Беллс

МНН: Камфора, Левоментол, Масло терпентинное, Тимол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Новомед Фарма Прайвет Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014462
Период регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Беллс

Bell`s

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: ментол 6,0 г

камфора 7,0 г

скипидар шайыры

(терпентин майы) 2,0 г

тимол 1,5 г

эвкалипт майы 3,0 г,

қосымша заттар: қабықтан алынған даршын майы, ақ балауыз, ақ жұмсақ парафин, бутилдендірілген гидроксианизол, бутилдендірілген гидрокситолуол.

Сипаттамасы

Ментол мен камфораға тән иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат. Жергілікті тітіркендіруші, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар.

Ментолдың ауыруды басатын, аулақтататын, тері қышымасын азайтатын әсері бар.

Камфораны сыртқа қолданған кезде антисептикалық, жергілікті тітіркендіруші, ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсері бар.

Скипидар шайыры (терпентин майы) – өсімдік текті зат. Жергілікті тітіркендіруші, аулақтататын және антисептикалық әсерге ие. Терпентин майының ең басты әсер етуші заты терпен альфа-пинен липофильді, эпидермис арқылы жеңіл өтеді және сезімтал жүйкенің ұшын тітіркендіреді. Гистамин және басқа да қабыну медиаторлары қан тамырларының кеңеюін, тіндердің аздап ісінуін, гиперемияны туғызады. Энкефалиндер және эндорфиндер ауруды басуға ықпал етеді. Альфа-пиненді ингаляциялық жолмен енгізген кезде жөтелді рефлекторлы көтермелейді, қақырық түсіретін және муколитикалық әсер етеді.

Тимол антисептикалық әсер иеленген.

Эвкалипт майы – өсімдік текті дәрі. Эфир майының компоненттері 1,8-цинеол (эвкалиптол), пинен, миртенол бактерицидті, вирусқа қарсы, фунгицидті әсер етеді. Ингаляциялық жолмен қолданған кезде қақырық түсіретін, муколитикалық, антигипоксиялық әсер етеді. Теріге жергілікті тітіркендіруші және ауыруды басатын әсер етеді, сондықтан аулақтататын ем ретінде кеңінен пайдаланылады. Жеңіл жергілікті жансыздандыратын әсерінің арқасында терінің қышуын қайтарады.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жедел және созылмалы қаңқа-бұлшықет ауыруларын басу үшін (миалгия, фибромиалгия, арқаның ауыруында)

- спортсмендерде қыздыратын жақпамай ретінде

Тұмаумен, мұрынның бітелуімен қатар жүретін жедел респираторлық ауруларды белгісіне қарай емдеуде.

Қолданылуы тәсілі мен дозалары

Сыртқа қолданылады.

Сыртқа: мұрын, тамақ, кеуде мен арқаның жоғарғы бөлігіне, ортаңғы сызықты бойлай түнге қарай немесе тәулігіне 2 рет жағылады. Толық сіңгенше аздап ысқылап және содан кейін құрғақ жылы матамен жауып қою керек. Емдеу курсы 7 күнге дейін.

Ингаляциялық: ½ шай қасығына 1 л ыстық су құйып, буымен тыныстау керек, тек ересектерге болады.

Қимыл-қозғалыс аппаратының және жұмсақ тіндердің жарақаттарында препаратты ауыратын жерге осы аймақты кейіннен уқалаумен тәулігіне 5 ретке дейін жағады. Емдеу курсы 2-3 аптаға дейін.

Миалгиялар мен артралгияларда – 1-3 г жақпамайды тәулігіне 2-3 рет ауыратын жерге жағады және теріні аздап ысқылайды. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың сипатына және ауырлығына байланысты және орташа 10 күнді құрайды.

Дене жүктемесінің алдында спортсмендерге қыздыратын дәрі ретінде сәйкес бұлшықеттерге жақпамайдың аздаған мөлшерін (шамамен 2-3 г) жағып, тері аздап қызарғанға дейін уқалап жағады. Жаттығудан кейін жақпамайды теріден жылы сумен жуып тастау керек.

Жағымсыз әсерлері

- қышыну, ісіну, есекжем.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тері аурулары

  • жүктілікте, лактацияда

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайдың ашық жараларға, шырышты қабықтарға және көзге тигізбеу керек. Жағымсыз әсерлерді болдырмау үшін терінің препаратқа деген сезімталдығын анықтау үшін теріге жақпамайдың аздаған мөлшерін алдын ала жағып көру керек.

Беллс препаратын компресс және таңғыштармен бірге пайдалануға болмайды.

12 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек.

Беллс препаратын терінің үлкен бетіне ұзақ уақыт бойы жағуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және/немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын полипропилен қақпағы бар полипропиленнен жасалған банкілерде 20 г жақпамайдан. Әрбір банкіге қағаздан жасалған өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады. 1 банкіден медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15-ден 25 оС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited) Үндістан

114 Bldg.№8, Jogani Industrial Complex, Chunabhatti, Sion, Mumbai - 400022, India

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited) Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ-сы, Жангильдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7(727)2785920/21/67,

e-mail: reg@avitsena.kz

 

 

Прикрепленные файлы

746381601477976401_ru.doc 53 кб
244341421477977602_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники