Бисакодил Гриндекс

МНН: Бисакодил
Производитель: Гриндекс АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Bisacodyl
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004800
Информация о регистрации в РК: 02.03.2017 - 02.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 3.9 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бисакодил Гриндекс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бисакодил

Дәрілік түрі

Ішекте еритін қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 5 мг бисакодил,

қосымша заттар: сахароза, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты, метилцеллюлоза, полисорбат 80.

Қабықтың құрамы : метакрил қышқылының сополимері (Эудражит L 30 D-55), тальк, титанның қостотығы (Е 171), триэтилцитрат, «күн батар түстес» сары бояғыш (Е 110).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес, дөңгелек, ашық қызыл-сары қабықпен қапталған таблеткалар, сындыратын жерінде ақ ядросы бар

Фармакотерапиялық тобы

Жанаспалы іш жүргізгіш препараттар.

АТЖ коды А06АВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бисакодилді күндізгі уақытта қабылдағанда іш жүргізетін әсері шамамен 6 сағаттан кейін, ал ұйықтар алдында қабылдағанда-8-12 сағаттан соң басталады. Бисакодил гастроинтестинальді жолдардан өте аз сіңеді. Бисакодилдің арнайы әсерінде резорбтивті құрамдас бөлігі тек қосалқы рөл атқаруы мүмкін. Бисакодил ішінара глюкуронид түрінде несеппен шығарылады, бірақ ол негізінде, ағзадан нәжіс массаларымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бисакодил – іш жүргізетін дәрі. Ішектің рецепторлық аппаратының тітіркенуін туғызады, оның перистальтикасын күшейте отырып және тоқ ішектегі шырыш сөлінісін арттыра отырып, ішектің шырышты қабығына тікелей әсер етеді.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі іш қатуларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды шайнамай, тұтастай жұту қажет.

Тоқ ішектің гипотониясынан болатын іш қатуларда, геморрой, проктит және артқы өтіс сызаттарында іштің жүруін реттеу үшін ересектерге препаратты әр қабылдауда 1-3 таблеткадан қолданады. Іш жүргізетін әсері жеткіліксіз болғанда, препараттың келесі күні таңертең қосымша 1-2 таблеткасын қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы – 5 тәуліктен аспайды.

Хирургиялық операцияларға, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерге дайындағанда зерттеулерге бір тәулік қалғанда түнге 2 таблеткадан және операция немесе зерттеу алдындағы түнге 2 таблеткадан тағайындайды.

Жағымсыз әсері

- аллергиялық реакциялар

- іштің түйіліп ауырулары, ағзаның сусыздануы, электролиттік теңгерімнің бұзылуына алып келуі мүмкін диарея

- әлсіздік, қимыл-қозғалыс үйлесімінің және гипотензия бұзылулары, көбіне егде емделушілерде

- бұлшықет әлсіздігі

- құрысулар

- артериялық қан қысымының төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- ішектің бітелуі

- қысылған жарық

- «іш теспе» синдромы

- перитонит

- асқазан-ішек жолдарынан қан кету

- цистит

- жатырдан қан кету

- түйілетін іш қату

- жедел проктит

- жедел геморройда

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бисакодилді антацидтермен, Н2‑гистаминді рецепторлар бөгегіштерімен (циметидинмен, ранитидинмен, фамотидинмен), сілтілі минералды сулармен немесе сүтпен бір мезгілде қолдану таблетка қабығының жылдам бұзылуына және асқазан мен он екі елі ішектің тітіркенуін тудыратын белсенді затының босап шығуына ықпал етеді. Бисакодилді қабылдау мен сілтілік өнімдерді пайдалану арасындағы 1-2 сағат аралықты сақтау керек.

Айрықша нұсқаулар

Бисакодилді бауыр және/немесе бүйрек аурулары бар емделушілерде, сондай-ақ ішектің қабыну ауруларына күдік болған емделушілерде сақтықпен қолданады.

Бисакодилдің 1 таблеткасының құрамында 19,3 мг сахароза және 81 мг лактоза бар.

Жүктілік және лактация

Бисакодил жүкті және бала емізетін әйелдерде сақтықпен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген.

Артық дозаланғанда

Белгілері: диарея, сусыздану, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, гипокалиемия. Тоқ ішектің атониясы дамуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 4 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Гриндекс» АҚ. Крустпилс к., 53, Рига, LV-1057, Латвия

Тіркеу куәлігінің иесі

«Гриндекс» АҚ, Латвия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Гриндекс» АҚ өкілдігі

Алматы қ-сы, Достық д-лы, 63-65/13 Шевченко к. қиылысы

т./ф. 291-88-77, 291-13-84

эл. поштасы: grindeks.azia.kz@mail.ru

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

117150271477977072_ru.doc 47.5 кб
452465691477978241_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники