Биденза (Энзалутамид)

МНН: Энзалутамид
Производитель: БДР Фармасьютикалс Интернэшнл Пвт.Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Энзалутамид
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025030
Информация о регистрации в РК: 26.05.2021 - 26.05.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Биденза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Энзалутамид

Дәрілік түрі, дозалануы

Капсулалар, 40 мг

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Эндокриндік ем. Гормондар антагонистері және олардың аналогтары. Антиандрогендер. Энзалутамид.

АТХ коды L02BB04

Қолданылуы

- ересек ерлердегі метастаздық гормонға сезімтал қуықасты безінің обырын (МГСҚАБ) андрогендепривациялық еммен бірге емдеуде

- ересек ерлердегі үдеу қаупі жоғары қуықасты безінің метастаздық емес кастрациялық-резистентті обырын (ҚАБКРО) емдеуде

- химиялық емге клиникалық көрсетілім болмағанда андроген-депривациялық ем аясында үдеуі бар симптомдарсыз немесе орташа симптомдары бар пациенттердегі қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеуде.

- ересек ерлердегі доцетаксел қамтылатын химиялық ем кезінде немесе одан кейін үдейтін қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеуде

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылыстары, Lapp-лактаза ферментінің тұқым қуалайтын тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер

- препарат әйелдерде пайдалануға арналмаған

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Энзалутамидпен емдеуді қуықасты безінің обырын дәрі-дәрмектік емдеу тәжірибесі бар мамандардың бастауы және бақылауы қажет

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттардың энзалутамид әсеріне әлеуетті ықпалы.

CYP2C8 тежегіштері

CYP2C8 ферменті энзалутамид элиминациясында және оның белсенді метаболитінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. CYP2C8 күшті тежегіші гемфиброзилді (күніне екі рет 600 мг) ішу арқылы қабылдағаннан кейін энзалутамидтің орташа АUС мәні 326% артып, ал энзалутамид Сmax 18% азайды. Байланыспаған энзалутамид және байланыспаған белсенді метаболит жиынтығына тән АUС 77% ұлғайып, сол уақытта Сmax 19% төмендеген. Энзалутамидпен емделу кезінде CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін (мысалы, гемфиброзил) қабылдаудан аулақ болу немесе оларды сақтықпен пайдалану керек. Егер пациенттерге CYP2C8 күшті тежегішін бірге қолдану қажет болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін азайту керек.

CYP3A4 тежегіштері

CYP3A4 ферменті энзалутамид метаболизмінде елеусіз рөл атқарады. CYP3A4 ферментінің күшті тежегіші итраконазолды (күніне бір рет 200 мг) қабылдағаннан кейін энзалутамид AUC 41%-ға артты, бұл арада Cmax өзгермеген. Байланыспаған энзалутамид және байланыспаған белсенді метаболит жиынтығы үшін AUC - 27%-ға ұлғайған, бұл арада Cmax тағы да өзгеріссіз қалды. Биденза препаратын CYP3A4 тежегіштерімен немесе индукторларымен бірге қолданғанда дозаны түзету талап етілмейді.

CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторлары

CYP2C8 ферментінің орташа индукторын және CYP3A4 күшті индукторын, рифампинді (күніне бір рет 600 мг) ішу арқылы қабылдағаннан кейін, энзалутамидтің AUC белсенді метаболитімен бірге 37%-ға төмендеген, бұл арада Cmax көрсеткіші өзгермеген. Биденза препаратын CYP2C8 және CYP3A4 ферментінің индукторларымен бір мезгілде тағайындағанда дозаны түзету қажет емес.

Энзалутамидтің басқа дәрілік препараттардың әсеріне әлеуетті ықпалы

Ферменттер индукциясы

Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады және көп ферменттер мен тасымалдағыштардың синтезін арттырады, сондықтан ол ферменттердің субстраттары немесе тасымалдаушылары болып табылатын көптеген әдеттегі дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Плазмадағы концентрациясының төмендеуі елеулі болып, клиникалық әсерін жоғалтуға немесе азайтуға әкелуі мүмкін. Белсенді метаболиттер түзілуінің арту қаупі де бар. Түзілуі индукциялануы мүмкін ферменттерге CYP3A бауырдағы және ішектегі, CYP2В6, CYP2C9, CYP2C19 және уридин-5'-дифосфат глюкуронозилтрансфераза жатады. Р-гликопротеин тасымал ақуызының және басқа тасымалдаушылардың, сондай-ақ, мысалы, 2 (MRP2) көптеген дәрілік төзімділік ақуызының, сүт безі обырының төзімділік ақуызының (BCRP) және 1B1 органикалық анион-тасымалдаушы полипептидтің (OATP1B1) индукциясы да болуы мүмкін.

Энзалутамидтің CYP3A4 күшті индукторы және CYP2C9 және CYP2C19 орташа индукторы болып табылады. Қуықасты безінің обырымен науқастарда энзалутамидті (күніне бір рет 160 мг) бірге қолдану мидазолам (CYP3A4 субстраты) AUC 86% төмендеуіне, S-варфарин (CYP2C9 субстраты) AUC 56% төмендеуіне және омепразол (CYP2C19 субстраты) AUC 70% төмендеуіне әкелді. Сондай -ақ UGT1A1 индукциясы да болуы мүмкін. Қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обыры бар пациенттерде энзалутамид (күніне бір рет 160 мг) вена ішіне енгізілген доцетакселдің (инфузия әдісімен 3 аптада бір рет 75 мг/м2) фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпегені туралы деректер бар. Доцетакселдің AUC - 12%-ға төмендеген [орташа геометриялық арақатынасы = 0,882 (90% СА: 0,767, 1,02], бұл арада Cmax көрсеткіші 4%-ға төмендеген [орташа геометриялық арақатынасы = 0,963 (90% СА: 0,834, 1,11].

Сонымен қатар, препарат метаболизм немесе белсенді тасымал үдерісінде элиминацияланатын белгілі бір дәрілік заттармен өзара әрекеттеседі. Егер олардың емдік әсерінің пациент үшін маңызы зор болса және тиімділік бақылауының немесе плазмадағы концентрациясының негізінде дозасын түзету оңай болмаса, осы дәрілік заттарды қабылдаудан аулақ болу немесе оларды сақтықпен пайдалану керек. Бір мезгілде ферменттер индукторларын қабылдаған пациенттерде парацетамол қабылдаудан кейін бауырдың зақымдану қаупінің жоғары екені жорамалданады.

Препаратпен өзара әрекеттесуі мүмкін дәрілік заттар тобына, осымен шектелместен, мыналар жатады:

- анальгетиктер (мысалы, фентанил, трамадол)

- антибиотиктер (мысалы, кларитромицин, доксициклин)

- ісікке қарсы агенттер (мысалы, кабазитаксел)

- антиэпилептиктер (мысалы, карбамазепин, клоназепам, фенитоин, примидон, вальпрой қышқылы)

- нейролептиктер (мысалы, галоперидол)

-антикоагулянттар (мысалы, аценокумарол, варфарин, клопидогрел)

- бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол, пропранолол)

- кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, дилтиазем, фелодипин, никардипин, нифедипин, верапамил)

- жүрек гликозидтері (мысалы, дигоксин)

- кортикостероидтар (мысалы, дексаметазон, преднизолон)

- АИТВ инфекциясын емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар (мысалы, индинавир, ритонавир)

- ұйықтататын дәрілер (мысалы, диазепам, мидазолам, золпидем)

- иммунодепрессант (мысалы, такролимус)

- протон помпасы тежегіші (мысалы, омепразол)

- CYP3A4 ферментінің қатысуымен метаболизденетін статиндер (мысалы, аторвастатин, симвастатин)

- тиреоидты дәрілер (мысалы, левотироксин)

Емдеу аяқталғаннан кейін шамамен 1 айдан соң, кейбір индукциялау әсерлері ертерек байқалуы мүмкін болса да, энзалутамид тепе-тең плазмалық концентрациясына жеткеннен кейін энзалутамидтің барлық индукциялық мүмкіндіктері көрініс бере алады. CYP2В6, CYP3A4, CYP2C9, CYP2C19 немесе UGT1A1 ферменттерінің субстраттары болып табылатын дәрілік препараттар қабылдайтын пациенттерде энзалутамидпен емделген алғашқы ай ішінде фармакологиялық әсерінің болжамды төмендеуін (немесе белсенді метаболиттер түзілген жағдайда әсерінің артуын) бағалау және дозаны тиісінше түзету керек. Энзалутамидтің жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуын (5,8 тәулік) ескерсек, энзалутамид қолдануды тоқтатқаннан кейін бір ай және одан көп уақыт бойы ферменттердің түзілуіне ықпалын сақтауға болады. Энзалутамидпен емдеуді тоқтату кезінде қатарлас дәрілік заттардың дозаларын біртіндеп азайту қажет болуы мүмкін.

CYP1А2 және CYP2C8 субстраттары

Энзалутамид (күніне бір рет 160 мг) кофеин (CYP1А2 субстраты) немесе пиоглитазон (CYP2C8 субстраты) AUC немесе Сmax мәндерінің клиникалық мәнді өзгерістерін туындатпайды. Пиоглитазон AUC 20% ұлғайып, ал Сmax 18% төмендеді.. Кофеиннің AUC немесе Сmaxтиісінше 11% және 4% азайды.

Егер CYP1А2 немесе CYP2C8 субстраттары Бидензамен бірге қолданылса, дозаны түзету қажет емес.

P-гликопротеин субстраттары

Іn vitro зерттеулерінің деректері энзалутамидтің P-гликопротеин эффлюксті тасымалдағышының тежегіші болуы мүмкін екенін көрсетеді. Энзалутамидтің стационар жағдайларында Р-гликопротеинге орташа тежегіштік әсері энзалутамидке дейін және бір мезгілде Р-гликопротеин субстраты дигоксиннің бір реттік пероральді дозасын алған қуық асты безінің обыры бар пациенттердегі зерттеулерде байқалды (бір мезгілде енгізу 160 мг энзалутамидті күн сайын бір рет қабылдаумен кем дегенде 55 күн бойы қатар жүрді). Дигоксиннің AUC және Cmax сәйкесінше 33% және 17%-ға артты. Р-гликопротеин үшін субстраттар болатын емдік диапазоны тар дәрілік заттарды (мысалы, колхицин, дабигатран этексилаты, дигоксин) Бидензамен бір мезгілде қолданған кезде сақтықпен пайдалану керек, және қан плазмасындағы оңтайлы концентрациясын сақтап тұру үшін дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Сүт безі обырының төзімділік ақуыздарының (BCRP), көптеген дәрілерге төзімді ақуыздардың 2 (MRP2), адамның 3 типті органикалық аниондар тасымалдағышының (OAT3) және адамның органикалық катиондар тасымалдағышының 1 (OCT1) субстраттары

Стационарлық жағдайларда энзалутамидке дейін және бір мезгілде розувастатиннің бір реттік пероральді дозасын алған қуық асты безінің обыры бар пациенттерде энзалутамид сүт безінің обырына резистенттілік ақуызының (BCRP) субстраты розувастатиннің әсер етуінде клиникалық маңызды өзгерістерді туғызған жоқ (бір мезгілде қолдану 160 мг энзалутамидті күн сайын бір рет қабылдау жиілігімен кем дегенде 55 күн бойы қатар жүрді). Розувастатиннің AUC және 14%-ға төмендеді, ал Cmax 6%-ға артты. BCRP субстратын Бидензамен бір мезгілде қолданған кезде дозаны түзету қажет емес.

In vitro зерттеулердің негізінде, MRP2 (ішекте), сондай-ақ 3 органикалық аниондар тасымалдағышының (OAT3) және 1 органикалық катиондар тасымалдағышының 1 (OCT1) (жүйелі) тежелуін жоққа шығаруға болмайды. Теория жүзінде, осы тасымалдағыштардың индукциясы да болуы мүмкін, және ақырғы әсері қазіргі уақытта белгісіз.

QT аралығының ұзаруына әкелетін дәрілік препараттар

Андрогендепривациялық емнің QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкіндігінен, энзалутамидті келесі QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен, қарыншалық дірілдеу/жыпылықтауға әкелуі мүмкін, мысалы аритмияға қарсы Ia тобының препарттарымен (мысалы, хинидин, дизопирамид) немесе III тобының препарттарымен (мысалы, амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид), сондай-ақ метадон, моксифлоксацин, нейролептиктермен және с.с. т.б. бір мезгілде қабылдануына мұқият бағалау жүргізу керек.

Ас ішудің энзалутамид әсеріне ықпалы

Ас ішу энзалутамидтің әсер ету дәрежесіне клиникалық мәнді ықпалын тигізбейді. Биденза препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады.

Арнайы сақтандырулар

Құрысулардың даму қаупі

Энзалутамидті қолдану құрысулардың даму жағдайларымен байланысты болды. Ұстама дамыған пациенттерде емді жалғастыру туралы шешімді әр нақты жағдайда қарастыру керек. Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы

Пациенттердің энзалутамидті қолдануы барысында қайтымды артқы энцефалопатия синдромы (PRES) дамығаны туралы сирек мәлімдемелер тіркелген. Қайтымды артқы энцефалопатия синдромы – бұл құрысулар, бас ауыруы, естен тану, соқырлық және басқа да гипертензиямен бірге жүретін немесе бірге жүрмейтін көру және неврологиялық бұзылыстар сияқты жылдам дамитын симптомдармен сипатталатын сирек қайтымды неврологиялық ауру. Кейінгі қайтымды артқы энцефалопатия синдромы диагнозы мидың томографиясы нәтижесімен, ең дұрысы МРТ нәтижесімен расталуға тиіс. Диагноз расталғанда Биденза препаратын қолдануды тоқтату ұсынылады.

Алғашқы қатерлі жаңа түзілімнің екінші көрінісі

Клиникалық зерттеулер барысында энзалутамидті қабылдаған пациенттерде алғашқы қатерлі жаңа түзілімнің екінші көрінісі болған жағдайлар туралы хабарланды. 3 фазадағы клиникалық зерттеулерде энзалутамидті қабылдаған пациенттерде хабарланған ең жиі оқиғалар, әрі плацебоға қарағанда жиірек, қуық обыры (0,3%), тоқ ішектің аденокарциномасы (0,2%), өтпелі-жасушалық обыр (0,2%) және қуықтың өтпелі-жасушалық обыры (0,1%) болды.

Егер энзалутамидпен емделу кезінде олар асқазан-ішектен қан кетудің, макроскопиялық гематурияның белгілерін немесе дизурия немесе несеп шығарғысы келу сияқты басқа да симптомдарды байқаса, пациенттер дереу дәрігерге қаралуы керек.

Басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану

Энзалутамид ферменттердің қуатты индукторы болып табылады және жиі пайдаланылатын көп дәрілік заттар тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, Биденза емінен бастап, қатарлас дәрілік заттарға талдау жүргізу қажет.

Егер олардың емдік әсерінің пациент үшін маңызы үлкен болса, сондай-ақ егер тиімділігі мен плазмадағы концентрациясын бақылау негізінде дозаны түзету мүмкін болмаса, энзалутамидті көп ферменттердің немесе тасымалдағыштардың сезімтал субстраттары болып табылатын дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбау керек.

Варфаринмен немесе кумарин тәрізді антикоагулянттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек. Егер энзалутамид CYP2C9 ферментімен (мысалы, варфарин немесе аценокумарол) метаболизденетін антикоагулянтпен бірге пайдаланылса, халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қосымша бақылау талап етіледі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пациенттердің осы тобында энзалутамид әсері зерттелмегендіктен, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге абайлап тағайындау керек.

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

Дәрілік заттардың жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде бақыланады, бұл тіндерде таралуының артуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл бақылаудың клиникалық мәні белгісіз болып қалып отыр. Дегенмен, тұрақты концентрацияға қол жету үшін ұзақ уақыт керек болуы мүмкін және ең жоғары фармакологиялық әсеріне қол жету уақыты, сондай-ақ ферменттер индукциясының басталуына және төмендеуіне дейінгі уақыт ұлғаюы мүмкін.

Таяуда бастан өткерген жүрек-қантамыр аурулары

Зерттеулерге таяуда миокард инфарктісін өткерген (соңғы 6 ай ішінде) немесе тұрақсыз стенокардиядан (соңғы 3 ай бойы), Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) шкаласы бойынша III немесе IV класс жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін пациенттер қамтылмағаны белгілі, бұған сол жақ қарынша лықсыту фракциясы (СҚЛФ) 45%-дан артық, брадикардиясы немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттер қосылмайды. Мұны осындай пациенттерге энзалутамид тағайындау кезінде ескеру қажет.

Андрогендепривациялық ем QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін

Энзалутамидпен емді бастар алдында дәрігер анамнезінде QT аралығының ұзаруы немесе оның туындау қаупі факторы жағдайлары бар пациенттерде, сондай-ақ QT аралығының ұзаруына әкелуі мүмкін препараттар қосылатын кешенді ем алатын пациенттерде қарыншалық дірілдеу/жыпылықтау ықтималдығын ескере отырып пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалайды.

Химиотерапия курсы кезінде қолданылуы

Цитоуытты химиотерапия курсы кезінде энзалутамидті бір мезгілде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Энзалутамидпен бір уақытта қабылдау доцетакселді вена ішіне енгізудің фармакокинетикасына клиникалық елеулі әсер етпейді; дегенмен доцетаксел қабылдаудан туындаған нейтропения дамуының жиілігі ұлғаюын жоққа шығаруға болмайды.

Қосымша заттар

Биденза препаратының құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауға тиіс.

Бұл препараттың бір таблетканың құрамында натрий лаурилсульфаты бар, ал препараттың бір дозасындағы натрийдің жалпы мөлшері 1 ммольден (23 мг) аз, яғни «натрий іс жүзінде жоқ». Тұзсыз диетадағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Биденза препараттың құрамында аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін тартразин (E 102) және күн батар түстес сары (Е 110) бояғыштары бар.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Энзалутамидті қолданғанда бөртпе, беттің, тілдің, еріннің немесе жұтқыншақ ісінуін қамтитын, бірақ олармен шектелмеген симптомдар білінуімен аллергиялық реакциялар бақыланды. Энзалутамидті қолданған кезде терінің күрделі жағымсыз реакциялары (тыртықтар) туралы хабарланды. Препаратты тағайындаған кезде пациенттер тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабардар етілуге, сондай-ақ олардың дамуына қатысты мұқият мониторингтен өтуге тиіс.

Бала тууға қабілетті әйелдер

Энзалутамидті жүктілік кезінде қолдану туралы ешқандай деректер жоқ, бұл дәрілік препарат бала туатын жастағы әйелдердің қолдануына арналмаған, өйткені іштегі балаға зақым келтіруі мүмкін немесе егер оны жүкті әйелдер қабылдаса, жүктіліктің үзілу ықтималдығына әкелуі мүмкін.

Ерлер мен әйелдерге арналған контрацепция

Шәуһетте энзалутамид немесе оның метаболиттерінің болу-болмауы жөнінде деректер жоқ. Егер пациент жүкті әйелмен сексуалдық қатынаста болса, энзалутамидпен емделу кезінде және одан кейін 3 ай бойы мүшеқап пайдалану қажет болады. Егер пациент бала туу жасындағы әйелмен сексуалдық қатынаста болса, емделу кезінде және одан кейін 3 ай бойы мүшеқап пен басқа да контрацепцияның тиімді тәсілін пайдалану қажет. Зерттеулер препараттың ұрпақ өрбітуге уыттылығын көрсетті.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Биденза әйелдерде қолдануға арналмаған. Энзалутамидті жүкті немесе жүкті болу мүмкін әйелдердің қолдануына болмайды. Ана сүтінде энзалутамид бар-жоғы белгісіз. Энзалутамид және/немесе оның метаболиттері егеуқұйрықтың сүтіне бөлінеді.

Ұрықтандыруға қабілеттілік

Жануарларға жүргізілген зерттеулер энзалутамидтің егеуқұйрықтар мен иттердің аталықтарының тұқым өрбіту жүйесіне әсер ететіндігін көрсетті.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Энзалутамидтің автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне орташа ықпалы болуы мүмкін, өйткені, құрысуларды қоса, психикалық және неврологиялық бұзылулар тіркелген. Пациенттерге механизмдерді жүргізу немесе пайдалану кезінде психикалық немесе неврологиялық бұзылулар туындауының ықтимал қаупі туралы ескертілуге тиіс. Энзалутамид қолданудың автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілмеген.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Энзалутамидпен емдеуді қуықасты безі обырын дәрі-дәрмекпен емдеуде тәжірибесі бар мамандар бастауға және бақылауға тиіс

Дозалану режимі

Бидензаның ұсынылатын тәуліктік дозасы күніне 1 рет 160 мг (40 мг-ден төрт капсула) құрайды.

Енгізу әдісі және жолы

Биденза пероральді қолдануға арналған. Капсулаларды шайнауға, ерітуге немесе ашуға болмайды, оларды сумен ішіп, бүтіндей жұту керек, оларды ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

ЛГРГ аналогын пайдаланумен дәрі-дәрмектік кастрация хирургиялық кастрация өтпеген пациенттерді емдеу уақытында жалғастырылуға тиіс.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: құрысулардың пайда болу қаупінің жоғарылауы.

Емі: антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда энзалутамидпен емдеуді тоқтату және 5,8 күндік жартылай шығарылу кезеңін ескере отырып, жалпы симптоматикалық емді бастау керек.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозаларын өткізіп алғанда қажет болатын шаралар

Егер пациент әдеттегі уақытта Биденза қабылдауды өткізіп алса, тағайындалған дозаны мүмкіндігінше әдеттегі уақытқа таяу қабылдауы керек. Егер пациент күні бойы препарат қабылдауды өткізіп алса, келесі күні емдеуді әдеттегі тәуліктік дозамен жаңғыртқан жөн.

Тоқтату симптомдарының бар екенін көрсету

Егер пациентте 3 дәрежедегі және одан жоғары уыттану немесе қауіпті жағымсыз реакциялар дамыса, препарат қабылдауды бір аптаға немесе симптомдар 2 дәрежеге және одан төмен деңгейге дейін төмендегенше тоқтатып, ал артынан, егер бұл ақталатын болса, қабылдауды дәл осындай немесе азайтылған дозаларда (120 немесе 80 мг) қабылдауды жаңғырту қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану

Мүмкіндігінше, CYP2C8 ферментінің күшті тежегіштерін бір мезгілде қолданбау керек. Егер пациент CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін бір мезгілде қабылдауға тиіс болса, энзалутамид дозасын күніне бір рет 80 мг дейін азайту қажет. Егер CYP2C8 ферментінің күшті тежегішін қолдану тоқтатылса, энзалутамид дозасын бастапқы деңгейге дейін арттыру керек.

Егде жастағы адамдар

Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың жеңіл, орташа және ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А, B және C кластары) бар пациенттерде дозаны түзету қажеттігі жоқ. Алайда препараттың жартылай шығарылу уақытының артуы бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажеттігі жоқ. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі және терминалды сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препарат сақтықпен қолданылуға тиіс.

Балалар

Препараттың балаларда қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеудегі болжамды қолданылуы туралы деректер жоқ.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Ең көп таралған жағымсыз реакциялар астения/қажу, гиперемия, сынықтар, артериялық гипертензия, құлау болып табылады. Басқа маңызды жағымсыз реакциялар жүректің ишемиялық ауруын және құрысуды қамтиды.

Төменде клиникалық зерттеулер барысындағы бақыланған жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша келтірілген және орналастырылған. Жиілік санаттары төмендегіше белгіленген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10 000-нан <1/1 дейін, 000 дейін), өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес). Барлық жағымсыз реакциялар әр топта күрделілігінің кему тәртібімен берілген.

Өте жиі

- астения/шаршау

- қан кернеулері

- гипертония

- сынулар

Жиі

- үрейлену сезімі

- бас ауыру

- есте сақтаудың нашарлауы, жадыны жоғалту, зейіннің бұзылуы, дисгевзия, тынымсыз аяқ синдромы

- терінің құрғауы, терінің қышынуы

-жүректің ишемиялық ауруы

- гинекомастия

- құлау

Жиі емес

- лейкопения, нейтропения

- көзге көрінетін елестеулер

- когнитивті бұзылыстар

- құрысулар

Пост-маркетингтік кезеңде алынған хабарламалар

Жиілігі белгісіз

- тромбоцитопения

- беттің ісінуі, тілдің ісінуі, ерін ісінуі, жұтқыншақ ісінуі

- қайтымды артқы энцефалопатия синдромы

- QT аралығының ұзаруы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- мультиформалы эритема, бөртпе

- миалгия, бұлшықеттің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы

* Постмаркетингтік тәжірибеден өздігінен келген есептер

¥ Құрысуларды, қатты құрысуларды, күрделі парциальді құрысуларды, парциальді құрысуларды және эпилепсиялық статусты қоса, «Құрысудың» SMQ аясы тар бағалаулары бойынша. Бұған өлімге соқтыратын асқынулары болатын құрысудың сирек жағдайлары жатады.

Плацебо-бақыланатын 3 фаза рандомизацияланған зерттеулеріндегі ең кемі екі пациентте бақыланған келесі басымдық берілетін: стенокардия, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфаркті, жедел миокард инфаркті, жедел коронарлық синдром, тұрақсыз стенокардия, миокард ишемиясы және коронарлық артерияның артериосклерозы терминдерін қоса, «миокард инфаркті» және «жүректің басқа ишемиялық ауруларының» SMQ аясы тар бағалаулары бойынша

Сүйектің «сынуына» қатысты барлық басымдық берілетін терминдер кіреді.

Құрысулар

Доза құрысудың даму қаупінің маңызды предикторы болып табылады, Энзалутамидтің құрысу шегін төмендету механизмі белгісіз. Алайда ол энзалутамид пен оның белсенді метаболиті байланысуы және ГАМҚ-рецепторларының хлорлы өзекшелерінің белсенділігін тежеуі мүмкіндігін көрсеткен in vitro зерттеулерінің деректерімен байланысты болуы мүмкін.

Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруы плацебо плюс АДТ қабылдаған 1,5% пациенттермен салыстырғанда энзалутамид плюс АДТ қабылдаған 3,9% пациенттерде бақыланғаны туралы деректер бар. Энзалутамидпен ем қабылдаған 50 (0,4%) пациентте және плацебомен ем қабылдаған 2 (0.1%) пациентте жүректің ишемиялық ауруы болды, нәтижесі өлімге әкеліп соқты.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат – 40.0 мг энзалутамид,

қосымша заттар: сусыз лактоза, лабрасол ALF (каприлокаспроил полиоксил-8 глицеридтер), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), микрокристалды целлюлоза, өлшемі №00 капсулалар (денесі және корпусы),

капсула құрамы (денесі және корпусы): поливинилпирролидон – 30, натрий лаурилсульфаты, метилпарабен, пропилпарабен, сары бояғыш - 06 (тартразин (Е 102), күн батар түстес сары (Е 110), титанның қостотығы (Е 171)), тазартылған су, желатин.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір емес сары қақпақшасы және мөлдір емес сары корпусы бар өлшемі №00 капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 28 капсуладан.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші және тіркеу куәлігінің ұстаушысы туралы мәліметтер

BDR Pharmaceuticals International Pvt. Ltd., Үндістан

R.S. No: 578, Near Effluent Chanel Road, Village: Luna, Taluka: Padra, District: Vadodara/Вадодара – 391440. Gujarat

Тел. +91 22 4056 0560

bdrpharma@vsnl.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Rogers Pharma» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 050043,

Алматы қ., Мирас ықшам ауд, 157, блок 2, т.е. 819.

Тел. +7 (727) 311-81-96/97,

office.secretary@rogersgroup.in

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Қазақстан Республикасы, 050043,

Алматы қ., Мирас ықшам ауд, 157, блок 2, т.е. 819.

Канумуру И. Г.

Тел. +7 (727) 311-81-96/97, Ұялы. +77479911904

irina.volovnikova@gmail.com

Прикрепленные файлы

ИМП_Биденза_02-11-22_рус.docx 0.07 кб
ИМП_Биденза_02-11-22_каз.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту