмайды. Ішектің қалыпты перистальтикасы қалыпты күйге келгеннен кейін емдеу тоқтатылады.
Жағымсыз әсерлері
-
ішектің шаншуы, диарея (дегидратация, су-электролиттік алмасудың бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, құрысу, артериялық қысымның төмендеуі), іштің ауыруы, метеоризм
-
аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
-
ішек бітелісі, спастикалық іш қату
-
қысылған жарық, құрсақ қуысы ағзаларының жедел ағымды қабыну аурулары, перитонит
-
асқазан-ішек жолынан қан кету, метроррагия
-
цистит
-
жедел ағымды геморрой, жедел ағымды проктит
-
10 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Сипатталмаған
Айрықша нұсқаулар
Ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Бауыр және/немесе бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік және лактация
Абайлап жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: диарея, сусыздану, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы, гипокалиемия, тоқ ішек атониясы.Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25 ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
603950, Нижний Новгород қ.,
ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7
тел.: (831) 278-80-88
факс: (831) 430-72-28
веб сайт: http://www.nizhpharm.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі
050043, Қазақстан Республикасы,
Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б
тел.: (727) 398-64-91, 398-64-92, 398-64-93, 243-45-03, 243-45-04
факс: (727) 398-64-95
e–mail: almaty@stada.kz