Белифрин

МНН: Фенилэфрин
Производитель: Балканфарма-Разград АД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Phenylephrine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023627
Информация о регистрации в РК: 30.11.2023 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Белифрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Фенилэфрин

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 25 мг/мл, 5 мл

Құрамы

5 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: фенилэфрин гидрохлориді 125.0 мг

қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, натрий метабисульфиті, бор қышқылы, хлорсутек қышқылы (0.36 %), натрий гидроксиді (0.4 % ерітінді), инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Түссізден әлсіз-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер. Симпатомиметиктер (глаукомаға қарсы препараттарды қоспағанда). Фенилэфрин.

АТХ коды S01FB01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

рН физиологиялық мәні жағдайында фенилэфрин әлсіз негіз болып табылады. Көздің тіндері және құрылымдары арқылы өту дәрежесін көздің мөлдір қабығының жағдайы арқылы анықталады. Зақымданбаған мөлдір қабық фенилэфрин өтуі үшін физикалық бөгет рөлін атқарады, бұл әсер көз құрылымының аздаған метаболизмдік белсенділігімен толықтырылады.

Мөлдір қабық эпителийінің бүтіндігі бұзылғанда, фенилэфриннің сіңірілу дәрежесі артуы мүмкін.

Фенилэфринді көзге жергілікті қолданғаннан кейін (10% ерітінді), плазмадағы ең жоғары концентрациялары 10,2  7,9 нг/мл және тамызғаннан кейін орташа 10 минуттан соң жеткені туралы деректер бар.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Фенилэфрин тікелей әсер ететін симпатомиметик болып табылады, ол альфа-адренергиялық рецепторларды ынталандырады.

Фармакодинамикалық әсерлері

Көзге\көздерге қолдану мидриазға әкеп соқтырады, әдетте мұның циклоплегиялық әсері жоқ. Мидриаздың толық орын алу уақыты әдетте 15 – 60 минутты құрайды.

Туындаған мидриаздың ең жоғары ұзақтығы 60 – 90 минутты құрайды. Толық қалпына келу қолданғаннан кейін 3 – 7 сағаттың ішінде жүреді.

Тимоксамин мидриаздық әсерді антагониздейді.

Қолданылуы

Фенилэфрин тікелей әсер ететін симпатомиметик, оны жергілікті көзге қолданғаннан кейін мидриазға әкеп соғады. Тамыртарылтқыш және іркілуге қарсы әсері бар.

Препаратты көздің қарашығын ұлғайту үшін диагностикалық және/немесе емдік процедураларда қолданады:

  • увеитте – артқы синехияны ажырату немесе олардың пайда болуына жол бермеу мақсатында

  • хирургиялық араласуларда

  • циклоплегиясыз рефракцияны зерттеу үшін

  • көз түбін тексеріп қарағанда және басқа диагностикалық процедураларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Ересектер

  • Вазоконстрикция және қарашықтың кеңеюі

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

Қажет болғанда дозаны тағы да алғаш тамызғаннан кейін кемінде бір сағаттан соң бір рет ғана қайталауға болады.

Жергілікті тітіркендіруші және бұдан кейінгі көз жасы сұйықтығының сұйылуына жол бермеу үшін фенилэфринді тамызардан біренеше минут бұрын жергілікті ауыруды басатын затты қолдану ұсынылады.

Фенилэфрин конъюнктивалық қан жүретін тамырларының іркілуін жою қажет болғанда, циклоплегиясыз қарашықты жылдам және күшті кеңейту үшін қолданылады.

  • Увеиттер және артқы синехиялар

Синехияларға жол бермеу мақсатында немесе олар болғанда қолданады. Оларды фенилэфринді, атропинді немесе басқа циклоплегиялық дәрілерді қолданып қарашықты күшті кеңейту арқылы жол бермеуге болады.

Ауырған кезде 1 тамшының ерітіндісін күніне 1-2 реттен тамызады. Ең жоғары доза күніне 3 тамшыдан аспауы керек. Қажет болғанда емді келесі күні қайталауға болады.

Егер оң нәтиже байқалса, емдеуге жылы компресс және атропинді қосуға болады.

  • Глаукома

Ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттер үшін, препаратты миотикалық дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады, өйткені фенилэфрин олардың гипотензиялық әсерін күшейтеді және көру өткірлігіне жағымсыз әсерлерін азайтады, себебі тарылған көру аймағын кеңейтеді.

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

  • Хирургиялық араласуларда

Препаратты көздің қарашығын қысқа мерзімге күшті кеңейту қажет болғанда қолданады. Ауырған көзге\көздерге хирургиялық араласудан 30 – 60 минут бұрын 1 тамшыдан тамызады.

  • Рефракция

Фенилефрин хоматропиннің, циклопентолаттың, тропикамидтің, атропиннің мидриаздық әсерін күшейтеді.

Ауырған көзге\көздерге ерітіндінің 1 тамшысын тамызады.

  • Офтальмоскопия

Ерітіндінің 1 тамшысын тамызғаннан кейін 15 – 30 минуттан соң ұзақтығы 1 – 3 сағатқа созылатын адекватты мидриаз орын алуына ықпал етеді.

  • Жабық бұрышты глаукомадағы провокациялық тест

Созылмалы жабық бұрышты глаукоманы диагностикалауға арналған дәрі. Фенилэфриннен болған көз қарашығы кеңейгенге дейін және одан кейін көзішілік қысымды өлшеп, гониоскопияны жүргізу керек.

Гониоскопия кезінде анықталған алдыңғы камераның тар бұрышымен біріктірілген көзішілік қысымның едәуір артуы, жабық бұрышты глаукоманың болуына негіз болады. Бұл жерде тесттің теріс нәтижесі оның бар болуын жоққа шығармайтынын атап өткен жөн.

  • Ретиноскопия

Циклоплегиясыз көз қарашығын кеңейту қажет болғанда қолданылады.

Жоғарыда сипатталған кез келген процедурада, қарқынды пигментациялы нұрлы қабыққа фенилэфриннің бұдан жоғары дозаларын пайдалану қажет.

  • Көз инъекциясы түріндегі дифференциалды диагностика

Қызарған көзге ерітіндінің 1 – 2 тамшысын тамызады. Егер 5 минуттан соң көз алмасы тамырларының тарылуы байқалса, онда инъекция конъюнктивалық, жеңіл деп жіктеледі, ол иридоциклит емес, конъюнктивиттің сипатына тән.

Егде жастағы адамдар (65жастан асқан)

Пациенттердің осы тобында дозалауды өзгертудің қажеті жоқ. Әдетте қайта қолдануды қажетсіз. Препаратты таңдап алынған циклоплегиялық дәріден соң 5 минуттан соң қолданады.

Балалар

Адекватты циклоплегияға қол жеткізу үшін жылдам әсер ететін циклоплегиялық дәрімен біріктіруге болады.

Қолдану тәсілі

Тамшыны конъюнктивалық қалтаға тамызады, атап айтқанда, балалар және егде жастағы адамдарға дәріні мұрынның шырышты қабығына сіңірілуіне жол бермеу және жергілікті әсерін күшейту үшін, көз жасы өзегін саусақпен 2-3 минут бойы басу немесе тамызғаннан кейін 3 минут бойы көзді жұму керек.

Ауырған көзге\көздерге тамызғанда, контаминацияға жол бермеу үшін тамшылатқыштың ұшын қабыққа, көздің айналасында немесе басқа беткейлерге тигізуге болмайды.

Егер пациент бірмезгілде жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық дәрілік препараттарды қолданса, оларды кемінде 10 минуттық аралықта қолдану керек. Егер пациент бір мезгілде көз жақпамайын қолданбаса, онда оны соңғы кезекте жағады. Көз дәрісін тамызардың алдында, жанаспалы линзаларды алып тастап, тамызғаннан кейін 15 минуттан соң қайта тағуға болады.

Ириттер болуы мүмкін, жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізуге болмайды, қолданудың алдында жанасалы линзаны алып тастап, препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту керек.

Жағымсыз әсерлері

Жиілігі белгісіз:

  • ауыру, тітіркену, уақытша бұлдырап көру және көрудің басқа да бұзылулары, фотофобия, конъюнктиваның жоғары сезімталдығы, аллергиялық реакциялар, көз гиперемиясы

  • аллергиялық блефароконъюнктивит жағдайлары туралы хабарлар бар – реакция әдетте препаратты қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан соң басталады және шамамен 12 сағат жалғасады, ал регрессия біртіндеп 72 сағаттан соң шегінде болады

  • пальпитация, тахикардия, экстрасистолалар, жүрек аритмиясы және гипертония

  • коронарлы артериялардың түйілуі, қарыншалық аритмия, тахикардия және миокард инфаркті сияқты күрделі жүрек бұзылулары. Бұл жағымсыз реакциялар, кейде өліммен аяқталуы мүмкін, әдетте жүрек –тамыр жүйесінің аурулары бар пациенттер және егде жастағы адамдарда байқалады

  • идиопатиялық ортостаздық гипотониясы бар ересектерде артериялық қысымның күрт жоғарылуы туралы хабарлар бар

  • аса жоғары сезімталдық

  • бас айналуы

  • жанаспалы дерматит

  • өкпе ісінуі, диспноэ

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • фенилэфринге немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдықта

  • жүрек ауруларында (ауыр жүрек –тамыр жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы, тұрақты емес стенокардия, жедел және жедел жуық миокард инфарктісі және т.б.)

  • артериялық гипертензияда

  • тахикардияда

  • аневризмде (қарыншалық аневризмде, аорта аневризмі, ми тамырларының аневризмінде және т.б.)

  • тиреотоксикозда

  • бұрыннан бар инсулинге тәуелді қант диабетінде

  • МАО тежегіштерін, трициклді антидепрессанттарды және гипотензиялық дәрілерді қабылдауда (бета блокаторларды қоса)

  • жабықбұрышты глаукомада (бұрынғы иридэктомия жағдайларын қоспағанда) және мидриаздық дәрілерді қолданғанда глаукома дамуына бейімділігі жоғары тар АКБ бар пациенттерде

  • дене салмағы төмен шала туылған нәрестелерде

  • хирургиялық араласу барысында мөлдір қабықтың эпителий бөгеті бұзылғанда

  • 8 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гипотензиялық дәрілер

Фенилэфринді жергілікті қолданғанда кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін гипотензиялық әсерінен болуы мүмкін.

МАО тежегіштері

Адренергиялық реакциялар білінуі қаупі жоғары. Бұл бір мезгілде қолдану жағдайында, сондай-ақ фенилэфринді қолданардан 3 апта бұрын МАО тежегіштерін қолданған жағдайларда білінеді.

Трициклді антидепрессанттар

Трициклді антидепрессанттарды қабылдайтын пациенттерде, олармен емделу жуырда тоқтатылғанда адренергиялық заттарға прессорлы жауап және жүрек аритмиясының қаупі артуы мүмкін.

Галотан

Қарыншалық фибрилляция қаупі жоғары болуына орай, фенилэфринді миокардтың симпатомиметиктерге сезімталдығын арттыратын анестетиктерді қолданумен жалпы наркозда аса сақтықпен қабылдау керек.

Жүрек гликозидтері немесе хинидин

Аритмия қаупі жоғары.

Атропин

Бірмезгілде қолдану адренергиялық әсерін күшейтуі мүмкін және кейбір пациенттерде, атап айтқанда балаларда тахикардияны туғызуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препарат көзге жергілікті қолдануға ғана арналған. Ерітіндіні конъюнктива астына немесе көздің алдыңғы камерасына тікелей енгізбеу керек.

Препаратты бұрыннан болған диабеті, ми атеросклерозы және бронх демікпесі бар пациенттерге, балалар және егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек.

Кейбір жағдайларда егде пациенттерде фенилэфринді қолданғаннан кейін рефлекторлы миоз байқалған, қосымша тамызу алғашқысына қарағанда әлсіз болатын мидриазға әкеп соғады. Катаракта экстракциясы немесе торлы қабығы ажырағандағы операцияда қарашықты кеңейткенде бұл әсердің клиникалық маңызы бар.

Егделеу пациенттерде фенилэфринді тамызғаннан кейін, атап айтқанда жоғары дозаларды қолданғанда алдыңғы камерада өтпелі пигментті бөлшектердің пайда болуы мүмкін.

Жүрек-тамыр аурулары бар егде пациенттерде артериялық қысымды бақылау керек. Жүрек аномалиялары бар балаларда препаратты аса сақтықпен қолдану керек.

Жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерде кенеттен ұстама болуы қаупін азайту үшін, препаратты қолданардың алдында көз камерасының бұрышын алдын ала бағалау қажет.

Конъюнктива гиперемиясы жергілікті қолданғанда фенилэфриннің сіңірілуін арттырады.

Ұсынылатын дозадан арттыру, сондай-ақ фенилэфринді операциядан кейін немесе көз жарақатында, жас сөлінісі азайғанда және наркоз кезінде қолдану оның сіңірілуін арттырып, тамырды тарылтатын әсер етуі мүмкін.

Мөлдір қабық эпителийінің бұзылуымен пациенттерде фенилэфринді бұдан жоғары концентрацияда (10%) қолданғанда мөлдір қабық бұлыңғырлануы мүмкін.

Препараттың құрамында қосымша зат ретінде бензалконий хлориді бар, ол көздің тітіркенуін туғызуы мүмкін.

Жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізуге болмайды. Препаратты қолданудың алдында жанасалы линзаны алып тастап, оларды таққанша кемінде 15 минут күту керек.

Бензалконий хлориді жанаспалы линзаны түссіздендіретіні белгілі.

Жүктілік және бала емізу

Жүктілік

Фенилэфриннің жүктілік кезіндегі әйелдерге қауіпсіздігі анықталмаған және сондықтан препаратты жүктілік кезінде қолданбаған жөн.

Бала емізу

Бала емізу кезінде әйелдерге фенилэфринді қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған және сондықтан препаратты лактация кезінде қолданбаған жөн.

Көлік құралдарын және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көзге қолдануға арналған кез келген препаратты қолданғандағыдай, Белифрин тамшыларын тамызғаннан кейін көрудің уақытша бұлдырауы немесе көрудің басқа бұзылыстары орын алуы мүмкін, ол автокөлік басқару қабілетіне және қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Пациентті дәріні қолданғаннан кейін көрудің бұлдыруы орын алса, көлік жүргізу немесе техникамен жұмыс істемес бұрын анық көргенше күтуі қажеттігі туралы нұсқама алуы қажет.

Артық дозалануы

Препаратты жергілікті қолданғанда, артық дозалануы шамалы. Фенилэфринді артық дозалаумен байланысты ауыр уытты реакциялар жылдам білінеді және олар ұзақ емес.

Симптомдары: жүректің жиі соғуымен артериялық гипертензия, бас ауыруы, құсу, мазасыздану, тремор, каротидті безді ынталандыруға байланысты кейінгі рефлекторлы брадикардиямен ықтимал тахикардия.

Емі. Белсендірілген көмір тағайындалады, кейбір жағдайларда асқазанды шаю көрсетілген; жергілікті артық дозаланғанда тез арада сумен шаю қажет. Рефлекторлы брадикардия дамыған жағдайда атропинді (балаларға дене салмағының әр кг-не 0.01-ден 0.02 мг-ге дейін), өмірге қауіпті артериялық гипертензия дамығанда – фентоламин сияқты шеткері α-адренорецепторлардың блокаторын (в\і 2 – 5 мг) тағайындайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан “tamper-proof” түріндегі қорғайтын сақинасы бар тамшылатқыш-бұрандалы ақ түсті қақпағымен тығыздығы төмен полиэтилен (LDPE) құтыға салынған.

1 құты мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі 25ºС-ден аспайтын температурада 28 күн.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/ Қаптаушы

Balkanpharma-Razgrad AD,

бул. Апрельского восстания 68,

7200 Разград, Болгария

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

BelindaLaboratoriesLLP.,

Астра Хаус, Арклоу Роуд,

Лондон, Ұлыбритания, SE14 6EB

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы, байланыс деректері:

«Cepheus Medical» (Цефей Медикал) ЖШС: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов көш. 98, «OLD SQUARE» БО,

телефон: +7 (727) 300 69 71, +7 777 175 00 99 (тәулік бойы),

электронды поштасы: cepheusmedical@gmail.com

Прикрепленные файлы

Белифрин_инструкция_рус.docx 0.05 кб
Белифрин_каз.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники