Бидирем
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бидирем
Халықаралық патенттелмеген атауы
Ремдесивир
Дәрілік түрі, дозалануы
Инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы дәрілер. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер және нуклеотидтер. Ремдесивир.
АТХ коды J05AB16
Қолданылуы
-қосымша оксигенотерапияны талап ететін пневмонияға шалдыққан ересектер мен дене салмағы 40 кг-дан асатын 12 жастан асқан балаларда жаңа коронавирустық инфекцияны (COVID-19) емдеу (төмен немесе жоғары ағынды оттегі немесе емдеудің басында инвазивті емес желдету)
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Құрамы
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Ремдесивирмен өзара әрекеттесуді бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта өзара әрекеттесудің жалпы әлеуеті белгісіз; пациенттер ремдесивирді қолданудың барлық кезеңінде мұқият бақылауда болуы тиіс.
Ремдесивирді хлорохин фосфатымен немесе гидроксихлорохин сульфатымен бір мезгілде қолдану in vitro байқалатын антагонизмге байланысты ұсынылмайды. Ремдесивирді хлорохинмен немесе гидроксихлорокинмен бірге қолданғанда вирусқа қарсы белсенділіктің төмендеу қаупі бар.
Басқа дәрілік препараттардың ремдесивирге әсері
in vitro зерттеулерінің деректері бойынша ремдесивир плазма мен тіндердегі эстеразалар және CYP2C8, CYP2D6 және CYP3A4 изоферменттері, сондай-ақ 1В1 (ОАТР1В1) органикалық аниондарының транспорттық полипептиді және Р-гликопротеин транспортерлері үшін субстрат болып табылады.
Ремдесивирдің гидролиздік жол тежегіштерімен/индукторларымен (эстераза) немесе CYP2C8, CYP2D6 және CYP3A4 изоферменттерімен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы белгісіз. Күшті тежегіштер ремдесивир әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Күшті индукторларды (мысалы, рифампицин) қолдану плазмадағы ремдесивир концентрациясын төмендетуі мүмкін, сондықтан ұсынылмайды.
Дексаметазон CYP3A изоференті мен P-гликопротеиннің орташа индукторы болып табылады. Индукция дозаға тәуелді және бірнеше дозаны қолданғаннан кейін пайда болады. Дексаметазонның ремдесивирге клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етуі екіталай, өйткені ремдесивир бауыр арқылы экстракцияланудың орташа жоғары коэффициентіне ие және COVID-19 емдеу үшін қысқа уақыт аралығында қолданылады.
Ремдесивирдің басқа дәрілік препараттарға әсері
In vitro жағдайында ремдесивир CYP3A4, ОАТР1В1 және ОАТР1В3 изоферментінің тежегіші болып табылады. Дәріаралық өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы in vitro анықталған жоқ. Ремдесивир CYP3A изоферментінің немесе ОАТР 1В1/1В3 субстраттары болып табылатын дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациясын уақытша арттыруы мүмкін. Деректер жоқ, алайда CYP3A4 изоферментінің немесе ОАТР 1В1/1В3 субстраттары болып табылатын дәрілік препараттарды ремдесивир енгізілгеннен кейін кемінде 2 сағат өткен соң қолдану керек деп болжанады. Ремдесивир CYP1A2 изоферментін және мүмкін CYP3A in vitro индукциялады. Ремдесивирді CYP1А2 немесе CYP3A4 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын емдік индексі тар препараттармен бірге қолдану олардың тиімділігінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Дексаметазон CYP3A4 изоферментінің субстраты болып табылады және ремдесивир CYP3A4 изоферментін тежесе де, ремдесивирдің в/і енгізгенннен кейін тез шығарылуына байланысты оның дексаметазонның концентрациясына айтарлықтай әсер етуі екіталай.
Арнайы сақтандырулар
Инфузиялық және анафилаксиялық реакцияларды қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық
Инфузиялық және анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары ремдесивирді енгізу кезінде және одан кейін байқалды. Белгілер мен симптомдарға артериялық гипотензия, артериялық гипертензия, тахикардия, брадикардия, гипоксия, қызба, ентігу, сырыл, ангиневроздық ісіну, бөртпе, жүрек айну, құсу, терлеу және діріл кіруі мүмкін. Ең көп енгізу уақыты 120 минутқа дейін баяу инфузия жоғарыда аталған белгілер мен симптомдардың дамуына жол бермейді деп болжауға болады. Егер клиникалық маңызды аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері мен симптомдары пайда болса, ремдесивирді қолдануды дереу тоқтату және тиісті емдеуді бастау керек.
Трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
Трансаминазалар белсенділігінің артуы ремдесивирдің клиникалық зерттеулерінде, оның ішінде сау еріктілер мен COVID-19 пациенттерінде байқалды. Ремдесивирді қолдануды бастамас бұрын барлық пациентте бауыр функциясын бағалау және клиникалық практикаға сәйкес емдеу кезінде оны бақылау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ремдесивирге клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге ремдесивирді егер әлеуетті пайдасы әлеуетті қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.
АЛТ ≥5 ВГН деңгейі бар пациенттерге ремдесивирді қолдану ұсынылмайды. Ремдесивирмен емдеу кезінде АЛТ деңгейі ≥5 ВГН көтерілген (препаратты енгізу АЛТ <5 ВГН болған кезде жаңартылуы мүмкін) немесе бауыр қабынуының белгілерімен немесе симптомдарымен немесе конъюгацияланған билирубиннің ұлғаюымен, СФ белсенділігінің артуымен немесе ХҚҚ жоғарылауымен қатар жүретін АЛТ жоғарылаған кезде ремдесивирді тоқтату керек.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жануарларға жүргізілген зерттеуде егеуқұйрықтар мен маймылдарда бүйректің ауыр уыттылығы байқалды. Бұл бүйрек уыттылығының механизмі соңына дейін зерттелмеген. Адам үшін өзектілігін жоққа шығаруға болмайды.
Барлық пациенттерде ремдесивирді қабылдауды бастағанға дейін және оны қабылдау кезінде клиникалық қажеттілігіне қарай рШСЖ деңгейін анықтау қажет. Ремдесивирді рШСЖ <30 мл/мин пациенттерге қолдануға болмайды.
Қосымша заттар
Бүйрек түтікшелерінде натрий сульфобутилаты бетадексі қосымша затының жинақталуы бүйрек жеткіліксіздігінің ағымын қиындатуы мүмкін, сондықтан ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (рШСЖ <30 мл/мин) ремдесивирді қолдануға болмайды.
Хлорохинмен немесе гидроксихлорокинмен бір мезгілде қолданғанда вирусқа қарсы белсенділіктің төмендеу қаупі
Ремдесивирді хлорохин фосфатымен немесе гидроксихлорохин сульфатымен бірге қолдану хлорохиннің ремдесивирдің жасушаішілік метаболизмдік активациясына және вирусқа қарсы белсенділігіне антагонистік әсерін көрсететін in vitro деректері негізінде ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Ремдесивирді жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Репродуктивті уыттылыққа қатысты жануарларға жүргізілген зерттеу жеткіліксіз. Ремдесивирді жүктілік кезінде қолдануға болмайды, егер әйелдің клиникалық жағдайы оны емдеуді қажет етпесе.
Бала көтеретін шақтағы әйелдер емдеу кезінде контрацепцияның тиімді құралдарын пайдалануы тиіс.
Ремдесивирдің емшек сүтімен шығарылатындығы, оның емшек сүтімен қоректенетін нәрестеге әсері немесе емшек сүтінің өндірілуіне әсері белгісіз.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде GS-441524 метаболиті (нуклеозидтің аналогы) ремдесивир қабылдаған егеуқұйрық сүтімен қоректенетін егеуқұйрықтардың қанында табылды. Демек, ремдесивирдің және/немесе оның метаболиттерінің емізетін жануарлардың сүтімен шығарылуын болжауға болады.
Вирустың SARS-CoV-2-ге теріс нәтижесі бар сәбилерге берілу мүмкіндігіне және препаратқа жағымсыз реакцияларға байланысты бала үшін емудің пайдасы мен әйел үшін терапияның пайдасын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе ремдесивирмен емдеуді тоқтату/бас тарту туралы шешім қабылдау қажет.
Фертильділік
Ремдесивирдің адамның репродуктивті функциясына әсері туралы мәліметтер жоқ. Еркек егеуқұйрықтарда ремдесивирмен емдеу жұптасуға немесе фертильділікке әсер етпеді. Алайда, аналық егеуқұйрықтарда фертильділіктің бұзылуы байқалды. Бұл деректердің адам үшін маңызы белгісіз.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ремдесивир бұл қабілеттерге әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді деп болжанады.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Ремдесивирді пациенттер мұқият қадағаланатын медициналық мекемелерде ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Дозалау режимі
Ересектер мен дене салмағы 40 кг-дан асатын 12 жастан асқан балалар
Ересектерге арналған препараттың ұсынылатын дозасы емнің бірінші күнінде 200 мг ремдесивирді (2 құты) бір рет вена ішіне, кейіннен 100 мг ремдесивирді (1 құты) екінші күннен бастап тәулігіне 1 рет вена ішіне енгізуден тұрады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің жалпы ұзақтығы кемінде 5 күн және 10 күннен аспауы керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан егде жастағы пациенттерде ремдесивир дозасын түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ремдесивирдің фармакокинетикасына бағалау жүргізілген жоқ. РШСЖ ≥30 мл/мин пациенттер COVID-19 емдеу үшін ремдесивирді дозаны түзетпестен қабылдады. Ремдесивирді рШСЖ <30 мл/мин пациенттерге қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ремдесивирдің фармакокинетикасына бағалау жүргізілген жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет пе, жоқ па белгісіз.
Балалар
Дене салмағы 40 кг-дан аз 12 жасқа дейінгі балаларда ремдесивирдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне енгізу үшін.
Препаратты бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.
Бидирем лиофилизаты ерігеннен кейін 0.9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылады және 30-120 минут ішінде вена ішіне инфузия түрінде енгізіледі. Енгізу жылдамдығы 1-кестеде берілген. Инфузияны жүргізгеннен кейін инфузиялық қап 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісімен жуады, ол да пациентке препараттың қажетті дозасы толық енгізілгеніне көз жеткізу үшін енгізіледі. Бидирем препаратын басқа препараттармен бір мезгілде енгізуге болмайды. 0.9% натрий хлориді ерітіндісінен өзге басқа ерітінділермен үйлесімділігі белгісіз.
1-кесте. Дайындалған ерітіндіні енгізудің ұсынылатын жылдамдығы
Инфузиялық қаптың көлемі |
Енгізу уақыты |
Енгізу жылдамдығы |
250 мл |
30 мин |
8.33 мл/мин |
60 мин |
4.17 мл/мин |
|
120 мин |
2.08 мл/мин |
|
100 мл |
30 мин |
3.33 мл/мин |
60 мин |
1.67 мл/мин |
|
120 мин |
0.83 мл/мин |
Ерітіндіні дайындау
Концентратты дайындау
Ерітіндіні асептикалық жағдайларда дайындайды. Препараттың құтысына инъекцияға арналған 19 мл суды қосады, шприц пен әр құтыға сәйкес келетін өлшемдегі инені қолданады. Егер құтыға инъекцияға арналған суды вакуумға байланысты қосу мүмкін болмаса, құтыны тастайды. Құтыны бірден 30 сек бойы шайқайды, 2-3 мин бойы тұндырады және мөлдір ерітіндінің (ремдесивир концентрациясы 5 мг/мл) алынғанын тексереді. Егер ішіндегісі толық ерімесе, құтыны 30 сек бойы қайтадан сілкиді және 2-3 мин бойы тұндырады. Қажет болса, құтының ішіндегісі толығымен ерігенше шараны қайталайды.
Құтыны тығындау жүйесінде ақаулардың жоқ екенін, ерітіндіде бөгде бөлшектердің жоқтығын және ерітіндінің түсі өзгермегенін көзбен шолып бағалайды. Ақаулар немесе бөгде бөлшектер анықталған жағдайда құтыны пайдалануға болмайды.
Препаратты инъекцияға арналған суда еріткеннен кейін енгізуге дайын ерітіндіні дереу алу үшін концентратты сұйылту керек.
Енгізуге дайын ерітіндіні дайындау
Ерітінді дайындау кезінде кездейсоқ микробтық ластанудың алдын алу үшін абай болу керек. Препарат құрамында консерванттар немесе бактериостатикалық агенттер болмағандықтан, парентеральді енгізуге арналған ерітіндіні асептикалық жағдайларда дайындау қажет. В/і енгізуге арналған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу керек.
Емдеудің алғашқы күнінде препараттың 2 құтысын (200 мг ремдесивир) қолданады. Көлемі 100 мл немесе 250 мл инфузиялық қаптан 40 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісін алады және тастайды. Әр құтыдан 20 мл ремдесивир концентратын алады (барлығы: 40 мл) және ерітіндінің жалпы 100 мл немесе 250 мл көлемін алу үшін 0.9% натрий хлориді ерітіндісін қосады.
Екінші және одан кейінгі күндері емдеу үшін көлемі 100 мл немесе 250 мл инфузиялық қаптан 20 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісін алады және тастайды. 1 құтыдан (100 мг ремдесивир) 20 мл ремдесивир концентратын алады және ерітіндінің жалпы 100 мл немесе 250 мл көлемін алу үшін 0.9% натрий хлориді ерітіндісіне қосады.
Құтыда қалған пайдаланылмаған кез келген ерітіндіні пайдалануға болмайды.
Алынған ерітіндіні шамамен 20 рет абайлап аударып, сілкімей араластырады.
Препарат құрамында консерванттар жоқ болғандықтан, кез келген дайындалған, бірақ пайдаланылмаған ерітінді немесе концентрат немесе енгізгеннен кейін қалған ерітінді тиісті тәсілмен утилизациялануы керек.
Назар аударыңыз! Көлемі 100 мл инфузиялық қапты сұйықтықты шығарудың ауыр бұзылулары бар немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін резервтеу ұсынылады.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Ремдесивирмен артық дозаланған жағдайда емдеу жалпы қолдау шараларын, оның ішінде өмірлік маңызды функцияларды бақылауды және пациенттің клиникалық жағдайын бақылауды қамтуы тиіс. Ремдесивирдің арнайы антидоты жоқ.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болған жағдайда)
Дені сау еріктілерде жиі кездесетін жағымсыз реакция трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы болды (14%). COVID-19 шалдыққан пациенттерде жиі кездесетін жағымсыз реакция жүрек айнуы болды (4%).
2-кестеде берілген жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелерінің класстары және жиілігі бойынша ұсынылған. Жиілік төмендегідей анықталды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), белгісіз (жиілік қолда бар деректер бойынша анықталмайды).
2-кесте: Жағымсыз реакциялардың тізімі
Жиілігі |
Жағымсыз реакция |
Иммундық жүйе тарапынан |
|
Сирек |
аса жоғары сезімталдық |
Белгісіз |
анафилаксиялық реакция |
Жүйке жүйесі тарапынан |
|
Жиі |
бас ауыруы |
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан |
|
Белгісіз |
синус брадикардиясы* |
Асқазан-ішек жолы тарапынан |
|
Жиі |
жүрек айнуы |
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан |
|
Өте жиі |
трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы |
Тері және тері асты тіндері тарапынан |
|
Жиі |
бөртпе |
Зерттеу |
|
Өте жиі |
Протромбин уақытының ұлғаюы |
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар |
|
Сирек |
инфузиялық реакциялар |
* хабарламалар тіркеуден кейінгі кезеңде түсті, олар әдетте қосымша араласусыз ремдесивирді соңғы енгізгеннен кейін 4 күн ішінде қалыпқа келеді.
Жекелеген жанама реакциялардың сипаттамасы
Трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы
Дені сау еріктілердегі зерттеулерде АЛТ, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы немесе ремдесивир алған субъектілерде сол және басқа 1(10%) немесе 2 (4%) дәрежелі болды. COVID-19 (NIAID ACTT-1) пациенттерінің рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуінде АСТ-ның жоғарылауымен және АЛТ-ның жоғарылауымен байланысты кез келген зертханалық ауытқулар (ҚЖШ-дан≥ 1,25) плацебо қабылдаған пациенттердің 44% және 43%-ымен салыстырғанда ремдесивир қабылдаған пациенттердің 33% және 32%-ында орын алды.
АСТ және АЛТ жоғарылауымен байланысты ≥3 (≥ 5,0 ҚЖШ-дан) дәреженің зертханалық ауытқулары плацебо қабылдаған пациенттердің 8% және 6%-ымен салыстырғанда ремдесивир қабылдаған пациенттердің 6% және 3%-ында байқалды. Рандомизацияланған ашық көп орталықты клиникалық зерттеуде (GS-US-540-5773 зерттеуі) COVID-19 ауыр формасымен ауруханаға жатқызылған, ремдесивирді 5 (n = 200) немесе 10 күн (n = 197) алып жатқан пациенттерде, кез келген ауырлық дәрежесінде (≥1,25 × қалыптың жоғарғы шегі (ULN)) АСТ жоғарылауы мен АЛТ жоғарылауының зертханалық ауытқулары тиісінше ремдесивир алған пациенттердің 40%-ында және 42%-ында байқалды. АСТ жоғарылауымен және ALT жоғарылауымен байланысты ≥3 (≥5,0 × ULN) дәрежелі зертханалық ауытқулар ремдесивир қабылдаған пациенттердің 7%-ында байқалды. Рандомизацияланған ашық көп орталықты клиникалық зерттеуде (GS-US-540-5774 зерттеуі) ремдесивирді 5 (n = 191) немесе 10 күн (n = 193) бойы алған, орташа ауырлықтағы COVID-19 шалдыққан ауруханаға жатқызылған пациенттерде стандарттымен салыстырғанда. Көмек көрсету кезінде (n = 200) АСТ жоғарылауы және АЛТ жоғарылауы түріндегі кез келген дәрежедегі зертханалық ауытқулар ремдесивир қабылдаған пациенттердің 32% және 33%-ында және стандартты көмек алған пациенттердің 33% және 39%-ында байқалды. АСТ жоғарылауы және АЛТ жоғарылауы сияқты ≥3 дәрежелі зертханалық ауытқулар ремдесивир қабылдаған пациенттердің 2% және 3%-ында және стандартты көмек алған пациенттердің 6% және 8%-ында байқалды.
Протромбин уақытының ұлғаюы
COVID-19 пациенттерінің клиникалық зерттеуінде (NIAID ACTT-1) плацебо алған пациенттермен салыстырғанда протромбин уақытының немесе ХҚҚ (көбінесе 1-2 дәрежелі) жоғарылау жиілігі ремдесивир алған пациенттерде жоғары болды, бұл ретте екі топ арасында қан кетулердің туындау жиілігінде айырмашылықтар байқалмады. Ремдесивирді қабылдау кезінде протромбин уақытын клиникалық көрсетілімдерге сәйкес бақылау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препарат құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат – ремдесивир 100 мг,
қосымша заттар: бетадекс сульфобутилді натрий эфирі (SBECD), хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түстен сары түске дейінгі тығыз лиофилизат немесе ұнтақ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Препарат бромбутилді тығындармен тығындалған және «flip-off» типті пластмасса қақпақтары бар алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы 50 мл және 30 мл ФСША* бойынша І типті шыныдан жасалған құтыларда.
1 құтыдан пластикалық науаға салады және поливинилхлоридтен жасалған қақпақпен жабады.
1 науадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Инъекцияға арналған судағы қалпына келтірілген бастапқы ерітіндіні 25 ºС-ден аспайтын температурада 4 с асырмай және сақтау температурасы 2-8 ºС кезінде 24 с асырмай сақтау керек.
0.9% натрий хлориді ерітіндісіндегі қалпына келтірілген соңғы инфузиялық ерітіндіні 25 ºС-ден аспайтын температурада 4 сағаттан асырмай және сақтау температурасы 2-8 ºС кезінде 24 сағаттан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/қаптаушы туралы мәліметтер
Sovereign Pharma Private Limited, Үндістан
Survey No. 46/1-4, Village Kadaiya, Daman, Gujarat - 396210, Үндістан.
Тел. +91 2606635400, электронды пошта: info@sovereignpharma.net
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы туралы мәліметтер
BDR Pharmaceuticals International Pvt. Ltd., Үндістан
6, Engineering Center, 9 Mathew Road, Charni Road.
Mumbai 400 004, Maharashtra, Үндістан.
Тел. +91 22 4056 0560, электронды пошта: bdrpharma@vsnl.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ.,
Мирас ш.а., 157, 819 т.е.
Тел. (727) 311-81-96/97, электронды пошта: office.secretary@rogersgroup.in
Қазақстан Республикасы дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстан, 050043
Алматы қ., Мирас ш.а., 157, 819 т.е.
Канумуру И. Г.
Тел. (727) 311-81-96/97, ұялы. +77479911904, электронды пошта: irina.volovnikova@gmail.com.