Бетагист 24

МНН: Бетагистин
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betahistine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019067
Информация о регистрации в РК: 29.12.2018 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 78.66 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

БЕТАГИСТ 8

БЕТАГИСТ 16

БЕТАГИСТ 24

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетагистин

Дәрілік түрі

8 мг, 16 мг, 24 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 8 мг, 16 мг немесе 24 мг бетагистин дигидрохлориді,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 112, маннитол, сусыз лимон қышқылы, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), стеарин қышқылы, тальк.

Сипаттамасы

Бір жақ беті тегіс, екінші бетінде сызығы бар ақ түсті дөңгелек таблеткалар (8 мг доза үшін).

Екі беті дөңес, бір жақ бетінде сызығы бар ақ түсті дөңгелек таблеткалар (16 мг доза үшін).

Бір жақ бетінде сызығы бар ақ түсті ұзынша таблеткалар (24 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Бас айналуды жоюға арналған дәрілер. Бетагистин.

АТХ коды N07CA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін бетагистин гидрохлориді тез және толық сіңеді.

Плазма ақуыздарымен байланысуы төмен. Бетагистин гидрохлориді бауырда белсенді емес негізгі метаболит, 2-пиридилсірке қышқылына және диметил-бетагистинге метаболизденеді.

90%-ы бүйрек арқылы негізгі метаболит түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бетагистин – гистаминнің синтетикалық аналогы. Ішкі құлақтың және ОЖЖ-ның вестибулярлы ядросының гистаминдік Н1 және Н3-рецепторларына әсер етеді. Ішкі құлақ қылтамырларының микроайналымын және өткізгіштігін жақсартады, базиллярлы артерияларда қан ағынын арттырады, лабиринтте және ішкі құлақ иірімінде эндолимфаның қысымын қалыпқа түсіреді.

БЕТАГИСТ латеральді және медиальді вестибулярлы ядро нейрондарындағы ең жоғары шектегі генерацияны дозаға байланысты төмендетеді.

БЕТАГИСТ бір жақты нейроэктомиядан кейін вестибулярлы функцияның қалпына келуін жылдамдатып, орталық вестибулярлы компенсация үдерісін жеңілдетеді және тездетеді. Бұл әсер Н3-рецепторларына қарама-қайшылықтың арқасында жүзеге асады және гистаминді шығару мен алмасудың реттелуінің жоғары болуымен сипатталады.

Қолданылуы

- Меньер синдромы/ауруында

- шығу тегі әртүрлі жүрек айнуы және құсумен, құлақтағы шуыл, естудің үдемелі нашарлауымен қатар жүретін вестибулярлы бас айналуға симптоматикалық ем жүргізуде (біріктірілген ем құрамында).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 8-16 мг құрайды. Негізгі емдік дозалар – тәулігіне 24-48 мг.

Ең жоғары бір реттік доза 24 мг құрайды.

Ең жоғары тәуліктік доза 48 мг құрайды, оны 2-3 қабылдауға бөледі.

8 мг таблеткалар

16 мг таблеткалар

24 мг таблеткалар

тәулігіне 3 рет

1-2 таблеткадан

тәулігіне 3 рет

1/2-1 таблеткадан

тәулігіне 2 рет

1 таблеткадан

Тұрақты емдік әсері екі апта емдегеннен кейін басталады. Анағұрлым жақсы нәтижелері кейде бірнеше ай емдегеннен кейін байқалады. Емі ұзақ болады. Препаратты қабылдау ұзақтығы әр адамға жекелей таңдалады. Препаратты қабылдау ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (1/100-ден <1/10 дейін)

- бас ауыру, ұйқышылдық

- бассүйекішілік қысымның жоғарлауы

- ыстықты сезіну

- жүректің қағуы

- қарын үсті тұсының ауыруы, қыжыл, жүректің айнуы, құсу

- бөртпе, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі, анафилактикалық реакциялар

- қажу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бетагистин гидрохлоридіне және/немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- феохромоцитома

- бронх демікпесі

- ауыр гипотония

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Сыртартқыда асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар науқастарға препаратты сақтықпен қолдану керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бетагистин – гистаминнің аналогы болғандықтан, Н1 антагонистерін бір мезгілде қолдану белсенді агенттердің өзара әсерін әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Шаршағыштық түріндегі жағымсыз әсердің пайда болуына байланысты әрекет ету қабілеті төмендеуі мүмкін, бұл автомобиль жүргізу және машиналарды басқару қабілеттерін бұзады.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диспепсия, атаксия, беттің қызаруы, бас айналу, жүректің қатты соғуы, бронх түйілуі және ісіну, өте жоғары дозаларды қабылдағаннан кейін конвульсия пайда болуы мүмкін.

Емі – симптоматикалық және демеуші ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий форматурадан және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

3 немесе 6 пішінді қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған (8 мг және 16 мг доза үшін).

2, 3 немесе 6 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған (24 мг доза үшін).

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы: nobel@nobel.kz

Прикрепленные файлы

699566031477976430_ru.doc 51.5 кб
289114191477977631_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники