Билобил® форте
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
БИЛОБИЛ® ФОРТЕ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
80 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – флавон гликозидтерінің 19.2 мг және терпен лактондарының 4.8 мг (гинкголидтер және билобалид) мөлшеріне дейін стандартталған гинкго билоба жапырақтарының 80.000 мг құрғақ сығындысы (Ginkgo bilobae folii extractum siccum) (35-67:1)
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
капсула қабығының құрамы: метилгидроксибензоат, пропилгидроксибензоат, титанның қостотығы (Е 171), сары сансет (E 110), понсо 4R (E 124), бриллиантты қара (Е 151), патенттелген көк V(Е 131), желатин
Сипаттамасы
Қызғылт түсті қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – көзге көрінетін күңгірттеу бөлшектері бар ақшылдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған препараттар. Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Гинкго Билоба.
АТЖ коды N06DX02
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішу арқылы қабылдағаннан кейін гинкг билоба гликозидтерінің флавоноидтары аш ішекте сіңіріледі. Ең жоғары концентрациясына 2 сағаттан соң жетеді. Бауырда метаболизденеді. Сығынды өкпе арқылы сондай-ақ, несеппен және нәжіспен бірге шығарылады.
Фармакодинамикасы
БИЛОБИЛ® ФОРТЕ капсулаларының құрамында гинкго билоба жапырағы сығындыларының биологиялық белсенді қоспалары бар (флавон гликозидтері, терпен лактондары), олар тамыр жақтауларының бекуі мен созылғыштығының артуына ықпал етеді, қанның реологиялық қасиеттерін жақсартады және осының салдарынан микроциркуляция, ми мен шеткергі тіндердің оттегімен глюкозамен қамтылуы жақсарады. Препарат жасушалардағы зат алмасуды қалыпқа түсіреді, эритроциттердің агрегациясына кедергі болады, тромбоциттердің белсену факторын тежейді. Қантамыр жүйесіне дозаға тәуелді реттегіштік әсер береді, ұсақ артерияларды кеңітеді, көктамырлардың тонусын арттырады, тамырлардың қанмен толуын реттейді. Әсер ету механизмі оттегінің уытты радикалдарының дезактивациясымен және холинорецепторлар мен альфа-2-адренорецепторлардың ескіруінің азаюымен түсіндіріледі.
Қолданылуы
- зейіннің төмендеуі, жадының әлсіреуі, интеллектуалдық қабілеттердің төмендеуі, қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуымен қатар жүретін шығу тегі әр түрлі дисциркуляторлық энцефалопатияда (инсульт, бас сүйек-ми жарақаты, қарттық жас)
- шеткергі қанайналым мен микроциркуляцияның бұзылуында (соның ішінде аяқтың артериопатиясы), Рейно синдромында
- нейросенсорлық бұзылуларда (бас айналуы, құлақтағы шуыл, гипоакузия), сары дақтың қарттық шақтағы дегенерациясында
- диабеттік ретинопатияда.
Қолдану тәсілі мен дозалары
Ересектерге
Препарат ішке күніне 2 рет 1 капсуладан тағайындалады (таңертең және кешке). Капсулаларды азғантай су мөлшерімен ішіп жұту керек. Емдеу курсы 3 айдан кем емес. Жақсарудың алғашқы белгілері әдетте 1 айдан кейін пайда болады. Қайталау курсын дәрігермен кеңескеннен кейін жүргізу керек.
Жағымсыз әсерлері
- тері бөртпесі, қышыма
- диспепсия
- бас ауруы
- асқазан-ішек жолынан қан кетулер, миға және көздің тор қабығына қан құйылу.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- қан ұюының төмендеуінде
- эрозиялы гастритте
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында
- ми қанайналымының жедел бұзылуларында
- жедел миокард инфарктісінде
- артериялық гипотензияда
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
- жүктілік пен лактация кезеңінде.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
БИЛОБИЛ® ФОРТЕ препаратын үнемі ацетилсалицил қышқылын немесе СҚҚП, антикоагулянттар қабылдап жүрген емделушілерге қолдану ұсынылмайды. СҚҚП-мен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл препараттардың бір мезгілде қолданылуы қанның ұю уақытының ұзаруына байланысты қан кетулер дамуының жоғары қаупіне алып келуі мүмкін. Билобил® фортені мына ДЗ-мен бір мезгілде қабылдау аса сақтықты талап етеді: эпилепсияға қарсы, цитохром Р-450 ферменттік жүйесі метаболиздейтін препараттармен.
Айрықша нұсқаулар
Препараттың ұсынылған дозаларын арттырмау керек.
Препаратты қабылдау аясында алкоголь пайдалану ұсынылмайды.
Капсулаларды тамақпен және сусындармен бірге қабылдауға болады.
Хирургиялық араласулардың алдында емделушілер дәрігерге Билобил® фортені қабылдап жүргенін ескертуі тиіс. Ырықсыз қан кетулерге аномалиялық бейім (геморрагиялық диатез) емделушілер мен қан ұюының алдын-алуға арналған препараттарды қабылдап жүрген емделушілер емдеу алдында дәрігермен кеңесуі тиіс. Препаратты балаларда, қарт емделушілерде және бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылулары бар емделушілерде қолдану тәжірибесі болған жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат көлік және басқа да механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозаланғанда
Қазіргі уақытта препараттың артық дозаланған жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші ұйымның атауы мен елі
КРКА, д.д. Ново место, Словения
Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
КРКА, д.д., Ново Место, Словения
Қаптаушы ұйымның атауы мен елі
КРКА, д.д., Ново Место, Словения
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР-дағы «КРКА, д.д. Ново место» өкілдігі
ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғылы, 19, 1Б секция, 2 қабат
тел.: +7 (727) 311 08 09
факс: +7 (727) 311 08 12
www.krka.si