Бенатекс®

МНН: Бензалкония хлорид
Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Интравагинальные контрацептивы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014441
Период регистрации: 24.07.2014 - 24.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Бенатекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бензалконий хлориді

Дәрілік түрі

18,9 мг қынаптық суппозиторийлер

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді зат - С14 бензалконий хлориді - 18,9 мг,

қосымша зат – қатты май (Витепсол H 15, W 35 маркасы, Суппосир NA 15, NAS 50 маркасы) – массасы 1,75 г суппозиторий алынғанша.

Сипаттамасы

Торпедо пішінді, сарғыш реңді ақтан ақ түске дейінгі суппозиторийлер

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Жергілікті қолдануға арналған контрацептивтер. Интравагинальді контрацептивтер.

АТХ коды G02ВВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Интравагинальді енгізу кезінде іс жүзінде сіңбейді, сумен жай шаю арқылы, сондай-ақ табиғи физиологиялық бөлінділермен бірге жойылады.

Фармакодинамикасы

Жергілікті контрацепциялық (сперматоцидтік) дәрі, сондай-ақ антисептикалық, зеңге қарсы, протозойға қарсы әсер етеді; Herpes simplex вирусының белсенділігін жояды.

Стафилококктарға, стрептококктарға, грамтеріс бактерияларға (ішек және көкіріңді таяқшаларға, гонококктарға, протеяларға, клебсиеллаларға және басқаларға), анаэробты бактерияларға, саңырауқұлақтарға және зеңдерге бактерицидті белсенділік танытады. Антибиотиктерге және басқа да химиялық емдік дәрілерге төзімді бактериялардың штаммдарына әсер етеді; стафилококктардың плазмокоагулазасын және гиалуронидазасын бәсеңдетеді.

Сперматоцидтік әсері сперматозоидтардың жарғақшасын (басында – жіпшесін, одан кейін – басын) зақымдайтын қабілетке ие, ол зақымданған сперматозоидтармен ұрықтануына мүмкіндік бермейді. Қынаптық суппозиторийді енгізгеннен кейін әсері 5 минуттан соң пайда болады.

Бенатексті® қолдану жүктіліктің пайда болу қаупін едәуір азайтады, алайда оны толық жоймайды.

Жыныстық жолмен берілетін аурулардың (создың, хламидиоздың, трихомониаздың) алдын алуда белсенділік танытады. Қынаптың қалыпты микрофлорасына (оның ішінде Додерляйн таяқшасына) және гормональді циклге әсер етпейді.

Қолданылуы

  • бала көтере алатын жастағы әйелдер үшін жергілікті контрацепцияда (пероральді контрацептивтерді немесе жатырішілік контрацепцияны қолдануға болмайтындарға; босанғаннан кейінгі кезеңде, лактация кезеңінде; жүктілікті үзгеннен кейінгі кезеңде; менопауза алдындағы кезеңде; жүктіліктен эпизодтық сақтану қажет болғанда; ұдайы пайдаланылып жүрген пероральді контрацептивтерді өткізіп немесе кешіктіріп алғанда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийді қолданар алдында пішінді қаптамасынан шығарып алады. Жыныстық қатынастан 5 минут бұрын шалқадан жатып, қынапқа суппозиторийді тереңдетіп енгізу керек; әсер ету ұзақтығы – 4 сағат.

Бір реттік доза: 1 суппозиторий 1 жыныстық қатынасқа есептелген. Жыныстық қатынас қайталанған жағдайда міндетті түрде қынаптық суппозиторийдің жаңасын енгізу керек.

Әсер етуші затты пайдаланудың жиілігі жекелей жақпаушылығына және жыныстық қатынастың жиілігіне байланысты шектеулі.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (қышыну, күйдіру, жанаспалы дерматит)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • кольпит

  • қынаптың және жатырдың шырышты қабығының ойылуы және тітіркенуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Интравагинальді түрде енгізілген кез келген дәрілік зат жергілікті спремицидтік әсерді төмендетуі мүмкін (соның ішінде оның құрамындағы сабын және ерітінділер бар болса).

Йод ерітінділері (оның ішінде 0,1 % йодонат ерітіндісі) препараттың белсенділігін жояды.

Айрықша нұсқаулар

Контрацепцияның тиімділігі препаратты пайдаланудың мына тәртібін қатаң сақтаумен ғана байланысты:

  • әрбір жыныстық қатынас алдында жүйелі түрде қолдану

  • суппозиторийді, дұрысы шалқадан жатып, қынапқа тереңірек енгізу

  • белсенді зат түгел босап шығуы үшін, қынаптағы суппозиторий толық ерігенше, кем дегенде 5 минут күте тұру

  • әрбір қайталанған жыныстық қатынас алдында міндетті түрде жаңа суппозиторий енгізу

  • жыныстық қатынасқа дейінгі 2 сағат ішінде және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін тазалау үшін сабынды пайдалануға болмайды, өйткені сабын, тіпті оның қалдығы да Бенатекстің® белсенді затын бұзады

  • жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерінің сыртын таза сумен ғана тазалауға болады

  • қынапта енгізілген Бенатекс® бар кезде, оның контрацепциялық әсерінің төмендеу қауіптілігіне байланысты, ванна қабылдауға, теңізге, бассейнге және су қойнауына жуынуға болмайды

  • Бенатекс® құрамында бензалконий хлориді бар болғандықтан, оны қынаптың қандай да бір аурулары немесе олардың асқынулары пайда болған жағдайда пайдаланбау қажет

  • егер қынап ауруларын емдеу және/немесе басқа қандай да бір дәрілік зат тағайындау қажеттілігі туындаса, Бенатекс® жәрдемімен контрацепцияны қайта жаңарту (бастау) үшін емнің аяқталуын күте тұру қажет.

Бенатекс® қынаптық диафрагмамен немесе жатырішілік контрацепциямен бірге қолданылуы мүмкін.

Балалар

Бенатекс®, қынаптық суппозиторий, бала көтере алатын жастағы қыздарға алғашқы жыныстық қатынасты бастағанда қолданылуы мүмкін (қолдану тәсілін және дозалау режимін түзетудің қажеті жоқ).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат жүктілік ағымына жағымсыз әсер етпейді. Емшек сүтімен бірге бөлінбейді, лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Психомоторлы реакциялар жылдамдығына және көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді.

Артық дозалануы

Жүйелі сіңудің төмен болуына байланысты артық дозалану ықтималдылығы аз.

Қазіргі таңда Бенатекс® препаратының артық дозалану жағдайлары жөнінде мәлімделген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленмен ламинацияланған, поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 суппозиторийден салынған.

Пішінді ұяшықты 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 20 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел. (831) 278-80-88

факс (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru/

Тіркеу куәлігінің атауы және елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

 

Прикрепленные файлы

083828201477976703_ru.doc 52 кб
692093261477977849_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники