Бензилбензоат
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Бензилбензоат
Халықаралық патенттелмеген атауы
Бензилбензоат
Дәрілік түрі, дозасы
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 %
Фармакотерапиялық тобы
Паразитке қарсы препараттар, инсектицидтер және репелленттер. Эктопаразиттерді (қышыма кенесін, инсектицид пен репелленттерді қоса) жоюға арналған препараттар. Эктопаразиттерді (қышыма кенесін қоса) жоюға арналған препараттар. Эктопаразиттерді жоюға арналған басқа препараттар. Бензилбензоат.
АТХ коды Р03АХ01
Қолданылуы
Бензилбезоат ересектерге қолдануға арналған
- қышыма
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- бензилбензоатқа немесе препарат құрамына кіретін кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- жүктілік
- емшек емізу кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Науқас емдеуді бастамас бұрын кенелерді терінің бетінен механикалық түрде алып тастау үшін, сондай-ақ эпидермистің беткі қабатын босату үшін (препараттың енуін жеңілдету үшін) ыстық душ қабылдаған дұрыс. Әрбір мәжбүрлі қол жуудан кейін оларды қайтадан жақпамаймен емдеу керек.
Бір ошақта анықталған науқастарды, сондай-ақ байланыста болған адамдарды емдеу қайта жұқтыруды болдырмау үшін бір мезгілде жүргізілуі тиіс. Емдеуден кейін қышынудың сақталып қалуы спецификалық емнің қосымша курсын тағайындау үшін көрсетілім болып табылмайды. Қышыну - бұл өлтірілген кенеге және оның өмірлік маңызды өнімдеріне дененің реакциясы. Ол антигистаминдік препараттар мен глюкокортикостероидтар бар жақпамай тағайындау кезінде жоғалады. Емдеуден кейін 2 апта бойы, ал асқынулар болса және одан да ұзақ уақыт медициналық бақылау қажет.
Жұқтырған теріге тиген барлық заттар мұқият өңделуі тиіс. Төсек-орын жабдықтары, іш киім, сүлгілер кір жуғыш ұнтақ ерітіндісінде 5-10 минут қайнатылады. Сыртқы киімді екі жағынан ыстық үтікпен үтіктейді. Термиялық өңдеуге жатпайтын заттарды ашық ауаға 3 күн жайып қояды. Аяқ киім, ойыншықтар және өзге де заттар 5 күн бойы пайдаланудан шығарылады және целлофан пакетке салынады. Матрастар, жастықтар, көрпелер де 5 күн бойы пайдаланылмайды немесе камералық дезинфекция жасалынады. Жұмсақ жиһазды дезинфекциялауға арналған препараттармен емдеуге болады. Пәтерді жуып-тазалау, жуу құралдарымен немесе дезинфекциялайтын құралдар қосып еденді жуу қажет.
Препаратты көзге, мұрын қуысына және ауыз қуысына енгізіп алмау керек.
Препарат тиіп кеткен кезде:
- мұрын қуысы — мұрын қуысын мол сумен шаю керек;
- ауыз қуысы — ауыз қуысын сумен немесе натрий гидрокарбонатының (ас содасының) 2% жылы ерітіндісімен молынан шаю керек;
- асқазан — асқазанды натрий гидрокарбонатының 1-2% ерітіндісімен, күйдірілген магнезия мен белсендірілген көмірдің су қоспасымен (бір стақан суға 1-2 ас қасық) шаю керек;
- көз — көзді сумен немесе натрий гидрокарбонатының 1-2% ерітіндісімен жақсылап шаю керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Жақпамайдың басқа препараттармен фармакологиялық өзара әрекеттесуі анықталмаған. Бензилбензоатты басқа сыртқы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Бала емізу
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат ерекше назар аударуды және жылдам реакцияларды талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындауға теріс әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
Ересектерді емдеу үшін 20% жақпамай қолданылады.
Өңдеуді бірінші күні кешке ұйықтар алдында душта жылы сумен және сабынмен мұқият жуғаннан кейін жасайды. жақпамайды бет және бастың шашты бөлігін қоспағанда, бүкіл теріге қолмен ысқылап жағады, оны таңертеңге дейін жумайды. Бір қолдануға 30-40 г жақпамаймай жұмсалады. Екінші және үшінші күні олар емдеуде үзіліс жасайды, ал жақпамай қалдықтары теріден жуылмайды. Науқас төртінші күні кешке сабынмен жуынады және жақпамайды бірінші күні істегендей қалған жақпамайды қолданып, ысқылып жағады және іш киімді тағы да ауыстырады. Өңдеуден кейін қолды 3 сағат бойы жууға болмайды, кейіннен әр жуудан кейін жақпамаймен өңделеді. Жақпамайды терінің басқа бөліктерінен жуып тастаған жағдайда оларды қайта өңдеу керек. Емдеудің бесінші күні жақпамайды теріден толығымен жуып тастайды.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты нұсқаулықта көрсетілген қолдану тәсіліне және дозаларына сәйкес қолданыңыз. Қажет болса, дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 4 күнге созылады
Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкердің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің және дәріхана қызметкерінің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жергілікті реакциялар: ашытуды сезінуі, терінің тітіркенуі, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлер байқалса, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
100 г жақпамай құрамында
белсенді зат – бензилбензоат 20,0 г
қосымша заттар
термотұрақты триэтаноламин (троламин) -5,0 г
стеарин қышқылы -20,0 г
макрогол 400 – 5,0 г
100 г дейін тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар ақ немесе сарғыш-ақ түсті жақпамай. Ауа көпіршіктерінің болуына жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г препараттан бушоны бар алюминий сықпаға салады.
Әр құтыны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская к-сі, 69 үй
Телефон: (3854) 338-719, 326-948
Факс (3854) 326-943
Эл. пошта: office@altayvitamin.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Мекенжайы: 659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ., Заводская көш., 69 үй
Телефон: (3854) 338-719, 326-948
Факс (3854) 326-943
Эл. пошта: office@altayvitamin.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
ЖК Кысмуратова А. Т., Қазақстан Республикасы
050010, Алматы қ., Төле би к-сі, 23 а
ұялы телефон. 8 777 230 64 94
Эл. пошта: gulnarareg@mail.ru