Билобил ®

МНН: Гинкго Билоба
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ginkgo biloba
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020962
Период регистрации: 03.11.2014 - 03.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Билобил®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар, 40 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар - гинкго жапырақтарының құрғақ сығындысы, тазартылған және стандартталған (35-67:1) - 40.0мг (8.8-10.8 мг

флаваноидты гликозидтер түріндегі флаваноидтарға,

1.12 - 1.36 мг A, B, C гинкголидтеріне,

1.04 - 1.28 мг билобалидтерге баламалы),

технологиялық реагент – 5% сұйық глюкоза (құрғақ тозаңдандыру),

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), индиготин (Е132), азорубин (Е122), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің қара тотығы (Е172), желатин

 

Сипаттамасы

Күлгін-қоңыр түсті қатты желатинді капсулалар.

Капсулалардың ішіндегісі – көзге көрінетін күңгірттеу түсті бөлшектері бар және кішкентай кесектері болуы ықтимал, ақшылдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Психоаналептиктер. Деменцияны емдеуге арналған препараттар. Деменцияны емдеуге арналған басқа да препараттар. Гинкго билоба

АТХ коды N06DX02

Фармакологиялық қасиеттері

Билобил® - өсімдік тектес препарат, әсері жасушада зат алмасу үдерістеріне, қанның реологиялық қасиеттері мен микроциркуляциясына, сондай-ақ қан тамырларының вазомоторлық реакцияларына әсер ету қабілетіне негізделген.

Билобил® ми қан айналымын жақсартады және миды оттегімен және глюкозамен қоректендіреді.

Бүкіл тамыр жүйесіне вазореттеуші әсер етеді: артерия, көктамырлар, қылтамырлар.

Қан ағымының жақсаруына ықпал етеді, эритроциттер агрегациясына кедергі болады. Тромбоциттердің белсену факторын тежейтін әсері бар (анти – PAF әсері).

Зат алмасу үдерістерін қалыпқа түсіреді және тіндерге антигипоксиялық әсер етеді. Билобил® бос радикалдардың түзілуіне және жасуша жарғақшалары липидтерінің асқын тотығуына кедергі жасайды.

Ми деңгейінде және шеткергіде ісінуге қарсы айқын әсер етеді. Нейромедиаторлардың (норадреналин, допамин, ацетилхолин) босап шығуына, кері қармауы мен катаболизміне және олардың жарғақшалық рецепторлармен байланысу қабілеттілігіне әсер етеді.

 

Қолданылуы

  • шығу тегі әртүрлі когнитивтік және нейросенсорлық тапшылықта (Альцгеймер ауруы мен этиологиясы әрқилы деменцияда)

  • аяқтың созылмалы облитерациялық артериопатиясы кезіндегі мезгіл-мезгіл ақсақтықта (Фонтейн бойынша 2 дәрежелі)

  • көрудің шығу тегі тамырлық бұзылулары, өткірлігінің төмендеуінде

  • естудің бұзылуы, құлақтың шуылдауы, бас айналу және шығу тегі тамырлық координация бұзылыстарында

  • Рейно ауруы мен синдромында

 

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препарат ішке 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тағайындалады, тамақтану кезінде ½ стақан сумен ішу керек.

Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 3 айға дейін болады. Емдеу курсы 3 айдан кем емес.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ас қорыту бұзылыстары

- терінің аллергиялық реакциялары

- бас ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік пен лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

 

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Билобил® препаратын үнемі ацетилсалицил қышқылын немесе антикоагулянттар қабылдап жүрген емделушілерге қолдану ұсынылмайды.

 

Айрықша нұсқаулар

Жағдайы жақсаруының алғашқы белгілері емдеуді бастағаннан кейін 1 айдан соң байқалады.

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны туа біткен галактоземиясы, глюкоза немесе галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе лактаза жеткіліксіздігі бар адамдарға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Қазақстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ., Әл Фараби д-лы, 19,

1б корпус, 2 қабат, 207 кеңсе

тел. 8 (727) 311-08-09, факс 8 (727) 311-08-12

info.kz@krka.biz

 

Прикрепленные файлы

354744001477976677_ru.doc 52.5 кб
862807291477977840_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники