Бетаферон®

МНН: Интерферон бета-1b
Производитель: Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ и Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Interferon beta-1b
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003524
Период регистрации: 05.11.2015 - 05.11.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 20 136.13 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бетаферон®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Интерферон бета

Дәрілік түрі

Тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 0,3 мг (9,6 млн. ХБ) лиофилизат еріткішімен бір жиынтықта

Құрамы

белсенді зат – 0,3 мг (9,6 млн. ХБ) интерферон бета-1b

20 % есептік артық толтыруда

қосымша заттар: адам альбумині, маннитол

Еріткіш

1,2 мл ерітінді құрамында

белсенді зат - 6,48 мг натрий хлориді

қосымша заттар - тазартылған су

Сипаттамасы

Лиофилизат: ақ түсті лиофилизат

Еріткіш: бөгде бөлшектерсіз мөлдір ерітінді.

Қалпына келтірілген ерітінді: сәл бозаңданатыннан бозаңданатынға дейінгі, түссізден ақшыл сары түске дейінгі ерітінді

Фармакотерапиялық тобы Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Интерферон бета-1b

АТХ коды L03AB08

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бетаферон® ұсынылған 0,25 мг дозасында тері астына енгізгеннен кейін сарысудағы интерферон бета-1b концентрациясы төмен немесе мүлдем анықталмайды. Осыған орай Бетаферон® ұсынылған дозада қабылдаған жайылған склерозы бар науқастардағы препараттың фармакокинетикасы туралы мәліметтер жоқ.

0,5 мг Бетаферонды® тері астына енгізгеннен кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына инъекциядан кейін 1-8 сағаттан соң жетеді және 40 ХБ/мл-ге жуықты құрайды. Бетаферонның® тері астына енгізгендегі абсолюттік биожетімділігі 50 %-ға жуық. Интерферон бета-1b көктамыр ішіне қолданғанда препараттың сарысудан жартылай шығарылу кезеңі орташа алғанда 30 мл/мин/кг және сәйкесінше 5 сағатты құрайды.

Бетаферон® күн ара енгізу препараттың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарлауына алып келмейді, ал оның фармакокинетикасы емдеу курсы бойына өзгермейді.

Бетаферон® 0,25 мг дозада күн ара тері астына енгізгенде биологиялық жауап маркерлерінің (неоптерин, бета2-микроглобулин және иммуносупрессивтік цитокин IL-10) деңгейлері препараттың алғашқы дозасын енгізгеннен кейін 6-12 сағаттан соңғы бастапқы көрсеткіштермен салыстырғанда едәуір жоғарылайды. Олар ең жоғарғы шыңына 40-124 сағаттан соң жетеді және 7 күн (168 сағ.) бойы жоғары деңгейде қалады.

Фармакодинамикасы

Интерферондар табиғи ақуыздар болып табылатын цитокиндерге жатады.

Интерферон бета-1b вирусқа қарсы және иммунитетті реттеуші белсенділікке ие. Интерферон бета-1b жайылған склероз кезіндегі әсер ету механизмдері соңына дейін анықталмаған. Алайда, интерферон бета-1b биологиялық әсеріне оның адам жасушаларының беткейіндегі спецификалық рецепторлармен жанама әрекеттесуі түрткі болатыны мәлім. Интерферон бета-1b бұл рецепторлармен байланысуы интерферон бета-1b биологиялық әсерлерінің медиаторлары ретінде қарастырылатын бірқатар заттардың экспрессиясын индукциялайды. Интерферон бета-1b рецепторлардың байланыстырғыш қабілетін және гамма-интерферонға экспрессиясын төмендетеді, олардың ыдырауын күшейтеді. Бұдан өзге интерферон бета-1b шеткергі қанның мононуклеарлық жасушаларының супрессорлық белсенділігін арттырады.

Ремиссиялы және де салдарлы-үдемелі жайылған склерозды Бетаферон® препаратымен емдеу аурудың клиникалық өршуінің жиілігі (30 %-ға) мен ауырлығын, науқастардың ауруханаға жатқызуын және стероидтармен емдеу қажеттілігін төмендетеді, сондай-ақ ремиссияның ұзақтығын ұзартады.

Салдарлы-үдемелі жайылған склерозы бар науқастарда Бетаферонмен® емдеу ауруы әрі қарай өршуін және мүгедектіктің, соның ішінде ауыр мүгедектіктің (яғни, науқастар үнемі мүгедек креслосын пайдалануға мәжбүр) басталуын 12 айға дейін тежей алады. Бұл әсері аурудың өршуі бар науқастарда да, аурудың өршуі жоқ науқастарда да, сондай-ақ кез-келген мүгедектік индексі бар (EDSS кеңейтілген мүгедектік шкаласы бойынша мен 3,0-тен 6,5-ға дейінгі балмен бағаланған пациенттер) науқастарда да байқалады.

Бетаферон® препаратымен емделген ремиссиялы және салдарлы-үдемелі жайылған склерозы бар науқастардың миына жүргізілген магнитті-резонанстық томография нәтижелері препараттың патологиялық үдерістің ауырлығына айтарлықтай оң әсер еткенін, сонымен қатар, жаңа белсенді ошақтардың түзілуінің айтарлықтай азайғанын дәлелдейді.

Жайылған склероздың бірінші клиникалық көріністерінен кейін (клиникалық-жекеленген синдром) Бетаферонмен® емдеу анық жайылған склероздың даму қаупін 50 %-ға төмендетуге және анық жайылған склероздың дамығанға дейінгі кезеңді орташа алғанда 363 күнге арттыруға мүмкіндік береді.

Қолданылуы

- белсенді қабыну үдерісі бар, көктамыр ішіне қолдануға арналған кортикостероидтармен емдеуге негізделуі үшін айтарлықтай ауыр, демиелинизацияланған алғашқы белгілері бар пациенттерге, тек қана баламалы диагноздар қойылған және анық жайылған склероздың даму қаупінің жоғарылығы анықталған жағдайда (Фармакодинамикалық қасиеттерін қараңыз)

- ремиссиялы жайылған склерозы (РЖС) бар және соңғы 2 жылда кемінде 2 рет өршуі болған пациенттерге

- салдарлы-үдемелі жайылған склерозы бар, аурудың ағымы белсенді, өршулермен сипатталатын пациенттерге.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бетаферон® препаратымен емдеуді жайылған склерозды емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен жүргізу қажет.

Препаратты енгізу

Қолдану тәсілі: тері астына енгізілетін инъекция үшін

Инъекциялық ерітінді дайындау

1 мл дайындалған ерітіндінің құрамында интерферон бета-1b ұсынылған 0,25 мг дозасы (8,0 млн. ХБ) бар.

Лиофилизатты еріту үшін қоса берілетін, ішінде еріткіші бар дайын еккіш және инесі бар, құтыға арналған адаптер пайдаланылады. Ішінде Бетафероны® бар құтыға 1,2 мл еріткіш (0,54 % натрий хлоридінің ерітіндісі) енгізіледі. Лиофилизат сілкімей-ақ толығымен еруі тиіс.

Еріткеннен кейін құтыдан 1 мл ерітіндіні 0,25 мг Бетаферон® енгізуге арналған еккішке сорып алыңыз.

Инъекцияны жүргізер алдында еккішті құты мен адаптерден ажыратыңыз. Бетаферон® сәйкесінше автоинжекторды пайдаланып енгізуге болады.

Бүлінген құтыларды қолдануға болмайды.

Қолданар алдында дайын ерітіндіні тексеріп қарап шығу керек. Ерітіндіде бөлшектер бар болса немесе ерітіндінің түсі өзгерсе, оны қолдануға болмайды және ерітіндіні жойып жіберу керек.

Препаратты ерітінді дайындағаннан кейін бірден тері астына енгізу керек. Егер инъекция жасау кейінге қалса, онда ерітіндіні тоңазытқышта сақтау және 3 сағат ішінде қолдану керек. Ерітіндіні мұздатып қатыруға болмайды.

Дайындалған 1 мл-де ерітіндідегі Бетаферонның® ұсынылған 0,25 мг дозасын (8 млн. ХБ) тері астына күн ара енгізеді.

Әдетте, емдеудің басында дозаны титрлеу ұсынылады. Бұл мақсатта дозаны титрлеуге арналған арнайы қаптама бар.

Пациенттерге күн ара тері астына 62,5 мкг (0,25мл) старттық дозадан бастау және дозасын біртіндеп күн ара 250 мкг (1,0 мл) дейін арттыру қажет (титрлеуге арналған қаптаманы қолдану туралы егжей-тегжейлі ақпарат қосымша бетте берілген).

Титрлеу уақытының ұзақтығы жекелей, көтерімділігіне байланысты белгіленеді.

Дозасын титрлеу сызбасы*

Емдеу күні

Доза

Көлем

1, 3, 5

62,5 мкг

0,25 мл

7, 9, 11

125 мкг

0,5 мл

13, 15, 17

187,5 мкг

0,75 мл

≥19

250 мкг

1,0 мл

*Елеулі жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, титрлеу сызбасын түзетуге болады.

Препараттың оңтайлы дозасы толық анықталмаған

Қазіргі кезде Бетаферон® препаратымен емдеу ұзақтығы шешілмеген күйі қалып отыр.

Бақыланатын қадағалау жағдайларында ремиссиялы жайылған склерозы бар пациенттердегі Бетаферон® препаратымен емдеу курсы 5 жылға дейінді, ал салдарлы-үдемелі жайылған склерозы науқастарда бар курс 3 жылға дейінді құрады.

Ремиссиялы жайылған склерозы бар пациенттерде препаратпен емдеудің алғашқы 2 жылы бойына тиімділігі көрінді. Емдеудің соңғы 3 жылы туралы қолжетімді мәліметтер Бетаферонмен® емдеудің ұзақ уақытқа созылған барлық емдеу кезеңі бойына тиімділігі туралы мәліметтерге сәйкес келеді.

Жайылған склерозға күдіктенген жағдайда, алғашқы клиникалық көріністері бар пациенттерде Бетаферонмен® 5 жыл емдеу ішінде анық жайылған склероздың дамуы айтарлықтай баяулады.

Сырартқысында соңғы 2 жыл ішінде кемінде 2 өршуі болған ремиссиялы жайылған склерозы бар пациенттерді салдарлы-үдемелі склерозы бар немесе соңғы 2 жыл ішінде аурудың өршуі білінбеген пациенттерді Бетаферонмен® емдеу ұсынылмайды.

Пациентте емдеуге жауап болмаған жағдайда, мысалы симптоматикасы EDSS шкаласы бойынша 6 ай бойы тұрақты түрде үдеген жағдайда немесе, егер бір жыл ішінде адренокортикотропты гормонмен (АКТГ) немесе кортикостероидтармен кемінде 3 емдеу курсын тағайындау қажет болса, Бетаферонмен® емдеуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

Емдеудің басында жағымсыз реакциялары жиі кездеседі, бірақ әдетте, олардың жиілігі емдеу үдерісінде уақыт өте келе төмендейді. Негізінен препараттың фармакологиялық әсерлерінің салдарынан туындайтын тұмаутәрізді симптомдардың кешені (қызба, қалтырау, артралгиялар, дімкәстану, тершеңдік, бас ауыруы, және миалгиялар) сияқты жағымсыз реакциялар, сондай-ақ препаратты енгізген жердегі реакциялар анағұрлым жиі байқалған. Енгізген жердегі реакциялар Бетаферонды® енгізгеннен кейін жиі пайда болады. Гиперемия, жергілікті ісіну, тері түсінің өзгеруі, қабыну, ауыру, аса жоғары сезімталдық, некроз және спецификалық емес реакциялар елеулі дәрежеде Бетаферон® 250 мкг (8 млн ХБ) емдеумен байланысты. Бетаферонның® көтерімділігін арттыру үшін, әдетте, емдеудің басында дозасын титрлеу ұсынылады. Тұмаутәрізді симптомдардың туындауын да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды тағайындау арқылы төмендетуге болады. Автоинжекторды пайдалану инъекция орнындағы реакциялардың туындау жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Төменде атап келтірілген жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулердің және маркетингтен кейінгі бақылаулардың мәліметтеріне негізделген. Бетаферонды® қолдану аясында байқалған жағымсыз реакциялардың жиілігі төменде мынадай градацияға сәйкес келтірілген: өте жиі (1/10) және жиі (1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (1/1000 - <1/100 дейін), сирек (1/10000 - <1/1000 дейін) және өте сирек (1/10000).

Анағұрлым үйлесімді MedDRA термині белгілі бір реакциялар мен олардың синонимдерін және солармен байланысты жағдайларды сипаттау үшін пайдаланылады.

1 кесте: Жиілігі ≥10% жағымсыз реакциялар мен зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары және плацебо тобындағы сәйкесінше пайызы; препаратты қолданумен байланысты, жиілігі <10% елеулі жағымсыз реакциялар клиникалық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген

Ағзалардың жіктелу жүйесі

Жағымсыз әсерлері және зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары

Жайылған склерозға (ЖС) күдіктенген кездегі алғашқы көріністері

(BENEFIT) #

Салдарлы – үдемелі жайылған склероз (СҮЖС) (Еуропадағы зерттеу)

Салдарлы – үдемелі жайылған склероз (СҮЖС) (Солтүстік Америкадағы зерттеу)

Ремиссиялы жайылған склероз (РЖС)

Бетаферон®

250 мкг

(Плацебо)

n=292 (n=176)

Бетаферон®

250 мкг (Плацебо)

n=360 (n=358)

Бетаферон®

250 мкг (Плацебо)

n=317 (n=308)

Бетаферон®

250 мкг (Плацебо)

n=124 (n=123)

Инфекциялық және паразитарлық аурулар

Инфекция

6% (3%)

13% (11%)

11% (10%)

14% (13%)

Абсцесс

0% (1%)

4% (2%)

4% (5%)

1% (6%)

Қантамыр және лимфалық жүйенің бұзылулары

Лимфоциттер санының азаюы (<1,500/мм³)   °

79% (45%)

53% (28%)

88% (68%)

82% (67%)

Нейтрофилдердің абсолюттік санының азаюы (<1,500/мм³)   * °

11% (2%)

18% (5%)

4% (10%)

18% (5%)

Лейкоциттер санының азаюы (<3,000/мм³)   * °

11% (2%)

13% (4%)

13% (4%)

16% (4%)

Лимфоаденопатия

1% (1%)

3% (1%)

11% (5%)

14% (11%)

Зат алмасу және тамақтану бұзылулары

Қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі (<55 мг/дл) 

3% (5%)

27% (27%)

5% (3%)

15 % (13%)

Психиатриялық бұзылулар

Депрессия

10% (11%)

24% (31%)

44% (41%)

25% (24%)

Үрейлену

3% (5%)

6% (5%)

10% (11%)

15% (13%)

Жүйке жүйесінің бұзылулары

Бас ауыруы 

27% (17%)

47% (41%)

55% (46%)

84% (77%)

Бас айналуы

3% (4%)

14% (14%)

28% (26%)

35% (28%)

Ұйқысыздық

8% (4%)

12% (8%)

26% (25%)

31% (33%)

Бас сақинасы

2% (2%)

4% (3%)

5% (4%)

12% (7%)

Парестезия

16% (17%)

35% (39%)

40% (43%)

19% (21%)

Көру тарапынан болатын бұзылулар

Конъюнктивит

1% (1%)

2% (3%)

6% (6%)

12% (10%)

Көрудің нашарлауы 

3% (1%)

11% (15%)

11% (11%)

7% (4%)

Есту мүшесі мен тепе-теңдік тарапынан болатын бұзылулар

Құлақтың ауыруы

0% (1%)

<1% (1%)

6% (8%)

16% (15%)

Жүрек тарапынан болатын бұзылулар

Жүрек соғуының жиілеуі *

1% (1%)

2% (3%)

5% (2%)

8% (2%)

Қантамырлар тарапынан болатын бұзылулар

Вазодилятация

0% (0%)

6% (4%)

13% (8%)

18% (17%)

Гипертония °

2% (0%)

4% (2%)

9% (8%)

7% (2%)

Тыныс алу жүйесі және кеуде қуысы ағзалары тарапынан болатын бұзылулар

Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы

18% (19%)

3% (2%)

   

Синусит

4% (6%)

6% (6%)

16% (18%)

36% (26%)

Жөтелдің күшеюі

2% (2%)

5% (10%)

11% (15%)

31% (23%)

Ентігу *

0% (0%)

3% (2%)

8% (6%)

8% (2%)

Асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылулар

Диарея

4% (2%)

7% (10%)

21% (19%)

35% (29%)

Іштің қатуы

1% (1%)

12% (12%)

22% (24%)

24% (18%)

Жүрек айнуы

3% (4%)

13% (13%)

32% (30%)

48% (49%)

Құсу 

5% (1%)

4% (6%)

10% (12%)

21% (19%)

Іштің ауыруы °

5% (3%)

11% (6%)

18% (16%)

32% (24%)

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Аланин аминотрансфераза жоғарылауы (АЛТ) бастапқысынан > 5 есе)   * °

18% (5%)

14% (5%)

4% (2%)

19% (6%)

Аспартат аминотрансфераза жоғарылауы (АСТ) бастапқысынан >5 есе)   * °

6% (1%)

4% (1%)

2% (1%)

4% (0%)

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

Терінің зақымдалуы

1% (0%)

4% (4%)

19% (17%)

6% (8%)

Бөртпелер  °

11% (3%)

20% (12%)

26% (20%)

27% (32%)

Бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар

Гипертонус°

2% (1%)

41% (31%)

57% (57%)

26% (24%)

Миалгия * °

8% (8%)

23% (9%)

19% (29%)

44% (28%)

Миастения

2% (2%)

39% (40%)

57% (60%)

13% (10%)

Арқаның ауыруы

10% (7%)

26% (24%)

31% (32%)

36% (37%)

Аяқ-қолдардың ауыруы

6% (3%)

14% (12%)

 

0% (0%)

Бүйрек пен несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

Несеп шығуының іркілуі

1% (1%)

4% (6%)

15% (13%)

 

Несептегі оң ақуыз (> 1+)

25% (26%)

14% (11%)

5% (5%)

5% (3%)

Жиі несеп шығару

1% (1%)

6% (5%)

12% (11%)

3% (5%)

Несепті ұстай алмау

1% (1%)

8% (15%)

20% (19%)

2% (1%)

Несеп шығаруға қатты қысылу

1% (1%)

8% (7%)

21% (17%)

4% (2%)

Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан болатын бұзылулар

Дисменорея

2% (0%)

<1% (<1%)

6% (5%)

18% (11%)

Етеккір оралымының бұзылулары*

1% (2%)

9% (13%)

10% (8%)

17% (8%)

Метроррагия

2% (0%)

12% (6%)

10% (10%)

15% (8%)

Импотенция

1% (0%)

7% (4%)

10% (11%)

2% (1%)

Жалпы сипаттағы асқынулар және енгізу орнындағы реакциялар

Инъекция орнындағы реакция (әр түрі)  * ° §

52% (11%)

78% (20%)

89% (37%)

85% (37%)

Инъекция орнындағы некроз * °

1% (0%)

5% (0%)

6% (0%)

5% (0%)

Тұмаутәрізді симптомдар &  *°

44% (18%)

61% (40%)

43% (33%)

52% (48%)

Қызба  * °

13% (5%)

40% (13%)

29% (24%)

59% (41%)

Ауыру

4% (4%)

31% (25%)

59% (59%)

52% (48%)

Кеуденің ауыруы°

1% (0%)

5% (4%)

15% (8%)

15% (15%)

Шеткергі ісінулер

0% (0%)

7% (7%)

21% (18%)

7% (8%)

Астения *

22% (17%)

63% (58%)

64% (58%)

49% (35%)

Қалтырау  * °

5% (1%)

23% (7%)

22% (12%)

46% (19%)

Тершеңдік *

2% (1%)

6% (6%)

10% (10%)

23% (11%)

Дімкәстану *

0% (1%)

8% (5%)

6% (2%)

15% (3%)

Зертханалық көрсеткіштердің ауытқулары

ЖС-ға күдіктенген кездегі алғашқы көріністері бар пациенттерде Бетаферонмен® емдеумен елеулі дәрежеде байланысты, p < 0.05

* РЖС кезінде Бетаферонмен® емдеумен елеулі дәрежеде байланысты, p < 0.05

° СҮЖС кезінде Бетаферонмен® емдеумен елеулі дәрежеде байланысты, p < 0.05

§ Инъекция орнындағы реакцияларға (әр түрі) инъекция орнындағы барлық жағымсыз әсерлер кіреді: инъекция орнынан қан кету, инъекция орнындағы аса жоғары сезімталдық, инъекция орнының қабынуы, инъекция орнының ісінуі, инъекция орнындағы некроз, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнындағы реакция және инъекция орнындағы атрофия

& “Тұмаутәрізді симптомдар кешені” тұмау симптомдарын және/немесе төмендегі симптомдардың ішінен кемінде 2 жағымсыз әсерінің біріктірілімін білдіреді: қызба, қалтырау, миалгия, жалпы дімкәстану, тершеңдік

# BENEFIT зерттеуі барысында, Бетаферонның® қауіп бейінінде ешқандай өзгеріс байқалмаған.

2 кесте: Маркетингтен кейінгі қадағалаулар барысында анықталған жағымсыз әсерлері (егер белгілі болса, жиілігі, клиникалық зерттеулердің жиынтық мәліметтерінің негізінде есептелген N= 1093)

Ағзалардың жіктелу жүйесі

Өте жиі

( 1/10) 1

Жиі

( 1/100 to

< 1/10) 1

Жиі емес

( 1/1,000 to

< 1/100) 1

Сирек ( 1/10,000 to < 1/1,000) 1

Жиілігі белгісіз

Қантамыр және лимфалық жүйе тарапынан болатын бұзылулар

 

Анемия

Тромбоцитопения

Тромбоздық микроангиопатия, соның ішінде тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура/ гемолитикалық-уремиялық синдром3

 

Иммунитет жүйесінің бұзылулары

     

Анафилактикалық реакциялар

Алдыңғы моноклональді гаммапатия кезіндегі қылтамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы синдромы2

Эндокриндік жүйенің бұзылулары

 

Гипотиреоз

 

Гипертиреоз,

Қалқанша без аурулары

 

Зат алмасу және тамақтану тарапынан болатын бұзылулар

 

Салмақ артуы,

Салмақтың төмендеуі

Қандағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы

Aнорексия2

 

Психикалық бұзылулар

 

Сананың шатасуы

Суицидтік іс-әрекеттер,

Көңіл-күйдің орнықсыздығы

   

Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

   

Құрысулар

   

Жүрек қызметі тарапынан болатын бұзылулар

 

Тахикардия

 

Кардиомиопатия2

 

Тыныс алу жүйесі мен кеуде қуысы ағзалары тарапынан болатын бұзылулар

     

Бронх түйілуі 2

 

Асқазан-ішек жолы тарапынан ббұзылулар

     

Панкреатит

 

Бауыр мен өт шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

 

Қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы

Гамма-глютамилтранс-фераза деңгейінің жоғарылауы,

гепатит

Бауырдың зақымдалуы (гепатиттерді қоса),

бауыр жеткіліксіздігі2

 

Тері мен теріасты тіндері тарапынан болатын бұзылулар

 

Есекжем ,

Қышыну,

Aлопеция

Тері түсінің өзгеруі

   

Бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан болатын бұзылулар

Артрал-гия

   

 

 

Бүйрек пен несеп шығару жолдары тарапынан болатын бұзылулар

   

Нефроздық синдром, гломерулосклероз 2

   

Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан болатын бұзылулар

 

Меноррагия

     

1 клиникалық зерттеулердің жалпылама мәліметтеріне негізделген жиілігі (өте жиі ≥1/10, жиі ≥1/100 - <1/10 дейін, жиі емес ≥ 1/1,000 - < 1/100 дейін, сирек ≥1/10,000 -<1/1,000 дейін, өте сирек < 1/10,000).

2 Тек маркетингтен кейінгі зерттеулерден алынған жағымсыз әсерлері

3 Интерферон бета класы препараттары туралы ақпарат («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Жиілігі белгісіз:

- Дәрілік жегі тәрізді синдром (эритематоз)

Күдікті жағымсыз реакция туралы хабарлама

Препарат нарыққа шыққаннан кейін күдікті жағымсыз реакция туралы хабарлап отыру өте маңызды. Бұл дәрілік препараттың пайда/қауіп теңгеріміне ұзақ мерзімді бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар кез-келген күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлап отыру қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- емдеуді жүктілік кезінде бастау

- сыртартқыдағы табиғи немесе рекомбинантты интерферон-бетаға немесе препараттың басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық реакциялары

- қазіргі кезде ауыр депрессияның және/немесе суицидтік ойлардың болуы

- декомпенсация сатысындағы бауыр аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бетаферонның® басқа препараттармен әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жайылған склерозы бар пациенттерде күн ара 250 мкг (8 млн ӘБ) Бетаферонның® басқа препараттардың метаболизміне әсері белгісіз.

Бетаферонды® қолдану аясында өршулерін емдеу кезінде 28 күнге дейінгі мерзімде тағайындалатын кортикостероидтар мен АКТГ көтерімділігі жақсы болады.

Жайылған склерозы бар пациенттердегі клиникалық тәжірибе жеткіліксіз болғандықтан, Бетаферонды® кортикостероидтар немесе АКТГ өзге, басқа иммуномодуляторлармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Интерферондар адам мен жануарлардағы бауырдағы цитохром Р450-тәуелді ферменттердің белсенділігін төмендетеді. Сондықтан Бетаферонды® емдік индексі тар, клиренсі елеулі дәрежеде бауырдағы Р450 цитохромы жүйесіне (мысалы, эпилепсияға қарсы дәрілер) тәуелді медициналық препараттармен біріктіріп тағайындағанда сақтық таныту қажет. Сондай-ақ қан түзілу жүйесіне әсер ететін кез-келген препараттармен бір мезгілде қолданғанда да сақ болу қажет.

Эпилепсияға қарсы препараттармен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Айрықша нұсқаулар

  • Иммунитет бұзылулары

Моноклональді гаммапатиясы бар (қанда патологиялық ақуыз болатын сирек кездесетін иммундық жүйе ауруы) науқастарда цитокиндерді қолдану кейде шоктәрізді симптомдары бар және өліммен аяқталатын қылтамырлар өткізгіштігінің жүйелі көтерілуімен қатар жүрген.

  • Асқазан-ішек бұзылулары

Бетаферонды® қолданған кезде көбінесе гипертриглицеридемиямен қатар жүретін панкреатиттің анықталған жағдайлары байқалған.

  • Жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар

Бетаферонды® сырартқысында немесе қазіргі кезде депрессиялық бұзылулары бар, атап айтқанда суицидтік ойларға шалдыққан пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Белгілі болғанындай, депрессия мен суицидтік ойлардың кездесу жиілігі жайылған склерозы бар науқастарда, соның ішінде интерферондармен емдеу аясында жоғары. Бетаферонмен® емдеу көрсетілген пациенттерді препаратпен емдеу кезінде депрессиялық бұзылулар мен суицидтік ойлардың пайда болуы мүмкіндігінен, ол туралы емдеуші дәрігерге кідіртпей хабарлауы керек екендігінен құлағдар ету керек. Сирек жағдайда бұл симптомдар суицидтік іс-әрекеттерге алып келуі мүмкін. Депрессия көріністері және суицидтік ойлары бар пациенттер дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс. Қажет болған жағдайда осындай пациенттерде емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.

Бетаферонды® сыртартқысында құрысу ұстамалары бар пациенттерге және эпилепсияға қарсы ем қабылдап жүрген пациенттерге, әсіресе эпилепсия ұстамаларының эпилепсияға қарсы дәрілермен бақылауға алынуы жеткіліксіз болған кезде, сақтықпен тағайындау керек.

Препараттың құрамында адам альбумині бар, және сол себепті вирустық аурулардың берілу қаупі зор. Крейтцфельдт-Якоб ауруының берілу қаупін де жоққа шығаруға болмайды.

Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері

Қалқанша безінің бұзылуы бар пациенттерге қалқанша безін жиі тексеріп тұруы, ал басқа жағдайларда клиникалық көрсетілімдерге байланысты қаралып тұру ұсынылады.

Жайылған склерозы бар пациенттерді емдеу кезінде тағайындалатын стандартты зертханалық талдаулардан басқа, Бетаферонмен® емдеуді бастар алдында емдеу кезінде үнемі, содан соң клиникалық симптомдар жоқ кезде мезгіл-мезгіл лейкоциттер формуласын, тромбоциттер саны мен қанның химиялық құрамын анықтауды қоса, толық қан талдауын жүргізу, сондай-ақ, бауыр функциясын тексеру (мысалы, аспартатаминотрансфераза (АСТ), аланинаминотрансфераза (АЛТ) және g-гаммаглютамилтрансфераза (ГТ) белсенділігі) ұсынылады.

Анемиясы, тромбоцитопениясы, лейкопениясы (дара немесе біріккен) бар пациенттерді емдеу кезінде дифференциальді талдау мен тромбоциттер санын анықтауды қоса, толық қан талдауына анағұрлым мұқият мониторинг жүргізу қажет болуы мүмкін.

Бауыр мен өт шығару жолдарының бұзылулары

Бетаферонмен® емдеу кезінде сарысу трансаминазалары деңгейлерінің асимптомды жоғарылауы, көп жағдайда, жеңіл және өтпелі түрде туындауы мүмкін.

Басқа да бета-интерферондармен емдеудегі сияқты, Бетаферонды® қолданғанда бауырдың ауыр зақымданулары (бауыр жеткіліксіздігін қоса) сирек байқалады. Бауыр функциясы ауыр бұзылуларының көпшілігі көбінесе гепатоуыттылығымен байланысты дәрілерді немесе заттарды қабылдап жүрген науқастарда немесе қатарлас патологиялық жағдайлар бар кезде (мысалы, метастазданған қатерлі ісік, айқын инфекция және сепсис, алкогольді шамадан тыс пайдалану) туындайды.

Пациенттерді қадағалау кезінде бауыр функциясының бұзылуын білдіретін белгілерге назар аудару керек. Сарысу трансаминазаларының белсенділігі артқанда пациентті кадағалау және тексеру жүргізу ұсынылады. Бауыр ферменттерінің белсенділігі едәуір артқан немесе бұл артуы сарғаю сияқты клиникалық симптомдармен қатар жүрсе, Бетаферонды® тоқтату қажеттілігі мәселесін қарастыру керек. Бауыр функциясы бұзылуының клиникалық белгілері жойылған кезде және бауыр ферметтерінің деңгейі қалыпқа түскеннен кейін, бауыр функциясын сәйкесінше қадағалай отырып, емдеуді қайта бастау мүмкіндігін қарастыру керек.

  • Бүйрек функциясының және несеп шығару жолдарының бұзылулары Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту және мұқият мониторинг жасауды жүзеге асыру қажет.

  • Нефроздық синдром

Бета-интерферон препараттарымен емдеу кезінде фокальді сегменттік гломерулосклерозды, липоидтық нефрозды, жарғақшапролиферативті гломерулонефрит пен жарғақшалық гломерулопатияны қоса, негізгі нефропатиялар түріндегі нефроздық синдром дамыған жағдайлар туралы хабарланған. Бұл аурулар емдеу кезеңі бойына әр түрлі уақыттарда байқалып отырған және бета-интерферон препараттарын бірнеше жыл қолданғаннан кейін пайда болуы мүмкін.

Әсіресе бүйрек ауруларының жоғары қаупі бар пациенттерде ісінулер, протеинурия немесе бүйрек функциясының бұзылуы сияқты ерте білінетін белгілерінің немесе симптомдарының анықталуына ұдайы мониторинг жүргізу ұсынылған. Нефроздық синдромға кідіртпей ем жүргізу, сондай-ақ Бетаферонмен® емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

  • Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары

Бетаферонды® жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы немесе аритмиялар сияқты жүректің күрделі аурулары бар пациенттерде сақтықпен тағайындау керек. Бетаферонның® тікелей кардиоуытты әсеріне дәлелдер жоқтығына қарамастан, жүрек жағдайының нашарлауын анықтау үшін, бұл пациенттерді қадағалап отыру керек. Бетаферон® белгілі тікелей кардиоуытты әсерге ие емес, алайда әдетте бета-интерферондарды қолданумен байланысты тұмаутәрізді симптомдар қызбаның, қалтыраудың, тахикардияның есебінен жүрек жүктемесін туындатады. Бұл жүректің күрделі аурулары бар пациенттерде симптоматикасын күшейтуі мүмкін. Жүректің күрделі аурулары бар пациенттердегі маркетингтен кейінгі тәжірибе мәліметтері бойынша, сирек жағдайларда Бетаферонмен® емдеуді бастаумен уақытша өзара байланысты жүрек функциясының нашарлағаны туралы хабарланған.

Сирек жағдайларда кардиомиопатия дамыған туралы хабарланған.

Кардиомиопатия дамыған жағдайда және оның пайда болуы Бетаферонды® қолданумен байланысты болса, препаратпен емдеуді тоқтату керек.

  • Тромбоздық микроангиопатия (ТМА)

Бета-интерферон препараттарымен емдеу аясында тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура немесе гемолитикалық уремиялық синдром түрінде, соның ішінде өліммен аяқталатын түрімен білінетін тромбоздық микроангиопатия дамыған жағдайлар туралы хабарланған.

Бұл асқынулар емдеу кезеңіндегі түрлі уақыттарда білінген, және бета-интерферонмен емдеу басталғаннан кейін бірнеше аптадан соң бірнеше жылға дейін пайда болуы мүмкін.

Аурудың ерте білінген клиникалық симптомдарына тромбоцитопения, артериялық гипертензияның кенеттен басталуы, қызба, орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын бұзылулар белгілері (мысалы, сананың шатасуы, парез) және бүйрек функциясының бұзылулары жатады.

Болуы мүмкін ТМА көрсететін зертханалық тестілердің нәтижелеріне, тромбоциттер санының төмендеуі, қан сарысуында гемолиз салдарынан және қан жағындысында шистоциттерден (эритроцит фрагменттері) лактатдегидрогеназа (ЛДГ) деңгейінің жоғарылауы жатады.

Сәйкесінше ТМА клиникалық симптомдары анықталған жағдайда, сарысудағы тромбоциттер мен ЛДГ деңгейіне, қан жағындысына және бауыр функциясының көрсеткіштеріне зерттеу жүргізу ұсынылады. ТМА расталған жағдайда, кідіртпей ем жүргізу (плазмаферез жүргізген дұрыс), сондай-ақ Бетаферонмен® емдеуді кідіртпей тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет.

  • Жалпы бұзылулар және инъекция орындарының жағдайы

Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары байқалуы мүмкін (бронх түйілуі, анафилаксия және есекжем сияқты айқын білінетін жедел реакциялар).

Бетаферонды® қабылдаған пациенттерде инъекция орнында некроз болған жағдайлар бар. Некроз аумақты және бұлшықет фасциясына, сондай-ақ майлы қабат аралығына өтуі мүмкін, және осының салдарынан тыртықтың пайда болуына әкеледі. Кейбір жағдайларда өлі бөліктерді алып тастау, немесе сирек жағдайда теріні ауыстырып отырғызу керек. Жазылу процесі бұл жағдайда 6 айға дейін созылады.

Егер пациентте ісінумен немесе инъекция орнынан сұйықтық ағуымен байланысты болуы мүмкін қандай-да бір тері бүтіндігінің бұзылуы байқалса, Бетаферон® инъекцияларын орындауды жалғастырмас бұрын емдеуші дәрігерге хабарласу қажет.

Некроздың көптеген ошақтары пайда болғанда зақымдалған бөліктері толығымен жазылғанша Бетаферон® препаратымен емдеуді тоқтату керек. Некроз өте аумақты емес, бір ғана ошақ болған жағдайда, Бетаферонмен® емдеуді жалғастыруға болады, өйткені кейбір пациенттерде инъекция орындағы өлі бөліктердің жазылуы Бетаферонды® қабылдаумен қатарлас өтті.

Инъекция орнындағы реакция дамуы мен некроз қаупін төмендету мақсатында науқастарға төмендегілерді ұсыну керек:

– инъекцияны стерильді жағдайларда жүргізу;

– әр ретте инъекция орнын ауыстырып отыру;

– препаратты тек қана тері астына енгізу

Мезгіл-мезгіл, әсіресе препаратты енгізген жерлерде реакциялар пайда болған жағдайда, өз бетінше жасалған инъекциялардың дұрыс орындалғандығын бақылап отыру керек.

Препаратты енгізген жердегі реакциялардың жиілігі (мысалы, гиперемия, жергілікті ісіну, тері түсінің өзгеруі, қабыну, ауыру, аса жоғары сезімталдық, некроз және спецификалық емес реакциялар) әдетте емдеуді жалғастырған кезде уақыт өте келе төмендейді. Автоинжекторды пайдалану инъекция орнындағы реакциялардың туындау жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

  • Иммуногенділігі/бейтараптандырғыш антиденелер

Шығу тегі ақуыздық басқа препараттар сияқты иммуногенділік дамуының ықтималдығы бар. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде сарысу үлгілерін іріктеу, Бетаферонға® антиденелердің дамуына мониторинг жасау мақсатында әр 3 ай сайын жүзеге асырылады.

Бақыланатын түрлі клиникалық зерттеулерде ремиссиялы жайылған склероз және салдарлы-үдемелі склероз кезінде, пациенттердің 23-41%-ында интерферону бета-1b-ға бейтараптандырғыш белсенділік дамыған байқалды, бұл бірінен соң бірі жүргізілген кемінде екі оң титрлермен расталды.

Аталған пациенттердің 43 - 55%-ында сәйкесінше зерттеудің кейінгі бақыланатын кезеңі бойына тұрақты теріс статусқа көшкендігі байқалды (бірінен соң бірі жүргізілген екі теріс титрге негізделді).

Бұл зерттеулерде бейтараптандырғыш белсенділіктің дамуы тек өршулерге қатысты клиникалық тиімділігінің төмендеуімен байланысты.

Аталған әсері көбінесе бейтараптандырғыш белсенділік титрінің деңгейлері жоғарырақ пациенттерде білінуі мүмкін деп шамаланады.

Жайылған склерозға күдіктенген кезде алғашқы клиникалық көріністері болған пациенттерді зерттеуде, әр 6 ай сайын өлшенген бейтараптандырғыш белсенділігі, әуел бастан Бетаферонмен® ем қабылдаған пациенттердің кемінде 32%-ында (89) байқалды. Олардың ішінде 60%-ында (53) 5 жылдық кезең бойынша соңғы бағалау мәліметтері бойынша теріс статусқа қайта келгендері байқалды. Осы кезеңі шегінде бейтараптандырғыш белсенділігінің дамуы жаңа белсенді ошақтардың айтарлықтай көбеюімен және магнитті-резонанстық томография жүргізген кезде ошақтың Т2 көлемінің артуымен байланысты болды. Алайда, бұл клиникалық (анық жайылған склерозға ауысқанға дейінгі уақытқа қатысты), EDSS шкаласы бойынша симптоматикасының расталған үдеуіне дейінгі уақыты және қайталану жиілігі) төмендеуімен байланысты болған жоқ.

Бейтараптандырғыш белсенділігінің дамуымен қандай-да бір жағымсыз реакциялардың пайда болуы байланысты емес.

Ин-витро зерттеулерде, Бетаферонның® шығу тегі табиғи интерферон-бетамен айқаспалы реакцияға түсетіндігі көрсетілді. Ин-виво зерттеулер жүргізілмегендіктен, оның клиникалық маңыздылығы анық емес.

Бейтараптандырғыш белсенділік дамыған және Бетаферонмен® емделуді аяқтаған пациенттер туралы сирек және нақты емес мәліметтер бар.

Бетаферонмен® емдеуді жалғастыру туралы шешім бір ғана бейтараптандырғыш белсенділігінің статусына емес, пациент ауруы статусының барлық аспектілерін ескере отырып негізделеді.

Педиатрияда қолдану

Балалар мен жасөспірімдерде ешқандай ресми клиникалық сынақтар немесе фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Дегенмен, жарияланған шектеулі мәліметтер, 12 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерде 8.0 млн ХБ Бетаферонды® тері астына күн ара қолданғандағы қауіпсіздік бейіні ересектердегі қауіпсіздік бейініне ұқсас екендігін көрсетеді. Бетаферонның® 12 жасқа дейінгі балаларда пайдаланылуы туралы ақпарат жоқ. Бетаферон® аталған жас тобындағыларда пайдаланылмауы тиіс.

Жүктілік және лактация

Бетаферонның® жүктілік кезінде қолданылуы туралы мәліметтер шектеулі. Жайылған склероздан зардап шегетін әйелдерде өздігінен түсік тастау жағдайларының туындағаны туралы хабарланған. емдеуді жүктілік кезінде бастау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз)

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге препаратпен емдеу кезінде контрацепцияның сенімді әдістерін пайдалану керек. Бетаферонмен® емдеу кезінде немесе жүктілікті жоспарлаған жағдайда, әйелді әлеуетті қаупі туралы хабардар ету керек және препаратты қолдануды тоқтату ұсынады. Емдеуді бастағанға дейін өршулер жиілігі жоғары пациенттерде, жүктілік басталып кеткен жағдайда Бетаферонмен® емдеуді тоқтатқаннан кейінгі ауыр өршу қаупін өздігінен түсік тастау қаупінің жоғарылауы мүмкіндігімен салыстырып талқылау керек.

Интерферон бета-1b емшек сүтімен шығарылатын-шығарылмайтындығы белгісіз.

Теориялық тұрғыдан емшек еметін сәбилерде Бетаферонға® жағымсыз реакциялардың дамуы мүмкіндігін ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату қажет.

Дәрілік заттың автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препараттың автокөлік басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Бетаферонды® қолдану аясында жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың дамуы сезімтал пациенттерде автокөлік басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Анықталмаған. Интерферон бета-1b онкологиялық ауруы бар ересек пациенттерге 5500 мкг (176 млн. ХБ) доза шамасында көктамыр ішіне аптасына үш рет, өмірлік функцияларға әсер ететін күрделі жағымсыз әсерлерінің дамуынсыз енгізілді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Лиофилизатты І типті шыныдан жасалған, алюминий қалпақшамен қаусырылған тығыны, сырт етіп ашылатын қақпағы бар құтыға салады. Еріткіш: 0.54 % натрий хлоридінің 1.2 мл ерітіндісі алдын-ала толтырылған, І типті шыныдан жасалған еккіште.

Лиофилизаты бар 1 құты, еріткіші бар 1 еккіш, инесі бар құтыға арналған 1 адаптер және 2 спиртті сүрткі бір реттік картон қаптамаға салынады.

15 бір реттік қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

Лиофилизат– 2 жыл.

Еріткіш – 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ және Ко. КГ, Германия

88397 Биберах-на- Рисе, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Байер Фарма АГ, Берлин, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Байер КАЗ» ЖШС, Тимирязев к-сі 42 үй, «Экспо-Сити» бизнес-орталығы, 15 пав.

050057 Алматы, Қазақстан Республикасы

тел. +7 727 258 80 40, факс: +7 727 258 80 39, e-mail: kz.claims@bayer.com

 

 

 

 

 

 

Қ о с ы м ш а

Өздігінен жасалатын инъекция техникасы

Төмендегі нұсқаулықта инъекцияға арналған Бетаферон® ерітіндісін дайындау және өздігінен жасалатын егу тәсілі көрсетілген. Нұсқаулықты мұқият оқып, сатылап орындауыңызды сұраймыз. Дәрігер немесе мейірбике сізді өздігінен жасалатын емшарасымен және техникасымен таныстырады, үйренуіңізге көмектеседі. Ерітіндіні жасау талаптары мен өздігінен жасалатын инъекция техникасын дұрыс түсінгенше өзіңіз егу жасауға әрекеттенбеңіз.

Ерітіндіні кезеңмен дайындау үдерісі

 

Прикрепленные файлы

665956991477976359_ru.doc 746.5 кб
597272931477977562_kz.doc 867.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники