Бетак (20мг)

МНН: Бетаксолол
Производитель: Медокеми Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betaxolol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№009856
Информация о регистрации в РК: 09.02.2018 - 09.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Бетак

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетаксолол

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 20 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 20 мг бетаксолол гидрохлориді қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий крахмал гликолаты , сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

Үлбірлі жабыны ақ Опадри YO-B-28920: поливинил спирті, титанның қостотығы Е171, тазартылған тальк, лецитин, ксантан шайыры, тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, сызығы бар ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ кардиоселективті β1- адреноблокатор.

АТЖ коды С07АВ05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін препарат асқазан – ішек жолынан тез сіңеді. Препараттың абсолютті биожетімділігі 90% құрайды. Препараттың әсері қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң басталады, ұзақтығы - 24 сағат. Ең жоғары концентрациясына (Смах) 2- 4 сағаттан кейін жетеді. Антигипертензиялық әсері 2-5 күннен кейін басталады. Препаратты сызба бойынша күніне бір рет тағайындаған кезде 5-7 күннен кейін плазмада тепе-теңдікке жетеді. Препарат плазма ақуыздарымен 50%-ға байланысады. Таралу көлемі - 4.9-дан 9,8 л/кг-ға дейін. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгет арқылы мардымсыз өтеді, емшек сүтімен аздап бөлініп щығады. Жартылай шығарылу кезеңі, яғни Т1/2 14-22 сағатты құрайды. Қабылданған дозаның 80%-ы несеппен бірге, 15%-ға жуығы өзгермеген күйінде, қалған бөлігі белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады. Бауыр қызметі бұзылуында Т1/2 33%-ға ұзарады, бүйрек қызметі бұзылуында шамамен екі еселенеді (дозаны азайту қажет).

Фармакодинамикасы

Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі жоқ кардиоселективті β1- адреноблокатор . Гипотензиялық, аритмияға қарсы және антиангинальдық әсер етеді, аздаған жарғақшаны тұрақтандыратын әсері бар.

Жүректің бета 1-адренорецепторын бөгейді, катехоламиндермен АТФ-дан цАМФ-ның түзілуінің ынталандырылуын және жасушашілік Са2+ағысын азайтады. Жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, өткізгіштігін және қозғыштығын бәсеңдетеді, миокардтың жиырылғыштығын төмендетеді.

Гипотензиялық әсері қан ағысының минуттық көлемінің, шеткергі қан тамырларының симпатикалық ынталануының азаюмен, ренин–ангиотензиялық жүйе белсенділігінің, қолқа доғасы барорецепторлары сезімталдығының төмендеуімен байланысты.

Антиангинальді әсер жүректің жиырылу жиілігінің сиреуі нәтижесінде миокардқа оттегі қажеттілігінің азаюымен, диастоланың ұзаруымен, миокард перфузиясының жақсаруымен жүзеге асады. Сол жақ қарыншада ақырғы диастолалық қысымның жоғарылауы және қарыншалардың бұлшықет талшықтарының созылуының артуы есебінен, әсіресе жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастарда, оттегіге қажеттілік жоғарылауы мүмкін.

Аритмияға қарсы әсері аритмогендік факторларды (тахикардияның, симпатикалық жүйке жүйесінің жоғары белсенділігінің, цАМФ құрамының артуының, артериялық гипертензияның) тойтарумен, синустық және эктопиялық ырғақ жүргізушісінің қозу жылдамдығының азаюымен және артрио-вентрикулярлық өткізгіштігінің бәсеңдеуімен жүзеге асады.

Қолданылуы

- артериялық гипертензияда (АҚ төмендету және жүрек-қан тамырлық, және коронарлық өлім қаупін төмендету үшін)

- жүректің ишемиялық ауруында;

- сол жақ қарыншаның систолалық қызметі бұзылуымен жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде (ΙΙ-ΙV функциональді кластар)

- жүрек жеткіліксіздігінің негізгі еміне қосымша ем ретінде;

- миокард инфарктінің жедел сатысынан кейінгі демеуші ем ретінде (өлімнің және инфарктің қайталану жиілігін төмендету үшін);

- жүрек ырғағының бұзылуында, соның ішінде қарынша үстілік тахикардияда, сондай-ақ жүрекше фибрилляциясы мен қарыншалық экстрасистолалар кезінде қарыншалардың жиырылу жиілігін төмендету үшін;

- жүрек қызметінің тахикардиямен қатар жүретін функциональді бұзылуларында.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар.Тамақтануға байланысты емес. Емді тәулігіне 1 рет, 5-10 мг бастапқы дозадан бастайды, қажет болғанда 7-14 күннен кейін - 20 мг.

Егде науқастарда бастапқы доза - 5 мг құрайды.

Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігімен, диализдегі (гемодиализ немесе перитонеальді) науқастарда бастапқы доза тәулігіне 1 рет, 5 мг құрайды, қажет болған кезде әр 7-14 күн сайын оны 5 мг-ға жоғарылатады, ең жоғарғы доза 20 мг-ға дейін.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде дозаны түзету қажет етілмейді, бірақ емнің басында ауруханада бақылау қажет.

Гипотензиялық әсері 2-5 күннен кейін басталады, тұрақты әсер етуі 1-2 айдан кейін білінеді.

Жағымсыз әсерлері

- брадиакрдия, жүректің қағуын сезіну, атриовентрикулярлы дәрежедегі блокада, ісінулер, жүрек тұсының ауыруы, өткізгіштіктің бұзылуы, аритмиялар, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің дамуы (ұлғая түсуі), артериялық қысымның төмендеуі, ортостатикалық гипотензия, ангиоспазмның білінуі;

- шаршағыштық, бас айналу, бас ауыру, әлсіздік, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, "қорқынышты" түстер көру, депрессия, мазасыздық, сананың шатасуы, галлюцинациялар, миастения, аяқ- қолдардың парестезиясы ("мезгіл-мезгіл" ақсайтын және Рейно синдромы бар науқастарда), діріл;

- көрудің бұзылуы, көз жасы секрециясының азаюы, көздің құрғауы және ауыруы, конъюнктивит;

- жүректің айнуы, құсу, іш тұсының ауыруы, іш қату, іш өту, ауыз ішінің құрғауы, бауыр қызметі көрсеткіштерінің транзиторлы өзгерістері, дәм сезудің өзгеруі;

- тромбоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения, ферменттер белсенділігінің, билирубин деңгейінің өзгеруі;

- физикалық жүктемеде ентігу, мұрынның бітелуі, жоғары дозаларда тағайындаған кезде ларинго - және бронхоспазм;

- гипергликемия (инсулинге тәуелді қан диабетімен науқастарда), гипогликемия (инсулин қабылдап жүрген науқастарда), гипотиреоидтық жағдай;

- тері бөртпесі, терлеудің күшеюі, фотосенсибилизация;

- арқаның ауыруы, артралгия, либидоның әлсіреуі, потенцияның төмендеуі, "тоқтату" синдромы (стенокардия ұстамаларының күшеюі, артериялық қысымының жоғарылауы).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ΙΙ – ΙΙΙ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада;

  • созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы (өкпелердің ісінуі, гипоперфузия синдромы, гипотензия),

  • бета -адренорецепторларды ынталандыруға бағытталған ұзаққа созылатын немесе әлсін әлсін инотропты терапия;

  • клиникалық тұрғыдан маңызды синустық брадикардия (жүректің жиырылу жиілігі 40/минуттан кем);

  • кардиогендік шок;

  • Принцметал стенокардиясы;

  • Кардиомегалия (жүрек жеткіліксіздігінің белгілерінсіз);

  • лактация кезеңі;

  • моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерін бір мезгілде қабылдау;

  • синустық түйіннің әлсіздік синдромы;

  • шеткергі қан айналымының айқын бұзылулары;

  • препаратқа немесе басқа бета - адреноблокаторларға жоғарғы сезімталдық;

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Иммундық терапия үшін пайдаланылатын аллергендер немесе тері

сынамасына арналған аллергендер сығындысы Бетак қабылдап жүрген науқастарда анафилаксияның немесе ауыр жүйелік аллергиялық реакциялардың пайда болу қаупін арттырады. Көктамыр ішіне енгізуге арналған құрамында йоды бар рентгенконтрастты дәрілер анафилактикалық реакциялардың даму қаупін арттырады.

Көктамыр ішіне енгізген кезде фенитоин, ингаляциялық анестезияға арналған дәрілік заттар (көмірсутек туындылары) кардиодепрессиялық әсердің айқындылығын және артериялық қысымының төмендеуі мүмкіндігін арттырады.

Инсулиннің және пероральді гипогликемиялық дәрілік заттардың тиімділігін өзгертеді, дами түскен гипогликемия симптомдарын жасырады.

Лидокаин мен ксантиндердің (дифиллиннен басқасының) клиренсін төмендетеді және олардың плазмадағы концентрациясын, әсіресе шылым шегудің ықпалынан теофиллин клиренсі жоғарылаған науқастарда, арттырады.

Гипотензиялық әсерді қабынуға қарсы стериодтық емес дәрілер, глюкокортикостероидтар және эстрогендер әлсіретеді.

Жүрек гликозидтері, метилдопа, резерпин, және гуанфацин, баяу кальций өзекшелерінің бөгегіштері (верапамил, дилтиазем), амидарон және аритмияға қарсы басқа препараттар брадикардияның, атрио-вентрикулярлық блокаданың, жүректің тоқтап қалуының және жүрек қызметі жеткіліксіздігінің ұлғая түсуін немесе даму қаупін арттырады. Нифедипин артериялық қысымды едәуір төмендетеді.

Диуретиктер, клонидин, симпатолитиктер, гидралазин және басқа гипотензиялық препараттар артериялық қысымның шамадан тыс төмендеуіне әкеледі.

Миорелаксанттардың әсерін және кумариндердің антикоагулянттық әсерін ұзартады. Три- және тетрациклдік антидепрессанттар, антипсихотикалық препараттар (нейролептиктер), этанол, тыныштандырғыш және ұйықтатқыш дәрілік заттар орталық жүйке жүйесін бәсеңдетуді күшейтеді.

МАО тежегіштермен, гипотензиялық әсер едәуір күшейетін болғандықтан, бір мезгілде қолдануға болмайды; МАО тежегіштері және Бетакпен емдеу арасындағы үзіліс 14 күннен кем болмауы керек.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты феохромоцитомада абайлап қолданған жөн. Жоспарлы хирургиялық ем жүргізу қажет болған жағдайда препаратты жалпы анестезияны бастаудан 48 сағат бұрын тоқтатады. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін екендігін осыған бейім емделушілерді Бетак препаратымен емдеген алғашқы күндері ескерген жөн.

Бетак гипогликемияның симптомдарын (мысалы, тахикардияны) жасыруы мүмкін, сондықтан оны қант диабетіне шалдыққан науқастарға қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейіне ұдайы бақылау жасау қажет. Бетак препаратын жүректің жиырылу жиілігін бақылай отырып, қолданады. Брадикардия дамыған кезде дозаны төмендетеді немесе препаратты тоқтатады.

Бетак препаратымен емдеуді тоқтатқан кезде дозаны, тоқтату синдромының пайда болуын болдырмау үшін, 1-2 апта бойы біртіндеп төмендетеді (әрбір 3-4 күнде 5 мг-ға).

Препаратты балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданылуы

Жүктілік және лактация кезеңінде, егер ана үшін пайдасы ұрықта болуы мүмкін қауіптен асып түскен жағдайда, қолданылуы мүмкін.

Автомобиль жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы

Препараттың жағымсыз әсерін ескеріп, зейінді жоғары жұмылдыруды және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін автомобиль жүргізу және механизмдерді басқаруда абайлап тағайындаған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: брадикардия, атриовентрикулярлы блокада, артериялық қысымның төмендеуі, естен тану, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, бронхтың түйілуі, құрысулар.

Емі: симптоматикалық және демеуші. Артериялық гипотензия кезінде, егер өкпелердің ісінуі белгілері жоқ болса, плазма алмастырғыштарды көктамыр ішіне тамшылатып инфузиялау, ол тиімді болмаса адреналинді, допаминді, добутаминді тағайындау ұсынылады. Брадикардияны тойтару үшін атропин тағайындайды. Жедел жүрек жеткіліксіздігі жағдайында емдеуді дереу дигиталис препараттарымен, диуретиктермен, оттегімен толықтырады. Бронхтың түйілуін β2-агонистермен жояды. Сондай-ақ аминофиллиндермен қосымша емдеу де қарастырылуы мүмкін.

Атриовентрикулярлық блокада кезінде көктамыр ішіне атропинді, алупентті немесе адреналинді енгізеді, уақытша кардиостимулятор көрсетілімде, құрысу кезінде диазепам қолданылады.

Арнайы антидоты жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ , жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Медокеми Лтд», Кипр

51409 CY-3505 Limassol

tel.357-25-867600, fax.357-25-560863

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Медокеми Лтд», Кипр

51409 CY-3505 Limassol

tel.357-25-867600, fax.357-25-560863

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Медокеми ЛТД» өкілдігі

050008 Алматы қаласы, Мұқанов көшесі 241, 1 кеңсе «Б»

телефон/факс 8(727)313-73-76

 

Прикрепленные файлы

163106231477977094_ru.doc 71 кб
362620051477978254_kz.doc 75 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники