Беллс растительный сироп от кашля

Производитель: Новомед Фарма Прайвет Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014461
Период регистрации: 25.05.2015 - 25.05.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Беллс жөтелге қарсы өсімдік шәрбаты

Bell`s herbal cough syrup

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбат құрамында

Белсенді заттар:

Мыналардың қою сығындысы:

 

Қасиетті райхан жапырақтары, дәндері және тамырлары /Ocimum sanctum/ (5:1)

10,0 мг

Сары жемісті алқа дәндері, тамырлары және жемістері /Solanum xanthocarpum/ (5:1)

5,0 мг

Ұзын куркума тамырсабақтары /Curcuma longa/ (7:1)

10,0 мг

Қызыл мия тамырлары/Glycyrrhiza glabra/ (3:1)

20,0 мг

Адатода васика жапырақтары, гүлдің тамырлары мен қабықтары /Adhatoda vasica/ (3:1)

30,0 мг

Ұзын бұрыш жемістері /Piper longum/ (3:1)

5,0 мг

Дәрілік зімбір тамырсабақтары /Zingiber officinale/ (4:1)

10,0 мг

Кәдімгі кардамон жапырақтары /Elettaria cardamomum/ (6:1)

5,0 мг

қосымша заттар: қант, 70% сорбитол ерітіндісі, гуар шайыры, ментол, пропиленгликоль, натрий бензоаты, метилпарабен, натрий пропилпарабені, бронопол, карамель, лимон қышқылының моногидраты, аскөктің дәмдеуіш қоспасы, таңқурайдың дәмдеуіш қоспасы, хлорлысутек қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар қоңырдан қара-қоңыр түске дейінгі шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел белгілерін жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05CA10

Фармакологиялық қасиеттері

Кешенді өсімдік препараты, әсері оның құрамдас бөліктерінің қасиеттерімен қамтылған. Бронхолитикалық, муколитикалық, қақырық түсіргіш және қабынуға қарсы әсері бар.

Қасиетті райхан қақырық түсіргіш, ыстықты түсіргіш және антисептикалық әсерге ие.

Сары жемісті алқаның қабынуға қарсы, қақырық түсіргіш, ыстықты түсіргіш, аллергияға қарсы әсері бар.

Ұзын куркуманың антисептикалық, қабынуға қарсы, ауруды басатын әсері бар.

Қызыл мияның қақырық түсіргіш, қабынуға қарсы, ауруды басатын, тыныштандыратын және түйілуді басатын әсері бар.

Адатода васиканың муколитикалық, қақырық түсіргіш және түйілуді басатын әсері бар.

Ұзын бұрыштың бактерияға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар.

Дәрілік зімбірдің қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар.

Кәдімгі кардамонның вирусостотикалық және бронхолитикалық әсері бар.

Қолданылуы

Жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының қабыну аурулары кезінде белгілеріне қарай емдеу:

  • ЖРВЖ-де, тұмауда

  • фарингитте, ларингитте, трахеитте

  • бронхитте, пневмонияда

  • көкжөтелдің алғашқы сатысында

Тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруларында:

  • «шылымқорлар» бронхитінде

  • «лекторлық» ларингитте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және 14 жастан үлкен балаларға препаратты тәулігіне 3 рет 1-2 шәй қасықтан (5-10 мл) тағайындалады.

6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ - 1 шәй қасықтан (2,5-5 мл).

3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет ½ шәй қасықтан (2,5 мл).

Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды. Емдеу курсын ұзарту және қайталап жүргізу дәрігердің тағайындауымен болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

- бөртпе, қышыма, шымылдатып ашытуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 3 жасқа дейінгі балаларға

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сұйылтылған қақырық шығуының бұзылуына байланысты жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Көрсеткіштер бойынша бір мезгілде микробқа қарсы дәрілерді қолдануға болады. Қант диабеті бар науқастарға препаратты бір мезгілде тағайындаған кезде жөтелге қарсы Беллс өсімдік шәрбатының 5 мл шәрбатында (1 шай қасығында) 1,5 г қант бар екенін ескеру керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік және лактация кезеңінде тек ана үшін күтілетін пайда ұрық немесе бала үшін күтілетін қауіп артқан жағдайда ғана препаратты қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуы бақыланатын және астарымен бұралып жабылатын металдан жасалған қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған құтыдағы шәрбат 100 мл-ден. Әрбір құтыға өздігінен жабысатын қағаздан жасалған заттаңба жапсырады. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа 1 құтыдан салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited), Үндістан

114 Bldg.№8, Jogani Industrial Complex, Chunabhatti, Sion, Mumbai - 400022, India

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы-ұйымның атауы мен елі

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ., Жангельдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387/88/89,

e-mail: reg@avitsena.kz

Прикрепленные файлы

223401891477976516_ru.doc 58.5 кб
411314511477977689_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники