Бетасалик

МНН: Бетаметазон, Салициловая кислота
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003452
Период регистрации: 23.07.2015 - 23.07.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 695.63 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Бетасалик

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

1 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: бетаметазон дипропионаты 100 % затқа шаққанда

– 0,64 мг, салицил қышқылы 100 % затқа шаққанда – 30,0 мг;

қосымша заттар: минералды май, ақ жұмсақ парафин.

Сипаттамасы

Ақ түсті жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген кортикостероидтар. Басқа препараттармен біріктірілген бетаметазон.

АТХ коды D07Х C01.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Организмде бетаметазон дипропионаты, ең алдымен, терінің аумақты беткейінде ұзаққа созылған емнен кейін сіңуі мүмкін.

Бауырда метаболизденеді. Метаболиттер көбіне несеппен, болымсыз бөлігі өтпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, тамыр тарылтатын, аллергияға қарсы, кератолитикалық, сепсиске қарсы дәрі.

Бетаметазон дипропионаты 1 және 2 интерлейкиндердің, гамма-интерферонның, қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді, арахидон қышқылы метаболизмін азайтады, ісінуге қарсы белсенділігі бар липокортиндердің түзілуін индукциялайды.

Салицил қышқылы бетаметазон дипропионатының терінің терең құрылымдарына өте жақсы енуіне ықпал етеді, кератолитикалық және сепсиске қарсы әсерін көрсетеді.

Қолданылуы

Жеделге жуық және созылмалы гиперкератозды дерматоздарда (соның ішінде терінің түкті бөліктерінде):

– псориаз

– жедел және созылмалы экзема

– нейродермит

– қызыл жалпақ теміреткі

– дисгидроздық дерматит

– себореялық дерматит

– ихтиоз және басқа ихтиозды зақымдар

– терінің түкті бөліктерінің себореясы

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат тек сыртқа қолданылады: тәулігіне 2 рет терінің зақымданған бөлігіне сәл уқалаумен жұқалап жағады.

Кейбір науқастарда қанағаттанарлық нәтижеге жету үшін күн сайын бір рет жағу жеткілікті болуы мүмкін.

Емдеу ұзақтығы қабыну үдерісінің басылуына, қышынудың тоқтауына, тері жабындарының тазаруына қарай белгіленеді, бірақ 10 күннен аспауы тиіс.

Препарат балаларға 2 жастан бастап қолданылады. Балаларға емдеу ұзақтығын 5 күнге дейін шектеу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда мына жағымсыз құбылыстарды байқауға болады:

– ашыту, қышыну, тітіркену, құрғау

– фолликулит

– гипертрихоз

– безеу бөртпесі

– гипопигментация

– периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит

Төменде аталған жағымсыз әсерлер окклюзиялық таңғыштар қолданғанда жиірек пайда болуы мүмкін:

– тері мацерациясы

– салдарлы жұқпа

– тері атрофиясы

– жолақтар, баздану

– тамырлардың кеңеюі

Жолақтар мен тамырлар кеңеюі (негізінен бетте) препаратты ұзақ уақыт үздіксіз жағудың нәтижесінде болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– препарат компоненттеріне жоғары жекеше сезімталдық

– акне, қызғылт безеулер

– периоральді дерматит

– жайылған түйіндақты псориаз

– перианальді және генитальді қышыну

– көктамырлардың варикозды кеңеюі

– жөргектік дерматит

– желшешек

– тері туберкулезі

– бактерияға қарсы және зеңге қарсы тиісінше емделмеген басқа да бактериялық және зеңдік жұқпалар

– белдемелі теміреткі

– қарапайым герпес

– контагиозды моллюск

– дерматомикоздар

– мерездің терідегі көріністері

– вакцинациядан кейінгі тері реакциялары

– 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты жақпа түрінде қолдану кезінде дәрілік өзара әрекеттесу белгісіз.

Айрықша нұсқаулар

Егер препаратты қолдану кезінде тітіркену немесе жоғары сезімталдық орын алса, емдеуді тоқтату керек.

Қайызғақтану немесе қасаңдану басылса, емдеуді тек кортикостероидтармен жалғастырады.

Жұқпа қосылған жағдайда тиісті ем тағайындаған жөн.

Жүйелі кортикостероидтар қолданғанда туындайтын жағымсыз әсерлер, бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарды шектен тыс және ұзақ уақыт қолданған кезде, әсіресе, педиатриялық тәжірибеде білінуі мүмкін.

Жергілікті кортикостероидтардың және салицил қышқылының жүйелік сіңірілуі терінің аумақты бөліктерін емдегенде, сондай-ақ окклюзиялық таңғыштар қолданғанда артады.

Бет терісіне немесе балаларға қолданғанда емдеу курсы ұзақтығын 5 күнге дейін шектеу керек.

Жасына қарамастан барлық емделушілерді препаратпен ұзақ уақыт емдемеу керек.

Терінің тітіркенуі дамығанда, соның ішінде ол шектен тыс құрғап кеткенде препарат қолдануды тоқтатқан жөн.

Бауыр функциясы бұзылған емделушілер жүйелі әсерге аса сезімтал. Емдеуді тоқтатқанда қайталану болуы мүмкін. Жұқпа өршіп кетуі мүмкін, сондай-ақ жазылуы баяулауы мүмкін.

Препарат офтальмологияда қолданылмайды.

Препарат көзге және шырышты қабықтарға, жарақатты беткейлер мен ойық жараларға түсіп кетпеу керек.

Препаратты терісі атрофияға ұшыраған бөліктерге жағу қарсы көрсетілімді.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларға 2 жастан бастап қолданылады. Балалар үшін емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше ең аз уақытқа белгіленуі тиіс.

Балаларда жергілікті кортикостеоидтар ықпалынан болатын гипоталамды-гипофизарлы-адренал жүйесінің бәсеңдеу және сыртқы кортикостероидтық әсерлердің пайда болу белгілері ересек емделушілердегіден жиі білінеді. Бұл балаларда, тері беткейі ауданының дене салмағына арақатынас мәні үлкен екендіктен, препараттың көбірек сіңірілуімен байланысты. Топикалық кортикостероидтармен ем алатын балаларда гипоталамды-гипофизарлы-адренал жүйесінің бәсеңдеуін, Кушинг синдромын, өсудің желілік кідірісін, денеге салмақ қосу жеткіліксіздігін, бассүйекішілік қысымның жоғарылауын байқауға болады. Балалардағы адреналдық супрессия көріністері: қан плазмасындағы төмен кортизол деңгейі және АКТГ-стимуляцияға жауап болмауы. Бассүйекішілік қысым жоғарылауы еңбектің көтерілуімен, бас ауырумен, көру жүйкесі дискілерінің билатеральді ісінуімен көрініс береді.

Препаратты жаялықтың астынан қолданбау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жергілікті глюкокортикостероидтарды жүкті әйелдерге қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген, сондықтан дәрілік заттардың осы тобын жүктілік кезеңінде әйелге ықтималды пайдасы ұрыққа төнетін болжамды қауіптен басым болған жағдайда ғана тағайындауға болады. Жүктілік кезеңінде осы топ препараттарын үлкен дозаларда немесе ұзақ уақыт қолдануға болмайды.

Кортикостероидтарды жергілікті қолданудың жүйелік сіңірілу жолымен олардың емшек сүтінде біліну мүмкіндігіне әкелуі белгісіз. Бала емізуді тоқтату немесе препаратты тоқтату туралы шешімді ана үшін препаратты қолдану қажеттілігін ескеріп қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Зерттелмеген

Артық дозалануы

Симптомдары: жергілікті кортикостероидтарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану гипофизарлы-адренал жүйесі функциясының бәсеңдеуіне әкеліп, бұл бүйрек үсті бездерінің салдарлы жеткіліксіздігінің дамуына және, Кушинг ауруын қоса, гиперкортицизм симптомдарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Құрамында салицил қышқылы бар топикалық препараттарды шамадан тыс немесе ұзақ уақыт қолдану салицилизм симптомдарын туындатуы мүмкін.

Емі: тиісті симптоматикалық ем көрсетілген. Гиперкортицизмнің жедел симптомдары, әдетте, қайтымды. Қажет болса, электролиттік теңгерімсіздікті түзету көрсетілген. Созылмалы уытты әсер жағдайында кортикостероидты біртіндеп тоқтату ұсынылады.

Салицилизмді емдеу - симптоматикалық. Салицилаттарды организмнен тезірек шығару үшін шаралар қолдану керек. Несепті сілтілендіру және диурезді күшейту үшін натрий гидрокарбонаты ішу арқылы қолданылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г алюминий сықпада. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 сықпадан картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, 01032, Киев қ-cы,

Саксаганск к-сі, 139

Тіркеу куәлігінің иесі

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, 01032, Киев қ-cы,

Саксаганск к-сі, 139

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел./факс: 8 (727) 315-82-09; 8 (727) 315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

 

Прикрепленные файлы

555491991477976389_ru.doc 59 кб
842742231477977588_kz.doc 70.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники